Өндіріс саласына сипаттама

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 09:45, реферат

Краткое описание

Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған.

Оглавление

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Өндіріс саласына сипаттама ( маңызы, рөлі, құрылымы)
2.Саланың дамуынынң қысқаша тарихы
3.Саланың қазіргі күй жайы
4.Саланың болашақ перспективасы
5.Сала дамуындағы кедергілер
Қорытынды
Ұсыныстар

Файлы: 1 файл

Жоспар Казмыс.docx

— 98.90 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1.Өндіріс саласына сипаттама  ( маңызы, рөлі, құрылымы)

2.Саланың дамуынынң қысқаша  тарихы

3.Саланың қазіргі күй жайы

4.Саланың болашақ перспективасы

5.Сала дамуындағы кедергілер

Қорытынды

Ұсыныстар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

    Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.   Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.      Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

Қазақстан жері түсті, асыл металдармен  қатар, XXI ғасырдың металдары деп  аталатын сирек металдармен  де бай (1 кесте). Бірақ әзірше оларды өндіретін кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да жоқтың қасы.

     Сирек  кездесетін металдар өнеркәсібіне  қатысты жағдай мынадай: Қазақстанда  сирек металдар түсті Металдарды  өндіру кезінде жанама өндіріледі. «Жезқазғансирекмет» республикалық  мемлекеттік кәсіпорнында рений  катод мысын өндіру кезінде  «Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі металлургия  өндірісінің қайтпа газдарынан, «Қазақстан алюминийі» ақционерлік  қоғамында жербалшық өдірісі  кезінде галийден алынады. Өскемен  металлургия алаңында «Қазмырыш»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  қорғасын, мырыш, кадмий негізгі  өндірістерімен қатар қорғасын  өндірісінің тозаңынан алынатын  индий, таллий, селен, тазартылған  қара қорғасын сілті қорытпасынан  теллур алады.                                                               

 

Өндіріс саласына сипаттама

 

     Қазақмыс, британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне кіретін, табиғи ресурстарды өндіріп-өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.

     Біздің  негізгі өндірістік қызметіміз  Қазақстанда және онымен шектескен  аймақтарда орын алады.

     Компанияның  негізгі қызметі – мысты өндіру, өңдеу және өткізу.

Біз кен өндіруден  бастап мыстан жасалатын дайын өнімдерді  өндірумен аяқталатын толықтай интеграцияланған мыс өндіруді жүргіземіз, ол тобымызға  икемді қызмет көрсетуге әрі өндірістік шығындардың төмен деңгейін қолдай жүруге мүмкіндік туғызады.

     Біздің  мыс өндіру жөніндегі бөлімшеміз  мырыш, күміс және алтын сияқты  басқа да металлдардың айтарлықтай  көлемін қосарлы өнім түрінде  өндіріп шығарады.

2011 жылы топтың  тапқан пайдасы 35 пайызға артып, 3 563 миллион АҚШ долларына жеткен. Топ меншікті шикізаттан 299 мың  тонна катодты мыс өндіріп  шығарды, 140 мың тонна концентраттағы  мырыш пен 13 137 мың унция күміс  және 118 мың унция алтын өндірген.

            2011 жылдың 31 желтоқсаны күнгі жағдай  бойынша Қазақмыстың          нарықтық бағамы $7,6 млрд. құраған.

Kazakhmys PLC компаниясы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі халықаралық жетекші топтардың бірі. Британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне қосылып отырған Қазақмыс Тобының активтері Қазақстанда әрі оның айналасындағы аймақтарда шоғырланған, ал оның нарықтық капитализациясы 13 373 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Компания негізінен мыс  өндірумен және оны сатумен айналысады. 20 жылға шақталған мыс қорларын иелене жүріп, біз Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушіміз және әлемдегі ең ірі он бір мыс өндірушілердің қатарындамыз. Сонымен қоса, біз қосарлы өнімдер ретінде шығарылатын басқа да металдарды, соның ішінде мырыш, күміс және алтынның елеулі көлемін өндіріп келеміз. Оған қоса, Қазақмыс елдегі жеткізілімдерінің 20 пайызынан астамын беріп тұратын Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып отыр.

EBITDA өсімі (пайыздарды, салықтарды, тозу мен амортизацияны шегергенге дейінгі пайдалар)

Компанияның дамуы үшін 2011 жыл кезекті жағымды жыл болды. Жағымды бағамдармен бірге алып қарағандағы тұрақты өндіріс EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 74 пайызға артып, 2925 миллион АҚШ долларына дейін жетті. Толығырақ мәліметтер алу үшін біздің негізгі қаржылық көрсеткіштерімізбен таныс болыңыз.

Мыс және басқа металдар

Kazakhmys Copper бөлімшесі толықтай  интеграцияланған мыс өндірісін жүргізіп келеді. Ол кеніштер мен карьерлерді, кен байыту фабрикалары мен мыс балқыту зауыттарын, электролиз цехтарын, көмір кеніштерін, ішкі электр станцияларын және де 1 100 шақырымдық теміржол инфрақұрылымын қамтып отыр. Мырышты, күміс пен алтынды біз қосарлы өнімдер ретінде өндіріп келеміз.

Kazakhmys Power

Kazakhmys Power бөлімшесі Қазақстандағы  ең ірі электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1-дің 50 пайыздық үлесін иеленіп отыр. Бұл электр станциясы өзі өндірген электр энергиясының 8 пайызын Ресейге экспорттай отырып, Қазақстанның энергетикалық нарығының 14 пайызын қамсыздандырып келеді. Қазіргі уақытта электр станциясының қуаттылығы 2 500 МВт, ал бастапқы қуаттығы 4 000 МВт-қа шақталған.

 

Саланың дамуының қысқаша тарихы

     

      Бұл саланың  елімізде пайда болғанына 250 жылдан  астам уақыт өтті. 1917 жылы Қазақстанда  түсті металлургия саласына жататын  10 рудник және 3 зауыт қана болған. Ал қазір бұл ең дамыған  өндірістердің біріне айналып  отыр.

     Қазақстанның  түсті металдарының сапасы өте  жоғары. өскемен мырышы, Балқаш пен  Жезқазған мысы Лондондағы металдар  биржасында сапаларының өте жоғары  болғандықтарына байланысты эталон  ретінде тіркелген. Мысалы, Жезқазғанның  мысының сапасы 99,9999%. Қазіргі кезде         Қазақстан түсті металдарын дүние  жүзінің 30 шақты еліне экспортқа  шығарып отыр. Шеттен келетін  валюта табысының 27% осы өнеркәсіп  саласының үлесіне тиеді.

      Қазақстан  жері түсті, асыл металдармен  қатар, XXI ғасырдың металдары деп  аталатын сирек металдармен  де бай (1 кесте). Бірақ әзірше оларды өндіретін кәсіпорындар саны жеткіліксіз, тиімді технология да жоқтың қасы.

“Қазақмыс” – ірі түсті металлургия кәсіпорыны. 1997 жылы 11 шілдеде құрылған. Корпорацияның құрылу тарихы 1928 жылы қазан айында Қарағанды облысы Қарсақбай кентінде ашылған мыс қорыту зауытынан тұңғыш шикі мыс өндіріле бастаған кезден басталады. “Қазақмыс“ құрамына ”Жезқазғантүстіметалл”, “Балқаш кен-металлургия комбинаты”, “Жезкент кен байыту комбинаты” акционерлік қоғамдары және корпорацияның “ШығысҚазмыс”, “Қарағанды құю машинасын жасау зауыты” бөлімшелері кіреді. Жетекші компания – “Самсунг Дойчланд” (ГФР). Өндірілетін өнім мен негізгі қызмет түрлері:  катодты мыс, қорытылған күміс, қорытылған алтын,  мырыш концентраты,  қорғасын  тозаңы,  күкірт қышқылы,  сирек металл тұздары; электр және жылу энергиясын өндіру мен тарату, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік құрастыру, жобалау-іздестіру жұмыстары, өнеркәсіптік  және азаматтық құрылыс, жүк  және жолаушы тасымалы.

        Балқаш кен - металлургия комбинаты    кеніштеріне Қоңырат, Саяқ, Шығыс Қоңырат,   кен байыту фабрикасы, мыс қорыту және мыс электролит өндірісі,  күкірт қышқылын өндіретін цех, Балқаш ЖЭС, аффинаж зауыты кіреді. Жамбыл облысында Шатыркөл кеніші пайдаланыла бастады. Комбинаттың мыс өнімдерін өндірудегі өз шикізатының үлес салмағы 17,5 %, қалғаны мыс концентраттары, мыс қоспасы түрінде Қазақстанның өзге кәсіпорындарынан, таяу және алыс шет елдерден әкелінеді.

Саланың қазіргі  күй жайы     

 Тау-кен-металлургия  саласы — еліміздің өнеркәсібінің  барынша серпінді дамып келе  жатқан секторы, Қазақстанның  маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның  барынша бәсекеге қабілетті саласының  бірі бола отырып, 2009 жылдың қорытындысы  бойынша тау-кен металлургия саласы  елдің 16,9 % өнеркәсіп өнімін шығарды,  оның экспорттың жалпы көлеміндегі  үлесі 19,6 % ды құрайды. Салада шамамен негізгі қызмет персоналы ретінде 164,5 мың адам жұмыс істейді. 2008 жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының негізгі құралдарының құны 2,2 трлн. астам теңгені немесе елдегі барлық негізгі құралдардың 17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғанда салада негізгі құралдар құны шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап металл көздерді өндіру көлемі шамамен 3,5 есеге өскен. Таяудағы бес жыл ішінде тау-кен металлургия саласы жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн. теңгені ($ 13 млрд. астам) құрауы тиіс. Индустрияландыру бағдарламасын іске-асыру шеңберінде бұл салада 16 мың тұрақты жұмыс орнын құру болжанып отыр. 
      2003-2009 жылдары сапа кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар 1,42 трлн. теңгені (1-сурет) құрады, олардың негізгі үлесі түсті металдар өндірісіне (42 %) тиесілі.

    

  

Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 35 %-дан астамы тиесілі. Қазақстанда әлемдік хром кені қорының 30 %-ы, марганец кенінің 25 %-ы, темір кенінің 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темір кені 15 %-ды құрайды. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темір кені - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденеді. 
      Қара металлургия өнімі өндірісі көлемі (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) 2003 жылғы 264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге дейін, ал түсті металлургия (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) тиісінше 290,1 млрд. теңгеден 796,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Түсті металлургияда кен өндіру серпіні бір қалыпты емес. Алюмминий (2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн. тоннаға дейін) және қорғасын-мырыш (тиісінше 6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейін) кендерін өндіру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейін) және мыс-мырыш кендерін (тиісінше 6,2 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін) өндіру төмендеген. Қара металлургия өндірісінің серпіні шойын өндірісі көлемінің 2003-2009 жылдар ішінде 4,1 млн. тоннадан 2,9 млн. тоннаға дейін, шикі болаттың 5,1 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейін және тегіс прокаттың тиісінше 3,8 млн. тоннадан 3 млн. тоннаға дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде көміртекті электрлік болат өндірісінің көлемі 0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейін, құрылысқа арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға дейін және құбыр өнімі тиісінше 65,3 -тен 150,2 мың тоннаға дейін өскені байқалады.

1-кесте. Қара  және түсті металлургия өндірісінің динамикасы

Көрсеткіштің атауы

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Қара металлургия, млрд. теңге

264,7

365,5

387,4

374,0

558,9

844,2

579,0

Темір кенін өндіру, млрд. теңге

40,7

85,4

111,5

93,4

117,2

179,0

135,4

Қара металлургияда  темір кенін өндіру үлесі, %

15,4

23,4

28,8

25,0

21,0

21,2

23,4

Қара металлургия  өнімдерін-өндіру, млрд. теңге

224,0

280,1

275,9

280,6

441,7

665,2

443,7

Қара металлургиядағы  өңдеудің үлесі, %

84,6

76,6

71,2

75,0

79,0

78,8

76,6

Түсті металлургия, млрд. теңге

284,7

377,5

487,3

846,6

904,1

886,2

796,6

Түсті метал кендерін өндіру, млрд. теңге

55,8

70,1

90,4

138,5

187,0

240,5

204,2

Түсті металлургиядағы кен өндірудің үлесі, %

19,2

18,0

18,2

16,1

20,0

25,0

25,6

Түсті металдарды өндіру, млрд. теңге

228,9

307,4

396,9

708,1

717,1

645,7

592,4

Түсті металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

80,8

82,0

81,8

83,9

80,0

75,0

78,0

Информация о работе Өндіріс саласына сипаттама