Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:10, реферат
Қазақстан Республикасының білім беруді 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында ақпараттық және коммуникативтік технологияны білім беру жүйесін жеделдетіп дамытуға қолдану негізгі міндеттердің бірі ретінде анықталады.
Ақпараттық-комуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Аталған бағыттарды дамыту үшін құқықтық-нормативтік, материялдық-техникалық, ғылыми-әдістемелік және ақпаратттық жағынан қамсыздандыру педагог мамандарды даярлаудың негізгі бағыттарының біріне айналып отыр.
Білім беруді қайта құру мұғалімінен үлкен дайындықты талап етеді. Олай болса, олардың тұлғалық қасиеттері мен мамандық құзырлықтарына жоғарғы талап қойылады. Қазіргі уақытта мұғалім білім беру жүйесіндегі кез келген қайта құруларды педагогикалық процестің негізгі субъектісіне айналып отыр.
Қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Бір уақытта педагог, психолог және оқу-процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Сонымен қатар оқушының шектеусіз қабілетін дамыта алатындай білім берудің әлемдік кеңістігін құруға қабілетті бола білуі шарт. Бұдан мұғалімнің мамандық шеберлігі анықталады.
Басқаша айтқанда, білім беруді ақпараттандыру процесі мұғалімнің дайындық деңгейі мен мамандық сапасына үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің өзін-өзі дамуына, өзіндік білім алуына және шығармашылық түрде өздігінен қызметтерін іске асыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұғалімдерді жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуіне және оқыту құралы ретінде пайдалану бағыттары бойынша білімдерін көтеру және қайта даярлау курстарының мазмұнын өзгертіп, жасақтау қажеттілігі туындады. Педагог мамандардың біліктілігін көтеру және қайта даярлауда ақпаратттық әлемде оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың негізгі құралдарын, жаңа әдістер мен формаларды кез келген уақытта таба білуіне мүмкіндік туғызу. Мұндай жағдайда педагог мамандар өзін-өзі дамытуына және өздігінен білім алуына мүмкіндік алады. Бұл жағдайда дамытудың өзектілігі – жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне жан-жақты, әрі еркін пайдалана білуге үйрету дайындау кезеңдерінің сапалығымен анықталады.
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Ақпараттық – коммуникациялық технологияның оқыту
процесіне қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері
ә) Мұғалімнің ақпараттық – коммуникациялық құзырлылығы
мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру
б) Білім берудегі ақпараттық технологиялар
в) Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары
басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы
туралы
г) Ақпараттық мәдениетті оқыту процесінде оқушы
бойына қалыптастыру
III. Қорытынды бөлім
IV. Әдебиеттер
3. Файлдық серверлерге
негiзделген желiде
4. Құрылғандардың құрамы
мен программалық жабдығы
Жергiлiктi желi атқаратын қызметі мекемеде Windows 9х, Windows 2000 Profesional жене Windows NT W orkstation операциялық жүйелерi орнатылған бiрнеше компьютер болса, олардыжергiлiктi желiге коскан орынды.
Жергілікті желінің қамтамасыз ету мүмкіндіктері:
- Ақпараттың арнайы серверлерде сақталуы, бірнеше пайдаланушылардың қандай да бір дерекупен жұмыс істеуі;
- Бірнеше пайдаланушылар қолданатын программалық жабдықтарды файлдық дискілердің серверлерінде бір ғана данадан сақтау;
- Электрондық пошта мен топтық жоспарлауды пайдаланатын пайдаланушылардың ұжымдық жұмыс істеуі мен құжат айналымы;
- Желілік принтерлерді бірлесіп пайдалау;
- Интернетке қосылу мүмкіндіктері;
- Ақпараттың резервтік көшірмесіналу және орталықтандырылған қорғау.
Бiр рангiлi желi құру үшiн жоғарыда aйтылған операциялық жүйелерi бар стандартты программалық жене желiлiк жабдықтар (кабельдер, желiлiк адаптерлер) қажет. Тек MS- DOS операциялық .жүйесiнде жұмыс iстейтiн компьютерлердi Workgroups Add-On for Dos программасын орнатқаннан кейiн желiге қосуға болады.
Бiр-бiрiне жақын орналасқан
бiр рангiлi желiге қосылған бiрнеше
компьютер жұмыс топтарына
Желiдегi компьютерлер санының артуына (10 apтық) қарай мәлiметтердi тасымалдау қиындaй түceдi. Мұндай жағдайда cepвepi бар желi құрып, компьютерге ресурстар мен тұтьшушыларды орталықтан басқару мүмкiндiгiн беретiн қуатты Windows 2000 Server операциялық жүйесiн орнатқан абзал.
Ортақ деректер базасының каталогi, желiлiк ресурстар мен бiрыңғай қорғаныс саясатын бөлiсудiң орталықтандыpлған тәсiлi бар компьютерлер тобының домен атауы болады.
Әрбiр дoмeнгe жеке ат берiледi. Доменнің деректер базасы каталогi домен бaқылаушысында (контроллер) сақталады. Әрбiр доменде тек бiр ғана негiзгi бaқылаушысы болады. Mүмкiндiгiншe бiр немесе бiрнеше резервтiк домен бақылаушы болғаны дұрыс.
Windows 2000 Professional операциялық
жүйесi әр түрлi қызмет көpceтeтін
бiр пайдаланушығa арналған станцияларын
серверлермен байланыстыруға
Желiдегi компьютерлер жұмысын программа басқарады, барлық компьютерлердiң бiр-бiрiне жiберетiн және қабылдайтын ақпараттары араласпай, тиянақты жеткiзiлу үшiн, олар бipтілмен – ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Компьютерлердің бiр-бiрiмен байланыс жасау ережесi желілік хаттама деп аталады.
Windows 2000 Professional операциялық
жүйесi aқпарат тасымалдау жылдамдығы
жоғары желiмен жұмыс істeyгe
мүмкіндік бередi. Транспорттық хаттаманы
таңдау желi топологиясына
Windows 2000 - корпоративтiк жеке
меншiк ұйымдастыpуға арналған
бірқaтар жаңа хаттамаларды
Active Dirесtoгу - үлкен жергiлiктi
желi әкімнің (администратор)
Қала, облыс, ел iшiнде орналасқан желiлер аймақтық деп аталады. Егер олар қайсы бiр ұйымға немесе ұйымдар тобына қарасты болса, онда корnоративтiк деп аталады. Мысалы, Қазақстан Республикасының ұлттық банкiнiң желiсi - Banknet, негiзгi банктiң компьютерлерiн оның барлық филиалдарының компьютерлерiмен (аудандық бөлiмшелерiн қоса) бiрiктiредi .
Одан үлкен көлемдегi, бүкiлелдерге, құрлықтарға тapaғaн желiлер ауқымды деп аталады. Олар корпоративтiк те, жалпы да бола алады. Мысалы, Интернет сияқты олардың кез келген пайдаланушыларға қызмет ету мүмкiндiктерi бар.
Компьютерлердi желiге олардың
ресурстарын бiрлесiп
Компьютердің ресурстары ақпараттық және техникалыққа бөлiнедi. Ақnараттық ресурстарға программалар және деректер , ал техникалықтарға - nринтерлер, модемдер, сканерлер, график салгыштар кiредi. Ақпаратты сақтау құралдары, CD-ROM, ZIP, DVD сияқтылар ақпараттық pecypcтapғa кiредi. Олар программалар және деректерi бар қапшықтар peтiндe қаралады. Оларға қосылу логикалық дискiге жасалғандай жүзеге асырылады. Орналасқан компьютерiнен ғанa қол жеткiзуге болатын ресурстар жергiлiктi деп аталады. Желiнiң басқа компьютерлерiне де ашық компьютер ресурстары оpтақ немесе желiлiк деп аталады. Жергiлiктi және ортақ; ресурстар түсініктері шартты. Бұл - жергiлiктi ресурсты ортақ етуге болады және, керiciнше, ортақ ресурсқа жергiлiктi мәртебесiн беруге болады (яғни басқа пайдаланушыларға жолды жауып тастау) деген сөз.
Ортақ ресурстар орналасқан компьютер сервер деп аталады. Сервердегi акқаратқа жол ашатын және осы ресурстар пайдаланылатын компьютерлер клиенттер немесе жұмыс станциялары деп аталады. Есептеу желiлерi желілік операциялық жүйелер басқаруымен жұмыс істейді. Негiзгi желiлiк операциялық жүйелерге Novell NetWare, Windows NT, OS/2 Warp UNIX кiредi. Windows 95, 98 операциялық жүйелерiнде құрамдас желiлiк құралдар бар.
Желiлiк ОЖ пайдаланушыларға желiнiң бiр компьютерiнен басқасына файлдар көшiруге, желiнiң бiр компьютерiнен басқасында орналасқан деректердi өңдеуге, ал кейбiр жағдайларда басқа компьютер жaдындa орналасқан программаны қосуға мүмкiндiк бередi.
Компьютерлiк желiлердi қолдану мыналарды жүзеге aсыруға мүмкiндiк бередi:
• ақпаратты өңдеу процесiнiң нақты бiр компьютерден тәуелсiздiгi;
• желiнiң бiр ДК -сында сақталу есебiнен бiр ақпаратты қосарлау мүмкiндiгiнiң жойылуы;
·ақпарат сақталуы сенiмдiлiгiнiң жоғарылауы;
·ақпаратты рұқсат етiлмеген енуден қорғауды жақсарту:
·ұйымның бөлiмшелер және қызметкерлерi мен apacындa жылдам, қағазсыз а қпарат алмасу мүмкiндiгi.
Білім берудегі ақпараттық технологиялар
Компьютер, телекоммуникациялық және желілік құралдар ақпараттарды қабылдаудағы әдістерді өзгертіп, әртүрлі әрекеттерге жаңа мүмкіндіктерді ашып отырып, қазіргі қоғамның даму кезеңіндегі оқыту мақсатының көкейкесті және маңызды мәселелеріне қол жеткізеді. Білім берудегі ақпараттық технологиялар оқытуда қолданылатын электронды құралдар мен оларды функционалдау тәсілдерінің жиынтығын анықтайды. Білім беруде қолданылатын бағдарламалық-техникалық құралдардың классификациялық белгілері ретінде мыналарды айтуға болады:
- дидактикалық бағыт;
- бағдарламалық ұсыныс;
- техникалық ұсыныс;
- пәндік аумақта қолданылуы.
Дидактикалық бағыт бойынша классификация
Бағдарламалық-аппараттық комплекстің дидактикалық бағыты бойынша классификация белгілерін кейбір әдебиеттерден кездестіруге болады. Мысалы, үйренушілерге компьютер арқылы берілетін білімді келесідей классификациялау керек. Біріншіден, білімді анықыталған және анықталмаған деп бөлу қажет болып табылады. Ал, кейінірек жасанды интеллект аумағында зерттеулердің дамуымен бұл білімдер артикулденетін және артикулденбейтін болып аталатын болды.
Білімнің артикулденетін
бөлімі – бұл үйренушілерге
Білімнің артикулденбейтін
бөлімі – интуиция, өтіл (опыт) негізінде
құралған білімдер. Бұл бөлімнің білімі
үйренушілерге берілмейтін, практикалық
есептерді шығаруда жеке тапсырмаларды
орындау кезінде қол жеткізуге
болатын іскерлікті, тапқырлықты
және адам өтілінің басқа бөлімдерін
қамтиды. Білімнің мұндай классификациясына
сүйене отырып, оқыту бағдарламалық-аппаратық
комплекстерді
- компьютерлік оқулықтар;
- оқытылатын мәліметтер қоры;
- үйренушілерге белгіленген ақпаратты ұсынатын , дұрыс меңгеруін тексеретін, сақтауға мүмкіндік беретін мәтіндік және бақылау бағдарламалары мен басқа компьютерлік құралдар.
Бағдарламалық-аппараттық комплекстерді құруда және білімнің артикулденбеген бөлімін меңгеруде қолданылатын технологиялар процедурлік деп аталады. Бұл топтың компьютерлік ақпараттық технологиялары білімнің ақпараттарын бірнеше бөліктерге бөліп тексермейді және ақпарат бөліктерін қамтымайды. Олар әртүрлі модельдер негізінде құрылған. Бұл жағдайда компьютерлік ақпараттық технологияларға мыналар жатады:
- қолданбалы бағдарламалар пакеті (ҚБП);
- компьютерлік тренажерлер (КТ);
- зертханалық практикумдер;
- ойындардың бағдарламалы;
- үйренушілерге зерттеу кезінде оқытылатын пән бойынша білім алуына (қосуына) мүмкіндік беретін экспертті-үйрену жүйелері (ЭҮЖ) және басқа да компьютерлік құралдар.
Ақпараттандыру жағдайында білім ұйымдары басшыларының инновациялық кедергілерден шығуы туралы
Қазіргі заман жылдам әрі
терең өзгерістермен
Fылыми әдебиеттердегi
инновациялық мәселелердiң
Олар:
· бiлiм беру жүйесiне деген қоғамның объективтi талaптaры мен жүйенiң жaғдайлары арасындағы;
· мектеп жүйесiне енгiзiлiп жатқан өзгерiстер мен оның қалыптасуын дәстүрлi өмip салтын сақтауы арасындағы;
· инновация жағдайында мектептi басқару қажееттіліг мен бiлiм беру саласындағы инновациялық үpдicтi басқару теориясының жоқтығы;
· басқару қызметiнiң дәстүрлi деңгейiн жүзеге асыру мен мектеп пен қоғамның қазiргi қажеттiлiгiне сай жаңашыл шығармашылықпен ойлай алатын басшы-нпаваторлар арасындағы сәйкессiздiк.
Бұл қайшылықтарды тек бiлiм бөлiмдерiнiң арнайы ұйымдастырған жұмысы арқылы ғaнa шешуге болады.