Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:48, курсовая работа
Инфляция – елдегі жалпы баға деңгейінің тұрақты өсуінен ақшаның құнсыздануы. Бірақ бұл барлық тауарларға баға өседі деген емес. Инфляция деңгейі өте жоғары болғанының өзінде кейбір тауарларға баға тұрақты болады.
Мысалы: 1970-1980 жылдары АҚШ-та инфляция деңгейі өте жоғары болды, бірақ магнитофон, электр сағаттар, жеке компьютерге баға төмендеді.
Инфляция кешенді себептерден туындайды, олардың ең маңыздылары мыналар болып табылады:
- Мемелкеттік бюджеттің тапшылығы, яғни шығындардың түсімдерден асып кетуі. Егер мемлекет мұндай тапшылықты ақша эмиссиясы арқылы жоятын болса, айналымдағы ақша көлемі молаяды.
Үшінші топ, жұмыс күші - жұмыс істейтін еңбекке қабілетті адамдар.
Экономикалық белсенді халық (жұмыс күші) – бұл еңбекке қабілеті бар және жұмыс істеуге дайын адамдар. Оның құрамына жұмысшылар және белсенді жұмыс іздеп жұргендер кіреді.
Жұмысыздық деңгейі - жалпы жұмыс күшінің ішіндегі жұмыссыздардың алатын үлесі.
Жұмыссыздық деңгейі төмендегідей өрнек арқылы анықталады:
мұнда ЖД – жұмыссыздық деңгейі ; ЖС – жұмыссыздар саны; ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық нәтижесінде еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Нәтижесінде қоғамға зиян келеді. Осы зиянның экономикалық бағасы циклдық үзіліске әкеледі. Циклдық үзіліс- ЖҰӨ-нің нақты көлемінің әлуетті ЖҰӨ көлемінен аз болуы. Әлеуетті ЖҰӨ көлемі дегеніміз - жұмыспен толық қамтылған жағдайда өндірілген өнім көлемі.
Циклдық үзіліс = әлуетті ЖҰӨ - нақты ЖҰӨ
Кез - келген жұмыссыздық деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады. Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің (1724-1780) есімімен аталған. Ол заң математикалық тұрғыдан жұмыссыздық деңгейі мен жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) көлемінің төмендеуі арасындағы байланысты көрсетеді. Оукен заңы бойынша: егер жұмыссыздықтың нақты деңгейі табиғи деңгейден 1% - ға асса, онда ЖҰӨ көлемінің төмендеуі 2,5% құрайды. Оукен заңын мынадай теңдеу арқылы көрсетуге болады:
мұнда Ү*- әлуетті ЖҰӨ көлемі; Ү – нақты ЖҰӨ көлемі; u – жұмыссыздықтың нақты деңгейі: u*- жұмыссыздықтың табиғи деңгейі; γ – Оукен коэффициенті.
Егер нақты жұмыссыздық табиғи жұмыссыздықтан 1 пайызға жоғары болса, онда нақты өндіріс көлемі әлеуеттіден γ пайызға төмен болады.
Нақты жалақының қатаңдығы және жұмыссыздықты күту.
Табиғи жұмыссыздықтың болуының бірнеше себептері бар:
1.Жұмыссыздықтан сақтандыру
жүйелерінің жұмыс іздеу
2. Табиғи жұмыссыздықтың
екінші себебі – жалақының
қатаңдығы. Жалақының
45-сурет
Жалақы қатаңдығының бірнеше себептері бар::
1. Мемлекеттің ең төмен
жалақы туралы заң қабылдауы
жалақының еркін өзгеруін
2. Кәсіподақтардың монополиялық
билігі. Көптеген елдерде жұмыс
күшінің біраз бөлігі
3. Көптеген фирмалардың
білікті мамандардан айырылып
қалмау үшін жоғары жалақы
белгілеуі. Мұнда тиімді
Еңбек рыногы – бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде жұмыс күші құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек рыногы тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби – біліктілік, демографиялық және басқа да көрсеткіштерінің құрылымын көрсетеді.
Еңбек рыногында өте қабілетті
және іскер жұмыскерлерге қатаң
әрі қатал таңдау жүргізіледі. Ол
еңбектің жоғары шапшандығын қамтамасыз
етіп, іскерлік пен бастамшылдықты
ынталандырады. Еңбектің тікелей әсер
етуінің арқасында жоғарғы
Еңбек рыногындағы тепе теңдік сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады. Еңбекке деген сұраныс мөлшері жалақы мөлшеріне кері пропорционалды байланыста болады. Жалақы мөлшері көтерілген кезде фирмалар нарықтық тепетеңдікті сақтау мақсатында жұмыс күшіне сұранысты төмендетеді, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке сұраныс артады. Жұмыс күшінің ұсынысы американ ғалым- экономисі П. Самуэльсонның ойынша, төмендегідей факторлармен анықталады:
· тұрғындардың жалпы санымен;
· жалпы тұрғындар санындағы өз бетінше тұратындардың үлесімен;
· жыл немесе апта бойынша жұмысшының атқаратын орташа сағат санымен;
· жұмысшының жұмсайтын еңбегінің сапасы, саны және біліктілігімен .
Еңбек рыногы нарық түрлерінің ішіндегі ең жетілмегені болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер, әдетте, олардың еңбегіне сұраныстың бар немесе жоқтығы туралы мәліметтермен толық ақпараттанбаған. Олар өзі тұратын қалада бос жұмыс орнының барын толық білмейді. Ал басқа аймақта жұмыс орнының болуы туралы тіпті хабарсыз. Нарық жағдайында экономикалық еңбекті ауыстыру заңы жұмыс атқарады. Оның мәнісі мынада: өзінің экономикалық, жағдайын жақсарту үшін белсенді жұмыс жасауы керек. Ол үшін білімін тұрақты жетілдіруі қажет және бүкіл өмір бойы еңбек еткен кезеңде қызмет түрін өзгерткені абзал.
Мысалы, американдықтар өмірінің еңбек еткен жылдарында жұмыс орнын орташа 7,5 рет ауыстырады. Жапонияда жұмысшының белгілі бір бөлігі өмір ойы жалдамалы еңбек етуіне қарамастан – жұмыстарын 2,6 рет ауыстырады. Батыс Еуропада бұл көрсеткіш Жапонияға қарағанда жоғары, бірақ АҚШ –да төмен. Дамыған елдердегі нарық өзінің өзгермелі конъюктурасына қарай жұмыскерлердің үштен екісін үнемі оқуға жібереді.
Қазақстанда еңбек саласына
нарықтық қатынастарды енгізу 1991 жылы
Қазақстан Республикасының «
Еңбек нарығын реттеу жүйесінде
әртүрлі теориялық көзқарастар
қалыптасқан. Мәселен, кейнстік тұжырымдама
мемлекеттің белсенді саясатын жақтайды.
Кейнс бойынша өндіріс пен
жұмысбастылық өлшемі ұсыныс факторларымен
емес, төлем қабілеті бар сұраныс
факторларымен анықталады. Сондықтан
жұмыссыздықтан құтылу жолдары: мемлекеттік
шығындарды көбейту, салықтарды азайту,
қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру. «Ұсыныс
экономикасының» өкілдері, керісінше,
еңбек нарығына мемлекеттің араласуын
шектейді. өйткені, олар жұмыссыздықты
табиғи және әлеуметтік-экономикалық
құбылыс деп есептейді. Қазіргі
мальтузиандықтар жұмыссыздықтың басты
себебі халық санының өсуі дейді.
Сондықтан жұмыстағы
Дамыған батыс елдерінде еңбек нарығын реттеудің негізгі төрт бағыты бар:
1. Еңбек ресурстарының жұмысбастылығын көтеруді ынталандыру және мемлекеттік секторда
жұмыс орындарын көбейту бағдарламасы.
2. Жұмысшылар мен қызметкерлерді қайта дайындау бағдарламасы.
3.Жұмысшыларды жалдауға ықпал ету бағдарламасы.
4. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру бағдарламалары (жұмыссыздарға жәрдемақы).
Қазақстан Республикасында тұрғындарды жұмыспен қамтудың арнайы бағдарламасы жасалған. Еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, жұмыссыздарды қайтадан оқыту шаралары қарастырылған, жастар, әйелдер, мүгедектерді жұмыспен қамтуға қамқорлықтар жасау көзделген. Кәсіпорындарда оларды жұмысқа алудың үлесі белгіленген.
Еңбек рыногын мемлекеттік реттеудегі маңызды шара еңбек ресурстарының сапасын көтеру және олардың құрылымын жетілдіру.
Жұмыссыздарға әлеуметтік көмек үш бағытта жүзеге асырылады:
▲ Жұмыссыздарға жәрдемақы. Оның деңгейі мен мерзімі әр елде әр түрлі. Жәрдемақы АҚШ-та жалақының 50%-н, Францияда 40%-н, Жапонияда 80%-н құрайды. Жәрдемақыны төлеу мерзімі АҚШ пен Италияда – 26 апта, Ұлыбританияда – 45, Канадада – 50 аптаға дейін барады.
▲ Жұмыссыздарға қаржылық көмек.
▲ Жұмыссыздар мен олардың жанұяларына қаржылай көмек және коммуналдық қызметтерді өтеу.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде еңбек нарығын жанама реттеу қолданылады. Оның негізгі құралдары: мемлекеттің ақша-несие, салық және амортизациялық саясаты жатады.
Сонымен еңбек рыногын мемлекеттік реттеу бұл – экономикалық, әкімшілік, заңнамалық, ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы.
Ағылшын экономисі А.Ф.Филлипс
1958 жылы өзінің « 1862-1957 жылдардағы Ұлыбританиядағы
жұмыссыздық пен жалақы деңгейінің
өзгерісі арасындағы арақатынас» деген
мақаласында 100 жылдық статистикалық
мәліметтерді өңдеу нәтижесінде
аталған екі көрсеткіш арасында
белгілі тәуелділіктің бар
Инфляция мен жұмыссыздық арасындағы кері тәуелділікті “Фиилипс қисығы” көрсетеді (46-сурет).
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі. Егер үкімет жұмыссыздық деңгейі U1 (оған баға өсу қарқыны сай Р1 келеді) өте жоғары деп есептесе, онда оны төмендету үшін ынталандыратын бюджеттік және ақша-несие шараларын қолданады, олар өз кезегінде сұранысты көбейтеді. Бұл өндірістің ұлғаюына, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әкеледі. Жұмыссыздық нормасы И2 мөлшеріне дейін төмендейді, бірақ дәл сол мезгілде инфляция қарқыны Р2-ге дейін жоғарылайды
46- сурет
Мұндай жағдайлар экономиканың
дағдарысқа ұшырауына әкелуі мүмкін,
сондықтан үкімет несие беруді тежеу,
мемлекеттік бюджеттің
ХХ ғасырдың 70 жылдары көптеген елдерде Филлипс қисығын теріске шығаратын, яғни бір мезгілде жұмыссыздық пен инфляцияның болу жағдайлары байқалды. Экономикалық теорияда бұл құбылысты стагфляция деп атады. Сөйтіп жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс кері емес, тура тәуелділікке ауысты.
Стагфляциялық дағдарыс 1974-1975
жылдардағы ұсыныстың кенеттен өзгерісінен
пайда болды. ОПЕК елдерінің мұнай
бағасын көтеруі инфляция деңгейін
10 %-ға өсірді. Жанар-жағар майға, энергия
қуатына бағаның көтерілуі
Сонымен экономикалық реттеу тәжірибесі көрсеткендей, Филлипстің қисық сызығы тек қысқа мерзімді экономикалық жағдайларда қолдануға келеді, өйткені ұзақ мерзімді жоспарда (5-10 жыл) жұмыссыздықтың жоғары болуына қарамастан инфляция үдей береді.
Негізгі түсініктер
Сұраныс инфляциясы
Ұсыныс инфляциясы
Ашық инфляция
Жабық (ьасылыңқы) инфляция
Ұшқыр инфляция
Баяу инфляция
Қарқынды инфляция
Болжанатын инфляция
Болжанбайтын инфляция
Жұмыссыздықты күту
Табиғи жұмыссыздық
Циклдық жұмыссыздық
Құрылымдық жұмыссыздық
Фрикциондық жұмыссыздық
Еңбек рыногы
Филлипс қисығы
Талдау сұрақтары:
1. Инфляцияның мәні мен түрлері..
2. Инфляция шығындары.
3. Инфляцияға қарсы саясат, оның әдістері.
4. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі.
5. Оукен заңы. Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық зардаптары.
6. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу