Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 23:32, курсовая работа

Краткое описание

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі». Курстық жұмысым 3 тараудан тұрады.
I тарауда- Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі және ғалымдар еңбегінде олардың жетілдіру жолдары туралы айтылған.
IIтарауда- «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы.
III тарауда- Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар туралы қамтып айтылады.

Оглавление

Кіріспе. ………………………………………………………………………..3
I Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі…………….4
1.1. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі ................4
1.2. Ғалымдардың еңбегіндегі бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдары……………………………………………………………………….……...5
II «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы....................................................................................7
2.1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................7
2.2.Акционерлік қоғамның есеп саясаты........................................................................................................................11
III Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар...........13
3.1. Төленетін ағымдағы табыс салығы.........................................................................................................................13
3.2. Қосылған құнға салынатын салық..........................................................15
3.3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы..........................................17
3.4. Бюджетпен басқа да есеп айырысу.........................................................19
Қорытынды
Қосымша.

Файлы: 1 файл

жаксы курсовик.docx

— 95.30 Кб (Скачать)

 

Мысалы: Салық кезеңі  үшін өткізу бойынша айналым 1 млн.теңгені құрайды (701-6010 «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс»шоты) қосымша құн салығы 150000 теңге (633 шот-3130) 400000 теңге сомаға ТМҚ, жұмыстар, қызметтер алынды, қосымша құн салығы 60000 теңге (331шот-1420) мөлшерінде есепке жатқызылды. Бюджетке 90000 теңге төленді (633 (3130) және 331 (1420) шоттар бойынша айналымдар арасындағы айырма).

Қосылған құн салығы салынатын  тауарларды тиеуді, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетуді жүзеге асыратын қосымша құнға салынатын салық  бойынша есепте тұрған салық төлеуші  аталған тауарларды, атқарылған жұмыстарды немесе көрсетілген қызметтерді  қабылдап алатын тұлғаға салық шот-фактурасын ұсынуға міндетті: егер де қосымша құн салық сомасы шот-фактурасында көрсетілсе,онда оған 331 (1420) шоты дебеттелініп, 333(1250), 671(3310), 687(3390) шоттары кредиттелінеді.

Қосымша құн салықты  есептеу  кезінде

Д-т 301(1210) «Алынуға тиісті қарыздар» шоты

К-т  633(3130) «Қосылған құн салығы».

Содан соң 301(1210) шотының кредитінен 633(3130) шоты шотының дебетіне есепке алынады.

Айырмашылығы бюджетке аударылады:

Д-т 633(3130)

К-т 441(1040)

Акциздік (жанама) салық-сатып алушы төлейтін тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын жанама салық болып табылады.

Акцизді есептеген кезде 301(1210) шоты дебеттелініп, 639(3190) шотының «Акциз» деп аталатын субшоты кредиттелінеді. Ал оны бюджетке аударған кезде, 634(3140) дебеттелініп, 441(1040) шоты кредиттелінеді.

Акцизделмейтіндерге мыналар жатады:

  • Акцизделген тауарларды сыртқа (экспортқа) сатқан жағдайда;
  • Мемлекеттік өкілетті органдармен анықталған квота шегіндегі этил спирттері;
  • Медицинаға арналған құрамында спирт бар өнімдер (бальзамнан басқасы).

Импортталатын акцизге жататын  тауарлар бойынша салық салынатын  объекті Қазақстан Республикасының  кеден заңдарына сәйкес белгіленеді.

Кәсіпорында тек салық салынатын  айналымдар болған кезде қосымша  құн салығын анықтау схемасы  бойынша есептелген қосымша құн  салығының сомасы мен зачетқа жатқызылған салық сомасының айырмасы ретінде анықталады.

Бюджетке енгізілуге жататын қосымша  құн салығының сомасын есептеудің салық заңнамасындағы алгоритмнің  қарапайым болуына қарамастан бухгалтерлер іс-жүзінде түрлі проблемаларға кезігеді. Олардың ең бастысы-кәсіпорында салық салынатын және салық салынбайтын айналымдар болған кезде есепке жатқызылатын қосымша құн салығын анықтайды.

Алынған тауарлар үшін төленуге тиіс қосымша құн салығы

Д-т 301(1210) «Орнын толтыруға жататын  қосылған құн салығы».

          Өткізілген тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) үшін қосымша

          құн  салығын есептеу

К-т 633(3130) «қосылған құн салығы».

Бюджетке төленетін қосымша  құн салығының сомасы

Д-т 633(3130)

К-т 331(1420)

Тауар (жұмыс, қызмет) алушы бюджетке төленетін жарнасы бойынша салық сомасын  анықтаған кезде қосылған құн салығының сомасын зачетқа жатқызуға құқығы бар. Зачетқа жатқызылатын айналымды есептеген кезде қосылған құн салығын төлеуші пропорционалды немесе бөлек есептелінетін әдісті таңдай алады. Пропорционалды әдісте қосылған құн салығын жалпы айналымдағы сомадан үлес салмағы бойынша анықтайды және соның деңгейінде зачетқа жатқыза алады. Ал бағалы қағаз бойынша операция кезінде сату бойынша айналымына, оның өсімі қосылады. Ал бөлек есептелінетін әдісте салық төлеуші шығыс сомасы бойынша және алынған тауарлардың (жұмыстың,қызметтің) қосылған құн салығының сомасы бойынша жеке есептеулер жүргізеді  және  салық салынбайтын айналымның үлес салмағын және олардың сомасын анықтауға көмектеседі.

 

3.3.Жеке тұлғалардан алынатын  табыс салығы.

 

Жеке тұлғалар бойынша бюджетпен есеп айырысу  есебі 634(3140) пассивті шотында жүреді. Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.

Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық  табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары тағы да басқа табыстары кіреді. Жеке тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарына инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады:салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын жылжымайтын мүліктің ,құнды қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа да материалдық емес активтерге қатысу үлесі; шетелдік валюта; асыл тастар және асыл металдардан, олардан жасалған зергерлік бұйымдардан,құрамында асыл тастар және металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антикварианттар. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

Жеке тұлғалардан табыс салығы ұсталынған уақытта

Д-т 681(3350) «Жұмысшы қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»

К-т  639(3190)  «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шоты бухгалтерлік жазуы жазылады.

Төлем көзінен алатын табысына салынатын салықтар. Төлем көзінде салынатын салық төлеушінің табысынан алынады, олардың қатарына-еңбеккерлердің табысы. Төлем кезінде салық салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанда есептеген еңбекақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын сомасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік тағы басқа табыстар кіреді.

Еңбеккерлердің табысы бойынша  жеке табыс салығының сомасы еңбеккерлердің табысына  қолданылатын мөлшерлеменің  көмегімен есептелінеді.

Табыс салығын ұстаған кезде

Д-т  681(3350),682(3350)

К-т  639(3190)

  • Бір жолғы төлемдерден түскен табыс. Бұндай төлем түрлері алдын-ала жасалған келісім-шарт бойынша анықталады;
  • Жинақтау зейнеткерлік қорларынан төленетін зейнеткерлік төлемдері, бұл өз кезегінде айлық есептік көрсеткіштерді азайтады;
  • Жеке тұлғаға төленетін ұтыстар,марапаттаулар,дивиденттер, табыстың бұл түріне 15% деңгейінде салық салынады;
  • Стипендия, бұларға да салық салынады, сондай-ақ стипендия мәдениет,ғылым тағы да басқа қайраткерлерге арналады;
  • Сақтандыру қоры бойынша табысы.

Төлем көзінен салық  салынбайтын табыстар. Төлем көзінде салық салынбайтын табысқа салық төлеушінің келесі табыс түрлері жатады:мүліктік табысы, жеке кәсіпкерлердің  салық салынатын табысы, адвокаттардың табысы және нотариустардың табысы т.б.

639(3190) -«Бюджетпен басқадай есепайырысу» шотында «Акциздік салықтарда» есептелінеді.

Акциздік (жанама )салық дегеніміз- сатылатын тауарлардың бағасына қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Акциз салығы Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға салынады. Акциз салығы салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында шығарылған немесе Қазақстан Республикасының аумағына импортталған тауарлар,яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері,құрамында  темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында  акцизделуге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады. Шаруашылық субъектілерінде акциз салығын есептегенде

Д-т301(1210) «Алынуға тиісті борыштар»

К-т 639(3190) «Бюджетпен басқадай есеп айырысу » шотының «акциз салығы» -деп аталатын субшоты.

Сондай-ақ, 639(3190) «Бюджетпен басқадай есеп айырысу» шотында Қазақстан  Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептелінеді. Бұл айтылғандардың қатарына:

  • Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы;
  • Жер салығы;
  • Заңды тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (мүлік салығы);
  • Көлік құралдарына салынатын салық және тағы да басқалары жатады.

Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады.

639(3190) «Бюджетпен басқадай есеп  айырысу » шотының кредитіне  тиісті шығындар есептелінетін шоттардың дебетінен есептелінген салық, алымдар   мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебетіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

 

3.4. Бюджетпен басқа да есеп айырысу.

 

Бюджет жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөлініп немесе бекітіліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын қаржы қоры болып табылады.

Субъектілер өздерінің мүліктерін және жеке адамдарын әр түрлі қауіптен сақтандыру үшін сақтандыру мекемесімен келісім-шарт жасасып, белгіленген мөлшерде тиісті жарна төлеп тұрады. Мүлік пен жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу 651(3410) «Мүлік пен жеке басты сақтандыру бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Шаруашылық субъектінің мүліктерін және жұмысшы қызметкерлерін сақтандыру жарнасы есептелінгенді 811 (7110) «Тауарларды сату бойынша шығындар» немесе 821(7210) «Жалпы және әкімшілік шығындар» шотының тиістілері дебеттелініп, 651(3410) шот кредиттелінеді.

Қазақстан Республикасының  2000 жылғы  «Республикалық бюджет туралы» 1998 жылдың 16 желтоқсанында шыққан номері 318-1 санды Заңымен  және Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігіне қосымша деп аталатын құжатта, жалпы мемлекеттік салықтар мен алымдар енгізіледі. Осыған байланысты бухгалтерлік есептің 2000 жылдың 1 қаңтарындағы 652(3410), 653(3510) (10%мөлшеріндегі зейнетақы жинақ қорына аударымдардан басқа) және 654 шоттарындағы қалдықтар. 639(3190) «Бюджетпен басқадай есеп айырысу » -деп аталатын шотқа қаңтар айындағы айналымдар бойынша 2000 жылдың 1 қаңтарында аударылады.

Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі 653(3510) шотында жүргізіледі. Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын Заңды тұлғалар шарттар бойынша жұмысшы жалдайтын тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті.

Зейнетақы қорына белгіленген мерзімде жарна төленбеген жағдайларда субъекті өсім сомасын төлейді, сондай-ақ субъектінің лауазымды тұлғаларына мұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.

Әлеуметтік салық: Қазақстан Республикасының  1999 жылғы 17 сәуіріндегі «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заң күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгертулер  мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта  бұған дейінгі жол салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық аламдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.

Әлеуметтік салықтың ерекшелігі - оның салық салу объектісі-еңбекақы төлеу қоры болып табылады.Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

Әлеуметтік салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді,оның ішінде:әр түрлі сыйақылар,жәрдемақылар,жеке әлеуметтік жеңілдіктер  және т.б. төлемдер. Шаруашылық жүргізуші субъектілерінде әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептелінеді де, келесі айдың 15-інен кешіктірілмей төленуі тиіс.

Субъектілерде әлеуметтік салық есептелінгенде:

811(7110) «Тауарларды сату бойынша шығындар»;

821(7210) «Жалпы және әкімшілік шығындар;

903(8010) «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар»;

923(8030) «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар»;

933(8040) «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар»;

943 «Еңбекақыдан аударылатын аударымдар» -деп аталатын шоттардың тиістілері дебеттелініп 634(3140) «Бюджетпен басқадай операциялар есеп айырысу» -деп аталатын шот кредиттелінеді. Ал ол сома бюджетке есеп айырысу шотынан төленгенде 634 (3140) «Бюджетпен басқадай операциялар есеп айырысу» -деп аталатын шот дебеттелініп, 441(1040) «Есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттар» -деп аталатын шот кредиттелінеді.

Жарналар белгілі бір кәсіпорынның ережелерімен,жарғыларымен және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шығарылған басқа да  нормативтік актілермен белгіленген еңбекақының барлық түрлеріне есептелінеді. Жарналар пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақыға, жұмыстан шыққан кездегі берілетін жәрдемақыға, материалдық көмек ретінде берілетін еңбекақыға және зейнетақы қорына сақтық жарналарын өндіріп алу мен есепке алу және зейнетақы қоры қаражаттарын жұмсау тәртібі туралы нұсқауда, белгіленген басқа да жағдайларда есептелінбейді.

Жарналарды есептеген кезде:

Д-т 681(3350) «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу»;

К-т 653(3510) «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу».

Ал бұл есептелген жарналар қорға аударған кезде:

Д-т 653(3510)  «Зейнетақымен қамтамасыз ету қорымен есеп айырысу»;

К-т 441(1040)  «Есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттары».

653(3510) «Зейнетақымен қамтамасыз  ету қорымен есеп айырысу»  -деп аталатын шоттың қалдығында зейнетақы қорына аударым қаражаттарын уақытылы төлемегені үшін  есептелген өсім сомасы көрсетіледі. Уақытылы зейнетақы қорына аудармаған жарна үшін төленілетін аймақы сомасына:

Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі