Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 20:24, реферат

Краткое описание

Біздің өмір - тіршілікке үнемі қолайлы бола бермейтін күтпеген жағымсыз жағдайларға толы. Ол адам өмірін алып кететін әр алуан зілзалалар: моралдық, қаржылық, әлеуметтік немесе табиғи сипаттағы жер сілкіністері, дауылдар, өрттер, қар көшкіндері және арнасын бұзған өзендер. Кейде есеп жүз мыңдаған адам өмірімен саналады. Ол ол ма, адамның өзі, өзінің жөнсіз, ал көбінесе қылмысты әрекеттерімен бүкіл тіршіліктің берекесін кетіреді.

Файлы: 1 файл

Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.docx

— 37.57 Кб (Скачать)

 Бұл кезде бүгілген  жерден қан беретін күре тамыр  қысылады. Осы бүгілген күйде  қолды немесе  аяқты  таңғышпен,  мойын орағышпен, белдікпен зардап  шегушінің денесіне байлап қояды. 

 Мұрыннан қан  кеткенде мойынды алға созып  отыра тұр, ауыздан дем алатындығыңа  көз жеткіз. Мұрынның екі тесігін  қолыңмен 10 минуттай қысып отыр. Аққан қан  тоқтағаннан кейін  бірнеше сағат бойы сіңбірмеуге  тырыс. Мұрынның үстіне мұзды  шөлмек немесе сулы губка қою  пайдалы. Күре тамыр қысымы  көтерілуіне байланысты дибазол,  папозол және т.б. таблеткаларын  қабылдаңыз 

 Оның үстіне, ол  неліктен екені белгісіз артықша  тынышсыз және әңгімешіл. (Ол төсектің  жоғары жағындағы қабырғаға ілінген  кітап сөресі құлағаны және  сынған әйнек оны жарақаттағыны  туралы әсерленіп әңгімелейді).  

ЖАРАҚАТТАН ЕСЕҢГІРЕУ  

Белгілері: бастапқы кезеңі (10-15 минут). Тері жамылғылары  бозарады, мазасызданып, дегбірсізденеді, сырқат бір орнында тұрмайды, өзінің хал-жағдайын дұрыс бағаламайды, ауруын сезінбейді.

 Соңғы сатысы: төңірегіндегілерге селқос, денесі  суық, тамыр соғысы әлсіз, теріде "мәрмәр суреті" пайда болады, дененің температурасы мен тамыр  қысымы төмендейді, бет әлпеті  сүйірленеді, несептің шығуы тоқтайды.  

Назар аударыңыз! Шұғыл  және дұрыс ауруды сезбейтіндей етіп емдеу, есеңгіреудің естен тануға ұласуына жол бермейді және ажалдан арашалауға көмектеседі.  

Сенің әрекетің:

- Зардап шегушіні  шалқасынан (егер басынан, мойнынан, немесе бел омыртқасынан зақымданбаған  болса) жатқызып, аяқтарын денесінің  деңгейінен 30 см жоғары көтер. 

- Құсқысы келген  кезде басын бір жағына қарата  бұр 

- Тыныс алуын,  жүрек қызметін тексер. Олар болмаған  жағдайда реанимацияны баста 

- Жылдам қанның  ағуын тоқтат, сынған жерді иммобилизацияла 

- Зардап шегушіге  жанына батқанын онша сездірмейтін  дәрі-дәрмектер  ішкіз (аналгин,  седалгин, пенталгин және т.б.).

- Зардап шегушіні  жылыт  

Ұлым қыңқылдап, аяғын  баса алмай отыр. Оның аяқтарын түгел  қарап шықтым: көзге ілінгені сол  аяғының сирағында кішкене жара бар, бірақ домбығуы мен қанталғаны сүйегі сынды ма деген күдік туғызады.  

 

КЕСІЛГЕН, СЫДЫРЫЛҒАН (ТЫРНАЛҒАН) ЖЕҢІЛ ЖАРАЛАР  

Белгілері: қанның ағуы, жанға бату, домбығу.

 Кесілген, сыдырылған (тырналған) жеңіл жаралардан  қанның ағуы жараның тазалануына  ықпал етеді және бірнеше минуттан  кейін өздігінен тоқтайды.

 Сенің әрекеттерің: 

- Таза матаның  кесіндісін жараға басыңыз. Қан  тоқтағаннан кейін оның айналасын  таза дәкемен немесе мақтамен  сүрт.

- Жараның өзін  тазалаудың керегі жоқ. Сырылған  және тілінген кішкене жаралар,  егер оларды таңбаса тез жазылады. Жара терең түйрелген немесе  кесілген жағдайда травпунктке  бару қажет. 
 

СҮЙЕКТІҢ СЫНУЫ 

Белгілері: Сүйек  сынған жердің сырқырауы, қанталауы, домбығуы, сүйек сынған жердің қысқаруы немесе қисаюы, қызметінің бұзылуы. Жарақаттанған  жерде (ашық сынық) сүйек жарықшақтарының  болуы мүмкін.  

 Сенің әрекетің: Ашық сынықта сынған жердегі  жараның айналасын тазала, тазартылған  таңғыш қой, қатты қан аққан  кезде - бұрау қой. 

  

Есіңде болсын! Сүйек  сынған жерді қозғалтуға немесе бұрынғы  қалпына келтіруге болмайды және зардап шегушіге дәрігер келгенге дейін  тамақ немесе сусын беруге тиым салынады, өйткені наркозбен операция қажет  болуы мүмкін. 

  

- "Жедел жәрдем" келгенше сүйектің таюын болдырмау  үшін ыңғайлап бинт пен шинаны  немесе қолда бар заттарды  қолданып таңып қой. 

- Иық, бұғана немесе  шынтақ сынған кезде қолды  екі орамалмен кеудеге қозғалмауын  қадағалап айналдыра орап қой  

- Білек сүйегі  сынған кезде жарақат алған  қолды кеудеге көлденең ыңғайлап  орналастыр. Шынтақтан саусақтарға  дейін шинаны қолдан. Дәл солай  қолды екі байламмен қозғалмауын  қадағалап іліп қой. 

- Аяқ сүйегі сынған  кезде зақымдалған аяқты сау  аяққа байлап қояды, мүмкіншілік  болса зардап шегуші аяқтарының  арасына жұмсақ матамен оралған  шина қой. 

- Тізенің сүйегі  сынған кезде тізе буынын ыңғайлы  күйге келтір. Егер тізе бүгілген  болса, оны осы күйде бекітіп  қой. Егер аяқ жазылған күйде  болса, астына ұзын бойына тақтай  немесе өзге осындай зат төсеп  қой. Тізенің астына және өкшені  айналдыра жұмсақ жастықшалар  қой; 

- Қабырға (қабырғалар)  сынған кезде қабырға жақтағы  қолды бүгіп, қозғалмауын қадағалап,  аз қимылдау үшін денеге бекітіп  орап қой. 

"103 жедел жәрдемін"  жылдамдатып шақыр.  

Құтқарушылар адамдарды  алып шығып және көтеріп шығарып  жатыр. Зардап шеккендер 2-і қабатта  қалған қызды опырылып құлаған арқалық  басып қалғандығын айтады. Ол осы  жағдайда бірнеше сағат бойы жатыр.  

Еске сақта! Басып  қалған аяқ-қолды босатуға асықпа  

ҰЗАҚ ҚЫСЫМДА БОЛУДЫҢ  САЛДАРЫ 

 Белгілері: қысылып,  басылып қалу салдары 15 минуттан  ұзаққа созылса. Бұлшық етте  домбығу пайда болады және  кескнін жоғалтады. Аяқ-қолдардың  бастарында тамыр соқпай қалады.  

Назар аудар! Адам неғұрлым ұзақ қысымда болса және зақымдалған  жердің көлемі үлкен болса, жағдайды жете білмей босатса, ол соғұрлым тез  қаза болады.

  

Сенің әрекетің: 

- Кедергіні қозғалтуға  асықпа 

- Қысылған жерден  жоғары ширатпа (бұрау) қой. 

- Қысуда қалған  аяқ-қолдардың шығып тұрған бөлігін  бинтпен қатты таңып таста 

- Зардап шегушіге  барынша көбірек жылы сусын  Бер 

- Зақымдалған аяқ-қолдың  айналасына суықты (суық сумен  шөлмек, қар салынған қапшықтар)  қой. 

-  Зардап шегушінің  ауруын жеңілдететін (аналгин, пенталгин  және т.б.) дәрілерді Бер 

- Басып жатқан  заттарды көтеруді ұйымдастыр.

 Аяқ - қолды  босатқаннан кейін 

- Бірден кешіктірмей  бүкіл аяқ - қолды таңып таста  (аяқты табаннан шаптың қылтасына  дейін, қолды иықбелбеуіне дейін).

-Кедергіні біртіндеп  босатып, бұрауды шеш. 

- Көлік шиналарын  қой (сүйек зақымдануының бар-жоғына  қарамастан 

-Шинаның үстіне  аяқ-қолды айнала суық зат қой. 

 Мүмкін болғанша  зардап шегушіні реанимация орталығына  жылдам жеткіз 

  

 Асығу кезінде  өзімнің аяғымдағы жайсыздықты  байқамадым. Кешке қарай ол шындап  қатты аурып, домбыға бастады.  

БҰЛШЫҚ ЕТТІҢ ЖӘНЕ БУЫННЫҢ  

Белгілері:

 Буынның шығуы:  буынның табиғи емес пішіні, өзгеруі,  жұмысқа қабілеттілігін жоғалту,  сырқырауы, ісінуі, қанталау.

 Сенің әрекетің:

- иммобилизацияға  дейін мүмкіндігінше ылғалды  суық компресті көбірек қолдан;

- қолдың буыны  шыққан кезде оны орамалмен  немесе белдікпен денеге бекітіп  байлап қой 

- аяқтың буыны  шықса оны шинамен немесе қолда  бар материалдармен бекітіп байла  

Есіңде  болсын!  Буынды  қозғалтпа  немесе  орнына  салу  әрекетін жасама  

Белгілері:

 Бұлшық еттің  созылуы: сырқырау, зақымдалған жер  домбығуы және қан құйылуы,  дененің көгеруі, терінің астындағы  жіңішке қан тамырлары зақымданып, уақытша жұмысқа қабілеттілігін  жоғалтады. 

 Сенің әрекетің:

- Созылған немесе  жаншылған жерге ылғал суық  компресс қой. 

-Иммобилизацияны  зардап шегушіні ыңғайлы етіп  орналастыру (дененің зақымдалған  жерін көтеріңкі етіп қою) немесе  қатты таңғыш қою жолымен жүргіз.

 Түнге қарай  күн суытты. Адамдар жер сілкінісінің  дүмпуі қайталануынан қауіптеніп, жартылай қираған үйлеріне кіруден  қорқады. Далаға от жағады, бірақ  бұл жылыну үшін жеткіліксіз.  Әсіресе балалар мен қарттар  қиналады. 

САЛҚЫН ТИЮ 

Белгілері: қозғалыс ырғағының бұзылуы, селқостық, әлсіреу, ұйқы басу, тыныс алу мен жүрек  қысымы жиілігінің бәсеңдеуі, естен  тану.

 Сенің әрекетің: тыныс алуы мен жүрек уақытша  тоқтауы кезінде "Жүрек қызметінің  тоқтауы" (жүрек өкпе реанимациясы) бөлімін қараңыз. 

 Негізгі тіршілік  қызметін қалпына келтіргеннен  кейін кешіктірмей: 

- зардап шегушіні     жылы бірақ өте ыстық емес  жерге орналастыр;

- ылғал киімін  құрғақ киімге ауыстырып, жылы  көрпеге ора; 

-жылы тәтті шай  бер, бірақ қандай жағдайда  болмасын алкоголь ішімдігін  беруге болмайды. 

Назарларыңа! Зардап шегушіні ыстық ваннаға жатқызуға, ыстық сумен жылытқышы бар  көрпеге орауға болмайды, өйткені  денені жылдам жылыту кезінде жүрек  тоқтап қалуы мүмкін.

"103-жедел жәрдемін" шақыр! 

Егер  бұл  жағдайдың  бәрі  қыста  болса,  сөзсіз  үсік  шалғандар  да болар еді. 

ҮСІК ШАЛУ 

Белгілері: зардап шегушінің  үсік шалған терісінің бөлігі сипағанда  қатайғаны сезіледі. Ауыр жағдайда сарғыш қан тәріздес сұйық толған күлдіреуіктер жабады, тері сезгіштігін  жоғалтады.

 Сенің әрекетің:

- Зардап шегушіні  құрғақ жылы бөлмеге орналастыр;

- Суық, ылғал, тар  киім мен аяқ-киімдерін шеш,  одеялмен немесе көрпемен ора,  болмаса өзіңнің денеңмен жылт; егер зардап шегуші есін білсе,  ыстық сусын бер. Денелердің  жекелеген жерлерін үсік шалған  кезде (мұрын, құлақ немесе  бет) зардап шегуші өз қолымен  жылына алады, қолдың саусақтарын  қолтықтың астымен жылыта алады,  жылы ванна қолдануға болады, бірақ судың температурасы 40 0С  аспауы тиіс;

- қатты үсік шалған  кезде үсінген жерге құрғақ  тазартылған таңғыш қой, қажетті  жағдайда иммобилизация жүргіз.

"103-жедел жәрдемін" шақыр! 

Есіңде болсын! Жылыту үшін ашық отты пайдалануға және дененің  зақымданған жерін ысқылауға  болмайды! 

Қырсық жалғыз келмейді. Әйтеуір бір жақын кварталда  ересектердің қарауынсыз қалған бала ыдыстағы суға құлап, тұншығып қалғаны  туралы көршілер әңгімелеп жүр. Баланы құтқару сәтсіз болды, өйткені көмек  кешігіп келді. 

СУҒА БАТҚАН КЕЗДЕГІ  КӨМЕК 

Белгілері: "Көк  суға батушылар" (өкпе суға толған кезде) - тыныс алу бұзылып, дененің салмағы  ұлғаяды. Оттегінің жетіспеушілігі артады (гипоксия), ол естен тандырады  және терісі көгереді. Өкпенің ісінуі дамиды, ауыз бен мұрынның терісінде  бүршікті көбік пайда болады, жүрек  тоқтайды.

"Ақ суға батушылар" - су өкпеге толып үлгермеген  кезде жиі байқалады. Әсіресе,  суық және хлорланған суда  пайда болады. Осындай ортада  қалған кезде дем бітіп,  жүрек  тоқтап қалады.

Сенің әрекетің: "Көк  суға бату кезінде":

- Зардап шегушіні  өзіңнің бүгілген тізеңе ішімен  төмен жатқыз, оның көкірек қуысының  төменгі жағы тізеге тіреліп,  ал жоғарғы жағы мен басы  салбырап етпетінен жататын болсын.

- Бір қолыңызбен  иектің астына басып немесе  зардап шегушінің басын ауызы  ашылатындай қылып көтеріп, арқасынан  қолыңмен қатты қысып, тыныс  алу органдарынан суды шығаруға  көмектес.

- Тыныс алу жолдары  мен асқазаннан су шыққаннан  кейін шалқасынан жатқызып, ауыз  қуысын тазалап, жасанды тыныс  алдыруға кіріс. 

Назар аудар! Егер зардап шегушінің ұйқы қан тамыры соғысы жоғалып, көз қарашығы кеңейсе, дереу  жүректі жанамалай уқалап, сылауды  баста. 

Информация о работе Төтенше жағдайларда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету