Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:09, реферат
Атом энергиясы – адам өмірінде маңызды орын алады. Энергия жеткілікті болғанда қоғамның дамуы қарыштап алға басады. Оған жиырмасыншы ғасыр дәлел. Бүгінгі күнгі негізгі энергия қоры болып саналатын – көмір, мұнай, газ бір кезде өзінің шегіне жетуі мүмкін. Соны болжай білген ғалымдар энергия көзін ашты. Бұл – атом энергиясы. Атом энергиясы адам өмірінде кең қолданылатын энергия түріне айналып келеді. Бұл энергия түрімен жұмыс істегенде, оның адам ағзасына тигізетін әсерін және соған байланысты физиологиялық өзгерістерді біліп, денсаулықты сақтау маңызды мәселе.
Биологияның барлық салаларының табиғи құбылыстарымен тығыз байланысты өріс алтынын ғылымның бүгінігі даму деңгейі айқын көрсетіп отыр. Өсімдіктер күн сәулесінің энергиясын өзіне сіңіріп, тіршілігін жалғастырса, жануарлар және адам организміндегі физиологиялық құбылыстардың өтіп тұруы да энергияны қажет етеді. Табиғи энергияның тым жоғары немесе төмен болуына байланысты тірі организмнің пайда болып, дамып, күрделенуі немесе Жер бетінен жойылып кетуі эволюциялық кезеңдерде кездесіп отырған.
Табиғи энергия және жасанды энергия /атомнан алынған/ әсерлері қатарлас келсе, онда тірі организмнің өмір сүруіне қауіп туатынын оқымыстылар зерттеулерінде ғылыми тұрғыдан дәлелдеп берді.
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1) Радиациялық және химиялық барлау туралы түсінік
2) Радиациялық және химиялық барлау аспаптары
3) Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының іс- әрекеті
ІІІ. Қорытынды бөлім
ИД-1 ионизациялайтын сәулелену әрекеті аймағында жұмыс істеу уақытында киім қалтасында болады.
ИД-1 көрсеткіштерін есептеу кезінде, гамма-нейтрон сәулелену мөлшерін шкаладағы жіп бейнесі арқылы анықтайды. ИД-1 көрсеткішіне жіп бүгілу әсерін болдырмау үшін, есепті жіп бейнесінің тік жағдайы кезінде жүргізу қажет.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы гамма сәулеленудің жеке дозаларын өлшеуге арналған.
ДП – 22В мөлшері өлшеуішінің толымы тура көрсететін елу ДКП - 50А мөлшері өшеуішінен және ЗД-5 зарядтау қондырғысынан тұрады.
Әрбір дозиметр алюминий құймасынан автоқалам түрінде жасалған.
Аспапты жұмысқа дайындау: қорек көзін және мөлшер зарядын токқа қосу.
Қорек көзін токқа қосу кезінде:
ДКП-50А доза өлшеуішінің жарма көрінісі:
1-окуляр; 2-шкала; 3-корпус; 4-платиналанған жылжымалы жіп; 5-ішкі электрод; 6-конденсатор; 7-қорғаныш оправа; 8-әйнек; 9-ионизацияланған камера; 10-объектив; 11-ұстағыш; 12-үстіңгі тығын.
ДКП - 50А мөлшер өшеуішті жұмысқа дайындау:
Радиациялық және химиялық пост құрамындағы барлаушының іс- әрекеті
Поста бақылаушы үшін орын және жеке құрамға арналған таса жабдықталады. Бақылаушыға арналған орын бақыланатын объектіні жақсы шолуды қамтамасыз ететіндей болуы керек.
Радиациялық
және химиялық бақылау постының міндетін
АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер
қою кезінде оның көрсететіндері:
пост құрамы; орналасу орны; бақылау
секторы; не нәрсеге көңіл аудару
керектігі; бақылау нәтижелері жайлы
мәліметтердің реті; тапсырманы орындауға
дайындық уақыты. Пост бастығы тапсырма
алған соң жеке құрамды жинауды,
мүлік қабылдауды ұйымдастырады, бағынышты
адамдарға міндеттер
Бақылаушы кезекші көрсетілген жерде табан аудармай болуы, әуе және жер үсті жағдайларының өзгерістерін тексеріп отыруға, жағдайдағы барлық өзгерістер туралы деректі тез пост бастығына хабарлап, оның нұсқауы бойынша әрекет етуге міндетті.
«Әуе дабылы!» сигналы бойынша постың жеке құрамы тасаны иемденеді, ал бақылаушы кезекші бақылауын жалғастыра береді.
Бақылаушы радиациялық барлау аспабын іске қосылған күйде ұстайды және оның көрсетілуін байқап отырады. Радиоактивті жауын-шашын түскен кезде ол аспап көрсетулері бойынша радиация деңгейін анықтап, ол жайлы пост бастығына мәлімдейді және пост бастығының бұйрығы бойынша радиоактивті зақымдануы жайында хабарлау белгілерін береді. Содан кейін газтұмылдырықты, теріні қорғау құралдарын киіп, аспап көрсетулерін үздіксіз бақылауын жалғастыра береді. Барлаушы радиация деңгейі көбейге жағдайда пост бастығына баяндайды да, оның рұқсатымен панаға барып тасаланады.
Радиация деңгейінің өзгерісі туралы бақылау тасадан жүргізіледі, бұл кезде иондалған сәулелену коэффицентінің әлсіз екендігін есепке алады. Коэффицент аспап бойынша екі өлшеу жолымен - тасадан тыс және таса ішінде анықталады. Бірінші өлшеудің екіншісіне қатынасы әлсіздену коэффиценті болып табылады. Тасадағы радиация деңгейін өлшеп және оның мәнін әлсіздену коэффицентіне көбейте отырып жергілікті жердегі радиация деңгейі анықталады.
Бақылаушы радиация деңгейін өлшей отырып олардың өсуі мен төмендеуін белгілейді.
Қарсылас химиялық қаруды қолданған немесе ауада уландырғыш заттар таралу белгілері білінген жағдайда бақылаушы кезекші газтұмылдырық пен теріні қорғау құралдарын киіп, пост бастығына мәлімдейді де, оның нұсқауы бойынша хабарлау сигналдарын береді және әрекет етеді. Бақылаушы аумақты зерттей отырып химиялық барлау аспабының көмегі арқылы улағыш заттар түрін, уланған ауаның іркілу орнын, ондағы улағыш заттардың қоюлануын анықтайды.
Зақымдалған аймақты қоршап қою белгілерімен белгілейді.
Зілзала аудандарында, өндірістік апаттар мен апаттар кезіндегі бақылаушының негізгі міндеті – құтқару және апатты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуші құрылымдарға аудандар мен жұмыс аймақтарындағы жағдайдың шұғыл өзгерістері туралы дер кезінде хабарлау болып табылады.
Өрт кезінде бақылаушының негізгі міндеті – бірінші кезекте өрт сипаты мен оттың жайылу бағытын анықтау және өрт ошағы жайылған немесе жайылмаған аудандарға бақылау қою.
Зақымдану ошағындағы объектіде барлау жүргізу кезіндегі барлаушының іс-әрекеті.
Барлаушы топ қала сыртындағы аймақтың ауданына объектінің ьасқа құрылымдарымен бірге кіреді.
Барлау жүргізу міндетін АҚ штабының бастығы белгілейді. Міндеттер қою кезінде оның көрсететіндері: бастапқы пунктті өту уақыты; радиоактивті және химиялық зақымдануы мүмкін аудандар; зақымдану ошағында не нәрсеге көңіл аудару керектігі; байланысты ұстап тұру және хабарламаны көрсету ретін; сәулелену мөлшерінің шегіне жеткен мүмкінділігі.
Барлау буынының командирі буынның жеке құрамына тапсырманы түсіндіреді, жеке қорғаныш құралдарын кию, барлау аспаптарын, жылжу және байланыс құралдарын дайындыққа келтіруге бұйрық береді. Осыларды орындаған соң буын тапсырманы орындайды.
Барлаушылар маршрут бойымен жылжи отырып аспаптардың көрсетулеріне бақылау жасау арқылы радиоактивті және улағыш заттармен жергілікті жердің қаншалықты зақымдалғанын белгілейді. Радиоактивті зақымдалуды тапқан соң барлаушы бұл жайлы командирге мәлімдейді, ал жеке құрам газтұмылдырықтар киеді. Содан соң барлаушы радиация деңгейін анықтап, белгілейді. Ол қоршау белгісін жолдың оң жағына, қозғалыс бағытына қарай орналастырады; белгілеу ағашына радиация деңгейі, өлшеу уақыты мен күні көрсетіледі.
Барлаушылар зақымдану аймағын айналып өту бағытын және шығар жерде оның сыртқы шекарасын көрсеткіштермен белгілейді.
Елді мекендердегі өрттің шығуы, үйінділер, маршруттағы қираған аймақтар және басқа да кедергілер кездесе қалған жағдайда барлаушы олардың сипатын және құрамалардың әрекет етуіне, олардың тигізетін әсер ету мүмкіндігін нақтылайды, оларды басып өту жолдарын іздестіреді.
Маршруттағы жағдай туралы мәліметтерді буын командирі АҚ штабының бастығына мәлімдейді және маршрут сызбасын түсіреді.
Объект аумағына келіп жеткен соң буын барлау жүргізу үшін өзіне тағайындалған аймақта әрекет етеді. Барлаушылар ең алдымен радиация деңгейін, улағыш заттардың түрі мен бар болуын анықтайды. Содан соң паналар мен тасаларды іздеп, олардың жағдайын, оларға жету жолдарын айқындайды.
Барлау буынының командирі жағдай мәліметтерін объект кәртішкесіне түсіріп, барлау нәтижесін АҚ штабының бастығына мәлімдейді.
Барлаушы буын өз тапсырмасын орындағаннан соң объект аумағындағы құтқару және шұғыл апатты қалпына келтіру жұмыстарын өткізу барысына бақылау жүргізуге тартылуы немесе жиналу пунктіне шақырылуы мүмкін.