Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 10:02, курсовая работа

Краткое описание

Ол республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейіндегі банк, өз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.

Оглавление

Кіріспе

1. Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде
1.1.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылымы және басқару органдары.............................................................................................................5-7 1.2.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары.....................................................................................................7-12
1.3. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мақсаты – инфляциялық үдерісті тежеу.....................................................................................................12-16

2. ҚР Ұлттық банкінің сыртқы саясаты және даму жолдары
2.1. Ұлттық қор мен Ұлттық банктің жұмыс істеу перспективалары.........17-23
2.2.Ұлттық банктің қаржылық жағдайын талдау..........................................23-26
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі................................................................................................................26-28
3.ҚР Ұлттық банкінің қаржы жүйесіндегі ролі………………….............29-31

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Нац банк2.doc

— 293.50 Кб (Скачать)

      Алайда, несиелердің өсу шамасы мен қарқындары нақты экономиканы дамыту үшін жеткіліксіз болып отыр. Нақты, айтқанда, бөлінген осы несиелердің көлемі, әсіресе қазір ЖІӨ-нің 10,2 пайызын құрайтын орта және ұзақ мерзімді несиелердің көлемі 3-4 есе артып, ЖІӨ-нің 50 пайызын құрауы керек.

       Мақсатқа  жеру механизмдерінің бірі –  акционерлік қоғамдардың жарғылық  қаражатының ең кіші мөлшерін  айқын немесе қызметтің қаупі  жоғары, ал ашық қор биржасында  ұсақ акционерлердің қаражатын,  яғни негізгі капиталды тарту  тиімді болатын деңгейге дейін көтеру болатын еді. Өкінішке қарй, «Акционерлік қоғамдар туралы» жаң Заңда бұл мәселе парламент депутаттарының «көлеңкелі» түрде жұмыс істейтін формальды акционерлік қоғамдардың мүдделерін көздеуіне байланысты жартылай ғана шешіліп отыр. Мәселенің өзектілігі сол күйінде қалуда. Сөтсек те, акционерлік қоғамдар арасында жасалған сұраныстарға, оладың кейбірінің басшыларымен өткізілген сұхбаттарға қарағанда, олардың өздері де жарғылық қаражаттың  ең кіші мөлшерін 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде құрауда ешқандай қиындық көрмейді. Әрине, бір жағынан сыбайластықты, салық төлеуден қашқақтауды, «лас» ақшаны «жууды», компания қызметінің айқын болмауын баса айтып, оларға таңба тақса, екінші жағынан қоғамымызға, әсіресе аймақтық және кәсіпорындық деңгңейлерде барынша сіңіп қалған осындай заңсыз құбылыстармен іс жүзінде күресуге бағыттыалған іс шаралардың алдын кес- кестейді.

     Банк активтерінің  жедел өсіп отыруына қарамай,  капитализациялау деңгейі нақты  экономиканы, соның ішінде материалдық  өндіріс саласын тұтастай несиелеу үшін жеткіліксіз болып отыр. Қалыпты нарық экономикасы жағдайындағы жеке қаражаттың деңгейі ЖІӨ-нің 4 пайызы болмай, кемінде 15- 20пайызын құрауы керек, ал активтердің көлемі кемінде 100 пайыз ЖІӨ болуы керек.

      Екінші  деңгейлі қазақстандық банктердің капитализациялау деңгейінің төмен болу себептері тұрғындар мен кәсіпкерлердің банктерге сенімнің жоғары болмауына және банктердің шектеулі даму стратегиясына әкеп тіреледі,. Шынында да, қол жеткен жалпы жинақтаулардың көрсеткіші шамамен ЖІӨ-нің 25 пайызы, ЖІӨ-дегі банктік депозиттердің үлесі бар болғаны 16 пайызы құрады. Оның үстіне мерзімді салымдардың құрылымында бір жылға дейін салынған депозиттер басым болып отыр, олардың да мерзімнен бұрын алынып қояр қаупі жоғары, соның нәтижесінде банктердің ірі жеке қаражаты мен ұзақ мерзімді қаражаты болмай отыр. Депозиттер мен несиелер бойынша банктік пайыздық мөлшерлемелер клиенттердің банк жүйесіне жасалатын салымдарының артуын көздемейді. Мерзімді салымдар бойынша банктің сыйақысы заңды тұлғалар үшін 5 пайыз, яғни әлі де жағымсыз, ал жеке тұлғалар үшін шамамен 11 пайыз, несие бойынша сыйақылар-заңды тұлғалар үшін 14-17 пайыз және жеке тұлғалар үшін 21-26 пайыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, айырмасы көп.

      Бірақ,  мәселе тек осыған ғана тіреліп тұрған жоқ. Ең бастысы- өңдеу кәсіпорындары саласындағы табыс нормасы 4-6 пайыздан да төмен болған кезде, несиелер үшін төленетін сыйақының мөлшерлемесі заңды тұлғалар үшін 16-18 пайыз, ал жеке тұлғалар үшін 25 пайыз болды. Төрт жыл ішінде ақшаға деген ұсыныс 5 есе артты, қайта қаржыландыру мөлшерлемесі үнемі төмендеп, бүгін 7,5 пайызды құрап отыр,ал, инфляция 6-8 пайыз төңірегінде болып отыр. Бұған қарағанда шағын және орта бизнестегі несиелік тәуекел деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін  деген қауіп барын білуге болады.

     Несиелер  үшін пайыздық мөлшерлеменің  жоғары болуын тек бір ғана  жайтпен-ақша несие нарығындағы  бәсекенің төмен деңгейде болу  арқылы түсіндіруге болады. Қазіргі  осы уақытта нарықта 35 банк  қызмет көрсетсе де, олардың көпшілігі  әлсіз және бұл нарықта маңызды орын алмайды. Осы орайда банктерге ескерткім келетіні-несиелер үшін сыйақы мөлшерлері жоғары болатын уақытта шағын және орта бизнестегі тәуекел деңгейі де жоғары болып қала бермек.

     Сөйтіп, тәуекелшіліктітек  шағын және орта бизнес кәсіпорындары ғана емес, кәсіпорындар үшін банктер де туғызады. Жүйенің негізін құрайтын   4-5 банкті есептемегенде, банк жүиесіндегі менеджмент  өзінің жоғары деңгейімен ерекшелене қоймайды. Сондықтан, шағын және орта бизнес өкілдеріне де банктерге үндеу жариялауға болатын еді. Бірақ, жалпы алғанда, бір жақтан банктер, екінші жақтан шағын және орта бизнес бір-біріне лайықты стратегиялық әріптестер болуы керек.

    Сондықтан,  банктер бизнесмендерге кәсіпкерлік  деңгейін көтеруге, оларға әр  алуан сапалы  қызмет көрсетулерді ұсынуға, несие беру мен оларға қызмет көрсетуге, Қарыздарды басқаруға, бизнес-жоспар жасауға байланысты жүйені жеңілдетуге көмектесіп, әр алуан сала бойынша әдістемелік қамсыздандыруды өздеріне алуы керек.

    Өкінішке қарай,  бұл адамдар ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық даму жолдарын жасауға, Қазақстанның экономикалық моделін қалыптастыруға қатыспайды. Әзірге біздің жаңа мүмкіндіктеріміз осы мәселені шешу үшін тіпті де қолданылмайды.

     «Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкі  туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы Заң күші бар Жарлығында «Қазақстанда екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк- мемелекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғары деңгейдегі банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төменгі деңгейіндегі банктер» делінген.

       Ұлттық банктің статистикалық көрсеткіштері бойынша 2000 жылдың басында республикада екінші деңгейдегі 55 банк тіркелген: оның ішінде 1 мемлекеттік банк, яғни жарғылық капиталының 100 пайызы республика үкіметінің қатысуымен құрылған банктер, Республикада шетел банктерінің 17 өкілдігі ашылған. Республикада сондай-ақ тіркеуден өткен 44 ломбард, 7 несие серіктестігі және кейбір банктік операция жүргізетін 46 басқа мекемелер бар, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазыналық департаменті, оның 14 облыстық басқармасы мен алматы қалалық басқармасы; Ұлттық банктің Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы; «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталығы», Республикалық мемелекеттік қазыналық кәсіпорыны; «Қазақстандық қор биржасы» ЖАҚ; «бағалы қағаздар Орталық депозитарийі» ЖАҚ; « кіші кәсіпкерлікті дамыту қоры » ЖАҚ; «Қауымдастықтарды несиелеудің қазақстандық қоры» Қоғамдық қор; «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» ЖАҚ; «Ақмола қоры» ЖАҚ; «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және жабу жөніндегі агенттігі» ААҚ; « шағын несие» Қоғамдық қор: және т.б.

 

2.3. Ұлттық банкінің сыртқы экономиикалық қызметі

 

           «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген. Қазақстанда және халықаралық банктік тәжірибеде қолданып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.                                                                       Орталық банктер деңгейінде мемлекетаралық қызметті жүзеге асыру барысында, яғни басқа елдердің орталық банктерінде және халықаралық қаржы несие институттарында Қазақстанның мүддесі ескеріледі. Қазақстан аумағында шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіліктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.   Шетел валютасына қатысты ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасындағы айналым тәртібін анықтайды.         Валюталық операциялар бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын  банктік операцияларды жүргізуге лицензия  беру туралы ережелерді, белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды.Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады. Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.    1997 жылы Қазақстан Ұлттық банкі басқа мемлекеттердің қаржы ұйымдарымен, Орталық банкілерімен және басқа да қаржы Институттарымен іскерлік жұмыстарын жалғастырды.

    Халықаралық валюта қоры (ХБҚ) 1997 жылы Stan-by (1994-1995) несиесі бойынша негізгі қарызды жабу басталды (74,25 млн АҚШ доллары). Негізгі қарызды жабу тоқсан сайын 1,5 млрд АҚШ доллары төлеу арқылы жүзеге асырылады.

    1996 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы  Халықаралық валюта қоры несиелік бағдарламасы бойынша (Extended Fund Facility-EFF) келісімге қол қойылды.Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 1997 жылға арналған барлық мақсатты жоспарларын іске асырды./10/

   Халықаралық реконструкциялық және дамыту банкі, қаржы секторын дамыту үшін 1995 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 37,6 млн. АҚШ долларын несиеге берді. Бұл Халықаралық реконструкциялық даму банкісінен Қазақстан Республикасының LN №3867 KZ келісіміне сәйкес берілген болатын (31 шілде, 1995 ж).

Займ 4 компоненттен :                   -коммерциялық банктерді дамыту – 12 млн. АҚШ доллары                            

-жергілікті банктік бақылау институттарын ұйымдастыру – 1 млн. АҚШ доллары        -ұзақ мерзімді төлем жүйесі – 23,8 млн. АҚШ доллары

-жобаларды жүзеге  асыру үшін көмек - 0,8 млн. АҚШ доллары

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі аталған мәселелердің толық орындалуына жауап береді.

Сыйақы ставкасын  Халықаралық реконструкциялық дамыту банкі жылына екі рет белгілейді. Сыйақы жылына екі рет төленеді. 12 қаңтар және 12 шілдеде, 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрады, ал 15.07.97.-1.01.98. уақыт аралығында ставка 6,54 %-ға төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25 % болды. Пайдаланылмаған қаражат бөлігі жылына 2 рет төленеді: 12 қаңтар және 12 шілде.

Займ 17 жылға беріледі және алғашқы бес жылда қарыздың негізгі бөлігін төлеу басталмайды. Қарызды төлеу 2001 жылдың 12 қаңтарында басталды және 2012 жылдың 12 шілдесінде аяқталады. Жыл сайынғы қарыз бөлігі – 1,6 млн. АҚШ долларын құрады.

1996 жылдың мамыр айының  аяғына қарай Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі «техникалық көмек жобасы» бойынша Қазастан Республикасы Ұлттық банкіне 10,85 млн. АҚШ доллары несиеге берді.

Займ келесі компоненттерден тұрады:

-коммерциялық банктердің  диагностикасы – 2,6 млн АҚШ доллары

-жергілікті банктерді бақылау институттарын құру- 1 млн АҚШ доллары

-төлем жүйесі- 0,95 млн АҚШ доллары

-банктік заңнамалы реформациялау – 0,5 млн АҚШ доллары

-компьютерлер мен құралдар сатып алу- 5,8 млн АҚШ доллары

Қазақстан Ұллтық банкі  аталған кұралдарды пайдаланушы  және оның толық орындалуына жауап береді. (ҚР-ның Қаржы министрлігінің алдында).

Бұл несие бойынша  сыйақы жылына екі рет төленеді: 12 наурыз және 12 қыркүйек. 1.01.97. және 14.07.97. уақыт аралығында ставка 6,7 %-ды құрайды, ал 15.07.97. және 1.01.98. уақыт аралығында  бұл көрсеткіш 6,54 %-ға дейін төмендеді. Комиссияның жылдық ставкасы 0,25%-ды құрады. 1999 жылдың он екінші наурызында басталған қарыз төлеу 2010 жылдың 12 қыркүйегінде аяқталады.  

LN №4051 KZ займның шарттарына сәйкес 1996 жылдың 25 маусымынан бастап Қазақстан Ұлттық банкі «Қаржы секторыны құрылымының» қаржылық агенті болып табылады.

1997 жылдың 3-ші тоқсанында Қазақстан Республикасы 90 млн. АҚШ долларына тең екінші транш алды.

1997 жылдың 25 ақпанында  Қазақстан Ұлттық банкі Москвада болған ІV отырысында ескертулер мен ұсыныстар дайындалды. Бұл жерде Кедендік Одаққа мүше елдерлдің екі жақты келісімдері қарастырлды. Қазастан Ұлттық банкі мұндай келісімді осы одаққа мүше елдердің барлығымен дерлік жасады.

Мемлекетаралық экономикалық комитет. Қазақстан Ұлттық банкі ТМД мемлекеттерінің басшыларының кезекті отырысына мемлекетаралық экономикалық комитеті ұсынған документтеріне өзіндік жеке ұсыныстарын жасады. Ол 1997 жылдың 4 наурызында болды.

Мемлекетаралық Валюта комитеті 1997 жылы 25 наурызда Мәскеу қаласында Мемлекетаралық Валюта комитетінің эксперттерінің кездесуі өтті. Онда ТМД мемлекеттерінің валюта саясаты талқыланды.

Мемлекетарлық Банк 1997 жылдың 28 наурызында Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Мемлекетаралық Банк кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Онда Мемлекетаралық Банктердің қызметтері туралы баяндалды.

1996 жылдың 16-17 шілдесінде Ресей Орталық Банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында несие ұйымдарына бақылау жасауға байланысты келісімге қол қойылды. Мұнда екі банк қаржылық ақпарат пен статистикалық мәліметтерге сүйене отырып жұмыс жасайды.

1997 жылдың қазан айында Украинаның Ұлттық банкімен Қазақстан Ұлттық банкі арасында банкаралық есепті ұйымдастыру туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Ұлттық банкінің өкілдері Халықаралық реконструкциялық даму банкінің жылдық отырысының делегациясының құрамына енді(Гонконг, 20-25 қыркүйек) және Орталық банк өкілдерінің кездесуіне қатысты (6-7 қыркүйек, 1997 ж., Стамбул). Стамбулдағы кездесуде қатысушылар іскерлік тәжірибелермен алмасты. Мұнда банк жүйесін дамыту, ақша-несие саясаты мен банктік бақылауды ұйымдастыруға және қаржы секторын либерализациялауға байланысты ақпараттармен алмасты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.ҚР Ұлттық  банкінің қаржы жүйесіндегі ролі .

Информация о работе Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде