Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 14:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38
Қорытынды--------------------------------------------------------------------41
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43
Ұлттық Банктің инфляциялық
Күшті жақтары.
Соңғы жылдардың қорытындылары бойынша
Қазақстан бұрынғы Кеңес Одағы республикалырының
арасында көшбасшылық позиция тұр (экономикалық
қарқынды даму, инфляция деңгейінің тұрақты
болуы, ұлттық валютаның тұрақтылығы,
бюджет дифицитінің аздығы, халықтың әл-ауқатының
жақсаруы, Қазақстанға инвестициялық
рейтингтің берілуі). Елдегі саясаттың
тұрақтылығы да жаңа ақша бағыттарына
көшуде басты рөлдерді алады. /22, 58б./
2004 жылдан бастап қаржы нарығындағы бақылаушы
және тұрақтандандырушы функцияларды
Қазақстан Республикасының бақылаушы
және тұрақтандандырушы Агенттігі атқарады.
Қаржы нарығындағы бақылаушы және реттеуші
функцияларының бөлінуі Ұлттық Банктің
ерекше статусын белгіледі. Бүкіл ТМД
елдерінің арасында Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі орталық банкке қатысты функциялары
бар бірғана банк.
Ұлттық Банк – елдегі инфляцияны төмендетуге
бағытталған ақша-кредит саясатын тәуелсіз
өткізуші болып табылады. Инфляцияны төмендетуге
бағытталған ақша-кредит құралдарының
толық арсеналы Ұлттық Банктің иелігінде.
Елдегі инфляция процесстерін және ликвид
деңгейлерін қазіргі таңда аса маңызды
және оптималды құралдарының бірі ақша
нарығындағы айырбастау ставкалары арқылы
реттейді. Инфляция қызуын төмендету үшін
Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын қатаң
тәртіпке бағыттап, қайта қаржыландыру
ставкаларын көтеріп, 8%-ға дейін жеткізді.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қайта
қаржыландару ставкасы жылдық инфляция
деңгейінен сәл жоғары болу керек.
Ақша-кредит құралын қолдану деңгеінде
де, Ұлттық Банктің дербестігі инфляциялық
таргеттеуді енгізудің ең бірінші талабы
болып табылады. Бірақ Ұлттық Банк дербес
болса да, өз құралдарын фискалдық бағытта,
яғни бюджет дефицитінің (сеньораж) эмиссиялық
қаржыландыруында мүмкіншіліктері шектеулі.
1998 жылдан бастап Ұлттық Банктің бюджетті
қаржыландыруы тоқтатылды және заң жүзінде
бекітілді : «Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі туралы». /22, 59б./
Соңғы жылдары теңге енгізілгені кезден
бастап алғаш рет ұлттық валютамыздың
АҚШ долларына шаққанда тұрақтандырылғаны
байқалды және ол Қазақстанның бүкіл қаржы
секторында көрініс тапты. Ұлттық валютаның
ревальвациясы коммерциялық банктердің
депозит базасының деңгейінің өсуіне
әсер етті. Сақталып отырған теңгенің
тұрақтылығы болашақта Қазақстан экономикасын
дедолларизацияға әкелуі мүмкін. Қаржы
сегментіндегі жайлы жағдайдың сақталып
отыруы пайыз ставкаларының процесін
құрудағы маңызды рөлін атқарып төмендеуіне
себепші болады.
Әлсіз жақтары. Қазақстанның шикізатқа
бағытталған экономикасы, экспортқа шығарылатын
көлемі мен дүниежүзілік шикізат ресурстарының
бағасына тәуелділігі төлем балансымен
ұлттық валютаға әсерін тигізеді.
Қазақстанның қаржы секторы реалды секторға
қарағанда жоғарғы деңгейде даму үстінде.
Депозиттік базаның және несиелік экономиканың
кеңеюіне қарамастан, реалды секторды
қанағаттандыруға қаржының жетіспеушілігі,
оның кейінгі экономикалық дамуына әсерін
тигізеді. Соның салдарынан басқа жаңа
қаржы көздерін іздеуге тура келеді.
Экономикаға «долларизация» деңгейіндегі
монетарлық құралдардың әсері қаржы-несие
сферасын әлсіретеді. Бұл оның инфляцияға
әсерін тигізе алатындағын көрсетеді.
Экономикадағы «долларизация» деңгейін
жоғарғы деңгейде сақтап қалу қаржы-несие
саясатына және Қазақстан экономикасына
асау жеріне кері әсерін тигізеді.
Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелі
көлемінің жетіспеушілігі – ашық рынокта
кең көлемде операциялар жасауға кедергі
келтіреді. Міне осы операциялар инфляциялық
таргеттеуге жоғары талаптар қояды.
Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриалды-инновациялық
даму стратегиясының қабылдануы және
Қазақстан экономикасындағы диверсификация
процесінің жылдамдығы – экономикалық
әр жақтылығы. /22, 60б./Бұл өз кезегінде экономиканың
дүниежүзілік конъюктураға тәуелділігін
төмендетеді. Бұл жерде ішкі және сыртқы
рыноктарда бәсекеге түсе алатын елдің
индустриалды комплексін құру туралы
айтылған.
Инфляция инфляциялық таргеттеу кезінде
маңызды рөлді атқарады. Сонымен қатар,
ауыспалы ұсыныс пен сұраныс, ақша агрегаттары,
пайыздық ставкалар, валюталық бағам,
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, инфляция
және баға мен инфляциялық тосу бірге
қолданылады. Осыған байланысты Ұлттық
Банк трансмиссиондық модель дайындап,
ақша-кредит саясатының экономикаға әсерін
бақылап, «базалық инфляцияның» индексі
саналуда.
Бүкіл әлемдік мұнайға деген баға тербелісі
Қазақстан экономикасына кері әсерін
тигізу қаупі тұр, себебі айырбастау курсы
тұрақты болмай мұнай шығару экспортының
көлемінің ұлғаюына байланысты ұлттық
валютамыздың курсының ревальвациясына,
ол өз кезегінде «Голланд ауруының» симптомдарына
әкелуі мүмкін. Көрші елдердегі экономикалық
тұрақсыздық та біздің елдің экономикасына
зардабын тигізу қаупі бар.
Отандық қаржы нарығының сиымдылығының
жеткіліксіздігі оған шетел капиталын
толық жұтуға мүмкіншілік бермейді. Қысқа
мерзімді спекулятивті капиталдың келуі
экономиканың күйреуіне, сонымен қатар,
елде экономикалық кризиске қақтығысу
қаупі болуы мүмкін.
Сонымен қорыта келе, инфляциялық таргеттеу
принциптеріне көшу процесі, көптеген
элементтердің институционалдық негізі
инфляцияның бағыт көрсеткішінің Қазақстанда
жұмыс жасауымен және осы режимді орнықтыруға
барлық жағдайлар жасалғанымен жеңілдетіледі.
Бірақ, тек қана практика жүзінде ғана
қорытындыға келіп, осы режимнің ақша-кредит
саясатындағы орнын анықтауға болады.
^ 3.2 Инфляцияға қарсы
саясатты жетілдіру жолдары
Инфляцияның өрістеп, күшеюі экономикалық
жөне әлеуметтік қарама - қайшылықтарды
асқындырып жіберетіндіктен мемлекет
инфляцияны жою жөне ақша айналысын түрақтандыруға
арналған шаралар қолдана бастайды . Инфляция
кезінде мемлекет іс - қимылының екі нұсқасы
болады:
1) бейімделу саясатын жүргізу немесе инфляцияға
бейімделу;
Бұл кезде табыстарды, жалақыны, пайыздық
өлшерлемелерді, инвестицияларды индекстеу
жөнінде шаралар қолданылады;
Компаниялар мен фирмалар қысқа мерзімде
жобаларды өткізеді, жеке тұлғалар табыстың
қосымша көздерін іздестіреді және т.с.с.
2) инфляцияны төмендету немесе басу жөнінде
инфляцияга қарсы шаралардың кешенін
жүргізу .
Инфляцияны жою жөніндегі шаралардың
кешені қоғамның іс-әрекет етуінің өндірістік
— экономикалық, қүқықтық, институционалдық,
моралдық-адамгершілік сфераларының әр
түрлі жақтарына әрекет етуді қамтиды
десекте олардың шешушісі базалық, өндірістік
— экономикалық сфера болып табылады.
Сұраным инфляциясын жоюға ақша жөне фискалдық
саясатты пайдаланудың біршама қатардағы
макроэкономикалық әдістермен жетуге
болады.
Инфляцияга қарсы саясат — инфляциямен
күреске бағытталған экономиканы мемлекеттік
реттеу жөніндегі шаралар кешені. Мүндай
саясаттың екі негізгі жолы белгіленген
дефляциялық саясат және кірістер саясаты.
Дефляциялык, саясат — мемлекеттің
шығындарын азайту, несие үшін пайыздық
мөлшерлемелерді арттыру, салық ауыртпалығын
күшейту, ақша массасын шектеу жолымен
ақша-несие және салық механизмі арқылы
ақша сұранымын реттеуді қарастырады.
Бұл саясат экономиканың өсуін тежейді.
Кірістер саясаты — бағаға және
жалақыға оларды толықтай матау немесе
олардың өсу шегін белгілеу жолымен параллелді
бақылау жүргізуді қажет етеді. Оны жүзеге
асыру әлеуметтік қайшылықтарды қоздыруы
мүмкін. /16, 506б./
Инфляцияға қарсы саясат ақшалай ұсынымды
шектеудің әр түрлі әдістерін кіріктіреді:
1. Орталық банктің нақты ақша эмиссиясын
қысқарту арқылы айналыстағы ақша массасының
ауқымын азайту.
2. Барлық несие ресурстарын қымбаттату
және оларға қол жететіндігін азайту мақсатында
орталықтандырылған кредитер үшін қайта
қаржыландырудың есептік мөлшерлемесін
арттыру.
3. Кредит мультипликаторын қысу және коммерциялық
банктердің кредит экспансиясын шектеуге
жету үшін Орталық банктің коммерциялық
банктерге резервтік талаптарын арттыру.
4. Сондай мақсаттарда Орталық банктің
кедитерін тікелей қысқарту.
Инфляцияға қарсы фискалдық саясат салықтарды
көбейту, мемлекеттің шығыстарын қысқарту
жөне осының негізінде мемлекеттік бюджеттің
тапшылығын төмендету арқылы жүргізіледі.
Салық саясаты инфляция жағдайында екі
өзара байланысты, бірақ қайшылықты міндеттерді
шешуі тиіс:
бірішіден, мемлекеттік бюджеттің тендестігіне
жету және тапшылығын жою үшін оның кірістерінің
деңгейін көтеру керек;
екіншіден, экономиканың бастапқы буындарында
- өндіріс пен айырбас сферасында экономикалык
белсенділікті жандандыру қажет.
Инфляцияға қарсы салық саясаты жанама
салық салуды қысқартуда болып отыр . Жанама
салықтардың инфляциялық сипаты болады,
өйткені олар бағаны өсіреді, сүранымды
қысқартады. Жоғары салықтардың іс - әрекетінің
екінші аспекті өндіріске олардың қысымы
болып табылады, бұл ұсынымды шектейді.
Үшіншіден, едәуір салық ауыртпалығы,
әдеттегідей, салық жүйесін күрделілендіретін
көптеген салықтардың іс-әрекетімен байланыстырылады,
мүның өзі салықтан жалтарынуға әкеп соқтырады.
Сондықтан инфляция кезінде тұтынуға
салық салуға акцентпен жеңілдіктеудің
шарттарымен ауыртпалық түсірмейтін қарапайым
және сенімді салық жүйесі тәуірірек болады.
Бұл талаптарға айтарлықтай дәрежеде
табысқа салынатын салық пен мүлік құнына
қарай мөлшерлемелерді жіктеудің жоғары
дәрежесі бар мүлік салығы сай келеді.
Мемлекеттің шығыстарын қысқарту бұл
процесті бюджет сферасына да, мемлекеттің
шаруашьшық жүргізуші субьектілеріне
қатысты материалдық өндіріс сферасына
да таратуды қажет етеді. Бұл жерде мынаны
ойда ұстаған жөн: соңғы жағдайда инфляцияға
қарсы шаралар инфляцияның екінші құрамдас
бөлігіне - шығындар немесе өндірушілер
инфляциясына қатысты болып отыр, сондықтан
олардың ықпалы бөлек қарастырылатын
болады. Бұл жөнінде инфляцияның екі түрі
мен қарсы әрекеттің кешенді әдістері
себептерінің өзара байланысы байқалады.
Жалпы мемлекеттік және жергілікті деңгейлердің
бюджет шығыстары жайында басты бағыт
барлық мүмкін болатын баптар бойынша
оларды барынша қысқарту болып табылады.
Әлбетте, зейнеткерлерді, оқушыларды,
тіркелген кірістері бар қызметкерлерді
қорғау жөніндегі өміршендік маңызды
әлеуметтік қажеттіліктер қамтамассыз
етілуі тиіс.
Бюджет шығыстарын шектеуге мыналар арқылы
жетуге болады:
а) тура әдістермен — шектеумен (рестрикциялармен),
яғни заңнамалық актілер немесе өкілетті
мемлекеттік органдардың өкімі негізінде
қол жеткен деңгеймен салыстырғанда оларды
мәжбүрлеу арқылы;
ө) секвестірлеу әдісімен — барлық шығыстарды
әртүрлі факторлармен анықталатын төмендетудің
берілген жалпы мөлшеріне сәйкес үйлесімді
төмендетумен;
б) қолда бар кірістердің деңгейін бақылаумен;
в) мемлекеттік бюджет тапшьшылығының
деңгейін шектеумен.
Кез келген жағдайда шығыстарды қысқарту
дамудың көптеген үлттық бағдарламаларының
іс-қимылын, тез қайтарым бермейтін әртүрлі
лайықты жобалардан, шаралардан бас тартуды
және т.с.с. шалады.
Мыналардың нәтижесінде инфляцияның екінші
типін—шығындардың (өндірушілер инфляциясының)
өсуінен туатын инфляцияны жою проблемаларын
шешу неғүрлым қиынырақ болып келеді:
1) жалақыны көбейту;
2) үйымдық сипаттағы себептер бойынша
шаруашылық механизмінің бұзылуына байланысты
еңбек өнімінің төмендеуі;
3) шикізат жөне энергетикалық ресурстар
иелерінің инфляциялық тосулары, осыған
қарай олар өндірістің бастапқы өнімдеріне
бағаны көтереді.
Өндіріс шығындарымен байланысты болатын
инфляцияны жою өзара байланысты проблемалардың
бірнеше күрделі блоктарын шешуді қажет
етеді. /16, 508б./
Инфляцияны төмендету проблемаларының
бірінші блогы экономикалық тұрақтандырудың
бүкіл жүйесінің орталық буыны ретіндегі
өндірістің құлдырауын жоюда болып отыр.
Өз кезегінде ол мына өзара тәуелді проблемаларға
ұшырайды.
Біріншіден, еңбек өнімділігінің уәждемелік
ынталандырмаларын, оның тиімді нәтижелеріне
ынталылықты күшейту меселелерін шешу,
басымдық ретіндегі өндірістік еңбек
қызметін қалпына келтіру. Бұған қажырлы
еңбек пен оның нәтижелерінің арасында
тікелей байланыс болатын жекеше өндірістік
секторды дамыту негізінде қол жетеді.
Сауда - делдалдық сфераға қарағанда өндірістік
сфераның басымдығын қамтамасыз ету қажет.
Өндірістік сфераның дамуын көтермелеуге
салықтардың жеңілдік жүйесімен, несиені
кедергісіз алумен және несиелер бойынша
төмендетілген пайыздық мөлшерлемелермен,
ұдайы өндіріс, еңбекке ақы төлеу қорларына
даму үшін қолайлы экономикалық нормативтерді,
аударымдарды белгілеумен және т.с.с. жетуге
болады, қажетті жағдайда өндірістік сектор
қызметінің басым түрлерін қаржыландыру
жолымен тікелей қолдау жүзеге асырылды
.
Инфляцияны жеңіп шығу жөніндегі шаралар
жүйесіндегі қажетті элемент нарықтық
бәсеке механизмі мен меншіктің барлық
нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің
экономикалық жауапкершілігі механизмін
жасау болып табылады; аталған механизмдердің
іс-қимылы мына сызбаға саяды: шығындардың
төмендеуі — бағалардың төмендеуі — өндірістің
өсуі есебінен таза табыс көлемінің сақталуы
- ұсынымның көбеюі— сүранымның қанағаттандырылуы.
Бәсеке механизмін жасау монополияға
қарсы шараларды жүргізумен, меншіктің
түрлі нысандарын дамытумен, шаруашылық-
қаржы қызметіндегі олардың теңдігін
заңнамалық түрде қамтамасыз етумен байланысты
болады.
Инфляцияға ықпал етудің ең түбегейлі
құралы экономиканы мемлекеттік реттеу
шеңберінде бағамен жалақыға бақылау
қою болып табылады. Баға мен жалақыны
реттеудің ауқымдарын тандау қысқа мерзімді
саясат бағдарламаларында айқындалады
және кеңінен инфляция деңгейіне, өндіріс
қарқынына, халықты әлеуметтік қорғаудың
қажеттіліктеріне қарай түрленіп оырады.
Базалық технологиялық шекте - шикізат,
отын, басқа бастапқы өнімдерді өндіруде
бағаны реттеуді жүргізудің маңызы зор
.Тап олардың құны келесі технологиялық
шектердің өнімі бағасының бүкіл пирамидасының
негізіне қойылады.
Жалақыны реттеу бастапқы ( қол жеткен
) деңгейден еңбек өнімділігінің нақты
артуына қатаң байланыста жүзеге асырылады,
өйткені номиналды жалақы мөлшерлемелерінің
еңбек өнімділігі өсуінің қарқынына тең
өсімі өзінің сипаты бойынша инфляциялық
емес болып табылады.
Сыртқы экономикалық қызметті қамтып
көрсететін төлем балансы тарапынан инфляцияны
төмендету шаралары оның құрлымын жақсартуда
болады . Бірінші кезекте бұл тауарлар
мен қызметтердің, яғни экспорттық- импорттық
операциялардың қозғалысымен байланысты
болатын ағымдағы операциялар бойынша
тендікке жетуге қатысты болады.
Төлем балансының ағымдағы тапшылығын
қысқартуға жалпы импортталатын тауарлар
мен қызметтерге ішкі сүранымды отандық
тауарлар мен қызметтерге ауыстыру есебінен,
сондай-ақ сыртқы сұранымға қарағанда
экспорттық өндірістің икемділігін арттыру
есебінен жету керек. Бұған реалистік
деңгейде валюта бағамын белгілеу саясатын
жүргізу, инфляция-лық серпіліс кезеңінде
сауда және валюталық шектеулердің ұтымды
ұштасуы және инфляция қарқыны төмендеген
кезде сыртқы экономикалық қатынастарды
ырықтандыру арқылы жетеді.
Инфляцияны басқаруды жақсарту және инфляцияға
қарсы саясат шараларының бірі ретінде
қазіргі кезде инфляциялық таргеттеуге
үлкен маңыз беріледі.
Ұлттық Банктің негізгі міндеті ретінде
бағалардың түрақтылығын қамтамасыз ету
ақша-кредит саясатындағы мүлдем жаңа
айқындама Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ
стандарттарына және инфляциялық таргеттеуге
көшумен үйлеседі. Инфляциялық таргеттеу
қағидатарына дайындық және оған көшу
ақша базасы бойынша мақсатты көрсеткіштерден
біртіндеп бас тарта отырып, инфляция
бойынша мақсатты көрсеткіштерге кешуді
болжайды. Соңғы жылдары формалды мақсатты
инфляциялық көрсеткіштерді белгілеуге
негізделген ақша-кредит саясаты өнеркәсібі
дамыған елдерде ғана емес, рыноктық экономикасы
қалыптасып келе жатқан елдерде де кеңінен
қолданылуда. Инфляцияның мақсатты көрсеткіштер
жүйесі жүргізілетін ақша-кредит саясатына
деген сенімді артырады. Инфляция бойынша
мақсатты көрсеткіштерді қолданатын өтпелі
экономикасы бар елдер қатарының өсуі
осы жүйенің артықшылықтары бар екендігінің
жанама белгісі болады.
Австралия, Канада, Финляндия, Жаңа Зеландия,
Испания, Швеция, Ұлыбритания инфляцияның
мақсатты таргеттеуіне көшті. Сонымен
қатар, рыноктық экономикасы қалыптасып
келе жатқан көптеген елдер де: Бразилия,
Чили, Чехия, Израиль, Польша, Оңтүстік
Африка Республикасы инфляцияны таргеттеуге
көшеді. Инфляцияны мақсатты таргеттеудің
түрлі түрлендірулері болады. /16, 511б./
Ұлттық Банк рыноктық мөлшерлемелерді
репо мөлшерлемесімен айқындалатын кейбір
дәлізде үстап тұру арқылы инфляцияны
басқаруды көздейді. Сонымен бірге инфляциялық
таргеттеу тетігінің мынадай түрі болады.
Ұлттық Банк репо мөлшерлемесі мен оның
өзгерістері дәлізінің енін өзгерте отырып
банктік резервтер мен банкаралық пайыздық
мөлшер-лемелер арасындағы белгілі бір
балансқа қол жеткізеді. Банкаралық мөлшерлемелер
өз кезегінде, кредиттер мен депозиттер
бойынша банктік мөлшерлемелерге ықпал
етеді, сонымен қатар банктік өтімділікті,
яғни инфляцияны да айқындайды. Инфляциялық
таргетгеу кезіндегі негізгі құралдар
ашық рынок операциялары болады. Ашық
рынок операцияларына ішкі рыноктан мемлекеттік
бағалы қағаздарды, оның ішінде кері сатып
алу міндеттемесімен (репо операцияларымен)
сатып алу және сату кіреді. Репо операцияларының
көлемі мен мөлшерлемелері оперативтік
көрсеткіштер болып табылады. Мемлекеттік
бюджет орнықты болғанда, макроэкономикалық
тұрақтылық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы,
орталық банктің тәуелсіздігі, ақпараттың
ашықтығы жағдайларында инфляциялық таргеттеу
табысты енгізілуі мүмкін. Қазіргі кезде
Қазақстанда осы алғышарттардың бәрі
бар.
Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді
еңгізуге дайындық шеңберінде мынадай
шаралар қабылданды. Ұлттық Банк 2000 жылдан
бастап ақша-кредит саясатын жоспарлаудың
үш жылдық деңгейін белгіледі. 2004 жылдан
бастап инфляция бойынша мақсатты керсеткіштер
— "базалық инфляция" индексі қолданыла
отырып белгіленеді. Бұл индекс монетарлық
емес факторлар бағаларының деңгейіне
дағдарыстық ыкдалын жояды және инфляциялық
процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді.
2004 жылдың қаңтарынан бастап Ұлттық Банктің
мақсаты ретінде бағаларды тұрақтандыру
және мемлекеттік бюджеттің тапшылығын
қаржыландыруға тиым салу міндеті заңмен
бекітілді, бұл инфляциялық таргеттеу
енгізудің қажетті шарттарының бірі болып
табылады. Еліміздің орталық банкі ретінде
Ұлттық Банктің тәуелсіздігін күшейтетін
нормативтік-құқықтық актілер әзірленіп
жатыр. Тұрақты негізде қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін белгілеу мүмкіндігі қарастырылуда.
2002 жылдың қазан айынан бастап Халықаралық
валюта қоры Ұлттық Банкке инфляциялық
таргеттеу тетігін әзірлеу мәселелеріне
қатысты ақпараттық және консультациялық
көмек көрсетіп келеді. /16, 512б./
Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті
база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында
бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу
міндеті түр:
- ашық рынок операцияларын кең ауқымды
көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар
жасау;
- өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
- бағалы қағаздардың қайталама рыногын
дамыту;
- трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни
репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция
деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік
жасайтын үлгіні әзірлеу;
- инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып,
шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру
рәсімін өзірлеу және т.б.
Жоғарыда жазылған мәселелерді қортындылай
келе қазіргі таңда біздің экономикамызда
жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы
ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді
қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей
бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады.
3.3 Қазақстан Республикасының
инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға
арналған іс-қимыл жоспары
2008 жылы 10 қарашада Премьер- Министр Кәрім
Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте болып
өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі
әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш
маңызды факторына нақты да толымды сипаттама
берілген болатын.
10 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі
инфляция деңгейі 8,8% пайызды құрап отыр.
Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда
4,6% пайызға төмен. Инфляцияның болжамды
мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін
10 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің
ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап
айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан
айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі
Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте
9,4%, Украинада 16,1% пайыз болған. Сондықтан
еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан
әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық
негіз бар.
Үкімет еліміздегі жанар-жағармайдың
бағасын едәуір төмендетуге қол жеткізді.
1 қарашадан бастап 1 литр А-80 маркалы бензиннің
бағасы – 60 теңгеге; АИ - 92\93 – 87 теңгеге;
АИ - 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды.
Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге
дейін төмендетілетін болады.
Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік
бағасы 9,5 пайызға көтеріліп, еліміздегі
инфляцияның жалпы өсуіне 3,9 пайыз әсер
еткен. Азық-түлік емес тауарлар 6,5 пайызға
артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз
әсер еткен. Солай бола тұрса да 4 қарашадағы
мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың
бағасы атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға
( 64 теңге ), сиыр еті - 8,5 ( 573 теңге ), қой
еті - 5,6 (594 теңге), күнбағыс майы - 3,9 ( 318теңге),
қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты
- 1,2 пайызға ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат
- 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан»
1,04 пайызға қымбаттаған.
Тұтыну тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау,
Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат
баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс
Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл
облыстарында көрініс тапқан. Елімізде
азық-түлік қауіпсіздігін және олардың
бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету
үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг
өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы
және шеттен келетін азық-түлік тауарларының
бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін
арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан
бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы
өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды
азық-түлік тауарларының, оның ішінде
өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған
сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл
өсімдік майын өндіретін дақылдардың
шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің
өсімдік майына деген сұранысының 80 пайызын
ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында
310 мың тонна күріш жиналды. оның 130 мың
тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің
күріш дақылына деген сұранысын толық
қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша
1,8 миллион көкөніс, 1,9 миллион тонна картоп
жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша
да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық
мал түліктерінің өсімі 4 - 5 пайызды құрады.
Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі
ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге
көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар
мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға
қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің
қатысуымен жалпы сыйымдылығы 34,9 тонна
болатын 10 көкөніс қоймалары салынып,
пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда
экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын
баж салығын 210 АҚШ долларынан 139 долларға
дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа
салынатын баж салығын 130 доллардан 95 долларға
дейін төмендету көзделіп отыр.
2007 жылдың екінші жартысында басталған
әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық
Қазақстанның даму қақынына әсер етті.
Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық
ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне,
демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің
қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік
азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның
шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға
инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.
Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық
Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік
қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың
теріс салдарын жұмсартуға бағытталған
бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел
қабылдады және іске асырды.
Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған
қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік
қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты
секторға едәуір теріс әсер етті. Содан
барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының
едәуір және соның салдары ретінде тауарлар
мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың
баяулауы байқалды.
Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру
және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар
қабылдауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің,
Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен
қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау
агенттігінің Экономиканы және қаржы
жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010
жылдарға арналған бірлескен іс қимыл
жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің
тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді
және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы
әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс
салдарын жұмсартуға және болашақтағы
сапалы экономикалық өсу үшін қажетті
негізді қамтамасыз етуге бағытталған
шаралар кешенін айқындайды.
^ Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық
жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс
салдарын жұмсарту және болашақта сапалы
экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді
қамтамасыз ету болып табылады.
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк
пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай
бес бағытта шоғырланатын болады:
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету
үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары
( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат
пайдаланылатын болады.
Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау
агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры
және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың
мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты
мониторинг пен бақылауды қамтамасыз
етеді.
Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор
болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды.
Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын
607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды
жүзеге асырды.
2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер
болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің
өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі
7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін
тұрақтандыру мүмкін болды.
Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі
жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет
саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит
саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда
экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру
шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық
саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты
қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның
төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында
қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі
отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов
мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы
ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын
көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда,
осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін
сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай
ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық
көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік
туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны
7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз
деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.
Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі
8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды
деген болжамға сәйкес келді.
Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын
жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы
2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік
қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға
алынған іс шаралардың және экономиканы
тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға
арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде
Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі 2009-2010 жылдарда
1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген
болжам бар. Сонымен қатар жоспарға сәйкес,
2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның
деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі
8 пайыздан көтерілмейді.
Қорытынды
Зерттеу жұмысының І – бөлімі «Инфляцияның
теориялық аспектілері» деп аталады, онда
мынадай мәселелер қарастырылды:
- Инфляция түсінігі, пайда болу себептері;
- Инфляция түрлері мен факторлары;
- Инфляция әлеуметтік - экономикалық салдарлары.
Инфляция қоғамда ақшаның құнсыздануы,
бұл процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде
жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай
қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие
жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға
тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат –
ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды,
Ұлттық банк несие беру «процентін және
міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде
ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық
(ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде
инфляция ауыздықталды, сонымен бірге
ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе қысқарды,
ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды,
жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа
өнім шығаратын шикізат өндіру салалары
жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт
көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу
жылдары Қазақстанда бұрыннан қалыптасқан
өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның
орнына арта түсті.
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның
дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына
байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның
қайталама факторы болып табылады, өйткені
ол шығындардың инфляциясынан жәнге осығарн
байланысты мемелкет кірічстерінің құнсыздануынан
туады.
Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын
төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар
еңбекақының номиналды деңгейін көтеру
туралы талап қояды.
Курстық жұмыстың ІІ – бөлімі «Қазақстан
республикасындағы инфляция және оны
реттеу» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден
тұрады:
- Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы
және ерекшеліктері;
- ҚР инфляцияның қазіргі кездегі даму
қарқынын талдау;
- Инфляция салдарынан туындайтын проблемалар
2004 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі
мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы
мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық
банкке мынадай міндеттер жүктелген:
Ұлттық банктің негізгі
Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде келесідей
мәселелер келтірілді:
-ҚР-да инфляцияға қарсы күресінің болашаққа
арналған бағыттары;
- Инфляцияға қарсы саясатты жетілдіру
жолдары;
- Қазақстан Республикасының инфляцияға
қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл
жоспары;
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан
экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің
іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен
әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік,
кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі
факторларын тиімді қайта сапалы өнім
мен қызметке деген сұранысты көтермелеп
отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын
алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда
баса көңіл бөлу керек. Оның бірі - ақша-кредит
саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі
мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз
ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік
Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ
қолында сол үшін барлық өкілеттіктер
мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының
келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын
қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды
зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде
экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін
нақтылы айырбас бағамының икемділігін
сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды
рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының
ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын
қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».
/18, 4б./
Қазақстан экономикасында сақталып отырған
жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі
жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге
көшуге бағыт алды.
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа
қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді
дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның
жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің
сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші
болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының
құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік
ортаға, коммерциялық емес банктердің
жұмысын бақылауға және ақша айналымын
тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша
агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты
емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық
емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері,
жанармай және тұрғындық-коммуналдық
шаруашылық қызметтерінің бағасына да
байланысты инфляцияны минимизацияға
бағытталған.
Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне
келетін болсақ, инфляция төңірегінде
қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде
қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп,
тиімді жолдарын іздестіру керек.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
Алматы – 2001.
Алматы «Экономика»-2000ж