Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 08:53, курсовая работа
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырады. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан елде ғылыми-техникалық саясат, әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде. Елдің микроэкономикасын басқаруға аса қажетті әртүрлі бизнес салаларындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін талдау, аудит және басқару есебі сияқты арнайы қолданбалы ғылымдарға ерекше маңыз беріліп отыр.
Материалдық емес активтер сипаттамасы
Материалдық емес активтерді бағалау,тану
Материалдық емес активтерге аммортизация есептеу
Материалдық емес активтерді түгендеу (инвентаризация)
Материалдық емес активтерді есептен шығару
Кейінге қалдырылған шығындар, яғни оларды бухгалтерлік есепте болашақта табыс әкелуі мүмкін қызметтерге кеткен шығындар деп атайды.
Олар баланста алдын ала төленген ұзақ мерзімді шығындар ретінде көрсетіледі. Кейінге қалдырылған шығындар физикалық формасы жоқ ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктеледі.
Ұйымдастыру шығындарры- бұл қызметті ұйымдастыру кезінде пайда болатын шығындар.
Материалдық емес
Материалдық емес активтерді бағалау кезінде бастапқы құн принципі қолданылады. Яғни материалдық емес активтер, активтерді сатып алумен байланысты барлық шығындарды қосатын сатып алу құны бойынша бағаланады.
Сатып алу құны- бұл барлық төлемдер мен олардың нақты анықталғанына байланысты, алынған активтердің ағымдағы нарықтық құны. Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады. Қызмет ту мерзімін анықтағанда келесідей факторлар ескерілуі қажет.
Материалдық емес активтер құны активтердің қызмет ету мерзімінде жүйелі түрде есептен шығарылуы керек. Материалдық емес активтердің амотизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде жүйелі түрде жүзеге асырылады. Аммортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, аммортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек. Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін мерзім сайын қайта қарастырып отырылуы қажет. Қандай жағдай болмасын, материалдық емес активтердің аммортизациялық кезеңі, олардың сатып алған күннен бастап 40 жылдан аспауы керек. Халықаралық стандартқа сәйкес ХҚЕС 381 материалдық емес активтерді пайдалануда оның ағымдық, баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігінен жоғарылап кетуі мүмкін. Бұндай жағдайда аммортизацияланбаған құнды есептен шығарып және активтің құндылығының азайғандығын көрсететін, шығынды мойындау керек. Сату кезінде, айырбастауда немесе материалдық емес активтердің қандай да басқа жолымен шығыс етілуі кезінде одан түскен пайданы бейнелей отырып материалдық емес активтің шотынан оның аммортизацияланбаған құны есептеу шығарылады. Материалдық емес активтерде келесідей бухгалтерлік жазулар жасалынады:
Дт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
1050 «Банктердің корреспондентік есеп шоттары»
2010 «Корреспонденттік шоттар»
2020 «Сыйақы есептелетін талап етілгенге дейінгі салымдар»
2203 «Клиенттердің ағымдағы шоттары»
Дт 1659 «Материалдық емес активтер»
Кт 1856 «Күрделі қаржы салымы бойынша дебиторлар»
2856 «Күрделі қаржы алымы бойынша кредиторлар»;
Дт 5788 «Материалдық емес активтер бойынша
аммортизациялық аударымдар»
Кт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген
аммортизация»;
Дт 1699 «Материалдық емес активтерге есептелген
Аммортизация
Кт 1659 «Материалдық емес активтер»;
Дт 5852 «Негізгі құрал-жабдықтарды және материалдық
емес активтерді сату шығыстары.
Кт 1659 «Материалдық емес активтер».
Материалдық емес актив актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. (есепке тіркеледі). Материалдық емес активтер құны активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін.
Көптеген материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалы тауар белгілері басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары мен бір актив ушін төленген сомасы. Сол себепті көптеген материалдық емес активтер құнын екі жақты келісімі бойынша анықтайды. Материалдық емес активтер танылған кеезден бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастапқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субьектілердің өз күшімен жасалса;
Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және тағы да басқа.
Егер де метериалдық емсес активтер айырбас негізін де алынса, онда олардың бағасы нарықтық құн немесе осы тәрізді материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер метариалдық емес активтердің бастапқы құны несие есбінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезеңдік шығысқа жатқызылады, ал оның бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттердің субсидиясының) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтер тап осы түрінің құны бойынша танылады.
Материалдық емес ативтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтеді қабылдау беру» актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл атаулары және кәсіпорынға берілген күні, обьектілердің сипаттамасы, бастапқы құны, аммортизация нормалары және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.
Бағалау мына факторлар негізінде жүзеге асады:
Материалдық емес активтерді қабылдап алу актісі бір обьектіге бір данадан толтырылады. Көптеген тегі бірдей материалдық емес активтердіқабылдау жөнінде ортақ акт жасауға болады. Оларды өзге де кәсіпорынға сатқанда немесе тегін бергенде акт екі данадан жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.
Ұйым пайдалануына түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерінің есебі үшін қолданылады. Материалдық емес актив обьектілеріне жатқызу тәртібі мен олардың құралы заңдармен және нормативті актілермен реттеледі.
Бухгалтерияда әр обьектіге карточка жүргізіледі. Форма кі ріске алынуға арналған құжат, материалдық емес активтерді қабылдау тапсыру және басқа құжаттама негізінде бір дана болып толтырылады. 8 графада бастапқы құжат пен пайдалы қызмет ету мерзіміне негізделіп есептелінген мөлшер (норма) бойынша ай сайын есептелетін аммортизация сомасы көрсетіледі. Материалдық емес актив обьектілерінің қысқаша сипаттамасы бөлігінде тек қана актив обьектінің негізгі көрсеткіштері жазылады, ұйымда бар осы обьектіге арналған техникалық құжаттама мәліметтерін көшіруге болмайды.
Материалдық емес активтердің
қабылдау – тапсыру актісі мына формада толтырылады:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2004ж. 19наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген
Типтік форма № НМА-1
Кодтар |
ОКПО бойынша
СТТН
Ұйым __________________________
Материалдық емес активтерді
қабылдау - тапсыру
АКТІСІ № _____
Жасалған ай күні, жылы |
Опперация түрінің коды |
Дебет |
Кредит | ||
шот |
субшот |
шот |
субшот | ||
Материалдық емес активтер түрі ___________________________
Қысқаша сипаттама ______________________________
Беретін жақ ______________________________
Алатын жақ ______________________________
Алынған ай-күні, жылы |
Материалдық емес активтерді бағалау тәсілдері |
Материалдық емес активтердің бастапқы құны |
Пайдалы қызмет ету мерзімі __ 20 _ж дейін__20_ж |
Аммортизация нормасы |
Аммортизация сомасы, тенге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Беруге негіздеме:
Бұйрық (өкім) негізінде
«_____»_________________20ж.__
Материалдық емес активтерді____________________
Қабылдадым:
МП
Өткізді :____________ ______ _______________________
(қызметі) (қолы) (қойылған қолды анықтау)
Бас бухгалтер:
(қолы) (қойылған қолды анықтау)
«______»___________________
Материалдық емес активтерді нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 10 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша материалдық емес активтер келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша- материалдық емес активтердің есептен шығарылуы көрсетіледі. 10 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінің мүліктік есеп карточкасында жүргізіледі. Материалдық емес активтердің әрбір жеке обьектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік карточкалары «Материалдық емес активтерді есепке алу тізімдемелерінде» топтастырылады. Тізімдемелерде материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, бір айдағы қозғалысын көрсетеді.
Материалдық емес активтер құны нақты шығынмен де үстеме шығынмен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін 10 «Материалдық емес активтер» шоттарының бөлімшесінде, жеке «Материалдық емес активтерді жасау шығындары» деп аталатын ішкі субшоты ашылуы мүмкін. Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:
- материалдық емес активтер жасауға қатысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы;
- заң бойынша белгіленген еңбек ақы одан жасалынатын аударымдар;
- материалдық емес активтер жасау кезінде тұтынылатын тауарлар мен заттар;
-несие үшін төленетін пайыздар
-басқа да шығындар
- үстеме шығындар;
Сәйкес кезеңге дейінгі орын алған барлық шығындарға 821 шоты дебеттеліп, 10 «Материалдық емес активтер» бөлімше шоттары және «Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар» субшоты кредиттеледі. Субьектінің өзі жасаған тауар белгілері материалдық емес активтер ретінде танылмайды, өйткені олардың нақты құны анықталу мүмкіндігі бола бермейді. Жарнамаға кеткен шығындар есептік кезеңнің шығыстары болып есептелінеді және материалдық емес активтер алынаты құнына енгізілмейді. Яғни мына шығындар материалдық емес активтерге қатысы жоқ, олар тек кезеңдік шығындар болып саналады: