Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 16:29, реферат
Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді.
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Еңбек құқығы туралы түсінік
2.Еңбек шарты
3.Жеке еңбек шартының тараптары
4.Жеке еңбек шартының мерзімі
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Еңбек туралы занщармен немесе ұжымдық шартпен белгіленген шарт талаптарын тараптардың тікелей келісуімен жасалған талаптардан айыра білу керек. Соңғылары екі топқа бөлінеді:
а) қажетті талаптар, яғни олар болмаса шарт жасалған бо-
лып саналмайтын талаптар;
б) басқа талаптар, олардың болуы шарттың әрекет етуі үшін
міндетті емес, яғни факіультативті талаптар.
Шарттың қажетті талаптары тараптардың келісуін қажет етеді, және оларға мыналар жатады:
1) жұмыс орнын (қызметті) анықтау;
2) еңбек міндетін (уәзібін) белгілеу, яғни мамандықты, біліктілікті, қызметті, ісәсіпті анықтау;
3) жалакы мөлшерш аныктап, келісу.
Шартты жасаскан кезде тараптар үшін, әсіресе кызметкер үшін жұмыс орнын аныктау өте кажет, себебі, егер ұйымның кұрамдас бөліктері (цехтар, белімшелер, учаскелер т.с.с) әр жерге орналасса, онда міндетті түрде жұмыс орны анықталуы тиіс.
Еңбек уәзібі мамандыкты, біліктілікті, кәсіпті және қызметті анықтап белгілеуден тұрады.
Кәсіп — еңбек уәзібінің мақсаты мен түрін анықтайтын еңбек қызметі, мысалы, құрылысшы, дәрігер, заңгер, теміржолшы т.с.с.
Мамандық — бұл кәсіптің бір бөлшегі іспетті, бір түрі. Белгілі бір кәсіп бойынша білімін, қабілетін білдіреді. Мыса-лы, дәрігер: терапевт, хирург, лор, педиатр т.с.с. күрылысшы: ағаш шебері, кірпіш қалаушы, экскаваторшы, сылақшы т.с.с.
Біліктілік — кәсіпке, мамандыққа үйренудің дәрежесін, дай-ындық пен тәжірибе деңгейін корсетеді. Біліктілік дәрежесі жұмысшылар үшін бірыңғай тарифті — мамандық анықтама-лығы негізінде, ал қызметкерлер үшін — қызметтердің біліктілік анықтамалығы бойынша анықталады.
Көп жағдайда мамандық деген үғымның кәсіп деген ұғымға қарағанда аясы анағұрлым тар болып табылады. Мысалы, сле-сарь мамандығы бар жүмысшы (слесарь-жөндеуші; слесарь — құралшы; слесарь — құрастырушы, слесарь — сантехник) си-яқты бірнеше кәсіпке ие бола алады. Сондықтан, мысалы, сле-сарь — құралшы, слесарь — жөндеуші жұмысына тек қана оның келісуімен ғана ауыстырылады. Нақты жағдайларда қызмет-кердің мамандығы ауыса ма, жоқ па деген мәселені шешу кезінде тиісті біліктілік анықтамасын басшылыққа алған жон.
Бір мамандықтағы қызметкерлердің еңбек міндеттері біліктілік деңгейіне қарай белектенеді. Сондықтан қыз-меткердің біліктілігі оның еңбек қызметінің елеулі белгісі бо-лып табылады. Кызметкердің біліктілігі тарифтік разряд, сы-нып немесе санат болып белгіленеді (мысалы, 5 разрядты то-карь, 1 сыныпты жүргізуші, 1 санатты дәрігер). Қызметкерді біліктілік сипаты баскаша жұмысқа ауыстыру басқа жұмысқа ауыстыру деп қаралады және оған кызметкердің келісімімен жол беріледі.
Қорытынды
Мемлекетіміздің Ата Заңының 24 бабында «әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына кұқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтен-ше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
Әркімнің қауіпсіздік пен тазалықталаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін неңдей бір кемсітусіз сыйақы алуына, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар» екендігі айқын бекітілген
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова
А. Қ., Тәукелев А.Н.
Мемлекет және құқық теориясы. –Алматы,
ҚазМу баспа орталығы. 1999. 320б.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық
теориясы». Оқу құралы. Алматы. «Заң әдебиеті»
2004ж. 106б.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы»
Оқулық. – Алматы: «Наз» баспа компаниясы,
2003. 328б.
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті
және оның депутаттарының мәртебесі туралы»
Конституциялық Заңы. //Егемен Қазақстан.
1995ж. 21 қазан. 3-5б.
6. Қазақстан Республикасының Конституциясы.
–Алматы, «Жеті жарғы».
2000ж. 48б.