Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:30, курсовая работа

Краткое описание

К І Р І С П Е
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар. гі түйіні болып табылады.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………………….3


I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9


II Қазақстан Республикасының Ұлтық банкінің банк
жүйесіндегі орны мен рөлі
2.1 Ұлтық банк жүйесін қадағалауы .............................................................12
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пайздық саясаты .........17

ІІІ Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің шетелдік банктермен қарым – қатынасы .............................................................................................22



Қорытынды .......................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................

Файлы: 1 файл

курсовая по дкб.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Директорат — жоғары атқарушы орган. Ол кеңестiң шешiмдерiн жүзеге асырады және басқа мемлекеттiк ведомствалармен байланыс орнатады, ашық нарықтағы операцияларды, валюталық операцияларды жүзеге асырады.

Жер орталық банктері — Немiс федералдық банкiнiң жергiлiктi басқармасы. Ол өзінің барлық қызметтерiн осы банктер арқылы жүзеге асырады. Бұл дүние жүзiндегi ең тәуелсiз банк болып табылады, ол тек заңдарға бағынады. Бiрақ, банкi капиталының 100%-ы Қаржы министрлiгiне қарағанмен Қаржы министрлiгi банктің қызметiне араласуына құқығы жоқ.

 

Ағылшын банкi — дүние жүзiндегi көне және беделдi орталық банктерiнiң бiрi. Негiзiнен 1694 жылы құрылған. 1946 жылы жеке иемденушiлерден акцияларды мiндеттi түрде сатып алу арқылы лейбористермен ұлтшылдандырылған. 1971 жылға дейiн бұл банк елдегi несиелеу процесiн, коммерциялық банктердiң қарыздары бойынша есептiк мөлшерлемесiн өзгерту арқылы бақылаған.

Ағылшын банкі (The Governor and Company of the Bank of England) – мемлекеттік орган, Англиядағы Орталық банк қызметін атқарады. Банк ақша саясатының комитетінің жұмысын ұйымдастырады. Ол елдегі ақша-несие саясатыны басқаруының жұмысын жүргізеді.

Басқару құрылымы: Банкті Директорлар Кеңесі басқарады. Кеңес басқарушыдан (the Governor), оның екі орынбасарларынан (Deputy Governors) және 16 Кеңес мүшелерінен (Non-Executive Directors) тұрады. Олардың бәрі Ұлыбритания Парламентінің бекітуімен тағайындалады.

Басқарушы мен оның орынбасарлары 5 жылға, ал Директорлар Кеңесінің мүшелері 3 жылға тағайындалады.

Директорлар Кеңесі айына бір рет жиналыс өткізеді. Жиналыста банк басқару ісіне байланысты барлық сұрақтар қарастырылады. Тек ақша-несие саясатына байланысты сұрақтарды қарамайды. Ол іспен тек ақша-несие саясаты Комитеті айналысады (The Monetary Policy Committee, MPC).

Ағылшын банкінің төрағасы сонымен қатар, ақша-несие саясаты Комитетінің басшысы болып табылады. Ал қалған мүшелер банк жұмысшыларының ішінен емес, атақты экономистердің ішінен таңдалады. Қазіргі таңда Ағылшын Банкінің төрағасы Мервин Кинг.

Ағылшын банкі Орталық банктің барлық қызметтерін атқарады. Олардың ішіндегі ең маңыздысы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни экономикалық өсуді қамтамасыз ету.

Банктің негізгі функциялары:

1.                         Ағылшын банкі банкнота шығарады. Ағылшын банкі – қолма-қол ақшаның алғашқы қайнар көзі. Егер елге трансакция жасау үшін қолма-қол ақша керек болса, Банк дисконттық нарықта вексельдерді сатып алады.; егер ақша көп керек болмаса Банк сондай вексельдерді сатады.

2.                         Ағылшын банкі – Үкімет банкирі. Ағылшын Банкінің негізгі клиенті елдің үкіметі.  Ол үкімет үшін көп шешімдер жасайды. Банкта үкіметтің жеке өз шоттары бар. Және де Банк қаржы мәселесімен байланысты сұрақтарды қарастырады.

3.                         Ағылшын Банкі – орталық банк. Үкіметтен кейінгі акционерлік банктер маңыздылығы жағынан екінші клиент болып табылады.

4.                         Валюталық тұрақтылықты қадағалайды.

5.                         Үкіметтің алтын резервін және шетел валютасын сақтайды.

6.                         Халықаралық міндеттемелерлі атқарады

7.                         Жалпы банк жүйесіндегі біртұтастығы үшін толық жауапкершілікті алады.

Банк экономикалық және қаржы тұрақтылығын қадағалау үшін басқа ұйымдармен қарым-қатынас жасайды. Олар:

                  Ұлыбританияның мемлекеттік Қаржы органы (HM Treasury).

                  Қаржы тұрақтылығын қадағалау және басқару органы (Financial Services Authority).

                  Басқа да орталық банктер және халықаралық ұйымдар.

1997 жылы Мемлекеттік қаржы органы, қаржы тұрақтылығын басқару және қадағалау органы, сонымен қатар басқа да орталық банктер және халықаралық ұйымдар арасында Меморандумға қол қойылды. Олардың ортақ мақсаты: қаржы тұрақтығын көтеру.

Англия және Уэльста банк банкнота шығару монополиясына ие. Ал Шотландия Банкі (The Royal Bank of Scotland, The Bank of Scotland және The Clydesdale Bank) және Солтүстік Ирландия (Bank of Ireland, First Trust Bank, Northern Bank и Ulster Bank) өз банкноттарын шығару құқын сақтап қалды.

1997 жылдан бастап ақша саясаты Комитеті арнайы пайыздық ставкаларды орнатуға байланысты барлық жауапкершілікті алды.

Одан бөлек, банктер кассалық активтер коэффицентін касса және Ағылшын банкi шоттардағы қалдықтары актив сомасының 8% мөлшерiнен төмен емес деңгейде және өтiмдiлiк коэффициентiн ұстану арқылы орындау керек болатын. Өтiмдiлiк коэффициентi, яғни өтiмдi активтер портфелi активтердiң жалпы сомасының 28%-нан төмен болмау керек.

1971 жылдан кейін коэффициенттер алынып тасталынды. Қарыздар бойынша банкілiк мөлшерлемелер ендi Ағылшын банкiсiнiң есептiк мөлшерлемесiне байланысты қойылмай, әр банк жеке жария ететiн базалық мөлшерлемесi негiзiнде анықталынды.

Коммерциялық банктер үшiн резервтiк активтер коэффициентi қысқа мерзiмдi депозиттердiң 12,5% мөлшерiнде белгiлендi. Бұдан басқа, банктер Ағылшын банкiндегi пайызсыз шотта озiнiң қысқа мерзiмдi депозиттерiнің 0,5% мөлшерiндегi сомасын сақтауы керек.

Ағылшын банкi екi департаменке бөлiнген — эмиссиялық және банктік. Эмиссиялық департамент банктiң портфелiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздарды қоя отырып, банкноталарды шығарумен айналысады. Ал, банктiк департамент өзiнiң шоттарындағы банктiк депозиттер есебiнен коммерциялық банктердi есептiк мөлшерлеме бойынша несиелейдi.

 

Жапон банкi 1882 жылы құрылған. Қазiргi Жапон банкi туралы Заң 1942 жылы ақпанда қабылданғана. Ол үкiмет мекемесi болып есептеледi, бiрақ жарғы капиталының 55%-ы мемлекетке тиесiлi.

Банктi басқарма басқарады. Ол орталық банктiң барлық қызметтерiн атқарады.

Банк елдің қаржы жүйесіндегі тұрақтылықты және экономмикалық дамуды қадағалап отырады.

Банктің жұмысын Қаржы Министрлігі қадағалап отырады. Қаржы Министрлігі Банк төрағасын тағайындайды, және Банктің жұмысын қадағалап, әкімшілік нұсқаулар беріп отырады. Банктің басты мақсаты – елдегі ақша қатынастарын реттеу. 

Жапонияда Банктің саясатын ұйымдастыратын Комитет бар. Комитет басқарудың жоғарғы органы болып табылады. Ол 1949 жылы ашылған. Комитетті Банктің президенті басқарады. Комитеттің құрамына 7 адам кіреді.

Банкте кеңес басқармасы бар. Оның құрамына президент және Жапония банкінің вице-президенті кіреді. Сонымен қатар Қаржы министрлігінен 1 адам, қалған алтауы банк қызметкерлері кіреді.

 

Еуропалық Орталық банктың құрамына 27 мемлекеттер кіреді. Бұл банктің құрылу мақсаты Еуропада экономикалық және валюталық ұйым құру мақсатында және еуропалық интергацияны дамыту. Ортақ еуропалық нарық құру мақсатында, Еуроодақ елдері экономикалық және қаржылық қатынастарға байланысты көптеген құрылымдық және даму жолдарынан өтті. Ортақ валюталық нарық құру бағытындағы ең алғашқы қадам 1950-1960 жылдары алғаш рет қуатты халықаралық Еуропалық Орталық банктің құрылуына және жаңа халықаралық ақша бірлігі – еуроның пайда болуына алып келді. Қазір еуро сөзсіз еуропалық валюталық интеграцияның символы ретінде қарастырылады.

              Еуропалық Орталық банк (ағылш. European Central Bank) – еуроодақ және еуро аймағындағы орталық банк. Орталық үйі Германиядағы Франкфурт-на-Майн қаласында орналасқан. Оның шатаына Еуроодақ мүшесінің елдері кіреді. Банк басқа Еуроодақ мүшелеріне қарағанда тәуелсіз.

              Банктің басты функциялары:

-                     еуро аймағында валюталық саясатты жүргізу;

-                     еуро банкнотасын эмиссиялау;

-                     негізгі пайыздық ставкаларды орнату;

-                     еуроаймақта баға тұрақтылығын қадғалау, яғни инфляция деңгейін 2 пайыздан асырмау.

Еуропалық Орталық банк Еуропалық ақша-несие институтының мұрагері болып табылады. Еуропалық орталық банктер жүйесі мынадай ұлттық орталық банктер жүйесінен тұрады:

                  Бундесбанк (Deutsche Bundesbank), Төрағасы Николас Гарганас;

                  Бельгияның Ұлттық банкі (Banque Nationale de Belgique), Төрағасы Гай Куаден;

                  Испания банкі (Banco de España), Төрағасы Мигель Фернандес Ордоньес;

                  Франция банкі (Banque de France), Төрағасы Кристиан Нуайе;

                  Люксенбург валюталық институты.

Еуропалық Орталық банкке қатысты барлық сұрақтар, мысалы есептік ставка, Банк Кеңесі басқармалары және Дирекция қарастырады.

Дирекция: құрамына алты адам кіреді, соның ішінде Еуропалық Орталық банктің төрағасы және төраға орынбасары. Кандидатураларды Басқарма Кеңесі ұсынады да, еуроаймаққа кіретін Еуропалық Парламент және мемлекет басшылары оны мақұлдайды.

Директорлар сегіз жылға дейін тағайындалады:

        Жан-Клод Трише (Jean-Claude Trichet), басқару төрағасы;

        Лукас Пападемос (Lucas D. Papademos), Еуропалық Орталық банктің Вице-президенті;

        Хосе-Мануэль Гонсалес Парамо (José Manuel González-Páramo), Еуропалық Орталық банктің басқарма мүшесі;

        Юрген Старк (Jürgen Stark), Еуропалық Орталық банктің басқарма мүшесі;

        Гертруде Тюмпел-Гугерелл (Gertrude Tumpel-Gugerell), Еуропалық Орталық банктің басқарма мүшесі;

        Лоренцо Бини Смаги (Lorenzo Bini Smaghi), Еуропалық Орталық банктің басқарма мүшесі.

Басқарма Кеңесі: Еуропалық Орталық банк Дирекциясынан және Ұлттық Орталық банктер төрағаларынан тұрады. Алты орынның ішінде төртеуі ерекше орынды алады. Олар: Франции, Германии, Италии и Испании.

Дауыс беруге тек Басқарма Кеңесінің мүшелері ғана құқылы. Ол тек телеконференцияға қатысқан жағдайда ғана жүзеге асады. Басқарма Кеңесінің мүшесі өзін ауыстыратын адамды жібере алады, егер көп уақыт бойы жиналысқа қатыса алмаған жағдайда.

 

Ресей Федерациясының Орталық банкі (Ресей Банкі) – екідеңгейлі банк жүйесіндегі жоғарғы деңгейге ие.

Ресей банкі несие ұйымдарының жұмысын қадағалайды, сол ұйымдардың банктік операцияларын жүзеге асыру алынатын лицензияларды алып тастау және берумен айналысады.

Ресей Федерациясының Орталық банкі 1990 жылы 13 шілдеде құрылды. Бұл банк Ресейдің Мембанкінің базасы негізінде құрылды.

Ресей банкінің негізгі функциялары:

                  Ресей Федерациясы Үкіметімен бірге ақша-несие саясатының бірлігін ұйымдастырады;

                  Қолма-қол ақшаларды эмиссиялайды;

                  Несие ұйымдарына несие береді;

                  Елдегі есептесуге байланысты ережелерді жасайды;

                  Банктік операцияларды ұйымдастырғанда ережелерді орнатады;

                  Алтын-валюта резервін тиімді басқаруды жүзеге асырады;

                  Федералды Заңға қатысты несие ұйымдарымен құнды қағаздар эмиссиясын тіркейді;

                  Заңнамаға сәйкес валюталық қадағалау операцияларын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

                  Бухгалтерлік есеп ережелерін бекітеді;

                  Ресей Федерациясы экономикасы жағдайына болжамдар мен анализдер жасайды. Ол ақша-несие, несие-қаржылық және бағалық қатынастарға байланысты мәліметтер мен статистикалық деректерді жариялайды;

                  Федералды заңға байланысты басқа да функцияларды атқарады.

Шетелдік тәжірибедегі орталық банктерді ұйымдастыру және басқару ерекшеліктерін талдай отырып еліміздің орталық банкінің ұйымдастырылуы мен функцияларын дамыту артық болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Нарықтық экономика ерекшеліктері банктік емес мекемелермен үйлестіре отырып көп деңгейлі банк жүйесінің, олардың ақша-несие және делдалдық қызметінің формалары мен түрлері бойынша көп түрлілігінің, Орталық (бірінші деңгей) және басқа банктер (екінші деңгей) арасындағы функцияларды заң жүзінде бөлудің қажеттілігін тудырады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.

Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды.Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк  функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.

Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.

Информация о работе Банк жүйесі