Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:33, реферат
2012 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болған әлеуметтік жаңғыртуға арналған бағдарламалық мақаласы жарияланды. Бұл процестің негізгі міндеті – экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында оңтайлы теңгерімге қол жеткізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыршешті бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.
Бүгінде ресми мәліметтерге қайшы келетін бейресми мәліметтерде соңғы 5 жылда Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша көлемі ондап емес, жүз миллиардтаған доллармен есептелуде. Бұл еліміздің жалпы ішкі өнімінің көлеміне теңгеріледі. Жуырда 2030 жылға дейінгі даму бағдарламасының жүзеге асырылу барысын сөз еткен ҚР Президенті Н.Назарбаев жалпы ішкі өнімді жедел арада екі есеге дейін көбейту керектігін айтқан болатын. Сарапшылар қауымы көлеңкелі экономикада жүрген қаражаттың көмегін пайдалануға болатынын айтады. Өйткені салық төленбейтін ақшаға мектеп, аурухана, емхана, балабақша салынбайды, көшелер жөнделмейді, жаңа жұмыс орындары ашылмайды, яғни елдің экономикалық-әлеуметтік дамуына үлес қосылмайды. Отандық БАҚ таратқан деректерге сүйенсек, Қазақстанның көлеңкелі экономикасындағы ақша 2007 жылы 18 млрд. долларға жеткен. Ал Халықаралық қаржы қоры 2011 жылы еліміздің жалпы ішкі өнімі 214,84 млрд. долларға жеткенін хабарлаған еді. Бұл Жер шарындағы 182 мемлекеттің ішіндегі 53-орын. Мамандар қауымы көлеңкелі бизнес пен экономикадағы қаржы көлемінің артуы қолма-қол ақшаның молдығынан дейді. ҚР Ұлттық банкі 2012 жылдың 1 қаңтарында елдегі қолма-қол қаражат көлемі 14 пайыз екенін айтқан. Дамыған елдердегі бұл көрсеткіш 2 есеге төмен. Негізі солай болуы тиіс. Қаражаттың ағыл-тегіл ағылуына екінші деңгейлі банктердің де қосқан «үлесі» мол. Мысалы 2011 жылы жекеменшік банктер141,9 млрд. теңгені ақшаға айналдырған. Бұл жерде ақшаға айналдырылған шетелдік валюта туралы айтудың өзі артық. Үкімет заңсыз ақша көлемін банктердегі ақшаға айналдыруға байланысты алынатын төлемді 10-15 есеге дейін (қазіргі төлем – 5 пайыз) көтеру арқылы төмендетуді жоспарлап отыр. Жуырда ғана Экономикалық және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Айбар Боданов бұл шараны бір күндік және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпкерліктің барлығына дерлік бірдей қолданатынын жеткізген. Әлбетте әзір бұл қағаз жүзіндегі жоспар. Оның үстіне қағаз ақшаның барлығын Еуропа мен Америкадағы секілді электорнды ақшаға айырбастау мәселесі қолға алынған. Демек оңай олжаға құныққандар қолдағы ақшасын өз еркімен жариялап, салықты ешкімнің қыспағынсыз төлей қоюы неғайбыл.
отыр
T03.08.2012
АЛМАТЫ. 31 шілде. ҚазАқпарат - Көлеңкелі экономикадағы өндіріс көлемі әлі белгісіз. Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар: мүмкіндіктері мен әлеуметтік-саяси және экономикалық тәуекелдері» деп аталатын конференцияда айтылды.
«Қаржы полициясының мәліметі бойынша, көлеңкелі экономикадағы ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып отыр. Жалпы ұлттық өнімнің көлемі 2011 жылы 27 триллион теңгені құрады. Бұл көлеңкелі экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Оны заңға сәйкес жұмыс жасайтын секторға шығару үшін ең алдымен бизнес жүргізу тетіктерін оңтайландыру қажет», - дейді «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры Ғабит Лесбеков.
Оның айтуынша, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, бір жолғы талонмен жұмыс жасайтын өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етушілер саны елімізде 130 мыңнан асады. Оның әрқайсысында 3-4 адам жұмыс жасайды десек, оның бәрі көлеңкелі секторда деуге болады. Сондықтан 2013 жылы бір жолғы талон қолданыстан алынған соң олардың бәрі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мәжбүр болады. Олар белсенді кәсіпкерлердің саны көбейтеді.
Ғ.Лесбековтің сөзіне қарағанда, «қазір тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мың ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Оған әсер етуші факторлар өте көп. Оның ең негізгісі, әкімшілік кедергілер. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының белсенді кәсіпкерлердің жұмысын жандандыруға әсері бар. Егер кәсіпкерлер ресми түрде тіркелсе, әлеуметтік бағдарламаларға қатысуға мүмкіндік алады».
Елбасы Үкіметтің алдына шағын бизнес ұлттық өнімнің 40 пайызын құрауы керек деген тапсырма жүктеді. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры өкілінің пайымдауынша, кәсіпкерлерлікті тіркеу жүйесі енгізілген кезде статистика агенттігі өнім көлемі мен онда жұмыс жасайтындардың санын есептеп шығады. Сондықтан кәсіпкерлік субьектілердің саны мен сапасы қаншалықты өзгергеніне бір жыл өткен соң ғана талдау жасауға болады. Ал оған дейін көлеңкелі экономикадағы өндіріс көлемі мен онда жұмыс жасап жатқандардың нақты үлесін ешкім айта алмайды.
АСТАНА, 3 қыр – Қазақстан жаңалықтары
АА. Қазақстан президенті Нұрсұлтан
Назарбаев мемлекеттік
«Жалпы алғанда қаржылық тәртіпті нығайту қажет. 2011 жылы заң бұзушылықтармен жұмсалған қаражат көлемі 300 миллиард теңгені құрады. Жауапкершілікке алты саяси және 130-дан астам әкімшілік қызметкер тартылды. Мұнда парламенттің депутаттары және "Нұр Отан " фракциясы өте қатал болуы тиіс, осы процесті бақылаулары тиіс», - деді Назарбаев дүйсенбіде Қазақстан парламенті бесінші шақырылымының екінші сессиясының ашылуы барысында.
Бұл ретте ол тағы бір маңызды міндет көлеңкелі экономика үшін заңнамалық кедергілер құру және бюджет қаражатын «көлеңкеге» бұрып әкетудің жолын кесу жұмысы екенін атап айтты.
«Біз бұл туралы көп айттық. Үкімет те жұмыс істеп жатыр. Алайда, соған қарамастан «көлеңкелі» экономика әжептәуір ауқымға ие болып отыр», - деді Елбасы.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының айтуынша, еліміздің ішкі және сыртқы қарызын бақылауды жеделдету қажет.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес департаментімен (қаржы
полициясымен) көлеңкелі экономика
саласында заңсыз ойын бизнесіне
қарсы бағытталған ауқымды
Атап айтқанда, ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте Шымкент қаласында орналасқан «Алаш», «Самал» және «Айна» базарларында жалпы саны 14 ойын залдарының заңсыз қызметі анықталып, 141 ойын автоматтары айналымнан алынды, қазіргі таңда аталған заңсыз ойын залдарының қызметтері толығымен тоқтатылып, жауапты тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда.
Абай ОМАРОВ (коллаж)
Он шақты жыл бұрын
Экономикалық даму және сауда
министрлігі Сауда комитетінің
төрағасы Айдар Қазыбаевтың
– Біз былтыр аталған заң
жобасының елімізге керек
Аталған заң жобасында
Константин Горожанкин, _«Award.kz»
Ұлттық интернет-жүлде»
– Біз бұл ұсынысты
Шавкат Сабиров, _Қазақстандағы
интернет қауымдастықтың
– Электрондық коммерцияны
дамыту керек. Өйткені мұндай
жағдайда көлеңкелі бизнес
Ары қарайғы дәйектемелерді
тыңдағысы келмеген ресми өкіл
өзінің бастапқы ұстанымын
– Бұл арада қосымша құн салығы жоқ екен деп АҚШ-ты мысалға келтірудің жөні жоқ. Қазір АҚШ сол заңнан зардап шегіп отыр. Саудагерлер жалға алған көшедегі дүкендерде сатылым күрт төмендеген. Адамдар ол жерге тек киімді шақтап өлшеп көру үшін ғана барады. Өйткені интернетте оның құны әлдеқайда арзан. Яғни тұтынушылар үшін тауарды дүкеннен емес, интернеттен сатып алған әлдеқайда тиімді. Сондықтан заңды қабылдамастан бұрын риэлтор мен интернет коммерция арасындағы байланысты тепе-тең ұстау – біздің министрліктің міндеті. Яғни жұмысшы орнын сақтау әлдеқайда маңызды. Бүгіндері электрондық сауда-саттық заңсыз да жақсы дамып келеді, оның бөлшек саудаға да кері ықпалы жоқ. Сондықтан осы ауанды сақтағанды жөн көріп отырмыз, – дейді Айдар Қазыбаев.
Ал Қазақстандағы
интернет қауымдастықтың
– Электрондық
сауда – бөлшек сауданың
Аталған
дөңгелек үстел барысында
Айдар
Қазыбаев, _Экономикалық даму және
сауда министрлігі Сауда
– Біз
интернет-дүкен арқылы көп
Интернет-дүкеннің
жұмысын жеңілдететін қауым да
осындай мәселелер заңда
Қазақстандағы
интернет қауымдастық