Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2013 в 15:27, реферат
Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және дамытудың маңызды жолдарының бірі – инвестициялық қызметті ұлғайту, ең алдымен еліміздің ішкі резервтерін жұмылдыру және көбірек тиімді пайдалану болып табылады.
Президент Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасына Жолдауында өтпелі кезеңнің қиындығын және XXI ғасырдағы республиканың бет бейнесі айқын көрсетілді. Болашақта Орталық Азиядағы Барыс болу үшін, халықтың әл-ауқатын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экономикалық күш-қуатты арттыру керек.
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. ИНВЕСТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК -------------------------------4
1.1 Инвестицияның мәні және оның түрлері----------------------------------------4
1.2 Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың инвестицияларының есебі----------------------------------------------------------------5
1.3 Инвестициялық қорлардың түрлері: ашық және жабық инвестициялық қорлар және олардың ерекшеліктері----------------------------------------------------8
ІІ. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЕСЕБІ----------------------------11
2.1 Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция есебі------------------------------------11
2.2 Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар қызметтері-----------------------13
2.3 Инвестицияны сатып алудағы бухгалтерлік есепің маңызы-----------------20
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАЛДАУ------------------------------------------------------------------------------------21
3.1 Қазақстандағы инвестициялар жағдайының көрсеткіштері-----------------21
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары-------------------------------------------------------------------------------------24
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------------31
Қазақстанның
бүгінгі күнде әлемдік
Қазақстан экономикасына келген инвестициялық салым, мұнай-газ саласын қоса есептегенде, 2003 жылдын қаңтар — қыркүйегінде 729,6 млрд теңгені құрады, ал бұл, 2002 жылдың сондай айдағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 %-ке артық ( 1 – Кестеде көрсетілген).
Қазақстан экономикасына 2002—2003 жж. Қыркүйек - желтоқсан айларында түскен инвестиция ағымы
Қыркүйек - желтоқсан 2003 |
717,0 |
Қыркүйек - желтоқсан 2004 ж |
547,0 |
Қыркүйек - желтоқсан 2005 ж |
615,0 |
Қыркүйек - желтоқсан 2006 ж |
797,6 |
Қ.Р. Статистикалық. агенттік мәліметі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бюджетіне түскен кіріс көлемі, еліміздің қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2005 жылдың соңына дейін 838,7 млрд тенгені құрады, бұл 2003 жылдық аталмыш кезеңімен салыстырғанда 26,2 % артық, ал шығындар мен несиелеу — 859,7 млрд теңгені құрады (35,1% артык). Бюджет дефициті 21 млрд теңгені құрады.
Ел экономикасының приоритетті салалары мұнай мен табиғи газ өндіру (негізгі капиталдағы инвестицияның жалпы көлемінін 44%), көлік және байланыс (19%), козғалмайтын мүлікпен операция (9%), өндеу өнеркәсІбІ (8%) болып табылады .
Екінші деңгейдегі банктердің экономика саласына салған кредиттік инвестиция, ұлттық банктің мәліметі бойынша 2003 жылы 924,3 млрд. теңгені құрады, және олардын тұрақты өсуі байқалуда. Кредиттік салымдардың жалпы көлемінде ұзақ мерзімді кредиттік салымдардың үлесі 62,2%, шетел валютасы салымындағы үлес 54,9% құрады. Банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 759,2 млрд. теңгені құрады, бүл 2004 жылмен салыстырғанда 36,4%-ке артық, оның ішінде түрғындардың депозиттік салымы 319,8 млрд. теңге болды, бұл 2004 жылымен салыстырғанда 36,7%-ке көп.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Астана инвестиция тарту көрсеткіштерінде республика бойынша алғашқы бестікте келеді. Жаңа ғасырға қарыштаған елордамызға келіп құйылар қаржы көзінің басым бөлігі инвестицияның үлесінде. Сондықтан да Астана қаласы бойынша инвестициялық жобалардың мәліметтер қорын құру жөніндегі жұмыстар сыртқы экономикалық байланыстар желілері бойынша жүргізілуде. Аталмыш қорға инвестициялық жобаларды және сенімді шетелдік серіктестер іздеудегі бизнес – жоспарлар мен жобалардың инвестициялық сауалдамалары дайындалып, ол таяу және алыс шет мемлекеттердің елшіліктеріне, индустрия және сауда министрлігінің жанындағы «Қазинвест» ҰҚ – ға жіберілуде.
Инвестиция тартуға байланысты атқарылып жатқан жұмыстар да жеміссіз емес. Қала бойынша бүгінде әлімнің 52 елінің серіктестерінің қатысуымен құрылған 127 біріккен және 218 шетелдік кәсіпорындар жұмыс істейді. Атқарылған жұмыстың нақты көрсеткіші ретінде - қала экономикасындаға инвестициялардың көлемі 2,9 млрд. – тан астам АҚШ долларын құрады. Өткен жылдың қорытындысына қарай, негізгі қорды инвестициялар 134185,6 млн. тенгені құрады, бұл дегеніміз 925,5 млн. АҚШ долларына жуық қаржы.
Астана қаласында шетелдік
компаниялар ұсынықты жұмыс
істеуде. «Ахсель Холдинг»
Жапон халықаралық
Жапон Банкісінің елордалық инвестицияға салған қаржы көлемі 185 млн. АҚШ долларын құрайды. Оның ішінде «Астана қаласын сумен жабдықтау және су шығару» жобасын жүзеге асыруға бағытталған қаржы – 165 мың. долларға жеткен.
Шет мемлекеттердің және
тікелей шетелдік инвестициялардың
гранттары есебінен қалада
бұған қоса 6 жоба – 3 әкімшілік
ғимарат, Ислам мәдени
Сонымен, курстық жұмысты қорыта келе, инвестициялық шешім қабылдау мәселелері туралы мынадай тұжырымға келдім: инвестициялық шешім қабылдауда мынаны есте ұстау қажет: қолда бар ақша ағыны өзіне болашақта орын алатын өсім ағынын, яғни өсудің ағынын қосу керек. Мысалы, жаңа жабдықты сатып алу өзгермелі өндірістік шығынды кемітеді. Үнемдеудің мұндай түрі қолма-қол ақша алуға жағдай жасайды. Мынаны да айта кету керек, амортизация қолдағы ақша қозғалысының есебіне кірмейді.
Тәжірибеде күрделі қаржы жұмсалымының тиімділігін бағалайтын басқа 2діс жиі қолданылады. Оның әлдеқайда қарапайым әдісіне өтелу мерзімінің есебі жатады.
Қорытынды
Инвестиция – экономикалық дамудың жоғары және тұрақты қарқынын қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін еңгізуді, инфра – құрылымды дамытуды көздейді. Табысқа: проценттер, роялти, дивиденттер, қысқа және ұзақ мерзімде инвестициялар бойынша жалдық төлемдер; қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың шығуының қаржылық нәтижелерін; ағымдағы құнымен есептелген, қысқа мерзімді инвестициялар бойынша жүзеге асырылмаған табыстар мен зияндар; қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды сатып алу және ағымдағы құнының ең төмендегі бағасы бойынша көрсету қажеттілігін жүзеге асыратын ағымдағы құнға дейін төмендеуі және құнының керісінше өзгеруі; мерзімді қаржылық инвестициялар құнының төмендеуі; ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар құнының сөзсіз төмендеуінен түсетін табыстар түріндегі инвестициялардан түсетін түсімдер кіреді.
Инвестицияны дамытуда ерекше рөлді кәсіпорындарды қаржыландыруға және ұзақ мерзімге несие беруге мамандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдарды құру барысында шығарылған акциялардың мемлекеттік пакеттерімен айналысатын, кәсіпорындар акцияларын ауыстыру және оны сатумен айналысатын инвестициялық қорлар атқарады. Сөйтіп, қорлар капиталдың экономикасында неғұрлым пайдалы салалары мен кәсіпорынға капиталдың құйылуына жағдай жасайды.
Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізгі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымдың дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Нарықтың шешуші бір сипаты – қор рыногы. Нарықтық экономика дамыған елдерде кәсіпорындар өзіне инвестицияға керекті қаржыны қор рыногына акция шығарып, оны сатып табады. Өз кезегінде осы акцияны әртүрлі қаржы қорлары (мысалы, зейнетақы , қауіпсіздендіру қорлары) және жеке адамдар сатып алады.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруінен алынған табыс немесе залал олардың сол өздерінің пайда болған кезінде танылады. Есеп саясатында әрбір субъект қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының өзгерісінің кезеңділігін көрсетуді белгілейді және ол биржада: не баға нарығында (рыногында) бағасы белгіленген (котируемый) құны бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа байланысты келісуші жақтардың белгілеген бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың нарықтық құны бойынша есептелінеді. Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік байланыста: ағымдағы құнымен; сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді. Егер қысқа мерзімді қаржылық инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция түрлері бойынша, не бөлек инвестиция негізінде анықталады. Қысқа мерзімді инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруіне байланысты алынған пайда немесе шығын, олар пайда болған кезеңдегісімен көрсетіледі.
Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, ұсынысым: экономиканы инвестициялауда банктердің инвестициялық қызметі өте маңызды. Қазақстанда банктер тарапынан экономикаға қаражаттарды бөлу көбінесе несиелер түрінде болып отыр. Банктердің қаржылық инвестицияларға қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сондай – ақ, шағын және орта бизнеске инвестицияларды бөлу шарттарын жеңілдету жолдарын іздестіру қажет. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін нақты экономиканы қаржыландыруға жұмсалу жағдайларын қарастырған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер
4. Бухгалтерский учет, М., 2000
5. Кеулімжаев Б. Бухгалтерлік есеп принциптері// Алматы – 2004
6. Кәсіпорындағы сауданы ұйымдастырудағы бухгалтерлік есеп, Бухгалтерлік есеп және аудит // N 8, 2001
7. Назарова В. Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп// Алматы - 2005
8. Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
9. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н. «Қаржылық есеп», Алматы – 2001.
10. Радостовец В.К., Шмидт О.Т. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп»,
Алматы – 2003.
11. Тасмағанбетов Т.А. «Бизнестегі есеп пен талдау», Алматы-2002.
12.Тасмағанбетов Т.А, Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А. «Қаржы есебі»,
Алматы-2000.
13. Назарова В.Л. Басқару есебі// Алматы – 2005
14. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты жетілдіру жолдары//Қоғам және дәуір. №7-2007
15. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы»,
Алматы - 2003.