Банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 20:30, курсовая работа

Краткое описание

К І Р І С П Е
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар. гі түйіні болып табылады.

Оглавление

Кіріспе ………………………………………………………………………….3


I Банк жүйесінің дамуының теориялық негізі
1.1 Банк жүйесінің даму тарихы .........................................................................5
1.2 Банк жүйесінің құрылымы ........................................................................9


II Қазақстан Республикасының Ұлтық банкінің банк
жүйесіндегі орны мен рөлі
2.1 Ұлтық банк жүйесін қадағалауы .............................................................12
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пайздық саясаты .........17

ІІІ Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің шетелдік банктермен қарым – қатынасы .............................................................................................22



Қорытынды .......................................................................................................29

Пайдаланылған әдебиеттер ...................................................

Файлы: 1 файл

курсовая по дкб.doc

— 228.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.

Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.

Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.

Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады.

Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Прези¬дентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.

ҚҰБ өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.

ҚҰБ пайыз саясатының басты мақсаты — айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.

Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы — шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.

Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.

Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне  байланысты  темендеп  отырған.

Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.

Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, не¬сие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табы¬лады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

Ақша-несие саясатының түрлері

Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:

1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;

2) экспанциялық ақша-несие саясаты.

Рекстрикциялық ақша-несие саясаты — екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады. Ақырғы мақсат:

а) экономиканың өсуі;    ә) толық жұмысбастылық;

б) бағаны тұрақтандыру;   в) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат:

а) ақша жиыны;     ә) пайыз мөлшерлемесі;

б) айырбас курсы.

Құралдары:

а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;

ә) міндетті резервтер нормасының өзгеруі;

б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;  в) ашық нарықтағы операциялар.

Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құраддары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құраддарының көмегімен реттеледі:

- қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;

- ҚҰБ-те (Қазақстан Ұлттық банкі) жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;

- мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;

- анктерге және үкіметке несие беру;

- валюталық нарықтағы басқыншылық;

- кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

- ресми есепке алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің шетелдік банктермен қарым – қатынасы

 

АҚШ-тың федералдық резерві Орталық Банк қызметін атқаратын тәуелсіз қаржы органы болып табылады. 1913 жылы 23 желтоқсанда құрылды. АҚШ-тың федералдық резервінің төрағасы - Бен Бернанки.

АҚШ-тың федералдық резерві АҚШ-тағы үшінші орталық банк болып саналады. Оған дейін:

1791 - 1811 жылдары АҚШ-тағы алғашқы Орталық банк;

1811 - 1816 жылдары Орталық банк болған жоқ;

1816 - 1863 жылдары АҚШ-тағы екінші Орталық банк;

1963 - 1913 жылдары Ұлттық банктер

1913 - қазіргі уақытқа дейін федералдық резервті жүйе.

ФРЖ-нің басқару органы - басқарушылар Кеңесі. Оның құрамына 7 адам кіреді. Оларды АҚШ Конгресінің қолдауымен Президент өзі тағайындайды. Кеңестің әрбір мүшесі 14 жылға сайланады. Кеңесті төраға мен оның орынбасарлары басқарады.

ФРЖ 12 федералды резервтік банктерден тұрады. Олардың ішінде маңызды рөлді Нью-Йорк Федералды резервтік банк атқарады. Бұл банк халықаралық қаржы операциясы мен ашық нарықтағы операцияларға жауап береді.

ФРЖ-не 24 федералды резервтік банк бөлімшелері кіреді және 5,6 мың коммерциялық банктер, сонымен қатар ашық нарық Федералды Комитеті кіреді. 

АҚШ-тың федералдық резервтiк жүйесi өзiнiң мәнi жағынан басқа елдердiң орталық эмиссиялық банктерiне балама болып келедi, бiрақ оның ұйымдастырылуында осы елдiң федералдық саяси жуйесiнiң негiзi жатыр.

ФРЖ өзiнiң құрылымы мен басқару қағидалары бойынша басқа елдердiң орталық банктерінен өзгешеленедi.

ФРЖ-нi құру кезiнде ескерілген негiзгi критерийлердiң бiрi — жергiлiктi банктердiң мудделерiмен санасу және басқарудың шамадан тыс орталыктандырылуын болдырмау. Осыдан ФРЖ-нiң құрылымы шығады: Орталық банк бiр мекемеден ғана құралмайды, ол Вашингтондағы Басқарушылар кеңесiнің басшылығымен 12 регионалды резервтiк банктерден тұрады. ФРЖ-нiң құқықтық мәртебесi де ерекше: АҚШ үкiметiмен және бүкiл мемлекеттiк мекемелер жүйесiмен тығыз байланыста бола тұрып, федералдық резервтiк банктер формалды түрде мемлекеттiк болып саналмайды. Өйткенi, олардың капиталдары коммерциялық банктердің үлес-жарна пұлдары есебiнен құралған. Осыған қарамастан ФРЖ өзiнiң жетекшi органдарының құрамы, қызметтерi, принциптері және жүргізілетін саясатының критерийлерi бойынша АҚШ-тың басты үкіметтік мекемелерiнiң қатарына жатады.

ФРЖ үш деңгейлi жұмыс органдарынан тұрады — Басқарушылар кеңесi; 12 федералдық резерв банктерi; 6 мыңға жуық ФРЖ-нiң мүше-банктерi. Одан басқа ФРЖ-ге екi комитет кiредi: ашық нарықтық Федералдық комитетi (АНФК) және Федералдық консультативтiк кеңес.

Барлық ақша және банк жүйелерiнiң өзегi — ФРЖ-нің Басқарушылар кеңесi. Ол елдегi ақша және банк жүйелерiн жалпы басқаруға және жұмысын бақыласуға жауапты. Кеңестiң жетi мүшесiн конгрестiң мақұлдауымен президент тағайындайды. Өкiлеттiк мерзiмі — 14 жыл, әр екi жылда Кеңестiң бір мүшесi ауысады. Бұл Кеңес жүйелi түрде жұмыс iстеуi үшін жоғары маман мушелерi болуы, тәуелсiз болуы тиiс.

Басқарушылар Кеңесi ақша-несие саясатының негiзгi мәселелерiн шешедi және оларды жүзеге асыруға қажеттi өкiлеттiгi бар. 12 федералдық резервтiк банктердiң үш негiзгi белгiсi болады:

1) олар орталық банктер болып саналады;

2) квази-қоғамдық банктер болып есептелiнедi;

З) «банктердiң банкiсi»

АҚШ аумағы 12 федералдық резервтiк банктерге бөлiнген. Осылар арқылы Басқару кеңесiнің негiзгi саясаттары жүзеге асырылады. Бұлардың iшiндегi ең маңыздысы — Нью-Йорк қаласының Федералдық Резервтiк Банкiсi.

Бұл банктер квази қоғамдық банктер болып табылады, яғни олар жеке меншiктiң және қоғамдық бақылаудың нысанын бейнелейдi. Олар коммерциялық банктердiң меншiгiнде болғанымен, мемлекетпен, яғни Басқарушылар кеңесiмен басқарылады.

Федералдық резервтiк банктер — «банктердiң банкi», өйткенi олар орталық банктiң барлық қызметiн орындайды.

ФРЖ-нiң жұмысында АНФК маңызды роль атқарады. Ол ақша және қаржы нарығы арқылы конъюнктураға әсер етудiң негiзгi оперативтi органы болып табылады. Ол ФРЖ есебiнен мемлекеттiк облигацияларды сатып алу-сатуды жүргiзу бойынша инструкциялар бередi. Федералдық консультациялық кеңес коммерциялық банктердің 12 танымал басшыларынан тұрады. Ол Басқарушылар кеңесiмен кездесулер жүргiзiп, банктiк саясат туралы өз ойларын айтып отырады.

Жеке коммерциялық банктермен күнделiктi оперативтiк байланысты 9 директордан тұратын басқарма жүзеге асырады (6-ы мүше-банктер округынан, 3-i Басқарушылар кеңесiмен тағайындалады). Басқармада iрi банктер және өкеркәсiптiк компаниялар бар. Федералдық резервтiк банктерiнің негiзгi қызметiн: ақша эмиссиясы, банктердiң мiндеттi резервтерiн сақтау, коммерциялық банктердi несиелеу, АҚШ қазыналығына қаржылық қызмет көрсету және т.б. атқарады.

 

Немiс федералдық банкі (Дойче Бундесбанк) 1957 жылы 26 шiлдеде шыққаi заң негізінде құрылған. Оның алдында Рейхсбакк (1875 ж.) пен Немiс жер банкi (1948 ж.) болған. Банк капиталы — 290 млн немiс маркасы толығымен мемлекетке тиесiлi. Бас кеңсесi Франфурт-на-Майне қаласында орналасқан. Банк жуйесiне жергiлiктi 11 орталық банкi және 195 бөлiмшелер мен агенттiктер кiредi. Басқару органдары: кеңес, директорат, басқарма.

Кеңес — ақша-несие саясатының қалыптасуына жауапты негiзгi орган болып табылады. Кеңестi президент басқарады, кеңеске вице-президент, мүшелерi және жергiлiктi орталық банктердiң барлық президенттерi кiредi.

Информация о работе Банк жүйесі