Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:45, реферат
Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Өндіріс саласына сипаттама ( маңызы, рөлі, құрылымы)
2.Саланың дамуынынң қысқаша тарихы
3.Саланың қазіргі күй жайы
4.Саланың болашақ перспективасы
5.Сала дамуындағы кедергілер
Қорытынды
Ұсыныстар
Компания
дамуына келеңсіз әсер ететін
үрдістерге мыналар жатады:
өндірісті электр энергиясымен
қамтамасыз ету проблемалары;
зауыттың кейінгі кезектерін
іске асыру үшін инфрақұрылымдық қамтамасыз
етумен байланысты проблемалар;
даму институттарындағы кредиттер
бойынша берешекті қайта құрылымдау мәселелерін
шешу.
Мынадай шараларды
жүргізу қажет:
өндірісті жоспарлау және энергияға
баға конъюнктурасын сақтандыру үшін
кемінде 5 жыл мерзімге электр энергиясын
жеңілдікті және тұрақты тарифтер бойынша
жеткізуге арналған ұзақ мерзімді келісімшарт
жасасуға жәрдем көрсету, бұл 40 %-ға дейін
жететін дайын өнімнің өзіндік құнындағы
электр энергиясына кететін шығындардың
елеулі үлесімен байланысты болып отыр;
қажетті қамтамасыз ету ресурстарын
(сумен жабдықтау, электрмен
жабдықтау, логистика т.б.) әкелуге жәрдем
көрсетумен байланысты,
зауыттың жалғаспалы кезектерін іске
асыру үшін мемлекеттің инфрақұрылымдық
қолдауы;
Шетелдік портфелдік инвесторлар
мен қазақстандық кәсіпорындар бақылайтын
қара металлургия орта компаниялары мыналар
болып табылады: Oriel Resources PLC, «Теміртау
электрлік-металлургия комбинаты» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі, «Ақтау құю зауыты»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
«АиК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қазіргі кезде «Мечел» Ресей металлургия
гиганты Лондонда бас офисі бар Oriel Resources
PLс - алтын, хром, никель, сондай-ақ бұл
металдардың қорытпаларын шығару және
өндіру саласындағы жобаларды басқару
компаниясының жалғыз акционері болып
табылады. Бүгінде инвестор өз алдына
тек кендерді қайта өңдеу және концентраттарды
өндіру, сондай-ақ бұл өнімді экспорттау
жөнінде міндеттер қояды, металлургия
өндірісін салу бойынша мәселе инвесторлардың
жоспарында жоқ.
Жылына 90 мың тонна болат дайындамалар
шығаратын «Ақтау құю зауыты» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі Қазақстанның батыс
өңіріндегі бірінші металлургия өндірісі
болып табылады. 2009 жылы жобаның екінші
кезеңі - жылына 400 мың тонна қуаттылығы
бар прокат зауыты (сұрыпты прокат) іске
қосылды. Жылына 600 мың тонна дайындама
өндіру қуаттылығы бар екінші электрлі-болат
балқыту кешенін салу жоспарлануда.
Ферроқорытпа өндірісіне қатысты
«Теміртау электрлік-металлургия комбинаты»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
мен ферросиликоалюминий өндіру зауыты
«АиК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін
атап өтуге болады, олардың өнімі сұранысқа
ие және Қазақстан мен Ресейде өз өткізу
нарығы бар.
Кәсіпорын дамуына келеңсіз әсер
ететін үрдістерге мыналар жатады:
техникалық артта қалушылық және
үдерістердің техникалық-экономикалық
көрсеткіштерін арттыру және қоршаған
ортаға зиянды техногендік әсер етуді
шектеу үшін балқыту агрегаттарын жаңғырту
қажеттігі;
өндірісті механикаландыру және
автоматтандыру деңгейінің төмендігі.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
өңірлік шикізаттан жасалатын
ферроқорытпалардың, лигатуралардың,
модификаторлардың және флюстердің кең
ассортиментін балқытудың тиімді технологияларын
әзірлеу, өйткені тұтынушылардың зиянды
және жанама қоспалардан тазалау бойынша
ферроқорытпа сапасына талабы қатайды;
тауар концентраттарын ала отырып,
әртүрлі кен орындарының кендерін өндіру
және байытудың әртүрлі схемаларын әзірлеумен
шикізат ресурстарын ұтымды пайдалануды
ұйымдастыру;
өнеркәсіп қажеттіліктері мен
сыртқы нарық экспорты үшін тот баспайтын
және легирленген болаттардың, қорытпалар
пен лигатуралардың кең ауқымын шығаруды
ұйымдастыру үшін титаннан, никель, кобальт,
марганец, ванадий, ниобий, волвфрам, молибден
және басқа да жерде сирек кездесетін
элементтерден жасалған отандық лигерлеуші
элементтермен қамтамасыз ете отырып,
ферроқорытпа өндірісін құру орынды, тиісті
өндірістерді құру үшін кешенді іс-шаралар
қажет;
арзан көміртекті қалпына келтірушілерді,
балама коксын технологиялық іздестіру;
өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату.
Түсті металлургия.
Қазақстандық кәсіпорындар бақылайтын
және мемлекеттік акциялар
пакеттері бар ірі холдингтер - «Қазақмыс
корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі ірі мыс өндірушісі және
Eurasian National Resource Corp. (ENRC) ірі алюминий өндірушісі.
ENRC алюминий бөлімшесін «Қазақстан
алюминийі» акционерлік қоғамы білдіреді,
ол әлемдегі ірі жербалшық өндірушісі
болып табылады. «Қазақстан электролиз
зауыты» акционерлік қоғамында қазіргі
кезде 125 000 тонна бастапқы алюминий өндіріледі.
2010 жылғы шілдеде зауыттың екінші кезеңін
іске қосу және қуаттылығын жылына 250 мың
тонна бастапқы алюминийге дейін жеткізу
жоспарлануда.
Компанияның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
электр энергиясындағы тарифтердің
жоғарылығы, бұл өнімнің өзіндік құнының
өсуіне әсер етеді;
дайын өнімді үзіліссіз тиеп-түсіру
үшін көлікпен қамтамасыз ету мәселесін
шешу.
Мынадай шараларды өткізу қажет:
2010-2012 жылдар кезеңіне табиғи
монополиялар субъектілері көрсететін
қызметтерге (электр энергиясы) арналған
уақытша төмендету коэффициентін ұсыну;
«Қазақстан темір жолы» ұлттық
компаниясының тауар өнімін тиеп-түсіруге
арналған жылжымалы құрамын техникалық
ақаусыз жағдайда ұсыну;
қосылған құны жоғары алюминий
өнімінің шағын тоннажды өндірістерін
(созба, прокат, профиль, қорытпа, құбырлар,
түтіктер) ұйымдастыру, өндірісті ұйымдастыруды
ынталандыру бойынша шаралар кешенін
бастау қажет;
Жәйрем кен орнының минералдық
шикізаты кешенділігін, қорғасын-мырыш
кеніші бөлігінде ұлғайту.
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі мыс өндіру кәсіпорнының
20 карьер мен жерасты кеніштерін, 10 байыту
фабрикаларын, мырыш-зауыты мен екі мыс
балқыту кешенін қоса алғанда, Қазақстан
бойынша көптеген өндіріс алаңдары бар.
Қазақмыс кірістердің шамамен 77%-ын мыс
өндірісінен ала отырып, басқа металдардың,
атап айтқанда мырыш, күміс және алтынның
елеулі көлемін шығарады.
Кәсіпорынды дамытуға келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
минералдық шикізатты кешенді
қайта өңдеудің жеткіліксіздігі;
өндірістік жабдықтың технологиялық
және техникалық жаңғырту қажеттігі.
Мынадай шараларды өткізу қажет:
пайдалы қазбаларды алудың және
шикізатты тиімді кешенді пайдаланудың
бұрын қол жеткізілген деңгейіне жеткізу
(оның ішінде металл сапасын ЛБМ деңгейіне
жеткізу), Балқаш мырыш зауыты өндірісін
қалпына келтіру қажет;
Балқаш және Жезқазған мыс балқыту
зауыттарын технологиялық және
техникалық жаңғырту қажет;
«Жезқазғансирекмет» республикалық
мемлекеттік кәсіпорнына аммоний перенаты
өндірісін жуылмалы көмір қышқылымен,
сондай-ақ өндіру қалдықтарымен және қоқыстарымен
қамтамасыз ету, байыту және металлургиялық
қайта бөлу (металлургиялық тозаң). Бұл
ретте металлургиялық қайта бөлу қалдықтарында
ренийді жоғалту 63 %-ды құрайды;
тазартылған мыстан жасалған
қосылған құны жоғары өнімді (созба, сымдар,
құбырлар, түтіктер) щығаратын шағын тонналық
өндірістерді ұйымдастыру.
«Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі - жанама мыс, қымбат бағалы
металдар мен қорғасын шығарудың үлкен
үлесі бар біріктірілген ірі мырыш өндірушісі.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз әсер ететін
үрдістерге мыналар жатады:
минералдық шикізатты кешенді
қайта өңдеудің жеткіліксіздігі;
өндіріс жабдығының одан әрі
технологиялық және техникалық
жаңғыртуы қажеттігі.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
пайдалы қазбаларды алуды және
шикізатты тиімді кешенді пайдаланудың
бұрын қол жеткізілген деңгейіне жеткізу
(оның ішінде металл сапасын ЛБМ деңгейіне
жеткізу), балқаш мырыш зауыты өндірісін
қалпына келтіру қажет;
жұмыс істеп тұрған кәсіпорында
мырыш өнімін шығару көлемін ұлғайту,
вельцерлеу цехын жаңғыртуды жүзеге асыру
қажет;
Өскемен қаласындағы қорғасын
зауытының балқыту қайта бөлуін технологиялық
жаңғырту;
тазартылған мырыштан жасалған
металл өнімдерін (табақтар, жолақтар,
ұнтақтар т.б.), сондай-ақ қорытпалар өндіру
зауытын салу, технико-экономикалық негіздемені
пысықтау қажет;
металл висмуті мен оның қосылыстарын
(қорытпа, тұздар т.б.) өндіруді ұлғайту,
жұмыс істеп тұрған өндірістерді қайта
жаңалау, технологияларды жаңалау шикізатпен
қамтамасыз ету қажет.
«Өскемен титан-магний комбинаты»
акционерлік қоғамы
«Өскемен титан магний комбинаты»
акционерлік қоғамы кеуекті титанның
7 әлемдік өндірушілерінің бірі болып
табылады, ол 1965 жылы құрылған. Негізгі
өнімі - легирленген болатқа арналған
маркадан бастап аэроғарыш мақсаттарына
арналған маркаларға дейін әртүрлі мақсаттағы
15 сұрыпты кеуекті титан; құймалардағы
металл магнийі; магний ұнтағы; ванадий
бес тотығы.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
кәсіпорынның сапалы шикізатпен
қамтамасыз етілмеуі;
өндірісті электр энергиясымен
қамтамасыз ету проблемасы.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
титан өндірісі үшін меншікті
шикізатпен қамтамасыз ету (негізгі бөлігі
- 70%-дан астамы шетелдерден: Украина, Канада,
Қытай, Ресей, Израильден әкелінеді; 30%-ы
Сатпаев кен орнынан қамтамасыз етіледі),
Обухов және Шакаш кен орындарынан шикізат
жеткізуді ұйымдастыру қажет;
кәсіпорындарды электр энергиясымен
тұрақты қамтамасыз ету, Бұқтырма гидро
электро станциясынан энергия жеткізуді
және тарифтік саясатты реттеу қажет;
жылына 20 мың тонна өндірістік
қуаттылығы бар сульфатты тәсілмен, диоксид-титан,
күкірт-қышқылды сілтілендіру өндірісін
ұйымдастыру, гидрометаллургия өндірісін
ұйымдастыру қажет;
титан прокат өндірісін ұйымдастыру,
созу және прокат станмен қамтамасыз ету;
шығарылатын өнім номенклатурасын
(титан жолақтары, шыбықтар) ұлғайту есебінен
өндірістік қуаттарды ұлғайту.
«Үлбі металлургия зауыты» акционерлік
қоғамы
Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсібі»
ұлттық атом компаниясы» акционерлік
қоғамының құрамына кіреді, бериллий және
тантал өнімінің ірі өндірушісі болып
табылады. «Үлбі металлургия зауыты» акционерлік
қоғамының құрамында тантал, ниобий және
балқымалы қышқыл (металлургиялық сұрыпты
тантал ұнтағы, тантал құймалары, конденсат
сұрыпының тантал ұнтағы, ниобий, феррониобий,
таза ниобий бестотығы құймалары) шығаруға
маманданған тантал-ниобий өндірісі бар.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
Кәсіпорындардың сапалы шикізатпен
қамтамасыз етілмеушілігі;
көлік шығындарының жоғарылығы;
өндіріс жабдығын одан әрі технологиялық
және техникалық жаңғырту қажеттілігі.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
шетелде шикізат кен орындарын
(Австралия, Бразилия, Ресей) сатып алу
жолымен шикізат базасын ұлғайту;
бериллий өніміне экспорттық
рұқсат беру кұжаттарын беру мерзімін
азайту;
құрамында 90%-дан кем берилий
бар берилий өнімін қосарлы мақсаттағы
өнім тізімінен алып тастау;
бериллий және ниобий-тантал
өндірісін қалпына келтіру;
Тантал өндірісінің негізгі бәсекелестік
кемшілігі — географиялық жағдайы, шикізаттың
негізгі өндірушілері мен өнім тұтынушыларынан
қашықтық көлік шығындарының жоғары болуына
әкеледі;
гидрометаллургия бөлімшесінің
жабдығын жаңғырту, бұл өзіндік құнды
төмендетуге және бас қайта бөлу өнімінің
де тауар өнімдерінің барлық түрлерінің
де сапалық сипатын жақсартуға мүмкіндік
береді. Бұдан өзге жабдықтардың бір бөлігі
резервте жоқ, бұл жұмыс уақытын жоғалтуға
және штаттан тыс тоқтаулар мен жұмыстағы
ақаулықтарға орай жұмыстың тоқтаушылығына
әкеледі.
«Балқаш түсті металдарды өңдеу
зауыты» акционерлік қоғамы (мыс прокаты
мен мыс негізіндегі қорытпалар) «Кастинг»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі,
«Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі (мыс концентраты),
басқа да жер қойнауын пайдаланушылар
(мыс кені мен мыс концентраттары), «Қазэнергокабель»
акционерлік қоғамы, «Интелкабель» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі (мыс негізіндегі
кабелдер, мыс сымдар) мыс өнімінің өндірушілері
болып табылады. Қорғасын-мырыш кіші саласын
«Нова-цинк» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі, «Шалкия» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігі жүргізеді.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
жаңа кен орындарын өндіруге
дайындау және байыту қуаттылықтарын
салуда артта қалушылық және кендердегі
мыс құрамының аз болуы;
ішкі нарықта мыстан, қорғасыннан
жасалған қосылған құны жоғары бұйымдарды
тұтыну деңгейінің жоғары болмауы;
қорғасын-мырыш кендерінің қорлармен
қамтамасыз етілушілігінің жоғары еместігі
(25 жылға);
шикізатты кешенді қайта өңдеудің
жеткіліксіздігі;
қорғасын өндірісін өндірудің
дәстүрлі тәсілін пайдалану қорғасын
және күкірт диоксиді шығарындысына арналған
экологиялық стандарттарға жауап бермейді;
Ресейден келетін металлургия
коксқа арналған бағаның өсуіне және оны
Қытайдан жеткізудің тоқтатылуына орай
қорғасынның өзіндік құнының ұлғаюы.
Мынадай шараларды жүргізу қажеті:
құрамында мыс бар кендерден
мыс алу кешенділігі бойынша ҒЗТКӘ жүргізу;
қорғасын-мырыш кені кен орындарын
қосымша барлау;
тиісті экологиялық нормаларға
сәйкес қорғасын өндірісі бойынша
қазіргі заманғы технологияларды енгізу.
Алтын өндіретін кіші саланың
орта компанияларына мыналарды: «Алтыналмас»
акционерлік қоғамы, «Андас Алтын» акционерлік
қоғамы, «Алел» қаржы инвестициялық корпорациясы,
«Қазақалтын» кен байыту комбинаты» акционерлік
қоғамы, «Майқайыналтын» акционерлік
қоғамы және «Васильковск» кен байыту
комбинаты» акционерлік қоғамы тағы басқаларын
жатқызуға болады. Олар өздерінің алтын
шығаратын кен орындарында жұмыс істейді.
Қазіргі кезде Қазақстанда алтын шығаратын
барлық базалық кен орындарының барлығына
дерлігі шетел компанияларына тиесілі.
Соңғы он жыл ішінде өңделмеген алтын
өндіру - 18 - 20 тонна, тазартылған - 9 - 16 тонна
шегінде болды. Алтын экспорты 25 тоннаны
құрайды. Алтын өндіретін компаниялардан
көпшілігі аффинажды дайын алтынды Батыс
Еуропадағы аффинаждау кәсіпорындарында
қайта өңдеуді жөн көреді. Қазақстанда
өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімге
арналған алтынды қайта өңдеу бойынша
барынша жоғары қайта бөлу жоқ. Негізгі
экспорт өнімі өңделмеген алтын болып
табылады.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
басқа түсті металдармен салыстырғанда
алтын бойынша шикізат базасы аз игерілген,
ірі және орта кен орындарын игеру баланс
қорларының 5%-ынан аспайды.
қорлардың елеулі бөлігі (қорлардың
60 %-ы) судьфитті кендерге тиесілігі алтын
өнеркәсібі шикізат базасының негізгі
проблемасы болып табылады, оның құрамында
күшәлә, сурьма және көміртегі көп болады;
сульфидті кендерден алтын алу
технологиясының жоқтығы (Бақыршы кен
орны үшін тиімді технология әлі әзірленген
жоқ);
алтын кенді кен орындарынан
алтын өндіру көлемінің төмендігі (негізінен
өндіру шашыратпа кен орындарынан, тотыққан
кені бар кен орындарынан топтық сілтілеу
және полиметалл кендерінен жанама алу
әдісімен жүргізіледі);
шығындардың жоғары деңгейі (түпкілікті
өнім өндірісінің жалпы шығындарының
50-70 %-ы) тау-кен байыту қайта өңдеуі, үлесіне
жатады.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
ірі және орта алтын кенді кен
орындарын игеру бойынша іс-шаралар жүргізу;
қиын байытылатын сульфидті кендерден
алтын алудың тиімді технологияларын
енгізу бойынша ҒЗТКӘ жүргізу;
жаңа кен орындарын іздеу және
барлау, сондай-ақ барланған кен орындарының
қорларын нақтылау.
Сирек кездесетін металдар өнеркәсібіне
қатысты жағдай мынадай: Қазақстанда сирек
металдар түсті Металдарды өндіру кезінде
жанама өндіріледі. «Жезқазғансирекмет»
республикалық мемлекеттік кәсіпорнында
рений катод мысын өндіру кезінде «Қазақмыс»
корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі металлургия өндірісінің
қайтпа газдарынан, «Қазақстан алюминийі»
ақционерлік қоғамында жербалшық өдірісі
кезінде галийден алынады. Өскемен металлургия
алаңында «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі қорғасын, мырыш, кадмий
негізгі өндірістерімен қатар қорғасын
өндірісінің тозаңынан алынатын индий,
таллий, селен, тазартылған қара қорғасын
сілті қорытпасынан теллур алады. Риддер
металлургия алаңында құрамында қорғасын
бар концентраттарды қайта өңдеу кезінде
кадмий мен таллий, мырыш концентраттарын
қайта өңдеу кезінде тек кадмий алынады.
«Қазатомөнеркәсібі» акционерлік қоғамында
тантал, бериллий, ниобий және молибден,
«Казниобий» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі ниобий, «Өскемен титан-магний
комбинаты» акционерлік қоғамында ванадий
алынады.
«Қазатомөнеркәсібі» ұлттық
атом компаниясын дамытудың салалық бағдарламасы
шеңберінде сирек металдар өндірісін
дамытудың негізгі бағыттары көзделген
және жоғары технологиялық өнім - тантал-ниобий
бериллий мен молибден өнімі өндіріледі.
Қазақстанда Қостанай облысы
Құндыбай кен орны жерде сирек кездесетін
металдар өндірісі үшін барынша перспективалы
болып табылады. Сирек және жерже сирек
кездесетін өнімнің сапасына қойылатын
техникалық талаптар прогресске және
тұтынушылар талаптарына сәйкес кезең
сайын қайта қаралады және нақтыланады.
Кәсіпорынның дамуына келеңсіз
әсер ететін үрдістерге мыналар жатады:
меншікті материалдық базаның (сирек
және жерде сирек кездесетін металдар
саласындағы металлургиялық кешеннің)
жоқтығы;
Қазақстан шикізат орындаушылары
мен түпкілікті өнім шығаратын Республиканың
тысқары жерлеріндегі жоғары технологиялық
компаниялар арасында қайта өңдеуші орынға
ие.
Мынадай шараларды жүргізу қажет:
сирек және жерде сирек кездесетін
металдар саласындағы металлургиялық
кешен құру;
«Жезқазғансирекмет» республикалық
мемлекеттік кәсіпорын базасында аммоний
перенатынан металл рений өндірісін дамыту
қажет.
Сала дамуының тенденциялары
мен алғышарттарына жүргізілген анализ
негізінде негізгі проблемалар анықталған.
Саланы дамыту проблемаларына
мыналарды жатқызуға болады:
1. Шикізат экспорты мен бастапқы
қайта бөлу өнімдерінің едәуір үлесі кезінде
жоғары қайта бөлу өнімдерін өндірудің
жоқтығы.
2. Технологиялық артта қалу және
негізгі қорларының едәуір бөлігінің
тозуы, жоғары ресурс сыйымдылық және
еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.
3. Өндірушілердің отандық ғылыммен
өзара нашар байланыс және инновациялық
әзірлемелерді енгізудің төмен деңгейі,
кендерді байыту, қалдықтарды өңдеу, шикізатты
пайдаланудың кешенділігін арттыруға,
технологиялық процестерді жетілдіру
және жақсартылған физикалық қасиеттері
бар жаңа металдар жасау бойынша инновациялық
технологияларды игеру үшін ҒЗТКЖ жеткіліксіз
қаржыландыру.
4. Қорлардың сарқылуын оларды
толықтырумен салыстырғанда алдын алу,
шикізат базасын кеңейтуге, іздеу және
геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге
жеткіліксіз инвестициялау.
5. Минералдық ресурстарды тиімсіз
өндіру және өңдеу.
6. Көлік және энергетика инфрақұрылымдарының
дамымағандығы.
7. Ішкі нарықтың шағын сыйымдылығы
және бытырап орналасуы.
8. Білікті кадрлардың, бірінші
кезекте орта техникалық буын мамандарының
тапшылығы.
9. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін
арттыру саласында шикізатты терең өңдеу,
жүйелі жаңғырту және техникалық реттеу
үшін салаға инвестиция тартумен байланысты
заңнамалық базаның әлсіздігі.
Тау-кен-металлургия саласының жүйелік
проблемаларын шешу жұмыстары мемлекеттік
қолдаудың секторлық және жобалық шараларымен
қамтамасыз етілетін болады.
3.4. Саланы дамытуды
мемлекеттік реттеудің
Минералдық
шикізатты өңдеу ұғымын
Жер қойнауы туралы Заңға сәйкес
минералдық шикізатты өңдеу болып минералдық
шикізаттан пайдалы қазбаларды алуға
байланысты жұмыстар түсініледі одан
әрі жер қойнауы туралы заң минералдық
шикізатты өңдеу жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларға жатпайтындығын
айқындайды.
Жер қойнауы туралы заңға сондай-ақ,
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан
Республикасында минералдық шикізатты
өңдеу лицензияланатын, қызмет түрлеріне
жатады және Қазақстан Республикасының
лицензиялық заңңамасында көрсетілген
жалпы тәртіппен лицензияланады.
Минералдық шикізатты өңдеуге
берілетін лицензиялар негізгі, яғни мерзімі
шексіз мерзімде қолданыста болатын лицензиялар
болып табылады және Қазақстан Республикасының
барлық аумағында әрекет етеді.
Ұсыныстар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 21 шілдедегі қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасында
қатты пайдалы қазбалардың, мұнайдың,
газдың, жер асты суларының кең
орындарын игеру кезінде жер
қойнауын қорғаудың бірыңғай ережесіне
сәйкес кен орнын әзірлеу жобасы
басқа да ережелермен қатар пайдалы
қазбаларды кен орындарын әзірлеу
және минералдық шикізатты өндіру кезінде
өндірістік қалдықтарды ұтымды пайдалануды
ұтымды көздеуге тиіс.
Мұндай жалпы реттеу негізгі
міндет «шикізатты ұтымды пайдалану»
тұжырымдамасының негізі болып табылатын
аз қалдықты және қалдықты технологияларды
енгізуді шешуге көмектеспейді.
Қазіргі уақытта минералды шикізатты
өңдеуге байланысты көптеген мәселелер
жер қойнауынан минералдық шикізатты
алу меншік иесі ретінде тиісінше оны
басқару құқығына ие жер қойнауын пайдаланушының
меншігі болып табылатындықтан азаматтық
заңнаманың нормаларымен реттеледі.
Алайда, тек қана азаматтық заңнамалардың
нормалары ресурстарды тиімді пайдалану
және қоршаған ортаны ластағаны үшін жауаптылық
белгілеуге жеткіліксіз.
Осылайша минералдық шикізатты
өңдеу мәселесі Қазақстан Республикасының
заңнамасымен жалпы сипаттарда реттеледі.
Қара және түсті металлургия
бойынша заңдық мәселені жеке реттейтін
құқықтық базаны талдау тиісті заңнамалық
актілердің жоқ екендігін анықтады.
Жоғарыда келтірілген заңнамалық
актілер мәні бойынша металлургия саласына
жанама қатынасқа ие. Минералдық шикізатты
өңдеуге байланысты көптеген елеулі мәселелер
реттелмеген болып қалады.
Минералдық шикізатты өңдеуді
реттейтін нормативтік-құқықтық актіні
қабылдау минералды шикізатты тиімді
пайдаланудың міндеттерін шешуге үлкен
үлес қосатын еді.
Барлық жоғарыда аталғандар осындай
нормативтік-құқықтық актіге өткір қажеттіліктер
сезіліп отырғандықтан минералдық шикізатты
өңдеуге байланысты мәселедерді реттеуі
мүмкін нормативтік-құқықтық актілерге
қажеттілікті растайды. Ол қарқынды дамудың
жалпы халықтық мүдделері үшін Қазақстан
Республикасы Конституциясының 6-бабына
маңыз береді. Алайда оны әзірлеу басқа
да нормативтік-құқықтық актілердің ережелерін
ескере отырып және минералдық шикізатты
өңдеумен айналысатын шаруашылық жүргізуші
субъектілердің және бақылаушы мемлекеттік
органдардың мүдделері теңгерімін сақтай
отырып жүргізілуге тиіс.
Мұндай құжат Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі әзірлейтін
«Индустриялық саясат туралы» Заңы бола
алады.