Көлеңкелі экономика

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 18:33, реферат

Краткое описание

2012 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытудың сапалы жаңа кезеңінің бастамасы болған әлеуметтік жаңғыртуға арналған бағдарламалық мақаласы жарияланды. Бұл процестің негізгі міндеті – экономикалық жетістіктер мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз ету арасында оңтайлы теңгерімге қол жеткізу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін тағдыршешті бағдарламаның ажырамас бөлігі болып табылады.

Файлы: 1 файл

коленкели эконом.doc

— 485.50 Кб (Скачать)

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  тиімді іс-қимыл үшін, ең бастысы  аталған келеңсіз көріністің  экономикалық негіздерін жою  және шаруашылық қызметте қолма-қол  ақша айналымының көлемін төмендету  іс-шараларын жүзеге асыру, экономикалық қылмыстарға қарсы күрес және заңсыз қаржы ағымдарының жолын кесу іс-шараларын жүзеге асыру қажет. Бұл мақсаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өкілетті орган қолма-қол ақшасыз операцияларды жүзеге асыру үшін неғұрлым тиімді жағдайлар жасауды ұсынады. Аталған шараларды іске асыру қаржылық операциялардың айқындығын қамтамасыз етуге және соның нәтижесінде көлеңкелі экономиканы қысқартуға мүмкіндік береді.

 Мемлекеттік органдардың қызметін  қоғамдық бақылауды арттыру –  тиімді мемлекеттік саясаттың және түптеп келгенде сыбайлас жемқорлыққа ұтымды қарсы күрестің кепілі. Мемлекеттің азаматтық қоғам институттарымен неғұрлым белсенді ынтымақтастығы, мемлекеттік органдар қызметінің қоғам үшін ақпараттық ашықтығын арттыру мемлекеттік институттар қызметінің мөлдірлігін күшейтуге ықпал ететін болады.

 Оның сыртында, әлемдік тәжірибе  институттық негіз әлсіз болған  жағдайда, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы арнайы құрылымдар қызметінен  күтетін үміттің ақталмайтынын  айғақтайды. Сондықтан, ведомствоаралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін қамтамасыз ету және негізгі мемлекеттік органдардың осы бағыт­тағы жұмысын үйлестіру өте өзекті міндет болып табылады.

 Жекелеген сыбайлас жемқорлық  көріністеріне қарсы күрес ұтымды  жүр­гізілгенімен, егер сыбайлас  жемқорлық үшін негіздер жойылмаса, оның нәтижелері уақытша ғана тиімді болмақ. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мен жоюға бағытталған жүйелі жұмысты жолға қоюдың маңызы зор. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы рейтингтердің көшбасшылары қатарында тұрған елдердің тәжірибесі адал өмір салтын, азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы моделін, дұрыс, заңға мойынсынушылық мінез-құлық стерео­типін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық шаралар шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

 Бұқаралық ақпарат құралдарында әдептіліктің түрлі аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, мемлекеттік билік институттарын нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау мәселелерін жазу, сыбайлас жемқорларды әшкерелеу мен жазалау туралы хабарлау, сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың зияндылығы, оны қабылдамауға қатысты азаматтық пікірлер қалыптастыру қажет.

 Бұл өте асқақ міндет және  оны жеке-дара іске асыру қиын. Осынау өте маңызды және күрделі  міндетті шешу үшін мемлекеттік  органдар мен қоғамның барлық  күш-жігерін біріктіру қажет, себебі, жүйелі көрініс ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу кешенді және дағдыдан тыс тәсілдерді қажет етеді.

 

 

 

Көлеңкелі экономика (ағыл. shadow economy)

үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан  тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету;

жекелеген азаматтар, әлеуметтік топтар тарапынан мемлеккетік, жекеше, акцион және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемлекет басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеуметтік - экономикалық қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экономикалық қызметтің күллі түрінің әлеуметтік - экономикалық әдебиеттегі атауы.

 

Көлеңкелі экономиканың бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми cтатистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар.

 

Кеңес Одағы  кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты Көлеңкелі экономика ТМД елдерінде кең етек алды. Көлеңкелі экономика құрылымы экономикалық қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.

Біріншіден, Әділет министрлігінде, мемлекеттік  органдарда тіркелген жекелеген  азаматтар және бірлестіктер арасындағы экономикалық қатынастар (“екінші” экономика).

 

Олардың қатарына жеке еңбек қызметінің қылмысқа жатпайтын, бірақ рәсімделмеген түрлері, мәселен, қосалқы және үй ш-н жүргізу, тұрғын үйлер, саяжайлар салу және жөндеу; автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және оларға күтім жасау жөнінде дербес қызмет көрсету; жекеше тасымал; мұқтаждарға мед., пед. және тех. көмек көрсету; тұрғын-жайды жалға беру, т.б. жатады.

 

Шаруашылық  заңдарына өзгерістер енгізу нәтижесінде  экономиканың бұл секторы жариялық сипат алды. Алайда қаржы және салық  қызметтерінің әлсіздігі, экон. қатынастарды әкімш. жолмен жосықсыз тәртіптеулер, қоғамдағы әлеум. және экономикалық тұрлаусыздық, т.б. кедергі жасауда.

Екіншіден, бұл шаруашылықты жүргізудің қолданыстағы жүйесінің жетілдірілмеуі себепті  жеке басылық және топтық мүдделерді қанағаттандыратын бейресми, көбінесе, жалған экономикалық қатынастар.

 

 

Мұндай  бейресми экономикалық қатынастардың қатарына: қоғамдық өнімнің қайталанған шоты, есеп-қисаптағы қосып жазушылық және басқа бұрмалаушылық, арзан шикізат пайдаланып сапасыз өнім шығарып, асыра бағалап сату, өнімсіз шығыстар мен шығасылар, шикізатты, дайын өнімді, т.б. баспабас айырбастау ретінде көрініс табады, мұның өзі айтарлықтай көлденең кіріс алуға мүмкіндік береді.

 

Көлеңкелі қатынастардың аталған түрлері  ресми экономикалық құрылымдардың  ішінде бой тасалап жұмыс істейді  және сыбайлас жемқорлықпен, парақорлықпен, қорқытып алушылықпен, т.б. ұштасады.

Үшіншіден, бұл заңсыз өндірістік қызметке, қызмет бабын теріс пайдалануға, экономиканың өндірістік және бөлістік аясына пайдакүнемдікпен, зорлықпен басып кіруге негізделген  қылмыстық қатынастар.

 

Көлеңкелі экономика қатынастарының бұл тұрпаты экономикалық қылмыстылықтың көптеген түрлерін, соның ішінде оның неғұрлым қоғамға қауіпті көріністегі пішіні – ұйымдасқан экономикалық қылмысты қамтиды. Ол, көбінесе, адам құқықтарының, еңбек заңының сақталмауымен заңсыз өндірістік қызмет, пайдакүнемдікпен жасалатын лауазымды шаруашылық қылмыстар, есірткі бизнесі, заңсыз құмар ойын бизнесі, аламандық (рэкет), т.б. сипатты құқық бұзушылықтар болып табылады. Табысты және табыстың көлемін салық салудан жасырушылық Көлеңкелі экономиканың кең таралған құбылысына айналады.

 

Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес –  икемді салық жүйесін жасау, шағын  бизнеске, шаруа қожалықтарына мемлекет тарапынан қолдау көрсету, т.б. іс-шаралар  арқылы пәрменділік сипат алады. [1

 

 

 

 

Қазақстандағы көлеңкелі экономика қандай деңгейде? Тамырын тереңге жіберген осынау індетпен тиімді күресу үшін қандай шараларды қолға алу керек? Алматыда «Көлеңкелі экономика және көшедегі базар» атты тақырыппен өткен ірі конференцияда аталған мәселе талқыға түсті.

 Бүгінгі күні елімізде көлеңкелі экономиканың қалыпты жағдайға айналып бара жатқандығы жасырын емес. Онымен күресудің басты тетігі саналатын – салық жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізгенімізбен, аталған жайдың ауыздықталған түрі кө­рінбейді. Алматыдағы жиынға қатысқан Экономикалық даму және сауда министр­лігінің, Кеден, Салық комитеттері мен қалалық базарлардың, ірі компаниялардың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар бірауыздан осылай деді. Сонда бұған себеп не? Шараның өтуіне ұйытқы болған белді Фридрих Эберт қоры кездесуді пікірталас жүйесінде ұйымдастырып, қор төрағасы Пэр Тешендорф бұл мәселеге алаңдаушылық танытты. «Қазіргі күні Қазақстанда осы проблема өте өзекті болып отыр. Дәл қазір көлеңкелі экономика жанбағыс қамымен өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүргендер үшін күнкөріс көзі болса, мемлекет үшін бұл тиімсіз болуда. Сайып келгенде түсінбестік те содан туындайды», – деді ол. Ал конференцияға қатысқан бірқатар кәсіпкерлер бүгінгі таңда базар қауымдастығы өкілдері мен мемлекеттік атқару органдары арасында пікір алшақтығы бар екендігін жасырмай айтты.

 Бизнесті жүргізуде біз үлгі  етіп алған Еуропаның өзінде  барлық елде бірдей қосымша  құн салығы жоқ. Бұлай деген  Тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының  төрағасы Талғат Акуов , елімізде  бірде-бір кәсіпкер өз айналымының 30 пайыздан астамын көрсетпейтінін, оны барлық салықшылар жақсы білетінін тілге тиек етті. «Қосымша құн салығынан шағын бизнес 5 жылға босатылған. Өндіріс пе, сауда ма бәрібір.

 Егер айналымы 30 мың есептік  айлық көрсеткіштен аспаса немесе жылына 49 миллион теңгеден аспаса. Мәселен, Алматыда шағын бизнестің 70 пайызы – шағын дүкендер. Олар қосымша құн салығын төлемейді», – деп ашып айтты төраға. Жалпы, жиынға қатысқан кәсіпкерлер сөзінен түйгеніміз, елімізде қосымша құн салығы жалпы ішкі өнімнің 0,6 пайызын құрайды. Ал Қазақстанның сауда серіктестері саналатын Қытай, БАӘ сияқты елдерде қосымша құн салығы жоқ. Сондықтан Қазақстан осы елдердің жолын ұстанса, одан ұтпаса ұтылмайды. Мұндай жағдайда елімізде не өндіріліп жатқанын және тауар айналымының көлемі қанша екенін білуге мүмкіндік туып, сырттан қанша тауар әкелетініміз де, өзіміз қанша және қандай тауар өндіретініміз де толық анықталады.

 Жиынға қатысқан Қаржы полициясы  өкілдерінің келтірген дерегіне  сүйенсек, көлеңкелі экономикадағы  ақша айналымы 30 миллиард доллардан асып жығылып отыр. Бұл көлеңкелі экономиканың жалпы экономикадағы көлемі 16 пайыз деген сөз. Өз кезегінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарушы директоры Ғабит Лесбеков көлеңкелі бизнесті ауыздықтауда атқарылып жатқан жұмыстар аз емес екендігін айтып, бірқатар мәселелердің басын ашты. Айтар болсақ, елімізде тіркелген 1 миллион 300 мыңнан астам кәсіпкердің 747 мыңы ғана белсенді түрде жұмыс жасауда. Бұған әсер етуші факторлар өте көп болғанымен, ең негізгісі әкімшілік кедергілер болып отыр. Жиынға қатысушылар аталған мәселені алдағы уақытта Үкімет отырысының күн тәртібіне қою керек деген ұсыныс айтты.

 

 

Үкіметте Премьер-министр Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен  кеңесте Қазақстан Республикасының 2004-2010 жылдарға арналған көлеңкелі экономика көлемін қысқарту жөніндегі ұйымдастыру шаралары және экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бағдарламасының жобасы қаралды.

 Талқылауды аша отырып Үкімет  басшысы, бұл проблеманы шешудегі  тиімді шаралар мен жүйені  әзірлеуде әлемдік тәжірибе жинақталмағанын, алайда әкімшілік процедураларды қысқарту, арнаулы қаржылық құрылым құру, салық ауыртпалығын төмендету саласындағы жеке шаралар мен бірқатар өзге де іс-шаралар кей мемлекетте көлеңкелі экономика көлемін төмендетуге көмектесетінін еске салды. Сонымен қатар, Даниал Ахметов республикада жасырын экономика көлемінің 30 пайыз болуына қатысты дерекке сын тұрғыдан қарады.

 Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов  өз баяндамасында жобаны әзірлеушілер  көлеңкелі экономиканың таралуының негізгі себептерін анықтағанына тоқталып, бұл құбылыстан болатын шығынды азайту жөнінде бірқатар іс-шаралар ұсынды.

 Себептер арасында кәсіпорынның  материалдық-техникалық базасының  төмен болуы, қосалқы өнімдерге  сұраныстың артуы кезінде өнімдерге бәсекелестіктің төмендеуі, шағын және орта бизнес үшін кредит алудың қиындығы және есеп пен статистика проблемасы мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігінің аздығы және олардың қызмет бабын пайдалану кезіндегі әрекеттеріне төтеп бере алмаушылық, көлеңкелі экспорттың артуы бар.

 Премьер-Министр салық ауыртпалығын  төмендету әрдайым көлеңкелі  экономика көлемін төмендетуге  әсер етпейтініне тоқталды. Мысалы  Қазақстанда ТМД және өзге  де елдерге қарағанда, салық  деңгейі айтарлықтай төмен, бірақ  экономикадағы көлеңкелі жағдай өзгеріссіз қалуда. «Бұл өндірістік еңбектің төмендігіне байланысты болады», деді Даниал Ахметов. Талқылауды қорытындылай келе, Үкімет басшысы Елбасының тапсырмасы аясында орындалып жатқан, ұсынылып отырған құжатпен жұмыс нәтижесіне қанағаттанушылық білдірді, сонымен көлеңкелі экономиканы ырықтандыруға байланысты проблема тағы да «кең көлемде әрі тыңғылықты қадамды» талап ететінін атап өтті. Сонымен бірге, Даниал Ахметов «жобада кәсіпкерлердің экономикалық және қаржылық «көлеңкеден» шығуын қарастыратын заңнамалық, әкімшілік және заңдылық сипаттағы шаралар жазылғанын» жеткізді.

 Кеңес қорытындысында Премьер-Министр  Экономика және бюджеттік жоспарлау  министрлігіне бір апта ішінде  жобаның толық нұсқасын әзірлеп,  оны Үкіметтің таяудағы мәжілісінде қарауға ұсынуды тапсырды.

 

 

 

 

 

 

қолма-қол ақшаның өсуі билікті  де алаңдатуда

 

 

Үкіметтің сөзіне сенсек, алдағы уақытта  жалпы ішкі өнім көлемі едәуір артып, инфляция деңгейі 6-8 пайызбен шектелмек. Есесіне, билік көлеңкелі экономикадағы  миллиардтаған қаражатты «күнгейге» шығара алмай әлек.

 

 

ҚР Сауда және экономикалық даму министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 2013 жылы 6 пайызға  өсетінін мәлімдеді. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы 2013-2017 жылдарға орташа есептегі болжам жасаған министр: «2013 жылға арналған нақты ЖІӨ көлемі 6 пайыз болмақ. Ал 2014 жылы – 6,1 пайыз, 2015 жылы – 7,6 пайыз, 2016 жылы 6,6 пайыз, 2017 жылы 6,7 пайызға жетеді. Бұл көрсеткіштер орташа мерзімдік кезеңге шаққанда, экономиканың 7 пайыздық өсімін көрсетеді. ЖІӨ-нің негізгі көзі ішкі тұтынушылық сұранысты орташа есеппен алғанда, жылына 6,5-6,8 пайызға дейін арттырудың есебінен болмақ. Сонымен қатар қазақстандық өнімге деген сыртқы сұраныс көлемін де сақтап қалу маңызды. 2013 жылы 36,6 трлн. теңге болады деп болжанып отырған жалпы ішкі өнім деңгейі 2017 жылы 65,3 трлн. теңгеге дейін жетеді», – деп мәлімдей келе, 2013 жылы 14 мың АҚШ доллары болатын жан басына шаққандағы ЖІӨ 2017 жылға қарай 24 мың долларға өсетінін жеткізді.

Б.Сағынтаевтың айтуынша, алдағы уақытта өндірістің орташажылдық өсімі 5,5 пайызға жетсе, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі – 7,1 пайызға артып, әсіресе қызмет көрсету саласы қарқынды дамитын көрінеді. Келесі жылы 96 млрд. долларға өсетін экспорт көлемі 2017 жылы 116 млрд. долларға жетпек: «Импорт 2013 жылы – 56 млрд. доллар, ал 2017 жылы 92 млрд. доллар болады. 2013-2017 жылдарға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз аралығымен шектеледі».

Информация о работе Көлеңкелі экономика