Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:10, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.

Оглавление

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Білім берудегі ақпараттық технологиялар
в) Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары
басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы
туралы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы
бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 58.89 Кб (Скачать)

«Инновация» терминi латын  тілінен алынған, ол - «жаңару, өзгеру»   дегендi бiлдiредi. Бұл түсінік XIX ғасырдағы зерттеулерде пайда болып, белгiлi бiр мәдениеттің кейбiр элементтердің бiрiнен екiншісіне енгiзу дсгендi бiлдiрдi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында Еуропада ғылымның жаңа саласы, жаңашылдық ғылымы пайда болып, ал 50 жыдары педагогикалық инноватика қалыпасты. КСРО-да бұл термин ХХ ғасырдың 70 жылдарынан бастап қолданыла бастады. Егер орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiне қарасақ онда «жаңалық» сөзiнiң төркiнiнде өмiршендiк немесе тиiмдiлiк тyралы ештеңе айтылмайды, яғни «жаңа» деген жаңадан жасалған, таныс емес, белгiсiз, өткеннің орнына лаық болған деп керсетiлген .

Мектеп басшылары бұл  берiлген анықтамаларды сараптай келе жаңалықтың барлығы ылғи да жағымды  нәтиже бере бермейдi деген тұжырымға  келдi:

-         кез келген жаңа дүние мектептiң көкейкеcтi мәселесiн шешуде басты құрал бола бермейдi;

-         әрбiр жаңа дүние белгiлi бiр жағдайда ғана туындайды және нақты бiр ғана педагогикалық мәселенi шешуге бағытталады;

-         жаңалықты пайдаланушьшар санының көбеюi, жаңа тәжiрибелердiң пайда болуы және оларды игеру жаңалықты меңгерудiң тиiмдi жағдайларын қиындата түceдi.

Әрбip жаңа педагогикалық  әдiстiң екі жағы болады: технологиялық-әдісті пайдаланудың өзіндік ерекшелiктерi және жаңалықты игеруге өзіндiк  әсер eтyi.

Қазiргi педагогикалық  сөздiктер педагогикалық инноватиканы педагогикалық ic-әрекеттiң жаңару үрдiсiн, оның принциптерiн, зандылықтарын, әдic-тәсiлдерiн зерттейтiн сала ретiнде қарастырады, ал педагогикалық инновация деп тәрбие мен бiлiм берудiң тиiмдiлiгiн артгыру мақсатында педагогикалық ic-әрекетке енгiзiлген жаңалыктар деп түсiндіріледi.

Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұгалiмдерден  өз мінез-құлқтарын, ұстанымдарын Mүмкіндіктерін  түрлендiрудi талап eтедi. Инновациялық ic-әрекет адамдардың шығармашылық жемiстi қызметiнiң бip түpi және оған мотивациялық, креативтік, технологиялық, шартты компонеттер  жатады . Сонымен қоса мотивациялық компонент педагогтардың педагогикалық  жаңалықтарға деген сұранысын, ол жаңалықтарды қабылдау дәрежесiн көрсететін кәсiби шығармашылық бағыттарының мазмұнын анықтайды.

Креативтiк компонент  икемделу, өзгеру, қайта өзгеру, бар  тәжiрибенi қайта жаңарту, оны педагогикалық  жағдайларға ыңғайластыруды қамтамасыз етедi. Технологиялық (iс-қимылдық) компонент  инновациялық ic-ерскеттiң жүзеге асуымен  байланысты, яғни жаңалықты педагогикалық  үpдіске енгiзу және оның жүру барысын, іске асуын бақылау деген сөз.

Шартты компонент белгiлi бiр инновациялық жүйенi көптеген нақты  зерттеулер нәтижесiмен өлшей отырып, иновацлиялық ic-әрекеттiң мақсатын, зерттеу объектiсi мен нәтижесiн  түйсiнуге және бағалауға мүмкiндiк  бередi.

Әдiстемелiк оқудың соңында  инновацию, «педогогикалық инновация  деген түсініктерді зерделей келе аудан  мектеперiнiң басшылары, оқу ісінің меңгерушiлерi инновациялық жағдайда жұмыс iстейтiн бiлiм беру ұйымдарының басшылары үшiн төмендегі маңызды шарттар қажeт деп тоқталды:

-         Педагогтар бiлiктiлiгiн  жетiлдiре отырып  мектептi  басқарудағы

басымдылықтарды анықтау;

-         өзгертушi күшi бар басқаруды жүзеге асыру;

-         басқарушылық iс-әрекетте педагогикалық та, басқарушылық та тиiмдi технологияларды қалыптастыруға бағыттау.

Әдістемелік семинардың бiр  сабағы бiлiм саласындағы инновациялық кедергiлердiң басты себептерін анықтауға  арналды. Ф.М.Русинов, В.И.Антонюк сияқты зерттеушiлер психологиялық кедергiлер  дегенiмiз әрекеттердiң, түнiктердiң, ой қорытулардың, күтудің жиынтығы дейдi, жаңалықтарға қарсы қызметкерлердiң  саналы немесе ойланбай, ашық немесе жасырын, әдейi немесе кездейсоқ бiлдiретiн  тepic әлеуметтiк-психологиялық көңiл күйлерi деп түсiндiредi.

Әрекет ету және оны  түciнy кезіндегi қиындықтардың пайда  болуы белгiлi бiр жағдайларды  объективтендіруге де бaйланысты, өйткенi ол жаңа ойлардың пaйда болуы мен  дамуын тудырушы алғы шарт болып табылады.

Біздің пайымдауымызша, әрекет кедергiлерi адамның ақыл-ой қызметінің  жандануына түрткі болады, қалыптасқан  «қиын» жағдайлардан шыудың әдiстерi мен  тәсілдерін табуға әсер етіп, жәрдемдеседi.

Инновациялық кедергiлердiң  анықтауыштары ретiнде мына параметрлердi қарастыруға болады:

·                   Кедергілердің құрамы, яғни қызметкерге кері әсер етyшi нақты факторлар;

·                   Кедергілер дәрежесі, теpic пікірлердің қызметкерлердiң санымен анықталады;

·                   Кедергілердің сипаты, яғни теpic пiкiрдегi қызметкерлердiң қарсылық бiлдiруiнiң формалары;

Жеке топтарда жұмыс iстей отырып басшылар инновациялық кедергiлердiң  жaғымды да, жaғымсыз да жақтары бар  екедігiн анықтады. Кедергiнiң оңды жақтары, бiрiншiден ол жете ойластырылмaған  және шапшаң күштеумен енгiзілетiн  инновациялық шешiмдердiң жүзеге асуына бөгет жасайды, өйткенi оған әлi объективтi жағдайлар пiсiп жетiлген жоқ, екiншiден, ол инновациялық үpдicтe қоздырушы күш рөлiн атқарады, жаңашылдардың қызмeтiн жандандыра отырып, олардың қол жеткенге тоқтап қалмай, iлгерiлеуi үшiн күш жұмсауын талап eтeдi, үшiншiден, кедергi әрқашан да индикаторлық қызметтi аткарады, жаңашылдарға оперативтi, тұрақты, нақты хабар бере отырып, қабылданған шешiмдердiң осал жақтарын көрсетiп бередi және инновацияның әлi де толық жұмыс жасамаған элементтерiн анықтап, аса қажеттi түзетулер жасайтын негiзгi бағыттарды көрсетедi.  

 

 

 

Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы бойына қалыптастыру  

 

Адам мәдениетiнiң компонентi қазiргi дүниетанудaғы бастысы екенi түсiнiктi.

Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп отырған қоғамда  өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны  туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты сүю үшiн  ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай заңдылыктарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу қажет.

Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол қалпында қалып  қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық қоғамдaғы өміpге балаларды  дайындау үшiн олардың тек ойлау  қабiлетін, анализ бен синтез жасау  мүмкiндiктерiн ғана дамытып қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi - aқпараттық мәдениет элементтерiн  бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмip сүpeтiн адам бастауыш мектептің өзiнде-ақ өзiн-өзi шектей бiлетiн негiзгi нормалар мен ережелердi игеруi тиiс.

Осыған орай бастауыш сыныпта "Ақпараттық меәениет негiздерi" пәнiн  енгiзу мынадай мақсаттарды көздейдi:

·сезiмдi ынталандыру;

·бiлiм, бiлiк дағдыларын дамытуға қызығушылығын  арттыру;

·жауaпкершiлiгi мен мiндеттерiн қалыптастыру:

·есеп пен талдау жасау дaғдыларын үйрету;

·логикалық және ақпараттық ойлау қабiлеттерiн дамыту.  

 

Сезiмдi ынталандыру  деген бiлiм беруге жағдай жасау, сабақ кезiнде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерiн тиiмдi пайдалану, алға қойған мақсатты  жүйелеу болып табылады.  

 

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерліктехника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.  

 

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым . 

 

 

  

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалықбілімділікжәне ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық құралдарын кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу-тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауі, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 
Сезімді ынталандыру деген білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады. Осы жаңа технологияға нақты түсінік берер болсақ (Слайд 2) 
Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты-оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет етеді. Білім саласында компьютер оқу үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. 
Жергілікті, аймақтық және басқа компьютерлік желілерде қолдану үшін жұмсалалы. Оқытудың ақпараттық технологиялары осы ақпараттық білім жүйесінің шегінде асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын мәнінде бәрі керісінше оқытудың ақпараттық-технологияларының бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық білім ортасына ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелерге қосылады. 
Ақпараттық-коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Кез-келген сабақта электрондық оқулықты пайдалананып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Ол «_9_» сыныбындағы «Exsel-дегі мәліметтер базасы. Диаграммалар. Есептеулер. Практикалық жұмыс» тақырыбындағы сабақта компьютерлік технологияны тиімді пайдалану арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, Exsel программасында мәліметтерді енгізу, формулаларды және функцияларды пайдалану, енгізілген мәлімет арқылы диаграмма құруға машықтандыруда көрінді, ақпараттық ізденіс қабілеті арттырылды. АКТ пайдаланудың мәні компьютерлік техниканың мүмкіндіктерін баланың жеке тұлғасын дамыту проблемасының маңына топтасқан дидактикалық-әдістемелік проблемалық міндеттерді шешуге бағындыру арқылы табылатындай мынадан көруге болады. 
Сондай-ақ педагогтың компьютерлік сауаттылығы АКТ пайдаланудағы жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады. 
Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды талап етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда. 
Интернет жүйесінде жұмыс істеу оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып, оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер алатыны хақ. Интернетті пайдалану арқылы оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алу арқылы білімін жетілдіре түсетіні сөзсіз. 
Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. 
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығымен өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығыда мектеп. 
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. 
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. 
Мысалы: 9 сыныпта «Компьютерлік желілер» тақырыбында жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетуді жөн көрдім. (Слайд 6,7) 
Жоғарыда айтылған Exsel бағдарламасы көмегімен жауабын таңдап және автоматты түрде баға қоятын тест құрастыруға болады. Немесе осы сабақта Венн диаграммасы арқылы электрондық пошта мен кәдімгі поштаның ұқсастығымен айырмашылығын салыстырдым. 
Мектеп оқушыларының білім сапасын тексеру жүйесіне арналған компьютерлік педагогикалық құралдарды пайдалану, бақылау, өзін-өзі бақылау, жаттығу, бақылау нәтижелері бойынша түзету, тіркеу, жинау, сақтау, зерттеліп отырған обьектілер туралы ақпараттарды өңдеу және түрлі формада көрсетілген ақпараттардың жеткілікті үлкен көлемін беруді іс жүзіне асыруға мүмкіндік береді. 
Оқыту нәтижелерін бақылауды компьютерлік бағдарламаларын әзірлеу кезінде мыналарды ескерген жөн: 
ЭЕМ пайдаланумен бірге оқу жұмыстарын ұйымдастыру мен тиісті компьютерлік бағдарлама қамтамасыз етуді әзірлеу процесі кезінде мектеп оқушыларының келесі негізгі ерекшеліктерін ескеру қажет. 
Жоғарыда айтылған ой-пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде мектеп пәндерін оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын меңгерген дүниежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол. 
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.


Информация о работе Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері