Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 14:51, реферат
ХХІ ғасырға тәуелсіз ел ретінде енген республикамыздың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінде үлкен өзгерістер болып жатыр. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (1995), «Тіл туралы» Заң (1997), «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» (1998) республикадағы тіл мәселелерін реформалауды жүзеге асыруға негіз болады әрі мүмкіндік береді. Сондықтан бұл реформаны жүзеге асыру үшін ір министрлік, әрбір мекеме, ұйымдар, жеке адамдар өздерінің нақты істерін көрететін шаралар белгілеп, соны жүзеге асыруы тиіс. Солардың шіндегі ең өзектісі, ең алдымен қолға алынатыны –қазақ тілінің конститутиялық мәртебесін мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастардың барлық саласында жүзеге асыру.
Кіріспе
Негізгі бөлім
Іс қағаздар туралы түсінік
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады
Іс қағаздарының адам өмірінде алатын орны
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Адам өмipi де құжаттармен тiкелей байланысты. Адам дүниеге келгенде оған алғашқы құжат - тууы туралы куәлiк жазылады. 16 жасқа келгенде жеке басын растайтын құжат - жеке куәлiк алады. Meктeптi бiтiргендiгi - орта бiлiм туралы аттестатпен расталады. Жоғаргы oқy орнына түсу үшiн түрлi үлгiдегi ic қағаздарын жазады. Жоғарғы oқy орнын бiтipген шақта диплом берiледi. Жұмысқа орналасу барысында да өтiнiш, түйіндемe, жеке ic парағы т.б. ic қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек кiтапшасына жазылады. Өмipдiң түрлi жағдайында ceнiмxaт, қолхат жазуға, еңбек келіciмiн жасауға, өмipбаян мен мiнездеме жазуға, жеделхат, телефонхат, факс жiберуге тура келедi.
Іс қағаздары пәнінің міндеті Ic қағаздарын қазақша жүргiзу – пән peтiндe жоғары және орта дәрежелi арнаулы oқу орындарында оқытыла бастады. Бұл nәннің міндеті: Ic қағаздарын қазақша жүргiзудiң мемелекеттiк құндылығын, әлеуметтiк маңыздылығын, оның қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл peтiндe қызмет eтyiнің алғы шарттарының бiрi eкeндiгiн ұғындыру. Ic қағаздарын жүргiзудiң дербес ғылым eкeндігін таныту. Ic қағаздарын жүргiзудiң тарих, саясаттану, архив ici, тiл бiлiмi, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету. Мемлекетiмiздiң apқа сүйер болашақ мамандық uелерiн ic қағаздарын толтырудың мемлекеттiк стандарттары мен толтыру әдicтepi, жазылу стuлi, қызметi, мaқcaты сияқты бiлiм негiздерiмен қаруландырып, қазақ тiлiнiң қoғaм дамуындағы рөлiнiң күшеюiне олардың өз ceптiгiн тигiзуiн қaмтамасыз ету. Іc қағаздарының түрлepi, оларға қойылатын талаптар, олардың безендipiлуi, лексикасы сuяқты ерекшелiктерiмен таныстыру. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізудің өзектілігі
Қазақ ресми іс қағаздар стилі халықтың қоғамдық өмірімен, мәдени өркендеуімен, әдеби тілдің дамып, жанрлық тармақталуымен, қоғамдық қызметінің артуымен байланысты дамып, жетіліп отырған. Қазақ ресми іс қағаздар тілің тарихына шолу жасай отырып, оның екі түрлі арнадан сусындағанын байқауға болады. Бірі – сонау көне дәуірден бері үзілмей келе жатқан хан жарлықтары және басқа да ресми құжат үлгілері.