Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 12:36, реферат
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының экономикалық өмірге енуі мен меншікті кәсіпорындардың көбеюі, бизнес пен кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдармен реттелуіне байланысты, бұған қосымша Батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік есеп бағытындағы консервативтік ескі жүйені жлйды. Бухгалтерлік есеп – бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін қалайтындығына кәсіпкер бизнесмендер, меншік иелері және кәсіпорындарды басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске түсетін болды. Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды жетілдіруге бағытталған заңдылық.
І.КІРІСПЕ
1. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ АҚПАРАТТАР ЖҮЙЕСІ
1.1. Бухгалтерлік есеп құжаттарының маңызы мен ақпараттар жүйесі
1.2. Құжаттардың атқаратын рөлі мен принциптері
1.3. Құжаттарды өңдеу және олардың классификациясы
2. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ ОРНЫ
2.1. Басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі ақпараттарға қойылатын талаптар
2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері
ІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ІІІ.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қандай да болмасын құжататрдың өзіне тән заңмен немесе арнайы ережелермен белгіленген деректері (реквизиттері) болады. Реквизит – латын сөзі. Бұл сөз қажетті деген ұғым береді. Реквизиттер барлық құжаттарға түсірілуі керек. Құжатардың деректері арнайы мақсаттарға қарай толтырылады. Құжаттар үлгісін пайдаланып, мұның деректерін толтырушы адамдардың заң алдында, кәсіпорын қабылдаған өз ережесінің және құжат айналысын бұзбау үшін жауап береді.
Құжатардың деректеріне
Бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу үрдісінде ақпараттар жүйесі де кеңінен қолданылады. Кәсіпорынның күнделікті болып отыратын шаруашылық өмірін құжаттау үшін басқа да ақпараттық құралдар қолданылады. Құжататр қайта өңделіп, басқадай мақсаттарға қолданылуы мүмкін. Мысалға, бастапқы құжат қайта өңделіп, автоматтандыру және машиналық тасымалдау жүйесіне түсірілуі мүмкін. Қазіргі заманғы компьютерлік технологияның кеңінен қолданылуына байланысты магнитті дискілер, ленталар, перфоленталар, т.с.с. ресми құжаттар қатарында қолданылатын болды.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде аса жоғары бағаланатын құжаттар бір ғана данада жасалынады. Алайда көптеген құжаттардың көшірмелері жасалып, бірнеше дана орындалады. Мысалға, кәсіпорын кассасына кіріске алынатын ақша қаражаттарына арналған «кіріс ордерін» бірнеше рет қайталап кіріске алып жасауға болмайды. Егер әр құжат тиісті мақсатқа ғана арналып, әрбір көшірмеге жеке қол қойылып, әрбір дана құжат өз қызметі мен атқаратын міндетіне арналған жағдайда, әрбір дана құжат, көшірме емес, түбіртекті құжат болып есептелінеді. Мысалға, сатылатын тауарларға екі дана наклодной қағазы жазылып, бірінші данасы жөнелтілген тауарлармен бірге сатып алушыға жіберіледі, ал екінші данасы тауар сатушы мекемеде қалады. Егер заңдылық жағынан қарағанда құжаттарға жазылатын жазулар тек қана бір ғана жазулар болып танылса, экономикалық жағынан қарағанда құжаттар бірнеше дана болып қаралуы да мүмкін. Экономикалық өмірде қолданылатын құжаттарды заңдылық құқысы бар және экономикалық маңызы бар құжаттар деп қарауға болады. Қандай дәрежеде болмасын құжаттарға жазылатын жазулар шындық пен дұрыстықты ғана көрсетуі керек. өкінішке орай бухгалтерлі кесеп тәжірибесінде дәлме-дәл өлшеу дәрежесін қоя алмайтын да жағдайлар кездеседі. Мысалға, негізгі құралдардың тозу дәрежесін таразыға салып, тозу құнының сомасын лабораториялық құралмен қойғандай есептеп, арнайы құжатқа түсіру қиынға түседі.
Сондықтан, құжаттарды бухгалтерлік есеп өрістерінің негізгісі деп қарап, счеттар жүргізудің бастапқы ақпараттарын қалыптастыратын үрдісі деп те таныған жөн. Бухгалтерлі есеп құжаттарының атқаратын рөлі мен маңызы жоғарығдағыдай сипаттай келіп, құжаттау үрдісі бухгалтерлік есептің тіркеу принципіне жататындығын айтуға болады. Яғни құжаттарға нақтылы фактілер түсіріледі.
Тірке принципі үш кезеңнен:
1) бастапқы құжаттарды бақылау мен талдаудан;
2) журналдарға екі жазудан;
3) Бас кітапқа түсіріп, екі
жақты жазудың хронологиялық
жағынан тұрады. әсіресе, шағын
кәсіпорындарда шаруашылық опер
1.3. Құжаттарды
өңдеу және олардың
Қандай да болмасын кәсіпорынның барлық объектілері бойынша жасалған құжаттар бухгалтерияғатапсырылады. Барлық құжаттар өңделеді, тексеріледі, бағаланады, қажеті болған жағдайда тіркеу журналдарына жинақталады. Кәсіпорын бухгалтериясында құжаттар шаруашылық операциялары шындығымен сәйкес келуі жағынан, заңдылығ жағынан, қажеттілігі мен тиімділігі жағынан, қойылған бағаның дұрыстығы жағынан мұқият тексеріледі. Құжаттарды орындаушы жауап адамдардың қойған қолдары, реквизиттердің толығымен жазылуы, жазу тексттерінің, қойлыған сандардың анықтығы, шығарылған жинақтардың дұрыстығы толығымен тексеріледі. Егер тексеру нәтижесінде қателер жіберілсе, онда мұндай құжаттар осы құжаттарды жасаған жауапты адамдарға қайта жасау үшін қайтарылады.
Жоғарыда айтылған талаптар толығымен орындалған жағдайда кәсіпорын бухгалтериясында қызмет атқарушы жауапты бухгалтерлер әрбір құжаттарға одтар белгілеп жазады. Мысалға, операциялардың орындалған жеріне қарай қоймаларға, цехтарға аналитикалық жіктеу шоттарына кодтар белгіленеді. Кодтар белгілеу құжаттардың үлгі пішіміне сай жазылады. Осылайша өңделіп, жинақталған құжаттардағы сандық көрсеткіштер ақшалай өлшемге айналдырылып, бухгалтерлік есеп шоттарына жазылады. Шоттарға жазылған операциялардың мұқият дұрыстығы жөніндегі арнайы белгі қойылады. Құжаттарды өңдеу жұмысы шаруашылық операциялары мазмұны мен мәліметтерін көрсетуші шоттар корреспонденциясын жасаумен аяқталады.
Сонымен, бастапқы құжаттар, есеп регистрлары, тіркеу журналдары, бухгалтерлік қорытынды есеп (отчет) пен баланс, жыл бойы жасалған барлық құжаттар арнайы тәртіппен қабылданған мерзімге қарай міндетті түрде сақтауға қойылады.
Құжаттар – басқару шешімдерін қабылдау кезіндегі бухгалтерлік ақпарат ретінде алатын орны ерекше. Сондықтан да олардың түрлерін ажырата білу қажет, яғни құжаттарды белгі бір атқаратын маңызы қарай жіктеуіміз қажет.
Құжаттардың құрамы мен маңызына қарай: келіп түскен, ішкі, тұрақты жаңаланып тұратын, сыртқа жіберілетін құжаттар болып жіктелінеді.
Атқаратын міндетіне қарай құжаттар - әміршілік етуші, орныдаушы, бухгалтерлік есеп жүргізуші болып бөлінсе, кәсіпорынға қатыстылығына байланысты құжаттар – ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Құжаттар көлеміне қарай бастапқы және жинақтаушы құжаттар болып ажыратылады.
Жоғарыдағыдай классификациялық топтарға бөлінген құжаттардың әр тобына түсінік берілуі керек.
Келіп түскен құжаттар деп – сыртқы субъектілерден түскен, бұлардың шаруашылық өмірінде орын алған нақтылы фактілері жөніндегі ақпараттардан айтады.
Ішкі құжаттар деп – шаруашылық субъектісініңөзінде жасалған, осында қызмет атқарушы жауапты адамдарға арналған бастапқы құжаттарды айтады.
Тұрақты жаңаланып тұратын құжаттарға бухгалтерлік есеп жүйесінде жүргізілетін бастапқы құжаттардағы көрсеткіштерді жинақтап тіркеуші регистрлар жатады. Тіркеуші регистрларға жазылған мәліметтер негізінде бухгалтерлік қорытынды есеп жасалынады.
Сыртқа жіберілген құжаттарға осы кәсіпорында жасалып, сыртқы пайдаланушыларға арналған құжаттарды айтады.
Әміршілік етуші құжаттарға шаруашылық операцияларын жүргізу мен тексеру жұмыстарын орындау жөніндегі бұйрық түріндегі құжаттар жатады. Фактілердің орындалғандығын растайтын құжаттарды орындаушы құжаттар деп атайды. Мысалға, кассаның кіріс және шығыс ордерін алуға болады. Операция орындалғанға дейінгі жазылған ордер әміршілік етуші құжат болып танылса, ақшаның берілгендігі немес кіріске алынғандығы жөніндегі кассалық ордер орындаушылық рөл атқарады.
Бухгалтерлік есеп жүргізуші құжаттарға атқарушы бухгалтерлердің өздері жасаған құжаттары жатады. Мысалы: есеп жүргізу әдістерін тәжірибеде қолдану үшін есептеу, тіркеу, жетілдіру мен талдау жөніндегі қолдан жасалған құжаттарды айтуға болады. Егер таза пайданың көлемін, бұларға әсер етуші сандық көрсеткіштерді есептеу кәсіпорынның шаруашылық операцияларына жататын болса, онда бұл көрсеткіштер не әміршілік етуші, не орындаушы құжаттар тобына жатады. әр кезеңде жасалған қорытынды есепті (отчет) бухгалтерлік есеп жүргізуші құжаттар тобына жатқызуға болады. Шаруашыылқ операцияларын байланысты көптеген әдістемелік есептер орындау кәсіпорындағы бухгалтерлерге байланысты. Мұндай жағдайда ресми түрде қолданылатын құжаттар үлгісі пайдаланылмайды.
Кәсіпорынға қатыстылығы жағынан қарағанда құжаттар екі үлкен топқа – ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Ішкі құжаттарға кәсіпорынның өз қызметкерлері мен әкімшіліг жасаған құжаттары жатады. Ал, сыртқы құжаттарға кәсіпорынның сыртта жүрген уәкілдері мен басқа да кәсіпорындарға жасалынып, осы кәсіпорынға берілген құжаттар жатады. Мысалы: акционерлердің қолындағы акциялары бухгалтерлік есеп құжаттарына жатпағанымен, кәсіпорынның бухгалтері бұл құжатты тіркеуге міндетті.
Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі құжаттарды іс-тәжірибеде пайдалану үшін әрбір кәсіпорын ішкі құжаттарды жетілдіріп отыруы керек.
Мазмұн көлеміне қарай құжаттар бастапқы және жинақтаушы болып екіге бөлінеді. Бастапқы құжаттар шаруашылық операцияларының орындалған сәтінде (бірінші кезеңінде) жасалынуы керек. Бастапқы құжаттар бухгалтерлік жүргізудің ең басты кезеңін сипаттайды. Бұларға касса ордерлері, чектер, шот-фактуралар, қабылдап өткізу актілері, материалдарға тапсырыс беру сияқты бастапқы құжаттар жатады.
2. БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІН ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ БУХГАЛТЕРЛІК АҚПАРАТТЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
2.1. Басқару шешімдерін
қабылдау кезіндегі
Бухгалтерлік есеп өрісіндегі көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, бұл үрдісті дұрыс ұйымдастырудың басты мақсаты – сыртқы пайдаланушылары мен кәсіпорын басшыларын ақпараттармен қамтамасыз ету. Ақпараттармен қамтамасыз ету басқару жүйесінің элементіне жатады. Басқару дегеніміз – шешім қабылдау, ал тиімді басқару үшін ақпараттар қажет. Басқару деп «көрегендікті» айтса керек. Ақпараттар жүйесін жинақтау арқылы көптеген берекесіздіктерді, түсінбеушілік пен орын алған қарама-қайшылықтарды дұрыс шешуге болады. Яғни ақпараттар өз бетінше қалыптаспайды, мұның үшін мәліметтер қажет, ал мәліметтер аұпараттар жүйесін құрайды. Ақпараттар деп шаруашылық өміріндегі фактілердің орын алғандығын хабарлау дейміз. Кез келген кәсіпорын өз қызметін тұрақты түрде басқа да көздерден қаржыландырып отырғысы келетіндігі рас. Қаржы көздері капитал рыногында болатындығы түсінікті. Міне, осыдан барып кәсіпорындар потенциалды инвесторлар мен басқа да қаржы салымшыларын және сыртқы несиелендірушілер мен құқылы тұлғалардың қаражаттарын іске қосып, түпкі мақсат таза пайда көлемін арттыру үшін бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды басқаларға хабарлап отыруы қажет.
Сонымен, бухгалтерлік есеп жүйесіндегі
ақпараттар, біріншіден сыртқы тұлғалардың
талабын қанағаттандырады, екіншіден
кәсіпорындарындағы бухгалтерлер мен
басқарушылардың талабын
Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ақпараттары мен мәліметтерін пайдаланушылардың мақсаты бәсекелестік тұрғыда болатындығынан ақпараттарды пайдаланушылар арасында қарама-қайшылықтар да болуы мүмкін. Сондықтан ақпараттар жүйесі түсінікті әрі қарапайым жолдармен аса бір сапалы және жоғары деңгейде орындалуы керек. Ақпараттардың мағынасы мен көрсеткіштері логикалық санаға сиятындай болуы жөн. Осылайша қалыптасқан ақпараттар жүйесі тиісті агенттіктер арқылы жарияланған кезде капитал рыногының және қаржы салымшыларының экономикалық мүмкіндіктерін білуге болады.
Сонымен бухгалтерлік есеп аса көп ақпараттардан тұрады. Көптеген ақпараттарды жинақтап жүйеге түсіру кәсіби мамндардың ғана қолынан келеді. Ақпараттарды жинақтап, бухгалтерлік есеп жүйесіне түсіру үшін көптеген талаптар мен арнайы ережелер қажет. Бұларға: шындық, өз уақытында, қажетті дәлділік т.б. талаптар қойылады. Қойылған әрбір талаптардың өзіндік бағыты мен маңызы бар. Мысалға, шындық түсінігі жүргізілген эксперимент және санадан ауытқымайтын, логикаға жататын негізден қалыптасады. Бұл бағыттағы талапқа сай ағымдағы және септі жалдағы бухгалтерлік есеп мәліметтері нақтылы шындықты көрсетуі үші бухгалтерлік есеп өрісіндегі мәліметтердің барлығы да бастапқы құжаттар арқылы жүргізілуі керек. Яғни құжаттарсыз шындық болмайды, шындық құжаттардан туындайды.
Ақпараттар жүйесіне қойылатын
талаптардың ең маңыздысы - өз уақытысындағы
дер кезіндегі орындалатын
2.2. Шешім қабылдау кезіндегі ақпараттардың өлшеу принциптері
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінде болып отыратын, немесе күнделікті нақтылы орын алған операциялардың мазмұны мен мәліметтерін есептеп, бағалау және счеттар жүйесіне түсіндіру үшін бірнеше өлшеу принциптерін қолданылады. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі ақпараттарды өлшеп, тексеру мен бағалау және талдап, зерттеу қызметін жан-жақты іске асыру үшін түрлі өлшеу әдістері болады. Бұлар: ақшалай, натуралды және еңбек өлшемі болып үшке бөлінеді.
Ақша - өлшеу принципінің ең негізгісі. Қызмет атқарушы бухгалтерлердің ненің қанша сомаға сатылып алынғандығын, қанша сомаға өндіріліп сатылғандығын, ненің қолда қалғандығын білуі керек. Сонымен қатар, ағымдағы шаруашылық операцияларының мазмұнын өлшеп, есептеп, бухгалтерлік есеп счеттарына жазып, жекелеген счеттардың жинағын шығарып, бұл жинақтарды қорытынды есепке түсіру сияқты қызметтердің барлығы да ақшалай өлшеу принципін қолдану арқылы іске асырылады.
Информация о работе Бухгалтерлік есеп және ақпараттар жүйесі