Акша несия саясаты халқаралық экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 16:49, курсовая работа

Краткое описание

Ақша-несие саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызда құрамдасының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасында оны ҚР Ұлттық банкі экономикалық өсудің тұрақтылығын, жұмыссыздық пен инфляцияның төмен деңгейін қамтамасыз ету мақсатында пайыздық ставканы, валюта бағамын, өтімділікті, төлем қаблеттілігін және т.б. белгілей отырып, банктердің қызметіне ықпал ету арқылы жүзугу асырады.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................... 3
І. Ақша мәні және несие қатынастарының пайда болуы
1.1 Ақша жүйесінің ұғымы және оның түрлер............................................ 4
1.2 Несие түрлері............................................................................................ 7
1.3 Несие теориясы және оның дамуы.........................................................22
ІІ. Несие қызметінің түсінігі, және халқаралық экономика негізі
сипаты
2.1 Несиенің қызметі,ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен
ауыстыру.....................................................................................................27
2.2 Халқаралық экономика мәні мен оның негізі
турлері..........................................................................................................30
Қорытынды...................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер........

Файлы: 1 файл

акша несия саясаты халқаралық экономика.doc

— 168.50 Кб (Скачать)

    - ипотекалық  несие, әдетте,10 – 30 жылға дейін  ұзақ мерзімге беріледі. Несие алдын ала жасалған кестеге сәйкес біртіндеп өтелетін болады.

         Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартқа кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті ауыртпалығын үшінші тұлға оңай танитындай болуы керек.

     Ипотекалық  несиелеудің жүйесі икемді болуы  үшін ұдайы жетілдіріп отырады.  Мәселен, дамыған елдерде мыналар  болады:

  • өлемдері кезең сайын өсетін ссуда: алғашқы бес немесе ол жылда борышқордың шығысын тұрақты өсіруді қарастырады;
  • төлам сомасы өзгеріп отыратын ссуда: жеңілдікті кезеңнің болуын ұйғарыды, мұнда борышқор тек пайыздарды ғана төлейді. Жүктемені бөлудің мұндай тәсілі борышқорға үлкен пайда береді;
  • пайыз мөлшерлемесі өзгермелі ипотека пайыз мөлшерлемесінің деңгейі келісімшартта нақты шама түрінде тіркеледі әрі қандай да бір нақты көрсеткішке немесе ирдекске байланатын болады. Мөлшерлемелер жарты жылды бір рет қарастырылады.

     Ипотекалық  несиені ресімдеуде негізгі құжаттарға  кепілхат, вексель және өзге де бағалы қағаздар жатады. Бұл құжаттарға ипотекалық компания шығаратын ипотека облигациялар секілді құнды қағаздардың қайталама нарығында баға белгілеуі мүмкін. Бұл арада кепілхат ссуда бойынша кепілге салынған мүліктің заңды меншік құқығын несиелерге беруді ұйғаратын құжат болып табылады. Жылжымайтын мүлік аясындағы кепілхат ипотека несиенің негізгі қамтамасыз етушісі болып табылады. Онда несие келісімшарты бойынша борыштарды төлеу жөніндегі қарыз алушының міндеттемесі, пайыз, салық, алымдар және меншіктен өндіріліп алынатын өзге де төлемдер нақты көрсетіліп, сонымен бірге, оны бүлінбеген қалпында сақтау, жылжымайтын мүлікті сақтандыру, оны басқа тұлғаға кепілдік аясында беруге тыйым салынатыны және т.б. айтылады.

     Өзіндік  қаражат, ипотекалық облигациялар және клиент шотына тартылған ресурстар банктің несие ресурстарын құрайды.

     ҚР “Ипотека туралы”  заңы шыққаннан кейін Қазақстанда  ипотекалық несиелеу қарқынды  дамыды.

     Республиканың ірі  банктері ипотекалық бағдарламаны  жүзеге асыратын өздерінің ипотекалық компанияларын құрды.

         2000 жылдан бастап ҚР Ұлттық  банкісі жарғылық капиталы 100%-ды  құрайды Қазақстандық ипотеке  компаниясын (ҚИК) құрды. Ол  алғашқы құрылған күнінен бастап  несие үшін алынатын пайыз  мөлшерлемелерін кеміту бағытындағы  саясатты жүргізіп келеді. 2005 жылы ҚИК толықтай ҚР Қаржы министірлігінің қарамағына өтті. Бұл несие үшін алынатын пайыздық мөлшерлемелерді кемітуге қажетті бәсекелестік ортаның құрылуына өз ықпалын тигізді. Пайыз мөлшерлемелері баяу болса да тұрақты түрде кеміп келеді. Ипотекалық несиелеудің дамуына 2003 жылы Мемлекеттік құрылыс –жинақ ақша банкісінің құрылуы жағымды әсер етті. ҚИК 300 және 500 млн сомаларында ипотекалық облигацияның екі шығарылымын шығарып үлгереді және оларды сәтті орналастыра білді. Қазақстанда ипотекалық несиелеу Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының ажырағысыз бөлігі болып табылады.

     Халықаралық несие. Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және заңды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие қайтару, мерзімді және ақылы шаттарының негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен үғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді.Ол төлем балансының тапшылығы(экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың қосымша көзіне айналды.

     Шетелдік  инвесторлар үшін халықаралық  несие басқа елдерге, әсіресе,  қосымша инвестицияға мұқтаж  дамушы елдерге капитал салудың ең тартымды формасы болып табылады. Бұл несие ең сенімді несие ретінде саналады, өйткені, ол тек компаниялармен, фирмалар және банктермен ғана емес, сонымен бірге, үкімет кепілдігімен қамтамасыз етіледі.

     Бүгінгі  таңда Қазақстан, әсіресе, ірі компаниялар, филиалдар және банктер халықаралық несиені жиі пайдаланады. Бұл белгілі бір реттеуді  және шектеуді қажет етеді. Әйтпесе өтелмеген берешектердің жинақталуы және сыртқы қарыздың ағымдағы қызмет көрсету бойынша өсе түскен төлемдер мемлекеттің қаржылық – валюта жағдайын қиындатып, оны тұрақсыз етеді, тіпті, үкімет, яғни мемлекет тарапынан саяси және экономикалық қысым көрсетілуі мүмкін.

     Халықаралық  несие делдалдың көмегі арқылы  немесе тікелей берілуі мүмкін. Делдал ретінде аса ірі ұлттық және трансұлттық банктер, халықаралық және аймақтық валюталық – несие әрі қаржы ұйымдары алға шыға алады.

     Меншік  формасы бойынша халықаралық  несие мемлекеттік, жеке және  аралас несиелерге бөлінеді. Қазақстан  жеке халықаралық несиені жиі  алады, 

яғни несиені жекеше компаниялардан, фирмалардан, банктерден алады. Ол қарыз алушы елдің валютасында, үшінші елдің валютасында берілуі мүмкін. Халықаралық несие формасы бойынша коммерциялық және  банктік несиелерге бөлінеді.

     Коммерциялық  немесе фирмалық несие сыртқы саудамен және қызмет көрсетулермен тікелей байланысты болады. Оны, әдетте, басқа елдердегі әр түрлі коммерциялық құрылымға ие компаниялар, фирмалар вексельдің көмегімен тауарлы формада береді. Экспорттаушы тауарды тиегеннен кейін аударылатын вексельді импорттаушыға қояды. Импорттаушы коммерциялық

құжаттарды алғаннан кейін оның векселін акцептейді, яғни оның төлемін белгілі бір мерзімде төлеуге келісімін береді.

     Банктік  несиелеу тек экспорт – импорт  операциялар бойынша есеп айрысулармен  ғана байланысты.

     Экспорттық  банк несиесі бұл – экспорттаушы  ел банкісінің импорттаушы елдің  банкісіне машина, құрал – жабдық  жеткізілімін несиелеу үшін беретін  несиесі. Ол, сонымен бірге, байланысқан  несие деп аталады, өйткені,  ол тек машина мен құрал  – жабдық  үшін ғана беріледі.

     Импорттық  банк неисесі – бұл импорттаушы  елдің фирмаларына және банктеріне  тікелей берілетін несие берушінің  елінде қандай да бір тауарларды  сатып алуға арналған неисе.Сатып  алушы несиенің бірнеше несие,  несие желісі, сондай – ақ, өнеркәсіптік және азаматтық құрылғыларға арналған несие, оны құрал – жабдықты  жеткізумен береді.

     Қазақстанның  халықаралық жетекші ұйымға кіруі  экономикалық реформаларды жүргізуге  қажетті қосымша қаржыға жол  ашты.

     Халықаралық  валюта қорымен (ХВҚ) “стенд - бай” несие аясында 185,6 млн қарыз алудың арнайы құқығы сомасында келісімге қол қойылды.

     Бүгінгі  таңда Қазақстан халықаралық  қайта құру және Даму банкі,  Азия даму банкі, Ислам даму  банкі, Жапонияның экспорт импорт  банкі және өзге де халықаралық қаржы – валюта мекемелері беретін несиені пайдаланады.

     Қазақстанның  және банктердің халықаралық  рейтингісі игеруі несие бағасы  бойынша да, оның мерзімі бойынша  да пайдалы шартқа құрылған  халықаралық несиеге жол ашты.

     Халықаралық  несие арқылы ұлғайтылған ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, қолма қол ақшасыз есеп айырысуды дамытудың халықаралық есеп айырысу саласындағы айналыс шығынын үнемдеу, сондай ақ, капиталдың және шоғырлануын орталықтандырылуын күшейту мақсаттарында капитал елдерге қайта бөлінеді. 

     Қазақстан  2003 – 2015 жылдарына арналған Индустриялық  инновациялық дамудың стратегиясын  жүзеге асыруда халықаралық несиені  қосымша құны жоғары әрі бәсекеге  жарамды ғылыми сыйымдылығы бар  өнімдер өндірістің жаңа машина, құрал – жабдық және технология импорты үшін пайдалануы қажет. Бірлестірілген несие банктердің шектеулі неисе мүмкіндіктері мен бірінші класты қарыз алушылардың ауқымды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты жоюға мүмкіндік береді.

     Лизингілік  несие. Қазақстан 2000 жылдан бері лизингілік несие қолданылып келеді. Лизинг – бұл негізгі құрал – жабдық  мүлкін сатып алу және оны жеке заңды тұлғаларға белгілі бір төлем үшін нақты мерзімге әрі лизинг алушының мүлікті  сатып алу құқығын қарастыратын келісімшарттың бекітілуіне себепкер болатын белгілі бір шарттармен лизингілік келісімшарттың негізінде ұсыну бойынша инвестициялық қызметінің түрі.

     Қызметтің  бұл түрі ҚР «Қаржылық лизинг  туралы» заңымен, Азаматтық, Салықтық  және Кедендік кодекстермен, «Инвестицияны  мемлекеттік қолдау туралы» және «Инвестиция туралы» заңдарымен реттеледі.

     Лизинг бұйымына кез келген тұтынылатын заттар, оның ішінде, кәсіпкерлік қызметте пайдаланатын машина, құрал жабдық, сайман, үй ғимараты, құрылғы, көлік құралдары жатады.

     Лизинг  объектісі лизинг берушінің балансында болады және лизинг объектісінің амортизациясы жеделдетілген амортизация коэффициентіне сәйкес «қызмет көрсету» жұмысының өзіндік құнына қатысты болады, лизингтің әрекет ету мерзімі лизинг объектісінің толық амортизациясының мерзімімен ұзақтық бойынша өлшемделуі керек.

     Лизинг  – бұл мүліктің меншік иесі  мен жалдаушының арасындағы келісім.  Бұл келісім – мүлікті делдал  болып табылатын лизингілік компания  арқылы айтылған мерзімге және  төлемі үшін пайдалануға беру.  Лизингілік мәміле лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы қатысады.

     Лизинг  өзінің мазмұны бойынша несие  қатынасына сәйкес келеді және  мәні бойынша ссудаға ұқсас.  Лизинг осы экономикалық мағынасы  лизинг берушінің лизингалушыға  мүлікті пайдалануға беру формасында  берілетін несиені білдіреді.

     Лизингтің  банк несиесінен артықшылықтары:

     -  мүлік  кепілге салынбайды, яғни мүлікті  кепілге салудың қажетті болмайды;

     -    бизнес жоспарды ұсынудың қажеттілігі  болмайды;

     - лизингілік  төлемнің жүйесі икемді болады және ол игеруге жатқызылады, бұл салық салынатын базаны кемітуге мүмкіндік береді,

     -    жүз пайыздық несиелеу және  төлемдерді дереу төлеуді талап  етпейді.

     Лизинглік  несиені Қазақстанда ауыл шаруашылық  өндірушілер комбайн, трактор  және өзге де ауыл шаруашылығына қажетті машиналар үшін, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар технологиялар үшін, шығын және орта бизнестің субъектілері пайдаланылады.

     Бүгінгі  таңда лизинг кез келген өндірістің  материалдық – техникалық  базасын  дамытуға ауқымды капитал салымдарын салуға мүмкіндік береді. Машиналар мен құрал – жабдықты сатып алудың басқа тәсілдерімен салыстырғанда лизингтің бірқатар елеулі артықшылықтары бар:

  • лизинг кәсіпкерге – жалдаушыға өндірісті аса ірі бір жолғы шығындарсыз ұлғайтылуына мүмкіндік береді;
  • өтімді қаражаттардың шектеліп қалу мәселесі жұмсарады;
  • негізгі құрал жабдықты сатып алуға кеткен шығын келісімшарт әрекет ететін барлық мерзімге бірдей бөлінеді;
  • қарыз капиталы тартылмайды және т.б.

     Лизинг  беруші  банктің лизингілік қызметінің артықшылығы:

  • лизинг барысында мүлік лизинг алушының балансына өтеді;
  • қосымша құн салығының босатылады;
  • лизинг компанияның несиелеуінен табыс және акциядан дивиденттер алады.

 

 

    1.  Несие теориясы және оның дамуы.

 

     Несиені  зерттеу барысында таным  әдісі ретінде теорияның рөлі ерекше. Несие туралы ғылым әлі жас. Ол саяси экномиканың қалыптасуымен пайда болды. Несиенің ұдайы өндіріс процесімен, құндылықтың қайта айналымының және айналысының Маркстік тұрғыдан талдануы несиенің қажеттігін түсінудің демеушісі, қоғамдағы несиелік қатынастардың туындауын, несиенің табиғаты мен мәнінің айрықша экномикалық категория екендігін түсінудің қуат көзі болып табылады.

     Ғалымдар  бүгінгі таңда экномика ғылымының  алдында бір жағынан теориялық  талдау қорытындыларын белсендірек жүргізіп, екінші жағынан банк ісін дамытып, жетілдірудің керек екнін айтуда.

     Теоррияны  тәжірибеден оқшау қарыстырмау  керек екені түсінікті. Барлық  теориялық проблеммалырдың соңы  тек тәжірибелік әдістермен шешілетіні  кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.

     Экномикалық  әдебиеттерде несиенің мәніне, қызметтері  мен заңына қатысты саясат  орын алуда. Несиенің мәнін  зерттеуде натуралистік және  капиталдық жасампаздық теориясы  қатаң қадағаланатындығы байқалады.

     Натуралистік  несие теориясы ХҮІІІ ғасырдың  екіші жартысында пайда болды.  Бұл теорияның негізін А. Смит  пен Д. Рекардо салды. Одан  әрі оны француз экномистері  Ж. Сэй, Ф. Бастия және американдық  Д. Мак – Куллах дамытты.  Бұл теорияның негізгі идеялары несие мәнінің натуралистік түсінігіне үйлесті яғни несие заттай игіліктердің қозғалысын көрсетті. Сондықтан, бұл тек аталмыш қоғамда бар материалдық құндылықтарды бөлу әдісі ғана. Бұл жағдайда несие объектісі заттай емес игіліктер болып табылады. Несие капиталы өндірістік капиталға тең. Бұл жерде натуралистер несиені несие капиталының қозғалысын емес, табиғи түрде материялдық құндылықтарды қайта бөлудің әдісі сияқты қарастырады. Несиенің мәні мен рөлі жөнінде мұндай қате түсінік өнеркәсіп капиталының тауарлы, өндірістік және ақшалай түрдегі ауыспалы айналымын жете түсінбеуден шығып отыр. Несие капиталының мәні өнеркәсіп капиталының ақша түріндегі ерекше бөлігі деуге болады.

Информация о работе Акша несия саясаты халқаралық экономика