Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 14:55, лекция

Краткое описание

Оқулықта Қазақстан Республикасының негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжаттарды, адам мекендейтін ортаның қауіптіліктерін, шаруашылық жүргізуші обьектілердің төтенше жағдайларда жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру тәсілдерін және олардың салдарын жою бойынша шаралары қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word (3).docx

— 722.83 Кб (Скачать)

Екінші  негізгі белгісі-таралу ауқымы мен  келтірген материалдық  шығынының  көлеміне қарай төтенше жағдай мынадай  ТЖ  бөлінеді.

нысандық  төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ аймағы өндірістік  немесе әлеуметтік нысан аумағынан  шықпаса;

жергілікті  төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ  аймағы өндірістік немесе әлеуметтік нысан аумағынан  шықса, бірақ облыстың 2 ауданына ғана тараса;

аумақтық  төтенше жағдайлар, егер апат, зілзала, авария нәтижесінде ТЖ  аймағы бір  облыстың кем дегенде 3 ауданына тараса, немесе ТЖ  ҚР 2 облысында пайда  болса;

барынша  ауқымды  төтенше жағдайлар,  егер апат, зілзала, авария нәтижесінде  Төтенше жағдай  Қазақстан Республикасының 3 немесе одан көп облыстарына тараса немесе көрші мемлекеттердің шекарасына шықса.

 

    1. Хайуанаттар және өсімдік уларымен уланған кездегі дәрігерге дейінгі көмекті көрсету

 

    Улы  саңырауқұлақтардың улылық  дәрежесі әртүрлі; алайда адам  үшін қауіптілері бозғылт арамқұлақ,  шыбынжұт, алдама томарқұлақ  пен  тілікқұлақ. Адам асқа  жарамды  саңырауқұлақты, егер ол бүлінген  болса, жеген кезде улануы мүмкін (зең түскен, шырыш аққан және  ұзақ  сақталған).

    Бозғылт арамқұлақ жаздың екінші  жартысы мен күзде өседі. Аса  улы саңырауқұлақтардың бірі. Ол  сары, жасыл немесе ақ түсті  болып та кездеседі. Саңырауқұлақ  түсі ақшыл болған сайын оның  улылығы да күшті. Бозғылт арамқұлақты  басқа саңырауқұлақпен шатастыру  өте қиын, тек жас саңырауқұлақтың  қозықұйрықпен (шампиньон) кейбір  ғана ұқсастығы бар. Жас қозықұйрықта  қалпақшысының төменгі жағындағы  қатпарлар қызғылт түсті, ал  бозғылт бозғылтқұлақта ақ түсті.  Сонымен қатар сұрғылт  арамқұлақтың  улары-фаллоин, фаллойдин мен  амантин (аматотоксин) қайнатқан  кезде де, құрғатқан кезде де  өзінің улылық қасиетін жоғалтпайды.  Олар тіпті адамның асқазаны  мен ішегінде де бұзылмайды. Сұрғылт  арамқұлақтың улылығы туралы  ақиқатты мына мысалдан көруге  болады. Бала осы саңырауқұлақтың  1/3 бөлігін жесімен-ақ өте ауыр  күйге ұшырайды. 1-4 сағат аралығындағы  жасырын мерзімнен кейін уланған  адамның іші қатты бұрап ауырады,  құсады, іші өтеді, организм шөліркейді, құрысады. Уланғаннан кейін екінші күні дененің температурасы көтеріліп, бүйрек түйнейді, сары ауру деңдейді, тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі, гипотония қысымның төмендеуі) байқалады. Адам көбінесе бүйректің жеткіліксіз қоректенуі (дистрофия) салдарынан өледі.

   Шыбынжұтпен улану біршама жеңілірек  өтеді. Қатты өскен шыбынжұтты  басқа саңырауқұлақтан ажырату  қиын емес. Кейде жаңа өсіп  келе жатқан шыбынжұтты сыроежкадан  (саңырауқұлақтың бір түрі) ажырату  қиынға түседі. Шыбынқырғышта атропино  тектес алколоидтар, мускарин  мен аманитин кездеседі. Улану  негізінен мускариннің әсерінен  болады. Жасырын мерзім 1-2 сағатқа  созылады, бұдан қатты тер шығады, сілекей ағып, көзден жас шығады, жүрек айниды, құсық келеді, іш  өтеді және бұрап ауырады. Орталық  нерв жүйесіне әсер ету салдарынан  бас айналады, сондай-ақ адам өзін-өзі  ұстай алмай, көзіне бірдеңелер  елестейді. Сауығу әдеттегідей  1-2 күннен кейін басталады. Өлімге  ұшырататын жағдай да кездесіп  қалады.

 

    1. Саңырауқұлақпен улануды емдеу

 

Асқазанды сумен, әлсіз (қызғылтым) марганец қышқылды калий ерітіндісімен жедел шаюды  бастау қажет. Бұны зондтың көмегімен  немесе күштеп құсу әдісімен жасауға  болады, бұдан кейін айдағыш (зығыр  майы және тұзды айдағыш) береді, бірнеше  рет тазалағыш клизманы қояды. Бұдан  кейін сырқатты жылы қымтап, қыздырғыш  қойған соң ыстық тәтті шай, кофе берген жөн. Сырқатты мүмкіндігінше  тиісті ем-дом алу үшін емдеу мекемесіне жылдам жеткізу қажет. Сұрғылт арамқұлақпен уланған кезде тамырдың ішіне  натрий хлорийді ерітіндісін құяды (тәулігіне 1500мл дейін). Құсық пен  іш өту тоқтамаса тамырға тамшылай 400 мл полглюкин енгізеді.

Шыбынжұтпен уланған кезде улану белгілері  тоқтағанға дейін 1-2 мл 0,1 пайыз антропин ерітіндісін енгізеді.

Саңырауқұлақпен қатты уланған сырқаттарға алғашқы  емдеу күнінен бастап стероидті  гормоналды препараттар енгізіледі (80мл преднизолон немесе 150мл гидрокартизон).

 

 

 

 

 Саңырауқұлақпен уланудан сақтандыру

 

Бұл үшін жеуге жарамды, улы және жеуге  болмайтын саңырауқұлақтардың ерекше белгілерін, жеуге жарамды және шартты жеуге жарамды саңырауқұлақтарды  ұқсату әдістерін, жеуге жарамды  саңырауқұлақтарды әзірлеу мен  ұқсатудың санитарлық тәртіптерін  сақтау қажет.  

 

    1. Жыланның шағуы

 

Жыланның  шағуының әкелер зардабы да өте ауыр. Сондықтан жылан мекендейтін  жерлерге барардың алдында ең алдымен  жабық  аяқ  киімді, ең жақсысы  етікті киген жөн.Жыланның шағуынан зардап шегуші жағдайының ауырлығы оның түріне байланысты. Қазақстанда сұр  жылан, оқ жылан, сарыбас жылан кездеседі. 

Жыландардың бұл тобының уы қан түйіршіктерін  өзгертеді. Жылан шаққан жердің төңірегі жылдам домбығады.Жылан уы әсерінің барлық белгілері:орташа он екі сағаттан кейін,кейде тәуліктен кейін анық белгіленеді.

 

 Алғашқы медициналық көмек

 

Шаққан  жердің уын ауызбен жедел сорып  тастау керек. Мұны зардап шегушінің өзі немесе оң серіктерінің бірі жасай алады.Ауыз қуысында жарық немесе жара болмау керек,өйткені у солар арқылы қанға түсуі мүмкін.Жылан уының сау ауыз кілегейіне,тіпті асқазанға түсуі мүлдем қауіпсіз.Егер уды өз уақытында сорып тастаса, зардап шегушінің улану деңгейі әлсіреп,жылдам сауыға бастайды.

Жылан шаққаннан  кейін қозғалуға болмайды,өйткені  қозғалыс удың қанға өтуін жеделдетеді. Жылан шаққан адам қозғалмай жатуы  тиіс. Зақымдалған жерді сынған жағдайдағы сияқты қозғалтпау қажет. Бұл үшін оны  тақтайшаға байлап,сыртын қатты таңып  тастау қажет. Жылан шаққан жерді  кез-келген дәрі-дәрмекпен залалсыздандыру  қажет (йод, спирт).

Жылан шаққан жерді кесуге, күйдіруге болмайды, бұрау қою да залалды –бұның барлығы  ұлпаны қосымша жарақаттайды. Зардап шегушінің жағдайын көп ішкен  су жақсартады.

Жылан шаққан адамды реанимация қызметі бар кез-келген ауруханаға апару керек, өйткені  естен тану жағдайы болмауы мүмкін емес. Қажет жағдайда жылан уына қарсы шипалы сарысулар егіледі.

Жыланның  адамға еш уақытта бірінші болып  тиіспейтіндігін, тек қорғану үшін шағатындығын әрдайым есте ұстау  керек.

 

    1. Қарақұрттың шағуы

 

Қарақұрттың ұрғашысы ғана улы болады. Адамдарды  қарақұрттың шағуы көктем мен  жазғы уақытта жиі кездеседі. Қарақұрттың уы орталық  жүйке  жүйкесіне әсер етеді. Шаққаны білінбейді. 10-15 минуттан кейін дененің бойына қатты сыздау жайлайды.

Улану 4-12 күнге созылады және зардап шегуші айыққаннан кейін көп уақыт бойы өзін әлсіз сезініп, жылдам  шаршайды. Улану белгілері: бұлшық  еттің  қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының  бұзылуы, аяқ-қолдың, белдің сырқырауы  және іштің ауруы, көздің қабағында  ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада (39 градусқа дейін) қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан  тұра алмайды.

Алғашқы көмек. Марганецтік  калий ерітіндісімен шайылған суық баспаны шаққан жерге қояды, зардап шегушіге көп су, физиологиялық  ерітінді, жүрек дәрі-дәрмектерін береді.

 Жедел  көмекті шақырады, немесе оны  қарақұртқа қарсы сары су егетін  емдеу мекемесіне жеткізеді. Емдеу  дәрігердің тағайындауы бойынша  жүргізіледі.

 

    1. Кененің  шағуы

 

  Кененің  кіруі кенелер көктемнің аяғы-жаздың  басында пайда болады. Кенеден  дұрыс киілген киім қорғай  алады, оның барлық ашық жері  түймеленіп, қымталуы тиіс. Кененің  шаққаны білінбейді: ол жараға  ауыртпайтын затты сіңіреді. Сондықтан  кене бірден байқалмайды. Кене  көп жағдайда қолтықтың астын,  мойынды, құлақтың ішін, шапты  сорады. Басқа жерлерді де шағуы  мүмкін.

 Алғашқы көмек. Қанды сорған кенені қысуға немесе қатты сілкуге болмайды. Бұл тек энцефалитпен зақымдануды күшейтеді. Ең алдымен кене мен терінің төңірегіне май немесе сұйық май құйып, сөлден соң ұшына дәкі байланған пинцетпен немесе саусақпен ұстап, оны теріден баяу қозғалыспен алып тастау қажет.

 Басқа  жағдайда кененің басы терімен  түйіскен жерде жіпті ілгекпен  байланады. Жіптің ұшын тартқанда оның ілгегі кенені ақырындап тартып шығарады.

 Кенені  алғаннан кейін шаққан жерінен  қолды залалсыздандыру қажет.

Зардап  шегушінің хал-күйі бастың маңдай-самай  тұсының ауруынан, әлсіздіктен, ыстықтан, бұдан кейін құсудан, құрысудан, көз бен естудің нашарлауынан төмендеген жағдайда, оны кешіктірмей  емдеу мекемесіне апару қажет. Ыстық  сумен жуындыруға болмайды. Зардап 3-14 күннен кейін байқалғанда оны  шұғыл емдеу орнына апару қажет. Ыстық ванна қабылдауға болмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IX-тарау.   Радиоактивті ластанудың көздері

 

Қазіргі таңда қоршаған ортаның экологиялық  қауіпсіздігінің проблемалары туындауда. Топырақ-өсімдік-судың химиялық заттармен  ластануы топырақтың құрамында химиялық өзгерістерге алып келеді. Жер шарындағы  кейбір аймақтардың техногендік  қалдықтары табиғи норманы бірнеше есе асы түседі.

Жуырға  дейін ең басты ластаушы деп шаң,көмірқышқыл  газ, күкірт оксиді, азот болған. Радионуклидтер ластаушы ретінде қарастырылмаған.Стронций мен цезийдің ластауынан соңғы кездері  радионуклиттік ластануға көп көңіл  бөлінуде.

Чернобыль апаты Ресей Федерациясының  көптеген аймақтарының экологиялық жағдайына  әсер етті. 1992 жлдың науырыз айында цезиймен 11 облыс ластанған. Жалпы  цезиймен ластанған жерлердің ауданы 5210 км кв.

Радионуклидтер  өсімдіктер мен жануарлар арқылы адам ағзасында жиналып денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да экологиялық таза өнім шығару керек.

Ауыл  шаруашылығының ең басты проблемасы радионуклиттермен ластанған жерлерде экологиялық таза өсімдіктер мен  жануарлар өсіру. Бұл іс-шараларды  жүзеге асырудың басты себебі, ластанған  аймақтарда бала өлімдерінің көбеюі менәр түрді аурулардың пайда  болуы.

Жер шарында  тіршіліктің дамуы әр қашан қоршаған ортаның радиациялануымен сипатталған. Радиациялық сауленену табиғи және жасанды болады. Табиғи радиацияның  шығу тегі космостық және жергілікті болады. Олар жер бетінде адам ағзасына әсер етеді. Ал космостық радиациялар  бөлшектелген жиынтығы мен қатты гамма сәулелерден тұрады. Олардың атмосфералық малекулармен әрекеттескенде екілік мезон мен электрондардан тұратын космостық сәулелену пайда болады.

Табиғи  радиактивті элементтерді шартты түрде 3 бөлуге болады:

  1. Уран,торий мен антиноуранның изотоптары;
  2. Калий,кальций, рубидий және т.б.;
  3. Радиактивті изотоптар, яғни тритин;

Биосферада  жасанды радионуклиттермен пайда  болған сәулелер жасанды радиацияның  пайда болуына алып келеді( АЭС-тердегі апаттар, өдерлі өнеркәсіптердің қалдықтары).

Р.Ф.аумағындағы  радиактивті ластанулардың бірнеше  көздері бар:

  • атмосфера мен жер астында ядер қаруларын сынақтан өткізу;
  • 1986 жылғы Чернобыль АЭС-ң апатынан;
  • атом өнеркәсібінің жоспарлы және апатты қадықтарынан;
  • АЭС-ң жумыс барысындағы атмосфера мен су жүйесіне қалдықтары.

Жалпы атом энергетикасы радиациялық фонның өзгеруіне  ықпал жасайды. АЭС-да өңделген өнім кей кездері екінші рет өңделеді.

АЭС-ң апаттарында қоршаған ортаға көптеген радионуклидтер шығарылады. Ең қауіпті апаттар, радионуклиттердің атмосфераға шығуы.

Сонымен қатар ядролық жарылыстардыңда  маңызы зор. Ядерлы қарулардың сынақтарына  кей бір бөлшектері атмосферада  қалып айлар бойы жер бетіне түседі.

Бұрыңгы Кеңес одағындағы Семей полигонын  орны ерекше. 29 тамыз 1949 жылы мұнда ең алғаш төменгі ауа жарылысы өткен. Ол жарылыс Алтайға максимальді  кесірін тигізгені дәлелденді. 1949-1990 жж аралығында Семей полигонында 470тен  астам сынақ өткен(олардың 120 ауа). Радиациялық ластанған зонада жалпы  халық саны 1600 мың, яғни Алтайдың 60,9 пайызы, 27 аудан, 45 қала орналасқан.

Қоршаған  ортаға атом жер асты су кемелері де әсер етеді. 1985 жылы Чажма бухтасында болған жарылыстан қаншама адам қаза тапты. Ал радиактивті қалдықтар  Владивостокқа қарай кетті. Өсімдіктердің  сәулененуінің өнімнің сапасына әсері.

Сәулеленген бидай, май өнімдерінің сапасы техникалық тұрғыдан өзгермейді.

Бидайда клейковина мен ақұздың мөлшері  бірлік массасымен салыстырғанда төмендемеген. Ал күнбағыс пен лотоста құрамында  майдың болуы сәуле алудың мөлшеріне  байланысты. Томаттардың да құрамындағы  с дәруменінің де болуы  сәуле  алудың мөлшеріне байланысты. Енді гүдеуі кезінде сәулелену кейінгі  даму процестерін баяулатады. Картоптың  дамуында дәл осылай әсерін тигізеді. Егер картоп туйнектегенде сәулеленсе, онда жалпы астыққа әсерін айтарлықтай  тигізбейді. Ал егер өсімдіктер ертерек  сәулеленсе, картоп астығы 30-50 пайызға  төмендейді. Сонымен қатар түйнектер жайсыз болады.

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздік негіздері