Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2013 в 07:35, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан бүгінде әлеуметтік - экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінде. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық. Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты.

Оглавление

Кіріспе
1.Кредиторлық берешек аудитінің мазмұны
2.Ағымдағы міндеттемелердің аудиті.
Аудиторлық тексеруді жоспарлау және тәуекелділік..
3.Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудиті.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Файлы: 1 файл

Курсовая УПП.doc

— 178.50 Кб (Скачать)

Аудиторлық  қорытындыдан басқа басшылыққа хат  дайындалады, онда аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі жағдайлары мен ұйымға әртүрлі ұсыныстар жасалады.

Аудиторлық  есеп құпия құжат болып табылады, онда анықталған бұзушылықтардың нормативтік  сілтемесі мен жеке объектілер бойынша  қателерді жөндеу жолдары көрсетіледі. Құжаттың бір данасы - ұйымда, ал екінші данасы аудиторлық фирмада сақталады. Аудиторлық қорытындыда жасалған ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі туралы анықтама аудиторлық шешімнің растаушысы болып табылады.

Бұндай тексеріс нәтижесінде келесідей құжат  түрлері жасалған:

- әкімшілік:  ұйым туралы ақпарат: ұйымды  тіркеу туралы куәлігі, құрушы құжаттар, сақтандыру қорында тіркеу туралы куәлік, ҚҚС төлеушіні тіркеу куәлігі;

- ұйымдастырушылық: келісім-хаты, аудиттің бағдарламасы  мен жоспары;

- өткен тексерістердің нәтижелері;

- ұйымның қаржылық  есептілігі;

- несие берушілер  тізімі;

- қысқа мерзімді  қаржылық міндеттемелер бойынша  операцияларды есепте көрсетуіне  сауалнама жүргізу;

- ішкі бақылау  жүйесіне сауалнама жүргізу;

- несиені қолдану  бойынша шығындардың салыстырмалы кестесі;

- несиелердің  мақсатты қолданылуын тексеру;

- міндеттемелер  пайда болуының бастапқы құжаттарының  көшірмесі;

- контрагенттермен  қолда бар құжаттарды салыстыру;

- несие берушілерден  түскен шағымдар;

- қысқа мерзімді  қаржылық міндеттемелерге аудит жүргізу кезінде анықталған бұзушылықтар мен қателердің тізбегі;

- қысқа мерзімді  қаржылық міндеттемелер есебі  бойынша табылған қате жазулар  кестесі;

- инвентаризация  нәтижесі мен арнайы ведомосттар;

- 3010, 3020, 3030, 3040, 3050 шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есеп регистрлері және т.б.

Жабдықтаушылар  мен мердігерлердің арасындағы есеп айрысулар құжаттар бойынша жүргізіледі. Мердігерлердің алдындағы міндеттемелерді  келісімшарттармен, қолданбалы немесе көрсетілген қызметтердің акт және шот-фактуралар бойынша мойындау жүргізіледі. Шот-фактура барлық салық төйлеушілердің алдында міндетті құжат болып табылады және қызметтерді орындау кезінде қолданбалы немесе көрсетілген қызметтер бойынша акттар толтырылады.

Салықтық кодекстің 242 бабына сәйкес шот-фактурада мыналар көрсетілуі міндетті:

  1. шот-фактураның реттік нөмері мен толтырылған күні;
  2. тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) беруші мен алушының тегі, аты, әкесінің аты не толық атауы, мекен-жайы және тіркеу нөмірі, сондай-ақ өнім берушінің қосылған құн салығы бойынша есепке қойылғаны туралы куәліктің нөмірі;
  3. өткізілген тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) атауы;
  4. салық салынатын айналымның мөлшері;
  5. қосылған құн салығының ставкасы;
  6. қосылған құн салығының сомасы;
  7. қосылған құн салығы ескерілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) құны көрсетулерге тиіс.

 

 

Кесте 2. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу аудитінің бағдарламасы.

 

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

  1. Тауарлы-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру.

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

2. Тауарлы-материалдық  қорлардың саны мен сапасы  жөніндегі тілек-талаптарды рәсімдеудің  дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы  түбіртектері, салыстыру тізімдемесі  және т.б.) жабдықтаушыға, темір жолға  немесе кеме шарушылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

3. Алынған құндылықтарды  кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру.

Қабылдау актілері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебітізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б.

4. Жабдықтаушылар  мен мердігерлерге берешектің  анық сенімділігін, шынайлығын және  заңдылығын тексеру. 

Шарттар (сатып  алу, бірлескен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, тқлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер,  Бас кітапты, баланс және т.б.

5. Весельдерді  пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС  алып тастап, жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айрысудың  дұрыстығын тексеру.

Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5, 6 журнал-ордерлер, салықтық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітап және т.б.

6. Шот корреспонденцияларын  құрудың дұрыстығын тексеру, аналитикалық  есеп мәліметтернің синтетикалық  есеп мәліметтеріне сәйкестігі

Шот-фактуралар, төлем тапсырмалар, 6 журнал-ордер, Бас  кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар.




 

 Қазіргі  кезде кәсіпорындарда жкрнал-ордері  қолданылмайды, ол тек қана  ХҚЕС өтпеген ұйымдарда қолданылады,  ал өткендері 1С бухгалтерлік  программасын қолданады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Әлемде орын алып отырған қаржы нарығындағы  дағдарысқа қарамай, біршама даму бағдарламаларды  қаржыландыру тоқтатылса да, әлеуметтік бағдарламалардың ешбір кедергісіз жүзеге асырылатынын Елбасыныңың өзі  міндеттеуі – әлеуметтік саясат басты бағыт екенін көрсетеді. Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті  жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар  жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.

Қазақстандық  бухгалтерлік есептің ХҚЕС көшуіне  байланысты қазіргі шаруашылық жағдайында бухгалтерлік есеп басқару шешімдерін қабылдауда маңызды орын алады.

Кәсіпорын өз ондірісінің  тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске  қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды тауарлы-материалдық қормен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өңдірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім-шартқа сатып алатын тауар мен материалдың түрін, көлемін және коятын талаптарын ашық түрде жариялап отырады.

Қазіргі кезде, жабдықтаушылар мен мердігерлер, сатып алушылармен тапсырыс берушілермен есептесуге көңіл бөлінеді. Бұл жағдай үнемі шаруашылық құралдардың айналымы түрлі есептеулердің үзіліссіз жанарып тұруына ықпал етеді.

Ең таралған есептеу түрі - жабдықтаушылармен шикізатқа, материалдарға, тауарлар және де т.б. құнды заттарға есеп айырысу түрі болып табылады.

Осы шарт талаптарын отырндау мақсатында кәсіпорын жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін 3310"Жабдықтаушылар және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) қарамастан,жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар.

Атқарылған  жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310 шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Аудиттің объектілері  ұйымның ерекшелігіне, басқарманың талаптарына байланысты әртүрлі болуы мүмкін: бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік, салық есебі, ұйымды басқару құрылымы, ұйымның активтерінің жағдайы, қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі және т.б. Ал қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер аудитінің объектілеріне келесілер жатады:

- қарыздар бойынша  банктермен;

- қысқа мерзімге  алынған қарыздар бойынша банктен  тыс мекемелермен;

- дивиденттер  және қатысушылар табысы бойынша  алашақтардың қысқа мерзімді  қарыздары бойынша;

- ұзақ мерзімді  қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі бойынша;

- қысқа мерзімді  басқалай қаржылық инвестициялар  бойынша есеп-айырысу.

Аудиторлық  тексеру жүргізу үшін қажетті  ақпарат көздері:

- заңға және  белгіленген нормаға сәйкес құжаттар;

- шаруашылық  келісім-шарттары;

- коммерциялық актілер;

- ішкі ұйымдастыру  құжаттары;

- өткен мембақылау, ішкі бақылау мен аудиттің  материалдары;

- бастапқы және  қосымша есеп құжаттамасы (төленетін  шоттар, шот-фактуралар, сенім хаттар, аванстық есептер, кассирдің есептері, банктік көшірмелер, тауарлы-транспорттық қосымшалар, төлем тапсырмасы, төлем құжаты);

- бухгалтерлік  есеп регистрлері (3010 "Қысқа  мерзімді банктік займдар", 3020 "Қысқа мерзімге алынған қарыздар", 3030 "Дивиденттер және қатысушылар  табысы бойынша алашақтардың  қысқа мерзімді қарыздар", 3040 "Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелердің ағымдағы бөлігі ", 3050 "Қысқа мерзімді басқалай қаржылық инвестициялар " шоты бойынша сомалардың қозғалысы бойынша мәліметтер; № 4, 5, 9 журнал-ордер немесе экономикалық ақпараттарды арнайы бағдарламада өңдеген жағдайда жүйедегі ақпараттар);

- инвентаризациялау  мәліметтері;

- тоқсандық  және жылдық бухгалтерлік есеп, бас кітап, "Сату" кітабы, "Сатып  алу" кітабы;

- кредиторлық  қарыздың қозғалысы бойынша статистикалық  есептер және т.б.

 Осылайша, жұмыста аудиттің бір түрі таңдалған - бұл операциондық аудит. Оның жалпы мақсаты - есептілікте тартылған қаражаттардың қолда бары мен қозғалысы ретінде көрсетілетін ұйымның қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелері бойынша есеп-айырысу жағдайы туралы мағлұматтардың объективті және сенімді болу деңгейіне өз пікірін білдіру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді  шешу қажет:

- ұйымдағы ішкі  бақылау жүйесі мен бақылау  тәуекелділігін бағалау;

- жасалған есептіліктің  объективтілігін растау үшін  мағлұматтар жинау.

Кез келген аудиторлық тексеру үш кезеңнен тұрады: ұйымдастыру (дайындық), зерттеу (негізгі), аяқтау.

Ұйымдастыру кезеңі өз алдына екі әдістемеден тұрады: клиентпен келісім-шартқа отыру, жоспарлау (старегиясы).

Аудитті жүргізудің негізгі кезеңі тыңғылықты жоспарлау болып табылады, ол аудитордың аудитті жүргізу мерзімі, графигі және көлемі көрсетілген жалпы жоспарын жасауынан тұрады. Біріншіден, клиенттің аудиторды шақыру себебін анықтау қажет. Сосын клиенттің айналысатын қызметімен, ішкі бақылау жүйесімен танысып, аудиттің жалпы бағдарламасы мен жоспарын дайындау болып табылады

Осы жабдықтаушылар мен мердігерлер қатынасы бойынша  жасалған шарттар негізінде ұйымдастырылған  бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды  дұрыс жолға кою мақсатында жабдықтаушылар сеніміне кіру арқылы өндіріс үрдісін қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер

 

  1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» заңы, 2 қараша 1998 ж.№ 304 (өзгертулерімен және толықтырулары).
  2. ҚР «Салық кодексі» 2010ж. (өзгертулерімен және толықтырулары).
  3. Президенттің “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау        қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қаблетті 50 елдің қатарына кіру стратегисы” атты жолдауы 2006.
  4. «Аудит» З.Н. Әжібаева, Н.Ә. Байболтаева, Ж.Ғ. Жұмағалиева. Алматы – 2006
  5. Адамс Р, Основы аудита., Масква, «ЮНИТИ», 1995г.
  6. Дюсембаев К.Ш. , Теория аудита, Алматы, Экономика, 1995г.
  7. Байдәулетов М., Байдәулетов С.М., «Аудит»: оқу құралы.- Алматы: Қазақ        Университеті, 2004ж
  8. Дюсембаев К.Ш. и др. «Аудит и анализ финансовой отчетности». Алматы         1998г. 432с.
  9. Дюсембаев К.Ш., «Аудит и анализ в системе управления финансами»        Алматы 2000г.,
  10. Данилевский Ю.А. Шапигузов С.М., Ремизов Н.А., Старовойтова Е.В. Аудит: Учеб. пособие. М.: ИД ФБК-ПРЕСС, 2002
  11. Биримкулова К.Д., Аудит. Проблемы и решения. // под ред. Чаловой К.Ч.// Бишкек, 1998г.
  12. Абдыкалыков Г.А., Сатмурзаев А.А. Основы бухгалтерского учета и аудита. Учебное пособие, Уральск, Дастан, 2001г.
  13. Ержанов М.С. «Теория и практика аудита», Алматы 1994г.
  14. Ержанов М.С. «Аудит 1», Алматы, 2005 г.

Информация о работе Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудиті