Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 23:32, курсовая работа
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі». Курстық жұмысым 3 тараудан тұрады.
I тарауда- Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі және ғалымдар еңбегінде олардың жетілдіру жолдары туралы айтылған.
IIтарауда- «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы.
III тарауда- Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар туралы қамтып айтылады.
Кіріспе. ………………………………………………………………………..3
I Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі…………….4
1.1. Бюджеттегі есеп айырысудың экономикалық мәні мен рөлі ................4
1.2. Ғалымдардың еңбегіндегі бюджетпен есеп айырысу есебін жетілдіру жолдары……………………………………………………………………….……...5
II «Ақсайгазсервис» акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық және қаржылық есеп жұмысы....................................................................................7
2.1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-экономикалық сипаттамасы.................................................................................................................7
2.2.Акционерлік қоғамның есеп саясаты........................................................................................................................11
III Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар...........13
3.1. Төленетін ағымдағы табыс салығы.........................................................................................................................13
3.2. Қосылған құнға салынатын салық..........................................................15
3.3. Жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы..........................................17
3.4. Бюджетпен басқа да есеп айырысу.........................................................19
Қорытынды
Қосымша.
Жалпы жағдайы.
«Ақсайгазсервис»акционерлік қоғамның акционерлер жалпы жиналысының шешімімен қабылданған есеп саясаты белгілі бір қағидаттарды,әдістерді ұсынады.
Акционерлік қоғам есеп саясатын дайындағанда «есеп жүргізу саясаты және оның ашылуы» атты №1 Бухгалтерлік есеп стандартының қағидаттарына негізделген.
Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру әр стандартына ұсынылған тәсілдердің бірін таңдаумен,субъект қызметінің жағдайларын басшылыққа ала отырып,оларды негіздеумен және бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептемесін тапсыру үшін оларды негіз ретінде қабылдаумен тұжырымдалады.
Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру маңызды да жауапты рәсім болып табылады,ол қаржы есептемелерін дайындауға және тапсыруға ықпал етеді. Есеп жүргізу саясатын қалыптастыру үшін жауапкершілікті қоғам басшылығына жүктеледі.
Есеп жүргізу саясатының басты
мақсаты-шаруашылық операцияларын, активтерді,меншік
капиталдарды,міндеттемелерді,
Шаруашылық операциялардың және ТМБ аналитикалық есебін жүргізудің ретімен үлгісін басшының өзі тағайындайды және олар есеп кезеңінің мерзімінде өзгеруі мүмкін. Жылдың қорытынды есеп тәуелсіз аудиторлардың тексерісінен кейін оны акционерлердің жалпы жиналысында бекітіледі.
Бухгалтерлік есепте қаржы-шаруашылық операцияларды тіркеу және топтау жүйесін акционерлік қоғам жұмыс шоттар жоспарын қолданады.
№1БЕС «Есеп саясатын жүргізу саясаты және оның ашылуы»
а) Акционерлік қоғам өзінің есебін ҚР «шетел инвестициялар және басқа да құқықтық актілер туралы»заңына сәйкес жариялайды.
б) Жылдың қаржылық қорытынды есебін ҚР тәуелсіз аудиторлар тексеру керек.
№2 БЕС «Бухгалтерлік баланс» және «қаржы есептемелеріндегі негізгі ашылымдар» толық қабылданады.
№3БЕС «Қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы» есепте мынадай ақпаратты ашып көрстеу қажет.
а) өнімдерді өткізуден алынған табыс;
б) өткізілген өнімнің өзіндік құны;
в) жалпы табыс;
г) есепті кезең шығындары.
№4БЕС «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп».
а) Операциялардың қызметінің түскен ақшасын тікелей әдіс бойынша алады.
б) Есеп кезең соңында ақша қаражаттарының қалдығы қолдану құқығын тек қана акционерлік қоғамның құрылтайшыларына беріледі.
№5БЕС «Табыс». Кез келген қызметтен түскен табыс мынадай шоттарды қанағаттандырады:
а) табыс сомасы барынша бағаланған жағдайы;
б) субъектінің мәмілемен байланысты экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болғанда танылады;
в) субъект сатып алушыға меншік құқығын бергенде;
г) мәміле бойынша нақты жұмсалған немесе жүктеліп отырған шығындар барынша дұрыс бағаланғанда танылады.
№6 БЕС «Негізгі құралдарды есепке алу».
а) негізгі құралдардың қолданылуы жұмыс жоспар шоттарының 12 бөлімінде қарастырылады;
б) негізгі құралдар ретінде танылатын материалдың активтер бастапқы құны бойынша бағаланады;
в) Амортизация есептегенде әр түрлі әдістерді қолданады:
г) 100% тозған негізгі құралдар ағымдағы құн бойынша есептелінеді.
№7 БЕС «Тауарлы-материалдық қорларды есепке алу».
а) тауарлы-материалдық қорлар өзіндік құн мен өткізудің таза құнының ең төменгі бағалануы бойынша бағаланады.
б) өнім өндіруге кеткен шығындар экономикалық маңызына сәйкес мынадай элементтер бойынша топтастырылады.
№8 БЕС «Қаржы инвестицияларын есепке алу».
а) қысқа мерзімді инвестициялары иелену мерзімі - инвестициялары иелену мерзімі 1 жылға дейін және ол ағымдағы құны бойынша есептелінеді.
б) ұзақ мерзімді инвестициялары-иелену мерзімі 1 жылдан артық болады.Ұзақ инвестиция қаржы инвестицияларын қайта бағалау үшін қайта бағалау қайталау жиелігін айқындау.
№17 БЕС «Жалға беру әдісі».
Бұл стандарт мақсаты-субъектілердің жүзеге асыратын жалға беруді есепке алу тәртібін анықтау.
II Бюджетпен есеп айырысу бойынша жүргізілетін операциялар
3.1.Төленетін ағымдағы табыс салығы.
Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 631 «Төленетін ағымдағы табыс салығы» деген пассивті шотпен жүреді.
Корпоративтік табыс салығы туралы |
Салық салынатын объектілер |
Салық мөлшерлемесі |
Салықтық кезең |
Заңды тұлға ҚР резиденттері (бұларға Ұлттық банк пен ұйымдар кірмейді) |
Салық салынатын табыс |
30% |
Календарлық жыл |
Төлем көзінде алынатын табысқа салынатын салықтар |
15% | ||
Заңды тұлға ҚР резиденті олар үшін жер өндірістің негізгі құралы болып табылады |
Салық салынатын табыс |
10% |
Календарлық жыл |
ҚР тұрақты ұйымдар арқылы қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар |
Салық салынатын табыс |
30% |
Календарлық жыл |
Таза табыс |
15% | ||
ҚР-да төлем кезінде табыс алатын резиденттер емес заңды тұлғалар |
Төлем кезінде алынатын табысқа салынатын салықтар |
15%-марапаттау мен қатынасу үлесінен алынған табыстар дивиденттер 10%-тәуекелділікпен сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасы 5%- тәуекелділікпен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасы 5%-халықаралық тасымалдауда транспорттық қызмет көрсетуден түскен табыс 20 % -басқа да табыстар |
Корпоративтік табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің (тұрақты мекемелер арқылы қызметін жүзеге асырмайтын, резидент еместерді қоспағанда) арасындағы айырма арқылы анықтайды.
Салық салынатын табыс = Жылдық табыс жиынтығы - Шегерімдер.
Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін,салық төлеушінің алуына (алғанына) жататын ақшалай немесе басқа да (операциялар үшін салық төлеушінің алуына) қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген тікелей немесе жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді.Кәсіпкерлік қызметтерден түсетін кірістерге:өнімді (жұмысты,қызметті) сатқаннантүсетін кірістер:ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнның өсуінен, сондай-ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға байланысты олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер, басқа да сатудан түскен тыс кірістер, соның ішінде проценттер бойынша кіріс:дивиденттер, ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары:мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер, роялти; мемлекеттен және басқа заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар:кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер:қарыздарды есептен шығарудан түскен кірістер және т.б.жатады.
Салық төлеушілердің шегерімдерінің тиісті құжаттары бар болса,яғни жылдық табыс жиынтығын алумен байланысты шығыстары расталса ғана шегерім жасалады. Бұл шығыстарды сол өзінің жасалған салықтың кезеңімен шегеріледі, бірақ оған болашақ кезеңінің шығыстары қосылмайды.
Жылдық табыс жиынтығынан
Төлеу көзінен ұсталынған Төлем көзінен ұсталатын Корпоративтік
Заңды тұлға резиденттеріне марапаттау сомасы. * табыс салығының / салығының
төленетін марапаттау
және мерзімге жатқызуға
= ------------------------------
болатын сомасы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және Лондонның банкаралық рыногының депозиттерді, бағалы қағаздарды,мүліктерді, сондай-ақ несиені (қарызды) рәсімдеу кезіндегі мөлшерлемесі пайдаланады.
Келісім-шартына сәйкес несие (қарыз) үшін марапаттау сомасын есептеу кезінде қалқып жүретін мөлшерлемесі және сол мәміленің (операцияның) нақты жасалған күніндегі мөлшерлемесі есепке алынады.
3.2. Қосылған құнға салынатын салық.
Бұл өндіріс процесіне және тауардың
(жұмыстың, қызметтердің) айналысына
қосылған, сату айналымына салынатын
құн бөлігінің бюджетке аударылатын,қосылған
құн салығы болып табылады, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының
Қосылған құнға салынатын
Сондай-ақ еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі. Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады.
«Сату» термині тауарларға қатысты
қолданғанда сатуды, айырбастауды ақысыз
беруді немесе кепілге салынған
тауарларды кепілдікке зат ұстаушының
меншігіне беру және жұмыстар мен
қызметтерді орындау деп
Қосылған құнға салынатын
Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарда түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда,тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Қосылған құнға салынатын
Қосымша құн салығын төлеуші |
Салық салынатын жер |
Салық мөлшері |
Салық кезеңі |
Қосымша құн салығы бойынша есепте тұрған тұлғалар қосымша құн салығын төлеуші болып табылады. |
Салық салынатын айналым |
ҚР-ң аймағында сатқан кезде 15% мөлшерінде салық салынады. Экспортқа сатқан кезде оның нөльдік пайызы алынады. |
Календарлық ай.Егер ай сайын төленетін қосымша құн салық сомасы 1000 МЕК аспаса, онда төлеу кезеңі қосқан
сайын төленетін болып |
Қазақстан Респ.кедендік заңына сәйкес ҚР аумағына тауар әкелуші (импорттаушы) тұлғалар қосымша құн салығын төлеуші болып табылады. |
Салық салынатын импорт |
15% |
Ал ауыл шаруашылығы- ның өнімін өндіретін- дер үшін,төлеу кезеңі салықтық жыл болып табылады. |
Қосылған құн салығын
Қосылған құн салығын анықтау үшін сату орны болып мыналар танылады:
Тауар бойынша. |
Жұмыс пен қызмет бойынша. |
Тауарды тиеу орны,егер де жабдықтаушы алушы немесе үшінші тұлға болса |
Қозғалмайтын мүліктің тұрған жері, егер де жұмыс пен қызмет осы мүлікпен байланысты болса. |
Алушыға тауарды беру орны. |
Жұмыс пен қызметтің нақты жүзеге асқан жері, егер сол мүліктің қозғалысымен байланысты болса. |
Қызмет көрсеткен нақты орны, сол қызметке қатысты болса, мәдениет саласы, өнер, білім, спорт. өз меншігіндегі құнның объектісін пайдалануға берсе. Кеңсе, аудиторлық, инженерлік, бухгалтерлік т.б. қызмет көрсетеді. Қозғалыста болатын мүліктерін жалғаға берсе (транспорттық құралдың транспорттық ұйымға көрсеткен қызметінен басқасы). Тауарларды (жұмыстарды, Туризмді ұйымдастыру бойынша. |
Информация о работе Бюджетпен есеп айырысу операцияларының есебі