Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 14:54, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция.
Кіріспе----------------------------------------------------------------------------3
І бөлім. Инфляцияның теориялық аспектілері
1.
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері------------------------------------------5
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары-------------------------------------------8
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары----------------------------------14
ІІ бөлім. Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау--------------------------------------------------------------------20
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау----------------24
ІІІ бөлім. Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары------------------------------32
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары-------------------------------------------------------------38
Қорытынды--------------------------------------------------------------------41
Қолданылған әдебиеттер тізімі------------------------------------------43
Жоспар
Кіріспе-----------------------
І бөлім. Инфляцияның
теориялық аспектілері
1.2 Инфляцияның түрлері мен
1.3 Инфляция әлеуметтік-экономикалық салдары-----------------------
ІІ бөлім. Қазақстан
Республикасындағы инфляция және оны
реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы
және оның ерекшеліктері----18
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляцияның
қазіргі кездегі
даму қарқынын талдау------------------------
2.3 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды
талдау----------------24
ІІІ бөлім. Инфляциямен
күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР инфляцияға қарсы күресінің болашаққа
арналған бағыттары ---------28
3.2 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру
жолдары-----------------------
3.3 Қазақстан Республикасының инфляцияға
қарсы 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл
жоспары-----------------------
Қорытынды---------------------
Қолданылған әдебиеттер
тізімі------------------------
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі
таңда инфляция Қазақстан Республикасының
ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай:
«2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды
құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы
өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың
қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз»,
соған қарағанда кейбір экономистердің
айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция
ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың
қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд
ауруының» алдында тұр». Сонымен енді
Қазақстанда тез арада шешуге қажетті
пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
^ Курстық жұмыстың
мақсаты – инфляцияның пайда болатын
себептерін толығымен анықтап және баға
беріп, одан туатын салдарымен күресудің
жаңа жолдарын іздестіру.
^ Курстық жұмыстың
міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық
құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын
қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция
көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті
ақшаның қызметімен тығыз байланысты
деп санайды. «Инфляция» термині (латынның
inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша
айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта
шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат
соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының
қисапсыз көп шығарылуымен байланысты
болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ
Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық
әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін
кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік
экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары
жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың
жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы.
Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе
– тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі.
Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным
ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға
деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген
нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды.
Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі
баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп
қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі
мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан
экономикалық жағдайын уақытша жандануына
ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт
артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы
өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда
экономикалық және әлеуметтік жағдай
қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық
шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден
екінші елге ауысуына мүмкіндік береді,
бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын
қиындатады. Инфляцияның негізгі себептері:
ақша тауарларды сатып алу қабілеті, күшті
валютамен салыстырғанда құнсызданады.
Инфляцияны былай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды
бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент
деп қарастыруда жатыр. Ең алдымен, бағаның
өсуі – тауарға сұраныстың оның ұсынысынан
артық болуымен байланысты
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда,
екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші
әдістеме шеңберінде белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал
жасау мақсатында мемлекеттік шығындар
мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында
мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де құрып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында жұмыспен
толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы,
бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы
әлемнің бірде-бір елінде қатар қалыптаспағанын
айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан
бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың
өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған
жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция»
деп аталады.
Қазақстанда 2001-2003 ж.ж. арналған Ұлттық
өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған
болатын. Қазақстан Үкіметі 2001-2005 ж.ж.,
арналған қысқа мерзімдік Ұлттық өндіріс
салаларын қолдау бағдарламасын бекітті.Соңғы
жылдары Қазақстандағы Аграрлық саясаттың
бағдарламасы жасалуда..
Курстық жұмыстың зерттеу пәні – кез-келген
нарықтық экономикаға тән үлкен мәселелердің
бірі – инфляция табиғаты, пайда болу
себептері мен салдары, онымен күресу
жолдары.
Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан
Республикасының экономикасындағы инфляция
қарқыны.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан
Республикасының Заңдар жинағы, статистикалық
ақпарат көздері, нормативті актілер,
мерзімді басылымдар, сонымен қатар шетелдік
және отандық әдебиеттер қолданылды.
І. Инфляцияның теориялық
аспектілері
1.1 Инфляция түсінігі,
пайда болу себептері
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы
құбылыс. Ол ақша айналым арналарының
артық ақша белгіліремен аса толып кетуінің
нәтижесінде тауар мен көрсетілетін қызметтердің
бағасының өсуі. Латын тілінен аударғанда
инфляция «көтерілу, қабыну» дегенді білдіреді.
Ол қағаз ақша айналымына негізделген
экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің
бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының
өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы
ретінде көрінеді
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде
инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша
ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты
құндылықтың өзі болған; қажетті ақша
көлемі алтын – күміс қорымен реттелген.
Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша
қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың
тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау
қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау
үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға
ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі
көлемде ғана сақталады. Олардың көбі
айналымға шығарылады, айналымдағы ақша
көлемі қажеттіліктен тыс өседі.
Артық ақша сұранымды арттырады.
Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға
қатты ықпал жасап, оларды көтеріп
жібереді.
Батыс елдерінде 10 %-ке дейінгі
баяу инфляция қауіпті деп саналмайды.
Керісінше, белгілі бір жағдайда
баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін
фактор ретінде түсіндіріледі. Баға
өскенде тұрғындар тауарды
Бірақ 10 %-тен асқанда инфляция қауіпті.
Экономика әсіресе гиперинфляция кезінде
тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында
бағалар деңгейі бірнеше процентке емес,
бірнеше есеге өседі, ақша тез құнсызданады,
өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады.
Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі
қысқа сауда сферасына ауысады. Сауданың
пайдасынан қоғамға тигізетін зияны көптеу,
алып – сату (спекуляция) түрі тез қамтиды.
/2, 287б./
Спекулятивті бизнес ұсыныстың өндірістің
өсуіне ықпал жасамайды, керісінше өндіріс
тоқырауға ұшырайды. Тоқырау мен инфляция
қосылған соң нарықтықтың оңды әсерлері
толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға
теріс әсер ететін болады. Сондықтан стагфляциядан
шығу үшін мемлекет тарапынан инфляцияға
қарсы жедел және жүйелі іс – шаралар
бағдарламасы жасалып іске асырылуы қажет
болады.
Инфляция – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың
құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының
көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар
тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы
ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса,
бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ
мұндай жекелеген нарық сәйкесіздігі
инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция
– бұл рыноктардың көбінде сұранымның
артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің
бұзылуына байланысты пайда болған елдегі
баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек
өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына,
жаңа салық ставкаларына, сыртқы экономикалық
жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа
да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін.
Яғни бағаның өсуін көптеген себептер
қалыптастырады. Бірақ бағаның кез келген
өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда
келтірілген себептердің арасынан инфляцияны
қалыптастыратынын анықтап алу қажет.
Инфляцияның негізгі себептері: ақша тауарларды
сатып алу қабілеті, күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны былай түсіндіру,
яғни ақшаның алтынға қатысты құнсыздануы,
алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама
эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен, бағаның өсуі – тауарға сұраныстың
оның ұсынысынан артық болуымен байланысты.
Белгілі тауар нарығында сұраныс пен ұсыныстың
сәйкестігінің бұзылуы, әлі инфляция емес.
Инфляция – елдегі баға деңгейінің өсуі.
Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық
жағдайлар да әсер етеді. Сонымен баға
өсуінің инфляциялық себептеріне нені
жатқызамыз?
Мысалы, экономиканың конъюнктуралық
ауытқуына байланысты бағалардың өсуін
инфляцияға жатқызуға болмайды. Еңбек
өнімділігі өскенде баға деңгейі төмендейді.
Бірақ егер негізгі өндіріс салаларында
еңбекақы деңгейі еңбек өнімділігінен
тез өскен болса, онда ұлттық шаруашылықта
«шығын инфляциясы» деп аталатын жағдай
қалыптасып, бағалардың жалпы деңгейі
өседі. /2, 288б./
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан
әртүрлі диспропорцияға байланысты болатынын
ескере отырып, оның негізгі себептерін
қарастырып көрелік.
Инфляцияның пайда болу себептері:
Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар
мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция
немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл
мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде
көрінеді. Егер тапшылық Орталық банктің
несиесі, яғни айналымға қосымша ақша
шығару арқылы қаржыланған болса, онда
бұл айналымдағы ақша массасын арттырады,
сондықтан инфляцияны қалыптастыруы мүмкін.
Екіншіден, егер инвистицияларды қаржыландыру,
жоғарыда айтылған әдіспен, яғни Орталық
банктің несие беруімен жүргізілетін
болса, онда бұл да инфляцияның себебіне
айналуы мүмкін.
Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория
бағалардың жалпы өсуін ХХ ғасырда нарық
құрылымының өсуімен түсіндіреді. Бүгінгі
нарық – көбіне олигополия түрінде қалыптасқан.
Осы күнгі ірі фирмалар (тауар өндірушілер,
ұсынушылар) белгілі бір деңгейде нарық
бағасына ықпал жасап, өз өніміне бағаны
өзі белгілей алады. Фирма – олигополия
бағаның өсуін қолдамаса да оның деңгейін
түсірмеуге ұмтылады, нарықта қалыптасқан
баға деңгейінің тұрақты болуына мүдделі.
Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың
келуіне шек қою арқылы олигополиялық
фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ
ұстап қалуға ұмтылады.
Төртіншіден, ұлттық экономикалардың
«ашыла» түсуіне, олардың дүниежүзілік
шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына
байланысты инфляцияның бір елден екінші
елге ауысуы қауіпі артады. «Импортталған
инфляциямен» күресу мүмкіншіліктері
де шектеулі келеді. Әрине, ұлттық валютаның
бағасын арттырып импортты арзандатуға
болады, бірақ бұл жағдайда экспорт қымбаттап,
ұлттық өнімнің әлем нарығындағы өтімділігі
кемиді.
Бесіншіден, «инфляцияны тосу» деген жағдайда
байланысты инфляциялық процесс өзін-өзі
қолдап жалғаса береді. Батыс елдерінде,
көптеген экономистердің пікірінше, «инфляцияны
тосу» психологиясын жеңу антиинфляциялық
саясаттың негізгі мақсаты деп анықталады.
/10,110б./
«Инфляцияны тосу» механизмі экономикаға
қалай әсер етеді? Мәселе мынада: адамдар
біраз уақыт бағалардың өсуін көріп, олардың
болашақта төмендеуінен күдер үзеді де,
жаппай тауар сатып алуға көшеді. Сонымен
қатар олар еңбекақы деңгейін көтеру туралы
үкіметке талап қояды. Еңбекақының өсуі
тұтынушылық сұранымын одан әрі арттыра
түседі.
Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ
әр кезде олардың белгілі бір комбинациясы
(құрамасы) қалыптасады. Айталық, Екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін Батыс Европа
елдерінде тапшылыққа байланысты өте
күшті инфляция қалыптасқан. Соңғы жылдары
Батыс елдерінде инфляцияның негізгі
себебі мемлекет шығындарының өсуі, «баға
- еңбеқақы», «инфляциялық тосу», «инфляцияның
бір елден екінші елге ауысуы» және басқалары
болды. Бұрынғы Кеңес Одағындағы инфляцияның
негізгі себебі ретінде әкімшілік жоспарлау
жүйесінде қалыптасқан экономикалық диспропорцияларды
айтуға болды.
^ 1.2 Инфляцияның түрлері
мен факторлары
Инфляцияның түрлері. Бұрын инфляция төтенше
жағдайда ғана қалыптасатын. Мысалы, соғыс
кезінде мемлекет өзінің әскери шығындарын
қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз
ақша шығаратын. Соңғы екі-үш онжылдықта
көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс
процесінің тұрақты факторына айналды.
Экономика теориясында, жеке алғанда осы
күнгі Кейнсті жақтаушы экономистер инфляцияның
баяу түрін өндірістің дамуына қосымша
онды әсер ететін фактор ретінде қарастырады.
Баяу инфляцияның саясаты өндіріс пен
нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне
сәйкес бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік
береді.
Баяу немесе жылжымалы инфляцияда бағаның
өсуі 10% дейін болады. Бұл экономикаға
қауіп туғызбайды.
Қарқынды инфляция (бағалардың жылына
10% - 200%-ке дейін өсу түрі) – экономика үшін
едәуір қиын жағдай, бірақ іскерлік қатынастардың
көбі қарқынды инфляцияны алдын ала ескеріп,
оған икемделе береді.
Гиперинфляцияда бағалардың жалпы деңгейі
мыңдаған процентке ( Кэган бойынша айына
50% ) артқан жағдаймен сипатталады. Гиперинфляция
кезінде бағалардың өсу қарқыны айналымға
шығарылған ақша көлемінің өсуінен көп
есе артып кетеді. Гиперинфляцияда бағалардың
өсу қарқыны соншалық, тіпті ақша шығаратын
фабрикалар аптасына тоқтаусыз жұмыс
істегенде де айналымға қажетті ақша көлемін
шығару мүмкіндігі жетпей қалады екен.
Инфляция теңгермелі түрде болуы мүмкін,
яғни бағалар бір қалыпты және баяу өседі.
Бұл жағдайда бағалардың бір жылдық өсуіне
сәйкес процент кесімі (ставкасы) да өседі.
Нарықта тепе-теңдік (тұрақтылық) сақталады.
Теңгермелі емес инфляция кезінде жеке
тауар топтарына баға бірқалыпты емес,
әртүрлі қарқынмен өседі. /14, 105б./
Сонымен, тосылған инфляцияны тосын инфляциядан
айыра білген жөн. Тосылған инфляцияны
алдын ала болжауға болады, немесе оны
үкімет арнайы мақсатпен «жоспарлайды».
Тосын инфляция бағалардың кенеттен және
тез өсуінен көрінеді. Мұндай жағдай ақша
айналымын және салық жүйесін бұзады.
Тұрғындар бағаның өсуінен сескеніп, қолындағы
қаражатын сақтап қалу мақсатында тауарларды
жаппай сатып ала бастайды. Сондықтан
бағалардың кенеттен, тосын түрде өсуі
тұрғындарының «инфляциялық тосу психологиясын»
туғызады. Егер тосын инфляция (бағаның
кенеттен өсуі) экономикасы дамыған елде
пайда болса, ол нарық жағдайына қатты
әсер етпейді. Экономикасы тұрақты да
қуатты елде тұрғындар бағаның уақытша
ауытқуынан қорықпайды; және бағаның өсуі
қаншама тез болса, соншама оның құлдырап
түсіп кетуі әбден мүмкін болатынына сенеді;
сондықтан олар бағаның түсуін күтіп табысын
үнемдеу мақсатында сатып алуды күрт қысқартады.
Нарықтық сұранымның қысқаруы баға денгейіне
әсер етеді, бағалардың өсуі тоқтайды,
олардың деңгейі құлдырап, бастапқы қалпына
келеді.
Бұл жерде қалыпты қызмет атқаратын нарықтық
шаруашылық жағдайында пайда болатын
белгілі Италия экономисі есімімен аталатын
«Пигу әсері», немесе «нақты кассалық
қалдықтың әсері» деп аталатын құбылысты
суреттедік. Айта кететін тағы бір ескертпе,
«Пигу әсері» икемді бағалар мен икемді
процент жағдайында және инфляциялық
тосу болмағанда ғана қалыптасады екен.
Біраз батыс экономистерінің пікірінше,
«Пигу әсері» экономикада нақты болатын
жағдайды емес, тек теориялық болжамды
білдіреді. /14, 106б./
Нарықтық экономиканың механизмі — бәсеке
мен тиімсіз кәсіпорындардың банкроттығы
жеткіліксіз қалыптасқанда, ол өндірістің
жеке салаларында ол жоқ болғанда инфляция
дамиды. Еркін бәсеке жағдайында, мемлекет
шығыстарын немесе кредиттерді қысқарту
жөніндегі шаралармен туындайтын сүранымның
темендеуі кезінде кәсіпорын не өндірістің
көлемін қысқартуға, не оның шығындарын
төмендетуге мәжбүр болады. Макроэкономикалық
деңгейде мұнымен қатар не іскерлік белсенділіктің
құлдырауы, не бағалардың төмендеуі болады.
Алайда фирмалар, компаниялар жағдайдың
жақсаруына үміттене отырып, нарықта тұра
алуға тырысады және бағалар мен өндіріс
шығындарын төмендетуге мәжбүр болады.
Процестің жаппай ауқымдағы әрекеті инфляцияның
төмендеуіне мүмкіндік жасайды.
Монополияландырылған экономикада бұл
механизм әрекет етпейді, өйткені өндіруші-кәсіпорынның
шикізатты, материалдарды, шала фабрикаттарды,
жинақтау бұйымдарын, жабдықты, саймандарды
жеткізушілерді тандай алмайды. Ол жеткізушілер
тарапынан белгіленген бағалармен келісуге
мәжбүр болады және жоғарылатылған бағаларды
өзінің тұтынушыларына, тұтынушылар өз
кезегінде ары қарай технологиялық өзгертіп
жасау бойынша түпкі тұтынушыға — халыққа
аударып салады. Мұндай жағдайда бюджет
шығыстары мен кредиттерді шектеу жөніндегі
шаралар өндірістің құлдырауына жеткізеді.
Батыс елдерінің экономистері жасаған
теорияларда альтернативті (балама) консепция
ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын
инфляциясы» анықталады. Бұл консепцияларда
инфляцияның қалыптасу себептері (механиз-моделі)
қарастырылады.
«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен
ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным
жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде
мемлекет шығындарының артуы, өндіріс
және еңбек ресурстарын толық іске қосылған
жағдайында өндіріс құралдарына қосымша
сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың
тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы
негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларға
байланысты айналымға артық ақша массасы
шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс
саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда
айналымдағы артық төлем ақша массасы
шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың
инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным
инфляциясын график түрінде 1 – суретте
көрсетілген. /2, 98б./
Жоғарыда келтірілген себептерге байланысты
ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын
солдан оңға қарай жылжытады (AD1 –
AD2) және, экономика жалпы ұсыным
қисығының аралық (2) немесе классикалық
(3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін
арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция
қалыптасады.
Шығындар инфляциясы график түрінде 2
- суретте көрсетілген:
Айтылған себептерге байланысты өндіріс
шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы
солға қарай жылжиды (AS2 - AS1),
баға деңгейі өседі (Р1 –Р2)
өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1),
яғни ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады. Бағалардың
өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді.
Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды
деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет
инфляция шығындарының орнын толтыру
саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты
индексациялау бағдарламасы экономиканың
әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін
емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау
барлық топтар үшін бірдей болмайды. /2,
99б./ Инфляцияның әр түрін оның басқа түрінен
ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты
түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының
өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде
көрінуі мүмкін.
ХХ – ғасырдың екінші жартысында жұмыспен
толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы,
бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы
әлемнің бірде – бір елінде қатар қалыптаспағанын
айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз
өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан
бастап экономиканың құлдырау жағдайында
да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың
өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған
жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция»
деп аталады. /2, 105б./
Мемлекет сұранымды шектеу мақсатында
инфляцияға қарсы іс – шаралар жүргізуі
қажет. Жаңа классикалық экономистердің
айтуынша өндірістің өсуін ынталандыру
және жұмыссыздықты қысқарту саясаты
инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан
шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық
экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция
жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия,
қағаз ақша, т.б.) толық жою мүмкін емес.
Осыған байланысты инфляцияны толық жою
мүмкін еместігі өзінен - өзі және алдын
ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде
инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын
баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.
Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе
көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және
қысқа мерзімдік іс – шаралар саясатын
қолдану қажет. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік
саясаты:
Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін
жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген
үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз
де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың
сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет
өзінің белсенді іс шаралары негізінде
(өндірісті ынталандыру, монополиямен
күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына
жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты
тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті
әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын
қамтамасыз етеді.
Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ
мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы
бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары
жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық
банк несиемен қаржыландыру инфляцияны
асқындырады.
Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс –шаралары,
нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің
өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін
қадағалауға мүмкіндік береді.
Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін
әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа
мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын
инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте
күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан
оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру
қажет болады.
Жалпы инфляцияның себептері базистік
қатынастардың қарама-қайшылықтарынан,
экономикадағы үйлесімсіздіктер мен дағдарыстан,
оның өздігінен дамуға қабілетсіздігінен,
бүкіл қоғамдық өндірістің төмен тиімділігінен
болады. /16, 503б./
Инфляция сыртқы экономикалық қызмет
тарапынан арандатылуы мүмкін, бұл - импортталатын
жөне экспортталатын инфляция. Бірінші
жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан
тыс түсімінен және импорттық бағалардың
жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік
валютаны коммерциялық банктер орталық
банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада
баламалы сома алады; банк пасивтері артады,
мұның өзі оларға несие операцияларын
және кредиттік экспансияны кеңейтуге
мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған
ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау
салады.
Экспортталатын инфляция тауарлар мен
қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның
көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде,
соның ішінде дамып келе жатқан елдерде
бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар
халықаралық корпорациялардың нарықтардағы
үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың
қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың
валюталық операциялары олар болған елдерде
несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды.
Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы
айналысқа түседі және коммерциялық және
орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа
шығарылады.
Инфляцияныц көріну нысаны — ақшаның құнсыздануы
мен өнімге, тауарларға және қызметтерге
бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның
сатып алуға жарамдалығының тиісінше
төмендеуі.
Инфляцияның табиғаты ақшаның онымен
салыстырмалы тұлғаланатын тауар ауқымынан
оқшауландырылған қозғалысты жүзеге асыратын
қабілетсіздігінде. Ақшаның жұмыс істеу
негізі болып табылатын оның бұл қасиеті
оған өзінің арналымын — тауар, төлем
айналымына қызмет көрсете отырып, тиімді
орындауға, қорланым мен құнды сақтаудың
құралы болуға мүмкіндік береді. Бірақ
ақшаның бұл қасиеті мемлекет белгілеген
өлшемге сәйкес оның саны мен оған қарсы
тұратын құнның натуралдық-заттай компоненттерінің
сәйкестігі жағдайында көрінеді. Жалпы
алғанда мұндай тәуелділік айырбас тендеуі
арқылы көрінеді:
Р х Q = М х V,
мұндағы сол жақ бөлігі қоғамдық өнім
құнын, ал оң жағы ақша айналысының жылдамдығын
ескере отырып ақшаның санын (М — ақша
массасы, V — айналыс жылдамдығы) білдіреді.
Ұлттық өндірістің артуы жағдайында ұдайы
өндіріс процестерінде материалдық ағындарға
қалыпты қызмет көрсету үшін ақшаның саны
үйлесімді өсуі тиіс, өндіріс төмендеген
кезде ақшаның артық санын айналыстан
алу қажет. Алайда, практикада соңғы шарт
бірқатар себептер бойынша ылғи орындала
бермейді, бұл себептер тиісінше инфляцияның
өмір сүруінің себептері де болып табылады.
/15, 504б./
Қазіргі мемлекет қаржы-қаражатының, бірақ
өзінің негізгі бөлігінде тауар айналысымен
байланысты емес едәуір көлемін керек
ететін сан алуан функциялар орындайды.
Бұл халықтың аз қамсыздандырылған топтарын
әлеуметтік қолдау шығыстары, денсаулыққа,
мәдени - ақпараттық мақсаттық, білімге,
басқаруға, қорғанысқа, жүмсалатын шығыстар.
Кінәратсыз экономика жағдайында мұндай
шығыстардың көбеюі оның өздігінің дамуына
жәрдемдесуі мүмкін, өйткені тауарлардың
көбеюін және ұлттық өндірістің өсуін
ынталандыра отырып, тиісті өнімге, қызметтер
көрсетуге, тауарларға қосымша төлем қабілеті
бар сұранымды туғызады.
Тұралаушы экономикада мұндай шараларды
қаржыландыру үшін шаруашылық жүргізуші
субъектілер мен халықтың қарыздар алу
жолымен жұмылдырылуы мүмкін бос ақшалары
сияқты салықтық түсімдердің жетіспеушілігі
сезіліп тұрады. Мұндай жағдайда бұл шығыстарды
жабудың бірден-бір көзі қосымша ақша
шығару (эмиссия) болып табылады.
Өндірістік емес сфераны қаржыландыру
міндетіліктермен қатар мемлекет дағдарыс
жағдайында көпшілік қолды тауарларға
салыстармалы төмен бағаларды қолдау
қажеттігінен залалды болып табылатын
өндірістік сфераның қызметін қамтамасыз
ететін салаларды қолдап отырады. Бұл
қолдау не шаруашылық субъекгілерге турақаржылар
бөлуде, не зияндарды өтеуге берілетін
жәрдемқаржыларда, не мұндай субъектілерді
жеңілдікпен несиелендіруде банктердің
төмен пайыздық мөлшерлемелерін өтеуде
көрінеді; сондай-ақ бұл шаруашылық жүргізуші
субъекгілерге берілетін кредиттерге
кепілдік берілуі мүмкін. Барлық жағдайда,
әдеттігідей, баламалы қаржы ресурстарының
алынған көлемі түрінде экономикаға қажетті
қайтарым әкелмейтін қосымша ақшалай
қуат беру болады./15, 216б./
Сонымен қорытатын болсақ, экономистер
инфляцияны екі типке бөледі: сұраныс
инфляциясы және шығынның өсуімен байланысты
болатын ұсыныс инфляциясы деп. Ұсыныс
инфляциясынан туындайтын екі түрлі инфляция
бар: 1) еңбек ақының өсуімен байланысты
болатын; 2) ұсыныс экономикасы механизмінің
бұзылуынан болатын.
1.3 Инфляцияның
әлеуметтік-экономикалық
Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын
(себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың
арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай
— монетарлық факторларды бөлуге болады.
Ақшаға жатпайтындары — бұл шаруашылық
сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың
циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы,
инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік
- саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және
басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік
қаржының дағдарысы ү бюджет тапшылығы,
мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы,
сондай - ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша
айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде
несие құралдарының өсуі және басқалары
жатады.
Дүниежүзілік құрылымдық дағдарыстар
(шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары),
басқа елдерге инфляцияны экспортқа шығаруға
бағытталған мемлекеттік валюта саясаты,
алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару
инфляцияның сыртқы факторлары болып
табылады.
Сөйтіп, көпфакторлы процесс ретінде инфляция
- бұл ақша айналысы заңының бұзылуымен
байланысты болатын қоғамдық ұдайы өндіріс
дамуындағы алшақтықтың көрінісі.
Инфляцияның іс - әрекетін қаржы проблемаларымен
байланыстырып отыру қажет, өйткені инфляция
құбылысы мынандай қаржылық факторларға
тәуелді болып келеді:
- белгілі бір салық нысандары мен әдістерін
қолдану; инфляциялық сипаттағы шараларды
мемлекеттік бюджет арқылы қаржыландырудың
ауқымы;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабудың
әдістері; мемлекеттік берешектің көлемі.
Нарықтық экономика кезінде қаржы инфляциялық
процеске бірқатар факторлар арқылы айтарлықтай
әсер етеді ( инфляциялық тенденцияларды
күшейте түседі).
Бірінші фактор — мемлекет шығыстарының
өсуі, бұл ерекше төлей алушылық сұранымының
артуына жеткізеді, сөйтіп тікелей баға
белгілеуге әсер етеді. Тауарлар мен қызметке
бағаның көтерілуіне байланысты ақшаның
құнсыздануы бюджет шығыстарының көбеюіне
соқтырады, ал оның кірістері, ең алдымен,
салық түсімдері қажеттіліктен артта
қалып қояды. Бұл сөзсіз болатын ұзақ уақытқа
созылған тапшылыққа ұрындырады.
Екінші фактор — табысқа (пайдаға)
салынатын салықтың көбеюі. Салықтың едәуір
бөлігі баға механизмі арқылы тұтынушыға
ауысады және нарықтағы бағаның көтерілуінің
басты себебі болады.
Үшінші фактор — бюджеттердің
ұзақ уақытты тапшылықтары (өндірістік
емес шығындардың неғүрлым өсуімен байланысты).
Инфляция қаржы қатынастарын да өзгерістерге
ұшыратады.
Біріншіден, инфляция тауарлар мен қызметтерге
бағаның өсуі салдарынан мемлекет шығыстарының
өсуін жандандырады.
Екіншіден, инфляция қаржы ресурстарын
құнсыздандырады және салық түсімдерін
арттырудың қажеттігін тудырады.
Үшіншіден, инфляциялық процесс мемлекеттің
берешегі проблемаларын шиеленістіреді.
/15, 219б./
Сөйтіп, қаржы мен инфляция өзара тәуелді
болып келеді. Қаржы инфляциялық процестердің
тездеткіші бола алатыны сияқты, инфляция
да қаржы қатынастарына әсер етеді. Ақшаның
құнсыздануы және бағаның көтерілуі мемлекеттің
шынайы кірістерін төмендетуге, бюджеттің
шығыстарын көбейтудің қажеттігіне, салық
ауыртпалығының күшеюіне, мемлекеттік
бюджет тапшылығынан болатын мемлекеттік
борыштың өсуіне ұрындырады. Инфляцияның
жоғарғы қарқыны мемлекеттің қаржы ресурстарын
құнсыздандырады, өйткені салықтық кірістер
мен қарыздар оларды есептегеннен кейін
уақыттың белгілі бір межелдемелері арқылы
түседі, сондықтан мемлекеттің алу сәтінде
олар құнсызданады. Осыған ұқсас мемлекеттік
берешектің проблемасы шиеленіседі, өйткені
қарыздарды тарту үшін мемлекет өзінің
бағалы қағаздарының табыстылығын несиелік
пайыз деңгейінен жоғары көтеруге мәжбүр
болады, бұл мемлекеттік борыштың атаулы
өсуін тудырады. /16, 504б./
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің
бір бағытты келеңсіз сипаты, бірін-бірі
өзара толықтыра отырып, экономикалық
жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады.
Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік-экономикалық
проблемаларды тудырады: ақшалай табыстардың
құнсыздануы, ұзақ мерзімді инвестицияларға
деген экономикалық ынтаның түсуі, ақшалай
жинақтардың құнсыздануы, нақтылы пайыздың
төмендеуі, экономикалық байланыстардың
бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық
шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық
көрсеткіштерін жақсартатыны секілді
үқсас жағдайда қаржы қатынастарының
оң бағыттылығы инфляция деңгейін төмендетеді.
Инфляцияны бағалау және өлшеу үшін бағалар
индексінің көрсеткіші — 16 пайдаланылады
. Бағалар индексі тұтыну тауарлары мен
қызметтердің ("нарық себеті") белгілі
бір жиынтығының сатып алу бағасы мен
базалық кезеңнің бағасы арасындағы арақатынасты
өлшейді. Ағымдағы жылдың индексінің қарқыны
былайша анықталады. Ағымдағы жылдың бағалары
индексінен өткен жылдың бағалары индексі
шегеріліп, өткен жылдың баға-лары индексіне
бөлінеді, сонан соң жүзге көбейтіледі.
Қазақстанда тұтыну тауарларының бағасы
мен қызметтер көрсетудің тарифтері өткен
жылға қарағанда былайша өсіп отырды (есе):
1990 - 1; 1992- 2,5; 1993- 30,6; 1994- 22,7; 1995-1,60; 1996-1,39; 1997-1,17;
1998- 1,07; 1999- 1,18; 2000- 1,13. /16, 500б./
Дүниежүзілік практикада егер инфляцияның
қарқыны жарты жыл ішінде және одан басқа
жағдайда көбірек айына 50 пайыз немесе
аптасына 11,5 пайыз құрса, онда мұндай деңгей
гиперинфляцияға сәйкес келеді. Сөйтіп,
Қазақстанда бұл деңгей 1992 -1995 жж. ішінде
айтарлықтай асып түсті.
Инфляциялық процестің қуаттылығын бағалауды
және инфляцияның түрлерін мынандай критерийлер
бойынша ажыратады:
бағалар өсуінің қарқыны бойынша:
баяу — баға жылына
10 пайыз өскенде; бұл кезде ақшаның номиналдық
құны сақталады, кәсіпкерлік тәуекел болмайды;
өршімелі — баға 100 пайыз
шегінде өскенде; ақшаның затталынуы өседі;
гиперинфляция — баға жүздеген
пайызға ескенде; баға мен табыстардың
арасындағы алшақтық ұлғая бастайды;
бағалар өсуінің теңгерімділік дәрежесі
бойынша:
теңдестірілген және теңдестірілмеген
инфляция; теңдестірілген инфляция кезінде
әртүрлі тауарлардың бағасы бір-біріне
қатысты өзгерусіз қалады, теңдестірілмеген
инфляция кезінде - олардың бір-біріне
ара қатысы өнбойы өзгеріп отырады, оның
үстіне әртүрлі үйлесімде;
болжаулық ( болжап айтушылық ) дәрежесіне
қарай:
- күтілген, болжалды және күтілмеген;
- шығу немесе пайда болу орнына қарай:
- импортталынған жене экспортталынған;
- сондай-ақ дамудың әркелкілігімен сипатталатын
сатылы, баға шамалы өскен немесе өзгерусіз
қалған, бірақ тауар тапшылығы күшейген
кездегі тұқыртылған инфляцияны ажыратады.
Қаржы мен инфляцияның өзара байланысын
инфляцияның екі типі бойынша бақылап
отыруға болады: сұраным инфляциясы (тұтынушылар
инфляциясы) және шығындар инфляциясы
(өндірушілер инфляциясы).
Бірінші жағдайда ол заңды және жеке тұлғалардың
ақша массасының өсуімен байланысты өнімге,
тауарларға және қызметтерге сұранымның
өсуінің салдары болып табылады.
Екінші жағдайда кәсіпорындардың еңбекке
ақы төлеуге, кредиттер бойынша пайыздық
мөлшермелердің көбеюіне, тұтынатын шикізатқа,
материалдарға бағаның, қызметтер көрсетуге
(тасымалдауға, электр қуатына, ақпаратқа
және т.т.) тарифтердің өсуіне жұмсалатын
шығындардың көбеюі инфляцияны тудырады.
Нақты экономикалық өмірде инфляцияның
бұл түрлері және оларға ілеспелі салдарлар
тығыз тоқайласады, өзін өзара толық-тырады,
бұл инфляциялык шиыршық деп аталынатын
факторды тудырады, бұл кезде өндірістің
тұтылынатын компоненттері баға мен еңбекке
ақы төлеудің өсуі нәтижесінде шығындардың
көбеюі шығарылатын өнім құнының артуына
соқтырды, мұндай өнімді тұтыну жалақының
және экономиканың шектес секторларында
материалдық шығындардың қосымша өсуін
талап етеді және осылайша шексіздікке
кете береді.
Инфляция өндірістік сфераға, халықтың
көптеген жігінің материалдық жағдайына,
инвистициялық қызметке қауіпті әсер
етеді.
Инфляцияның классикалық көзі — мемлекеттік
бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты.
Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама
факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың
инфляциясынан және осыған байланысты
мемлекет кірістерінің құнсыздануынан
туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның
егемендігі жағдайында да сақталып отыр:
ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4%, 1992-8,6%,
1993-11,9%, 1994-10,2%, 1995-17,4%, 1996-15,4%, 1997-17,7%, 1998-18%,
1999-14,3%, 2000-9,8%,20016,4% құрайды. 2002 жылы республикалық
бюджеттің тапшылығы 4,7 миллиард теңгені
(ЖІӨ-ге 0,12%) құраса , 2003 жылы ол 53,4 миллиард
теңгені немесе ЖІӨ-ге 1,2% құрады.
Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені
тудырған жаңа салықтарды — алғашқы мөлшерлемесі
28% қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді,
экспорттық және импорттық кеден баждарын
енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын
қаражаттар аударымдарын экономиканы
жаңғырту қорына (бұрын — инвистициялық
қор), халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің
мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік
сақтандыруға аударылатын аударымдарды
бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік
шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін
туғызды.
Инфляцияның дамуының қосымша факторы
пайдаланылатын кредиттер бойынша пайыздарды
жатқызудың тәртібі болып табылады; кредит
үшін төлемақының өсуі жағдайында бұл
өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала
бағаның да өсуіне соқтырады.
Айтылған факторлар өндіріс шығындарын
— өндірушілер инфляциясын арандатушы
факторларға жатады.
Бағалардың артуы жағдайында халықтың,
әсіресе жеке кәсіптік және әлеуметтік
топтардың әлеуметтік дөмегөйліктерінің
өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге
болады. /16, 506б./
Сонымен түйіндей келе, кенеттен болған
инфляция алдын ала тағайындалған еңбек
ақы алатындардың, кредиторлардың және
жинақ иелерінің табысына зиян келтіреді.
Алдын ала болжамды инфляцияда адамдар
ақшалары құнсызданудан сақтау үшін әртүрлі
шаралар қоладанады. Олар: болашақты ойластырып
шара қолдану, бағаның өсуін ескеріп номиналды
индексация жасау.
Егер баға жайлап өсе бастаса, ол жағдайда
тұрғындар, кәсіпорындар оған дайындалады.
Ақша жоғалмау үшін тұрғындар тұтыну тауарларын
сатып алады, ал кәсіпорындар инвестициялық
тауарларды алады. «Инфляциялық психоз»
бағаға қысым жасайды, сонымен инфляция
өрши бастайды. Кәсіпорындар шикізат және
даяр өнім алуға тырысады, ювилирлік тауарларды,
алтынды алуға талпынады. Төтенше жағдайларда:
бағаның шексіз өсуі жағдайында экономикалық
қарым-қатынастар күйрейді. Ақша өзінің
функциясын орындай алмайды. Сондықтан
заттай айырбас орын алады. Өндіріс пен
айырбас тоқтауға бағытталады. Қорытындысында
экономикалық, әлеуметтік, саяси бейбастақсыздық
болуы мүмкін.
ІІ. Қазақстан Республикасындағы
инфляция және оны реттеу негіздері
^ 2.1 Қазақстандағы
инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері
Осы күндері Қазақстанда қалыптасып отырған
инфляцияның ерекшеліктерін және негізгі
себептерін бұрынғы Кеңес Одағының тарихи
– экономикалық даму процесінде қалыптасқан
өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің
құрылымдылық диспропорцияларынан іздестірген
дұрыс болады.
Қоғамдық өндіріс құрылымы қаржы баға
жүйелерін анықтайды. Өндірісте диспропорциялар
қалыптасса, қаржы мен баға жүйелерінде
де сәйкессіздіктер пайда болады.
Қеңес экономикасының 70 – ші жылдың даму
кезеңдерінде қоғамдық өндірістегі диспропорциялар
әр бесжылдық сайын тоқтаусыз ұлғайып
тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында
тарихи түрде қалыптасқан диспропорцияларды
бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:
Бұл диспропорциялар Кеңес
Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық,
оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі
өнімдер өндірісі арасындағы диспропорция,
тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға
қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның
экономикасы негізінен Кеңес Одағының,
тіпті бүкіл социалистік елдер қауымдастығының
шикізат пен энергия өндіруші базасы ретінде
дамып қалыптасқан. Қазақстанда өндірілетін
шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп
отырған, ал өзіне қажетті өндіріс құралдарының
90 %, тұтыну тауарларының 60% сырттан тасымалданатын.
Кеңестік жүйе ыдырап күйреген кезде Қазақстанда
тауар тапшылығы қалыптасқаны белгілі.
1991-1993 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін
алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан
артып кеткен болатын. 1993-1998 жылдары Қазақстандығы
бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы
2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері
Қазақстанда гиперинфляция қалыптасты,
тек өзіміздің ұлттық валютаны (тенгені)
енгізгеннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға
қарсы саясат жүргізіп, оның деңгейін
3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл
өтпелі кездегі Қазақстанның макроэкономикалық
деңгейдегі айтарлықтай жетістігі болды.
Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен
тегін келген жоқ, оның нәтижесінде ұлттық
өндіріс күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл
өнеркәсіп пен машина жасау көлемі 90 %
- ке, ауыл шаруашылық пен азық – түлік
шаруашылықпен азық – түлік өндірісі
– 50 -60% -қысқарды.
Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы
инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет
тапшылығына байланысты болған болатын.
Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі
жағдайында да сақталынып тұрды: ол 1991
ж. бюджеттің шығыс бөлігінде 20,4 %, 1992 –
8,6 %, 1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4
%, 1997 – 17,7 %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %,
2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы республикалық
бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд. теңгені
(ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның
қайталама факторы болып табылады, өйткені
ол шығындардың инфляциясынан және осыған
байланысты мемелкет кірістерінің құнсыздануынан
туады. /8,45б./
^ 2.2 Қазақстан Республикасындағы
қазіргі кездегі
инфляцияның даму
қарқынын талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
2008 қазандағы берген мәліметтері бойынша
мынадай жағдайды көруге болады:
Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігінің ресми деректері
бойынша инфляцияның ең жоғарғы деңгейі
2008 жылдың қаңтар-тамыз айларында орын
алды, яғни 19.4 % құрады. Бұл соңғы жылдарда
белгіленген ең жоғарғы деңгей болып табылады.
Әсіресе азық түлікке деген баға өте жоғары
деңгейде болып, көшбасшылыққа ие болды
– 27.8%.
2008 жылдың қараша айында 2007 жылға қарағанда
ұн бағасы 75%, күріш –75%, нан – 40.6%, жарма
– 16.7% -ға қымбаттады. Майдың бағасының
өсуі –5.9%, сүт өнімдері мен жұмыртқа бағасының
өсуі болса –15.9% ды құрады. Жеміс бағасы
– 22%, көкөніс – 20.4, кондитер өнімдері-
16.2% - ға өсті. Ет пен ет өнімдеріне – 19.7%,
балық пен теңіз өнімдері деген баға осы
кезеңде – 14.6%-ға өсті.Соның ішінде құс
еті – 24.9%, жылқы еті – 12%, шошқа еті – 17.9%
қой еті – 17%, шұжық өнімдері – 16.6% - ды
құрады.
2008 жылдың қараша айында қатты отын 4.7%,
нығыздалған газ – 1.6% ға өсті. Жуу және
тазалау құралдары 1.9%, дәрі дәрмек – 1.1%
, киім және аяқ киім – 15, жеке гигиена
тауарлары 0.9% ға көтерілді. Ал бензин бағасы
16.3% мен дизельді отын – 11.9% ға төмендеген
болатын.
Ақылы қызмет көрсетудің ішінде білім
беру мекемелерінің қызмет көрсету құны
– 0.9% - ға, медицина мекемелерінің қызмет
көрсетуі – 0,8% , мәдени қызметтер - 0.8%,
тұрғын үй – коммуналдық қызмет көрсету
және жолаушылар көлігінің қызметі 0.3%
- ға қымбаттады. Шаштараз қызметі – 1.2%,
ресторан және қонақжай қызметтері –
1% - ға қымбаттап отыр.
Сонымен 2008 жылдың 1 – жартыжылдығында
ресурстардың нетто - әкелінуі талдау
көрінісінде (резервтік активтердің өзгеруіне
байланысты операцияларды есепке алмағанда)
өткен жылдың осындай көрсеткішінен екі
еседен астамға асып түсіп, 1,8 млрд. долларды
құрады. 2008 жыл үшін Қазақстанға шетелдік
тікелей инвестициялар сияқты Қазақстан
резиденттерінің шетелдік кәсіпорындарға
тікелей инвестициялварының да өсуі тән
болды. 2008 жылдың 1 – жарты жылдығында
Қазақстанға шетелдік тікелей инвестициялардың
жалпы әкелінуі 2523 млн. доллар деңгейінде
тіркелді, нетто - әкеліну 1696 млн. долларды
құрады, бұл өткен жылдың осындай көрсеткішінен
1,7 есе асып түседі. /21, 2б./
2008 жылдың 1 жартыжылдығында борыштық
капитал бойынша міндеттемелер 1,8 млрд.
долларға, резиденттердің шетелдік активтері
– 1,3 млрд. долл. өсті.
2008 жылдың 1 – жартыжылдығында жалпы сыртқы
борыш 12,7 % - ға өсіп, 25,8 млрд. долларды құрады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
борыш бойынша міндеттемелер 3,59 млрд.
долларға төмендеген кезде, сыртқы борыштың
өсімі банктердің және үлесіне сыртқы
борыштың 86%-ы тиесілі, кепілдікпен қамтамасыз
етілмеген республика кәсіпорындарының
заемдық операцияларымен толық қамтамасыз
етілді.
Тұтастай алғанда, 2008 жылы тамызда шілде
айына қарағанда инфляция 0.8% деңгейінде
қалыптасты.
Тұтыну бағалары құрылымы бойынша неғұрлым
жоғары деңгейде азық-түлік тауарлары
-7,4%-ға қымбаттады, азық түлікке жатпайтын
тауарларға және ақылы қызмет көрсетулерге
бағалар мен тарифтер тиісінше 6,2%-ға және
5,9%-ға көтерілді.
2008 жылы инфляция динамикасына тән ерекшеліктердің
ішінде барлық тұтыну тауарларына және
қызмет көрсетулерге бағаның өткен жылдағыдай
ерекшеленген «лидерлерсіз» іс жүзінде
біркелкі өсуін атап айтуға болады. Бұдан
басқа, теңге енгізілген сәттен бастап
барлық жылдарда болған инфляцияның күтілетін
маусымдық төмендеуінің орнына есептік
жылдың2007 жазғы айларында оның көтерілгендігі
байқалды.
2004 жылдан бастап Ұлттық Банк ақша-кредит
саясатын жүргізу кезінде базалық инфляцияның
көрсеткіштерін бағдарға алады. Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
қаулысына сәйкес базалық инфляцияның
есебі екі әдістеме бойынша жүргізіледі
және оны Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігі жүзеге асырады. Базалық
инфляция есебінің бірінші әдістемесіне
сәйкес тұтыну бағалары индексінен (ТБИ)
көкөністерге, жеміс-жидектерге, жанармайға
және көмірге бағаны алып тастау, ал екінші
әдістеме бойынша - ТБИ-ден бағаның ең
жоғары өсуін көрсеткен компонентті және
бағаның неғұрлым төмендеуін көрсеткен
5 компонентті алып тастау көзделеді. /21,
3б./
Ақша-кредит саясатының 2004-2007 жылдарға
арналған негізгі бағыттарында негізі
қаланған 2007 жылға арналған базалық инфляцияның
болжамы, бір жылда орташа алғанда 4-6%-ды
құрайтынын ескере отырып, өткен жылдың
қорытындылары бойынша тұтастай алғанда
болжанған деңгейден нақты деңгей шамалы
ғана асатын болды.
Алдыңғы жылдарға көз жүгіртсек 2007 жылы
жылдық инфляция деңгейі 10,7%-ға жетті (2007
жыл желтоқсан 2006 жылғы желтоқсанға), алдыңғы
жылдарға қарағанда біршама өскен.
Тұтыну бағаларының өсуінің басты себептері
азық-түлік тауарларының қымбаттауы (8,1%-ға)
және ақылы қызмет көрсетулері бағаларының
өсуі (8,0%-ға). Азық-түлікке жатпайтын тауарлар
5,9%-ға қымбаттады.
2007 жылы азық-түлік тауарларының құрылымында
бағалардың жоғарылауы тіркелген болатын:
көкөніс пен жеміс-жидек – 23,1%-ға, күріш
– 18,3%-ға, ет және ет тағамдары – 12,5%-ға,
қант – 11,9%-ға, балық және теңіз тағамдары
11,0%-ға. /19, 2б./
Азық-түлікке жатпайтын бағалар тобына
да бағалардың өсуі байқалды. Олардың
ішінде: киім-кешекке – 8,8%, аяқ-киім –
7,0%-ға, баспа құралдарына – 5,7%, жанар-жағармай
– 3,2%-ға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету құрылымында тұрғындық-коммуналдық
қызмет көрсету аясында баға 7,4%-ға жоғарылады.
Оның себептері: газбен қамтамасыз ету
– 34,5%-ға, тұрғын үйді қамтамасыз ету –
9,6%-ға, қоқыс шығару – 8,0%-ға қымбаттады.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде
де 19,5%-ға қымбаттауы тіркелді, денсаулық
сақтау – 7,2%-ға, жолаушылар көлігі – 6,0%-ға
қымбаттады. /19, 2б./
Орта жылдық инфляция 7,6% құрады, 2006 жылғы
мақсаттық межені асып түсті (5,2-6,9%). /19,
2б./
2008 жылғы инфляция деңгейі жыл басынан
бергі уақытта дейін %-ға жетті. Қазіргі
таңда доллар девальвациясы жалғасып
тұр. Оның бағамы жыл аяғына дейін 1=120 дәрежесіне
жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда экспорттың
ақшаға шаққандағы (номиналды) көлемі
ғана ұлғаяды. Ішкі жалпы өнімнің өсімі
де сол деңгейден аспайды. Ал шын өсім
бұл екі көрсеткіште мардымсыз болуы әбден
ықтимал. Өйткені қымбаттаған теңге –
тауардың өтімі, яғни сыртқы рыноктағы
бәсекелестік қабілеті кемиді. Бұл ретте
екінші деңгейдегі банктер үлкен кері
әсер етіп тұр. Дәлірек айтқанда олар,
әсіресе, елдегі жарғылық қоры мол ірі
үш банк шет елден жеңіл несиелер алып
елге үлестіруін үдете түсуде. Бұл екі
жақты зиянды. Біріншіден, Ұлттық Банк
айналымдығы валюта мөлшерін азайту үшін
оны сатып алуға мәжбүр болады. Демек,
сақтық қордағы валюта мөлшері ұлғаяды,
сол арқылы оның құнсыздануы өзінен-өзі
жүріп, ұлттық қордағы номинальді қазына
мөлшері теңгеге шаққанда азаяды. Демек,
ұтыстан ұтылыс басым болып тұр. Мұндай
жағдайда Ұлттық Банк теңгені үстеп қоректендіру
(рефинансирование) тәсілін қолдануы мүмкін.
Жыл басынан бері бір рет бұл тәсіл жүзеге
асырылды да. Оның пайдасы шамалы болды.
Теңге бағамы өсе түсті. Сөйтіп, онсыз
да қымбаттап бара жатқан (шет ел валюталарына
қарағанда) теңгеміз ішкі рынокта құнсыздануын
(инфляцияға ұшырауын) жалғастырады. Бұл
дегенініз ең алдымен өткен жылдық мемлекеттік
төлемдердің 30-100 пайыз деңгейінде өсуінің
салдары. Сатармаңдар айналымдағы бос
ақшаны өз қалтасына түсіруді ойлауы нарық
заңдылығы. Ішкі рынок сұранысты тауарларға
толмай тұр. Демек, инфляцияны өсіруші,
сөйтіп, экономиканы «Голланд ауруына»
әкеліп тіреуші қоздырғыш күші әлеуметтік
төлемдердің еселеп арттырылуы болып
шықты. Бір жағынан халыққа жақсылық жасағандай,
ал сол жақсылық экономикаға кері әсерін
тигізіп отыр. Мұны экономика тілінде
«Голланд ауруы» дейді. Біреулер Қазақстанды
«Голланд ауруымен» үрейлендіре бастағанына
екі-үш жылдың жүзі болды. Бірақ ондай
дерттің алуы мүлде алыс. Оған себеп Қазақстан
экономикасы әлі де болса ондаған, тіпті
жүздеген миллиард доллар көлеміндегі
инвестицияны ағзасына сіңіре алатын,
қазақшалап айқанда мүлде «шөліркеп қалған»
субъект. /18, 7б./
Қазақстан Республикасының Статистика
жөніндегі агенттігінің ресми деректері
бойынша инфляция 2007 жылы шілдеде 0,9% құрады
(2007 жылдың маусымында – 0,8%). Азық-түлік
тауарларына баға 0,4%-ға , ал азық-түлікке
жатпайтын тауарлар 0,9%-ға және ақылы қызмет
көрсету – 0,5%-ға қымбаттады. /23, 2б./
2007 жылдың шілдесінде азық-түлік тауарларының
ішіндегі жұмыртқа – 4,6%, қант – 2,5%, көкөніс
– 1,7%, май – 0,4%, балық және теңіз тағамдары
– 0,2% төмендеді. Бағаның жоғарылауы күрішке
– 0,9% және ет, ет тағамдарына – 0,2% байқалды.
/23, 2б./
Азық-түлікке жатпайтын тауарлар ішінде
де бағаның жоғарылауы байқалды: жанармай
– 6,5%-ға, сонымен қатар аяқ киім, киім-кешек,
баспа жабдықтары, жеке гигиена тауарлары
– 0,4%-ға.
Ақылы қызмет көрсетулер арасында да баға
жоғарылады көлік қызметі – 2,0%, мәдениет
және білім беру қызметтері – 0,6%, дәрігерлік
қызмет көрсету – 0,5%. Тұрғындық-коммуналдық
қызмет көрсетулер – 0,3%-ға қымбаттады.
Сонымен бірге, газбен қамтамасыз ету
– 0,6%, қоқыс шығару – 3,4%, сумен қамтамасыз
ету – 0,4%, электр энергиясы – 0,1%. /23, 2б./
2007 жылдың басынан бастап тұтыну нарығында
бағаның жоғарылауы 5,1% құрады (2007 жылдың
қаңтар-шілде – 4,0%). Азық-түлік тауарларының
бағасы 5,0% (4,7%), азық-түлікке жатпайтын
тауарлар – 3,4% (2,5%), халыққа ақылы қызмет
көрсету – 7,0% (4,0%) жоғарылады. /23, 2б./
2007 жылдың шілдедегі инфляция жылдық деңгей
бойынша – 8,1% құрады (2006 жыл желтоқсанда
– 7,5%), азық-түлік тауарлары 8,4%-ға, азық-түлікке
жатпайтын тауарлар – 6,8%-ға, ақылы қызмет
көрсетулер – 11,1%-ға қымбаттады. /23, 2б./
Сонымен осы көрсеткіштерді талдай келе,
инфляция деңгейі соңғы жылдары біраз
жоғары деңгейде тұрғанын көруге болады,
бірақ 2008 жылы 2007 жылғы инфляция деңгейіне
қарағанда төмендегені байқалады. Бірақ
оны дәл айту әлі ертерек, себебі жылдық
қорытындылар шыққан жоқ.
2.3 Инфляция салдарынан
туындайтын проблемаларды
Сонымен біз инфляцияны екі типке бөлдік
– сұраныстың артуынан және шығындардың
өсуінен болатын. Күнделікті өмірде бұл
екі типті ажырату өте қиын. Мысалы, денсаулық
сақтау шығындары тез арада өсті, артынан
жиынтық шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын
тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға
сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда
материалдарға, ресурстарға, жанармайға
шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол
кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын
көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар
өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда
болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция
шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы
екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы
жиынтық шығындар болғанда байқалады.
Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен
жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты
ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады.
Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады.
Инфляцияның үйлестірімді әсері. Ал енді
инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден,
инфляция табысты қалай жіктейтінін және
ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.
Баға деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі
бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем және
өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта
көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ
соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар
болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем
қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты
өндірістік көлем белгілі бір деңгейде
тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты
өндірістік көлемнің және табыстың өскенін
елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер
етуін және табыс жіктелуін көре аламыз.
Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда
инфляция қалай әсер етеді?
Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап
беру үшін біз атаулы табыс және нақты
табыстың айырмашылығын білуіміз керек.
Атаулы табыс – бұл айлық немесе пайыз
түрінде алынған ақшаның саны. Нақты табыс
– бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни
біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып
аламыз.
Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне
қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс
өседі. Және, керісінше, егер баға өсу деңгейі
атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек
өссе, онда нақты табыс азаяды. Біз нақты
табыс қалай өзгеретінен мына формуламен
шығара аламыз:
^ Нақты табыстың Атаулы
табыстың баға деңгейінің
пайыздық өзгеруі
= пайыздық өсуі пайыздық өзгеруі
Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі
5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше,
5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%,
сонда нақты табыс 5% болады. /17, 67б./
Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы
және нақты табыс арасындағы айырмашылық
бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған
адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі.
Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы,
басқа адамдар тобына табысты жіктейді.
Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға
болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы
табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке
шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға
мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып
алу қабілеті жартысына дейін төмендеп
кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға
болады.
Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға
да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен
нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы,
бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін
1000 доллар тығып қойды делік, сонда нақты
баға құны жартысына дейін төмендейді.
Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық
табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық
мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап
қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы,
А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды
дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында
1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда
ақша салушы 1060 алады.(1000долл.+60долл. пайзбен).
/17, 69б./
Қарыз алушы және несие беруші (дебитор
және кредитор). Қарыз алушы және несие
беруші арасында инфляция табыстарды
үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз
алушыларға несие берушілер арқылы пайда
әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар
алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару
керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы
баға деңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына
500 доллардай бересіз; сонымен инфляция
кезінде бағаның құны төмендейді. /17, 71б./
2004 жылдан бастап Ұлттық Банктің негізгі
мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын
қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы
мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық
Банкке мынадай міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша – кредит саясатын
әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз
ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды
жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз
етуге ықпал ету.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін
осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты
көрсеткіштер үшін Ұлттық Банк жариялаған
Еуроодақ стандартына және инфляциялық
таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір
нақты көрсетеді.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын
көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған
мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін
күшейту жағдайларында инфляция бойынша
бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының
индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына
инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын
көрсететін баға индекстерін қарастырады
және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық
инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі
күйзелістердің ықпалын жояды.
Ұлттық Банк 2004 жылдан бастап «базалық
инфляция» индексіне қарай бағдарлар
белгілейтін болады.
2004 жылы ақша – кредит саясатының негізгі
мақсаты орташа жылдық «базалық инфляцияны»
4-6% шегінде ұстап тұру ретінде қалыптастырылған.
Мұндай бағдарлар базалық инфляцияны
есептеу әдістемесі бекітілгеннен кейін
және ол нақты бойынша нақты есептеу жүргізілгеннен
кейін тағы да түзетілетін болады.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат –
ақша саясатын ұстануға мәжбүр болды,
Ұлттық банк несие беру «процентін және
міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде
ұстап отырды. Осылай жүргізілген монетарлық
(ақша – қаржы) саясаттың нәтижесінде
инфляция ауыздықталды, сонымен бірге
ішкі өндіріс пен нарық екі – үш есе кысқарды,
ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды,
жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа
өнім шығаратын шикізат өндіру салалары
жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт
көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу
жылдары Қазақстанда бұрынннан қалыптасқан
өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның
орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың
ұзақ мерзімдік стратегиялық және күнделікті
жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз
тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат
негізінен күнделікті жүргізіліп отыратын,
айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін
тактикалық саясат түріне жатады. Әрине,
белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция
кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне
айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда,
дамыған Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей,
күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік
стратегиялық даму саясатының шеңберінде
жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда
2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті дамыту
бағдарламасы жасалған. Қазақстан Үкіметі
2001 – 2005 жж. арналған қысқа мерзімдік Ұлттық
өндіріс салаларын қолдау бағдарламасын
бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі
уақытта Қазақстаннның барлық әкімшілік
– экономикалық аймақтарының (облыстарының)
Экономикалық - әлеуметтік бағдарламалары
жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламаның
барлығын стратегиялық саясаттың құралы
ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда
да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және
орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау
және дамыту бағдарламаларының шеңберінде
жүргізілетін болады.
Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз
әлеуметтік және экономикалық салдары
көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық
саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде
экономистер ең алдымен мына сұрақтың
жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді
іс – шаралар арқылы инфлияцияны жою керек
пе, әлде инфляция жағдайына икемделген
дұрыс па?
Инфляцияға қарсы саясатты сипаттағанда,
екі әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші
әдістеме шеңберінде белсенді бюджет
саясаты жүргізіледі – сұранымға ықпал
жасау мақсатында мемлекеттік шығындар
мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында
мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды
көтереді. Осының нәтижесінде сұраным
қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді.
Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де тырып,
жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін.
Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны
болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты
сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер
сұраным жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің
инвестиция бағдарламасы іске қосылады
және шығындар артады, салықтар төмендетіледі.
Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне
салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден
нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске
ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу
басталады. бірақ 60 – 70 жылдары дамыған
елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды
бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны
күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет
шығындарының артуы бюджет тапшылығын
қалыптастырады және салық пен шығын арқылы
экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші әдістемені жаңа классикалық бағыттағы
экономистер ұсынады. Олар бірінші орынға
ақша – несие арқылы реттеу әдісін қояды.
Бұл әдіс экономика жағдайына жанама түрде
икемлді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке
тікелей бағынбайтын Орталық банк жзүргізеді.
Орталық банк айналымдағы ақша көлемін
өзгертеді және қарыз пайызы (процент)
келісімін реттейді, сонымен экономикаға
ықпал жасайды.
Сонымен инфляция салдары барлық әлеуметтік
топтарға, экономикалық секторларға әсерін
тигізбей қоймайтындығын айтуға болады.
Қазіргі таңда көптеген экономистер оны
шешудің сан алуан жолдарын талдау үстінде.
Бірақ көптеген білікті экономистердің
пайымдауынша оны ақша-кредит саясаты
арқылы жүргізу керек.
ІІІ. Инфляциямен
күресу шараларын жетілдіру жолдары
3.1 ҚР да инфляцияға
қарсы күресінің болашаққа арналған бағыттары
Қазақстан экономикасында сақталып отырған
жақсы жағдайға байланысты Қазақстан
республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын
реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық
таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді
қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай
бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің
негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын
болады.
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа
қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді
дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның
жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің
сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші
болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының
құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік
ортаға, коммерциялық емес банктердің
жұмысын бақылауға және ақша айналымын
тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша
агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты
емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық
емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері,
жанармай және тұрғындық-коммуналдық
шаруашылық қызметтерінің бағасына да
байланысты инфляцияны минимизацияға
бағытталған.
2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең
басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап,
негізгі еуростандарттарға жақындауға
мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің
негізгі принциптеріне ауысуды негізгі
бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу
ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық
көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды
көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның
«монетарлық» құштарлығының деңгейінің
төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық
Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте
бағаның тұрақтылығын сақтау.
Таргеттеу (ағыл. targeting – бағыт алу, бағыттау,
бағытталу) монетарлық саясатта – бұл
ортамерзімдік перспективада негізгі
макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты
басқару процесі.
Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің
бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың
ішінде: номиналды табысты таргеттеу,
пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды
жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу,
валюта бағамын таргеттеу (курстық таргеттеу),
инфляцияны таргеттеу (6 суретті қараңыз).
/22, 57б./
6 сурет. Таргеттеу стратегиясының классификациясы
Ең бірінші болып инфляциялық таргеттеуді
қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық
Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық
таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты
енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың
ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.),
Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания
(1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу
элементтерін қолдануға келесі елдер
келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили,
Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия.
Инфляцияның Ұлттық Банк болжамының деңгейіне
жақын болуы монетарлық сасаттың жеңісі
болып табылады. Қазақстанда да болжамды
деректер жасалынып, олар нақты деректермен
салыстырылып жүр (2-кестеден қараңыз).
Инфляция деңгейі көрсеткішінің қажеттілігі
тек ақша нарығын көрсетіп қана қоймай,
сонымен қатар экономиканың бүкіл жағдайын
көрсететіні екендігі тек ІІ Дүниежүзілік
соғыстан кейін ғана ғылыми тұрғыдан дәлелденді.
/22, 57б./
Инфляциялық таргеттеудің негізгі элементтері: