Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:04, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Ұлттық Банкі еліміздің эмисиялық және резервтік орталығы ретінде мемлекеттің ақша – несие және валюта саясатының басты бағыттарын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, яғни мемлекеттің ақша – несие саясатын жүргізу және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік ету.
Қазақстан Ұлттық Банкі – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, мемлекеттік банктер орталығы, эмиссиялық банкке түрлендіррілген «банктердің банкі» болып табылады.

Оглавление

Кіріспе 3
1.Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдастырылуы және функционалдық құрлымы 4
2.Қазақстан Ұлттық Банкінің міндеті, қызметтері мен операциялары 9
3.Қазақстан Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі 13
4.Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша – несие саясатты 19
5.Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын – валюта резервін
басқару қызметі 25
Қорытынды 28

Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Қосымша 31

Файлы: 1 файл

Қазақстан Ұлттық банкі.doc

— 671.50 Кб (Скачать)

       2004 жылға дейін, оның негізгі міндеті  ретінде ұлттық валютаның ішкі  және сыртқы тұрақтылығын қамтамассыз  ету болғандығын еске сала  кеткен дұрыс. Осы жерде, неліктен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жаңаша негізегі міндетін осылай белгілеу қажет болды деген сауал тууы мүмкін. Осы сауалға екі жақты жауап берген дұрыс.

       Біріншіден, өткен міндеті ретінде белгіленген ұғымдардың мәнін түсінейік, яғни ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы бұл ішкі бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді сипаттаса, ал сыртқы тұрақтылығы – бұл ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді білдіреді.

       1999 жылдың сәуір айынан бастап, еркін  өзгермелі бағам режиміне көшкендігіміз  баршамызға белгілі және оның  басты шарты - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің ұлттық валютаны шетел валютасына қатысты бағамын белгілеуге араласпауын немесе ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялауды жүргізбеуін көздейді. Сонымен қатар, ақша – несие саясатының бағыттарында 2003 жылдан бастап, 2007 жылдарға дейін үш кезеңде валюталық режимді ырықтандыру шараларының қарастырылуы соңғы міндеттің қажетсіздігін көрсетеді. Ендеше бұл жерде шетел валютасына қатысты ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеті өздігінен түсініп қалатыны сөзсіз, сөйтіп тек қана ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің негізгі міндеті ретінде аталған заңға еңгізілген өзгерістер мен толықтырылулар ретінде нақтыланды.

       Екіншіден, ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету  міндетінің қажеттігі  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша несие саясатын жүргізуде 2002 жылдан бастап Еуроодақ стандартына және инфлятцияның таргеттеу принципіне өту туралы шешім қабылдауынан туындап отыр. Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

       2003 жылы аталған заңға енгізілген  соңғы өзгерістер мен толықтырулардың  нәтижесінде 2004 жылдан бастап  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бір қатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.

       Соған сәйкес барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.

       Бүгінгі күні Ұлттық Банк мынадай классикалық  қызметтерді атқарады:

    • ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноттар мен монеталарды шығару;
    • мемлекеттің ақша – несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
    • несие беру;
    • депозит қабылдау;
    • төлем жүйесін ұйымдастыру;
    • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
    • төлем балансын құрастыру.

       Сонымен қатар Ұлттық Банкке жоғарыда аталған  қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктелді:

    • Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінді:
      • Банктер;
      • Сақтандыру ұйымдары;
      • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;
      • Жинақтаушы зейнетақы қорлары.
    • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.

       Ұлттық  банктің негізгі міндеті мен  қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.

       Жалпы Ұлттық Банк мынадай операцияларды  жүргізеді:

    • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық өтелу мерзімі бар міндеттемелерді қайта есепке алады;
    • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
    • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады.
    • депозиттік және есеп айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
    • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
    • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында жұрттарға;
    • чектерді жазып вексельдерді береді;
    • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қазақстан Ұлттық Банкінің эмисиялық қызметі. 

       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі еліміздің  орталық банкі ретінде ақшаны эмиссялау қызметін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасында ақшаны эмиссиялау құқығы тек қана Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкіне заңмен бекітіліп берілген.

       Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі өзінің эмиссиялау қызметін 1993 жылдың қараша айында 15 жұлдызынан бастап жүзеге асыруды қолға алды. Себебі бұл күн біздің тәуелсіз ел болуымызбен байланысты 70 жылдан кейін қайта жаңғырған жаңа тарихымызда ерекше күнді білдіреді. Ол күн егеменді еліміздің төл валютасын айналысқа енгізген күн болып табылады.

       1993 жылы қараша айына дейін эмиссиялау қызметін тек қана КСРО-ның Мемлекеттік банкі, кейіннен Ресейдің Орталық банкі атқарып келді. Ол кезде Қазақстан аумағында төлем құралы ретінде КСРО-ның Мемлекеттік банкінің немесе Ресей Орталық банкісінің 1961 – 91 жылдары шығарған рубльдегі банкноттары мен монеталары қызмет етті. Ендеше сол уақыттары біздің шаруашылық айналымға қажетті Ресйдің рублін сатып алып отырғанымыз да жасырын емес. Әсіресе 1 рублдегі қолма-қол ақшаны 2 рубль қолма-қолсыз ақшаға сатып алған. КСРО ыдырағаннан кейін кейбір оның құрамына енген республикалар өздерінің ұлттық ақша бірлігін айналымға енгізіп, яғни «рубль аймағынан» шығып кеткен болса, ал біздің республикамыз сол аймақта екі жыл бойы қалды. Оның басты себебі, Қазақстанда өзінің банкнот шығаратын фабрикасы мен Монета сарайы болмады.

       1992 жылы құпия жолмен біздің алғашқы  валютамыз 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы  банкноттар түрінде төрт ғасырлық тәжірбиесі бар ағылшынның пошта маркелері мен банкнот жасауды кәсіп еткен «Харрисон және оның ұлдары» компаниясымен өзара жасалған келісімшартқа байланысты шығарылды.      

       1993 жылы 26 шілде күні Ресей өзінің  төл валютасын еңгізгеннен бастап, өзге елдердің, соның ішінде «рубль аймағындағы» Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты елдердің қаржылық жүйелерін бөліп жібергендігін хабарлады. Сондай-ақ, Ресей Орталық Банкі Қазақстанға қазақ нышандары бар рубльді шығарып беруді ұсынған.

       Соған қоса, олардың мынандай талаптары болды: біріншіден, егер рубльді пайдалану үшін Қазақстанның Ресейдің құрамына Ресей Федерациясының субъектісі ретінде енуі; екіншіден, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында жинаған небәрі 700 млн астам АҚШ долларындағы алтын – валюта резервін Ресейдің орталық банкіне тапсыру. Қорыта айтқанда, олар өз рубльін бізге пайдалану үшін Қазақстан тәуелсіздігімен төлеуді ұсынады.

       Сол уақыттан бастап, Қазақстанда КСРО-ның  рубльдері ғана айналыста қалды  және өзге рубльден бөлінген аймақтардан олардың келуіне шек қойылмады. Ақыры, оған дейін құнсызданған рубль әрі қарай құнсызданып, инфляция қарқыны 2900 пайыздан асты.

       Міне  осындай келеңсіз оқиғалардың орын алуы Қазақстанның өз төл валютасын  шығаруға еріксіз жол сілтеді. Сөйтіп, 1993 жылы 12 қарашады Қазақстан Республикасы Президенттің Жарлығымен Қазақстан Республикасы аумағында ұлттық валютаның енгізілуі туралы шешім қабылданып, 15 – 18 қарашада КСРО-ның 1961 – 1991 жылдары шығарылған рубльдерін ұлттық валютамыз теңгеге айырбастау шаралары жүзеге асты.

       Осы сәттен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі эмиссиялық банк болып  табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің эмиссиялық қызметті оның құылымдық  бөлімшелері: Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Банкнот  фабрикасының банкноттары мен Өскемен қаласында Монета сарайында дайындалған монеталар көмегімен іске асады.

       Эмиссиялық  банктің басты міндетті айналысқа  қажетті ақша мөлшерін шығару және артық мөлшерін айналыстан алу. Әрине, ақшаны айналысқа қажетті мөлшерден артық шығару оның құнсыздануына жол береді.

       1993 жылы 15 қарашада айналымға 1, 3, 5, 10, 20, 50, 100 номиналдағы теңгелік банкноттар; 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар және 1, 2, 5, 10, 20, 50 тиындық монеталар жіберілді.  (4 – қосымша).

       1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын. Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып, тасталып, олардың орнына монета нысанындағы тиындар айналымға жіберілді. Қазақстан Ұлттық Банкі кейінірек  айналымға мынадай ақша белгілерін шығарды:

    • 1994 жылғы банкноттар, номиналы 200, ол 1993 жылығы үлгі бойынша және номиналы 500 теңге, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
    • 1995 жылғы банкноттар, номиналы 1000, ол 1994 жылғы үлгі бойынша;
    • 1996 жылғы банкноттар, номиналы 2000 теңге ол 1996 жылғы үлгі бойынша;
    • 1997 жылғы монеталар, номиналы 1,5,10,20,50 теңге;
    • 1999 жылғы банкноттар, номиналы 5000 теңге, ол 1998 жылғы үлгі бойынша;
    • 2003 жылғы банкноттар, номиналы 200 және 500 теңге, ол 1999 жылғы үлгі бойынша (өзгертілген дизайн);
    • 2001 жылғы банкноттар, номиналы 1000 және 2000 тенге, олар 2000 жылғы бойынша (өзгертілген дизайн);
    • Номиналы 100 теңге банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
    • Мерейтойлық номиналы 5000 теңге банкнот, ол 2001 жылғы үлгі бойынша, бұл ақша түрі мемлекетіміздің 10 жылдық тәуелсіздігіне байланысты;
    • 5000 теңгелік банкнот 2001 жылғы үлгі бойынша;
    • 2002 жылы номиналы 100 теңгелік монета 2001 жылғы үлгі бойынша;
    • Номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар, олар 1999 жылғы үлгі бойынша;
    • 2003 жылғы номиналы 10000 теңгелік банкнот, ол 2003 жылғы үлгі бойынша.

       Қазақстан Ұлттық Банкі 2006 жылы айналымға жаңа дизайынды банкноттар дайындап шығарды, бұл банкноттар 200 теңгедеп 10000 теңгеге дейін.

       Қазақстанның 2006 жылы 15 желтоқсан айына дейін  ақша айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 3 және 1теңгелік банктік билеттер, 20, 10, 5, 3 және 1 теңгелік метал монеталармен бірге 500 теңгелік алтыннан мерейтойға арнап, дайындалған манеталар, алғашқыда көлемі 64х100 мм. су тамғылы қағазға басылған 50, 20, 10, 5, 2 және 1 тиындар кейіннен олардың орнына осы номиналарда металл тиындар шығарылды.

       Бірақ, бүгінгі күні 1 теңгеге дейінгі  тиын монеталар айналыстан алынған, сондай-ақ 100 теңгеге дейінгі номиналдағы  банкноталар (қағаз түріндегі) айналыста  жүрмейді, олардың орнына металдан жасалған монеталар қолданыста жүр. Әрине, ірі номиналда банкноттардың айналыста болуы, еліміздегі орташа жалақы мөлшерінің жоғарлауымен байланысты.

       2006 жылы 15 қарашада Қазақстан Ұлттық  Банкі 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік  банкноттардың келбетіне өзгерістер  енгізіп шығарады. Мұндағы шаралар банкноттағы адам бейнесінің болмауын және олардың қорғаныс қабілетінің жоғары болуын көздейді.

       Ескі  үлгідегі және 2006 жылғы үлгідегі ақша белгілерінің айналыста  қатар жүру кезеңі – 1 жыл. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін айналыста қатар жүру кезеңінде заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ ешбір шектеулерсіз банктік шоттарға есептеуге және аударым жасауға міндетті түрде қабылданады. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің айналыста қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін ескі үлгідегі ақша белгілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемнің барлық түрлері бойынша заңды төлем құралы болуын тоқтатады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан еске үлгідегі ақша белгілерін қабылдау мен айырбастаудың көрсетілген он жылдық мерзімін ұзартуға құқылы.

       2007 жылы Ұлттық Банктің резервтік  қорынан айналысқа 1 332,9 млрд. теңге сомасында қолма – қол ақша шығарылды. Осы уақыт кезеңінде ұлттық валютаның банкноттары мен монеталарын айналыстан алу көлемі 1 1501 млрд. теңге болды. Осылайша, эмиссиялық нәтиже 172,8 млрд. теңге мөлшерінде оң болып қалыптасты, бұл 2006 жылғы осы көрсеткіштен (228,8 млрд. теңге) 75,5 % төмен.

       Қаңтарда қолма – қол ақша алу 2006 жылғы қаңтар мен салыстырғанда 24,5 млрд. теңгеге азайды және (-) 7,5 млрд. теңге болды. Наурыз – мамыр аралығындағы соңғы үш айда өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда банкноттар мен монеталар эмиссиясының көрсеткіштері 1,5 есе ұлғайған, ақпанда эмиссиялық нәтиженің 6 млрд. теңгеге төмендеуі байқалды. Маусымда эмиссия 4,5 млрд. теңгеге төмендеді. Шілде, тамызда эмиссия 24,7 млрд. теңгеге қайта өсті. Эмиссиялық нәтиже (-) 56,1 млрд. теңге сомада теріс болып қалыптасқанда, эмиссиялық көрсеткіштің барынша едәуір төмендеуі қыркүйекте байқалды, бұл осы айлық көрсеткіш үшін тарихи ең аз шама балып табылды. Эмиссияның төмендеу үрдісі ІV тоқсанда да сақталды, осы кезендегі эмиссиялық нәтиже (-) 22,2 млрд.теңге болды, бұл өткен жылға қарағанда 96,4 млрд.теңгеге төмен. Екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға заемдар беру көлемінің төмендеуі және халыққа шетел валютасын сату көлемінің өсуі осы кезеңді қолма – қол ақшаны айналыстан алудың ұлғаюына себебші болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның қызметтері мен операциялары