Экономикалық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 08:49, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары еліміздің эко-номикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.
Бухгалтерлік есеп стандарттары мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа ен-гізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талап-тарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................... 3-6
1-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері...................................................................................................................... 7
1.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны талдаудың мақсаты....................... 7-16
1.2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың
ақпараттық негізі................................................................................................. 17-31
1.3. Қаржылық жағдайды талдау әдістері......................................................... 32-38
2- бөлім. «КазЭкоПолимер» компаниясының қаржылық жағдайын талдау.................................................................................................... 39
2.1. «КазЭкоПолимер» компаниясының
жалпы сипаттамасы............................................................................................. 39-40
2.2. Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау................................................. 41-45
2.3. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау............................................... 46-51
2.4. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау..................................... 52-59
2.5. Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 60-64
2.6. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 65-70
3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары........................................................................................................... 71-75
3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен
төлем қабілеттілігін арттыру.............................................................................. 76-79
3.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен
іскерлік белсенділігін арттыру.......................................................................... 80-83
3.3. Кәсіпорынның табыстылығын арттыру..................................................... 84-85
Қорытынды........................................................................................................ 86-88
Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................... 89-94
Қосымшалар..........................................................................

Файлы: 1 файл

Экон талд кур жумыс.doc

— 743.00 Кб (Скачать)

Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қор-лар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.

Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында  – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.

6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен  анықталады:

К= Д/ Д

Мұнда:  К- дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

              Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

              Д- дебиторлық борыш.

Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыш-тың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген ком-мерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді. 

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффи-циенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.

7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сату-дан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың  шамасына қаты-насымен анықталады:

К= Д/К

Мұнда:  К- кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;

              Д- өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;

              К- кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.

Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэф-фициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды [1].

 

 

 

 

 

 

3-бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары.

 

Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпо-рын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын же-тілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады [24].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық  (сурет-2[4]):                     

 

сурет–2  Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары.

 

Кәсіпорын меншікті айналым қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақ-сатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акция-ларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол – акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бі-рақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [24].

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Кәсіпорынның материалдық техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жол-дарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға үлкен табыс әкелетін тиімді жобаларды іске асыру мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [25].

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір жолы ол – оның айна-лымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                 

Меншікті қаржы ресурстарынының көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өнді-ріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурста-рын үнемді пайдалану жатады [24].

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш про-блема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз [5].

Кәсіпорынның төменгі төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезін-де ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жа-ғынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұ-рақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді мін-деттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға кө-мектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқ-талып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қа-ражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзін-дік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].

Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспар-лардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [27].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру.

 

Біз 2.2. “Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін тал-дау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алды-мен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байла-нысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз айналым ак-тивтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін кө-ре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның табысын талдау” атты еңбегінде өтімді-лікті арттырудың келесі әдістерін ұсынады:

а)жарғылық капиталды арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар алу;

б)міндеттемелерді қайта құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшы-лардың жалақысын қоса алғанда).

Мен бұл дипломдық жұмыста активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:

1) Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау. Бұл әрине өз алдына банктің өзінің несиелік саясатын қайта қарауына, яғни не-сие бойынша пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін арттыру. Сол арқылы активтердің абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.

Жоғарыдағы айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қо-сымша ақша қаражаттарын қажет етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша обли-гациялар шығарумен алуға болады.

Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін баланс құрамында өзгерістер күтіледі.

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредитор-лық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өз-геріссіз қалады делік.

Сонда жүргізілген іс-шараның нәтижесін төмендегі 7-кестеден көруге бола-ды:

Кесте-7

Қысқа мерзімді міндеттемелерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,68

+0,7

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,2

+0,1

Информация о работе Экономикалық талдау