Әкімшілік жауапкершілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2013 в 21:18, лекция

Краткое описание

Әкімшілік жауаптылыќ — заңдық жауаптылыктың ерекше т‰рі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды адамдардын қкімшілік кұкық бұзушылык (теріс қылык) жасаған адамдарға қкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы зан жауаптьшықка тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.
Сонымен бірге зањдық жауаптылықтың жалпы белгілері зањдарда әкімшілік жауаптылықка сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нак осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.

Оглавление

1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі.
2. Әкмшілік жауаптылықтан босату
3. Әкімшілік кұқық бұзушылық. Әкімшік құқық бұзушылық ұғымы
4.Әкімшілік құкық бұзушылықтың (теріс кылықтың) құрамы
5.Әкімшілік қүқық бұзушылықтың түрлері
6.Әкімшілік жазалардың үғымы және түрлері

Файлы: 1 файл

9 та_ырып.doc

— 94.00 Кб (Скачать)

9 тақырып.  Әкімшілік жауапкершілік

 

 

 

Жоспар

1. Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі.

2. Әкмшілік жауаптылықтан босату

3. Әкімшілік кұқық бұзушылық.  Әкімшік құқық бұзушылық ұғымы

4.Әкімшілік құкық бұзушылықтың (теріс кылықтың) құрамы

5.Әкімшілік қүқық бұзушылықтың түрлері

6.Әкімшілік  жазалардың үғымы және түрлері

 

1. Әкімшілік  жауапкершіліктің түсінігі.

Әкімшілік жауаптылыќ — заңдық жауаптылыктың ерекше т‰рі, ол өкілетті органдардың немесе лауазымды  адамдардын қкімшілік кұкық бұзушылык (теріс қылык) жасаған адамдарға қкімшілік жазалар қолдануынан көрінісін табады. Жалпы зан жауаптьшықка тән белгілер әкімшілік құқықта да бар.

Сонымен бірге зањдық жауаптылықтың  жалпы белгілері зањдарда әкімшілік  жауаптылықка сәйкестендіріле ерекше түрде икемделінеді және де жауаптылықтың нак осы түріне сипатты белгілер бекітіледі.

Әкімшілік жауаптылыќтьњ  негізгі ерекшеліктері т±ѓысынан  алғанда мыналарға саяды:

1. Әкімшілік жауаптылык  заңмен де, заңға тәуелді актілермен  де, немесе олардың әкімшілік  құкық бұзушылык туралы нормаларымен таѓайындалады, яғни оның өзінің нормативтік- кұкықтық негізі бар.

2.. Әкімшілік жауаптылыктың  негізіне әкімшілік кұкык бұзушьлыќ  жатады.

3. Әкімшілік жауаптылыктың  субъектілері адамдар да, үжымдық  құрылымдар да болуы мүмкін.

4. Әкімшілік құкық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қаралған.

5. Әкімшілік жазаларды  өкілетті органдар мен лауазымды  адамдардың үлкен тобы: атқарушы  биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың, олардың лауазымды адамдары, сондай-ак  соттар (судьялар) қолданады.

6. Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жазаларды µздеріне қызметіне жұмыс жөнінөн баѓынышты емес адамдарға — құқык бұзушыларға қолданады. Осы белгі бойынша әкімшілік жауаптылық жоғары тұрған органның, лауазымды адамның негізінен бағыныштылыќ жолымен жұмыскерлер мен кызметшілерге қолданатын тәртіптік шаралардан ерекшеленеді. Белгіленген жағдайларда осындай тәртіппен материалдық жа-уаптылық шаралары (әкімшіліктіњ жұмыскерге өзі жұмыс істеп жүрген жеріне келтірген зияны үшін және т.б.) колданылуы да мүмкін.

7. Әкімшілік жаза қоддану сотталган болып табылмайды және жумыстан шыгаруга жатпайды. Жазаға тартылған адам тағайындалған мерзім өткенше әкімшілік жазасы бар адам болып саналады.

8. Әкімшілік жауаптылықтың  шаралары әкімшілік қуқық бузушылық  туралы істерді жургізуді реттейтін зандарға сәйкес колданылады.

Сонымен, әкімшілік жауаптылықтың  басқа түрлерінен айыратын біраз  ерекшеліктері бар. Әкімшілік жауаптылыктыњ  негізгі ерекшелігі, оның негізіне әкімшілік қ±қыќ бұзушылыќ, ал шараларына — әкімшілік жазалар жатады.

Кінәлілер күқық бұзушылық жасаған уакыты мен орны бойынша күші бар зандар негізінде әкімшілік жауаптылыкка тартылады.

Әкімшілк құқық бұзушылық  үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе жоятын актілердің кері күші болады, яѓни осы актілер шыққанға дейінгі  жасалған құқык бұзушылықтарға да таратылады.

Әкімшшк құқық бұзушылықтар үшін жауаптылык тағайындайтын немесе ауырлататын актілердін кері күші болмайды.

Қазіргі кезде әкімшілік  құкық бұзушылық туралы зандардың:

а) адамдарға:

б) ұжымдық құрылымдарға-кәсіпорындарға, мекемелерге және баска ұйымдарға қодданылатын екі тармағы белгілі болып отыр.

 

2. Әкмшілік жауаптылықтан босату

Әкімшілік құқық  бұзушылык жасағаны үшін әкімшілік  жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдарлары ҚК тиістібабтарына  сәйкес қүқык бұзушылықтыњ сипаты және құқык бұзушьның жеке басының кадір-қасиеті әкімшілік жауаптылықтан босатудың негізі болып табылады.

Әкімшілік жауаптылыќтан  босатудың салдары әкімшілік 
жауаптылыќ туралы материадарды қоғамдық ыкпал жасаушараларын қолдану үшін жіберуге саяды. Материалдар жіберілген органдар мен ұйымдар оларда көрсетілген адам-дарға колданған қоғамдық шаралар туралы материалдарды жіберген органдарға (лауазымды адамдарға) хабарлауға міндетгі.

Жасалған әкімшілік кұқык  бұзушылыктың мәні шамалы болған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Салдары — ауызша ескерту, ол ешкандай құкықтық зардап туғызбайды.

Әкімшілік жауаптылықтан  босатудың негіздерін әрекет жасауды (әрекетсіздікті) заңға қайшы келтірмейтін жағдайлардан айыра білу ќажет. Бұл  жерде мәжбүрлі қажеттілік пен қажетті қорғануды мезгеп отырмыз.

Мәжбүрлі қажеттілік. ӘК-те және баска нормативтік актілерде  көзделген әрекетті жасағанымен, бірақ  мәжбүрлі қажеттілік жағдайында, яғни мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншік иесінің қүқықтарына, азаматтардың құкықтары мен бостандықтарына және баскарудың белгіленген тәртібіне төнген кауіпті жою үшін әрекет жасаған адам, егер бұл қауіпті осы жағдайларда жою мүмкін болмаса және егер келтірілген зиян жойылған зиянға қарағанда анағұрлым кем болса, заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.

Қажетті қоргану. Мемлекеттік  немесе қоғамдык тәртіпті, меншікті, азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын, басқарудың белгіленген тәртібін қажетті қорғану  жағдайында коғамға жат қиянат жасаушылыќтан  ќиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен қорғаған кезде әрекет жасаған адам, егер қажетті қорғану шегінен асып кетуге жол берілмеген болса, әкімшілік жауапты болмайды.

Ќұқыќќа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған кезде есі  дурыс емес куйде балган, яғни созылмалы  есі ауысқан ауру болуы, есінің уақытша ауысуы, кемақылдылығы немесе баска бір сырқатты күйде болуы себепті өз әрекеті жөнінде өзіне есеп бере алмайтын немесе әрекетін басқара алмайтын адам заң бойынша әкімшілік жауапты болмайды.

 

3. Әкімшілік кұқық бұзушылық.  Әкімшік құқық бұзушылық ұғымы

Әкімшілік құкык  бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың  негізі больш табылады. Әкімшілік  право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құкық бұзушылыктың түсінігін  былай деп берген: »Мемлекеттік немесе қоғамдык тәртіпке, социалистік меншікке (казір социалистік жоқ — Б.Е.), азаматтардың праволары мен бостандыктарына, басқарудың белгіленген төртібіне киянат жасайтын сол үшін зандармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (касакана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс кылық) деп танылады».

   Құкык бүзушылық  үшін, егер бұл құқық бұзушылық  өзінің сипаты

бойынша қолданылып жүрген зандарға сәйкес кылмыстық жауаптылыққа  әкеп соктырмайтын болса, әкімшілік  заңдармен және басқа қүкык салаларының  нормаларымен (каржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда  болады.

Әкімшілік құқык  бұзушылық әкімшілік кукыктың нормаларымен жауаптылык каралатын, белгілі өрекеттерді  жасауға тыйым салатьш (мысалы, жекеленген кару туралы Қазакстан Республикасының занымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с.), қорғалатын коғамдык катынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік кұқык бұзушылықтын күрамын құрайды.

Әкімшілік құқық бұзушылыктың зандык белгілері:

а) қуқыққа қарсылык, — бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау больш табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше баска салаларынікі де болуы мүмкін.

Бірақ, белгіленген  нормаларды сактау әкімшілік жауаптылық шараларымен корғалады.

б) кінәлілік, яғни кұқыкка карсылық әрекетгі қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер кұкыкка карсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құкық бузушылық қасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік кұқық бұзушылык жасаған адам өз әрекетінін немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мумкін екенін біле турса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құкык бүзушылық абайсыздыкпен жасалған деп танылады.

Құкык теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың қылмыстык менмендік немесе қылмыстык салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзакылык ұсак ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияктылар — осылардың бәрі және соларға үқсас әрекеттер тек кана касақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құкык бузушылыктар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт кауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияктылар.

Кінә—әкімшілік қүқық  бүзушылыктың міндетті белгісі; ол болмаса  адамды әкімшілік жауаптылыкка тартуға негіз жок деп табылады.

в) қогамга зиянды деп  азаматгың, қоғамның, мемлекеттін мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады.Әкімшілік жауаптылык институтының шеңберінде   қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны зандармен белгіленеді.

Әкімшілік қуқық бузушылықтың коғамға зияндык салмағы кылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар занды түрде баскаша бағаланады да, аса катал емес жауаптылык белгіленеді. Бұлардан басқа, зандармен арнайы субъектілердің — жасы кәмелетке толмағандардын, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен катар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылык жасағаны ұшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.

Азаматтар өздерінің  жасаған әкімшілік құкык бұзушылыктары  үшін соларды жасаған кезде он алты жаска толғандары жауапты болады. Әкімшілік қукық бұзушылық жасаған он алты  жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері  жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар колданылады, 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13 -бабының

 екінші абзацында көрсетілген  (ұсақ бұзакылық, атылатьш карудан  елді мекендерде және бұл үшін  бөлінбеген орындарда, немесе  белгіленген тәртіптің ережесін  бұзып ату, полиция қызметкерінің  немесе халық жасакшысының заңды  өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау жөне с.с.) әкімшілік құқык бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

 Әскери кызметшілер  және жиындарға шақырылған әскери  міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі  істер органдарының қатардағы  және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік қүкык бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контрабанда жатпайды.

Осы көрсетілген жағдайларда бүл адамдар жалпы негіздерде өкімшілік жауапты болады. Сосын, бул санаттағы азаматтарды өкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.

Қазақстан аумағында  тұратьн шет ел азаматтары мен  азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Қазакстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.

Лауазымды адамдар олардың  кызмет жағдайларына байланысты әкімшілік  құкык субъектілерінің ерекше санатын  кұрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік  және қоғамдык тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын корғау саласындағы  белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету «өздерінін кызмет міндетіне жататын баска ережелерді сактамауына бай-ланысты әкімшілік кұкык бұзушылык жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.

 

4.Әкімшілік құкық бұзушылықтың (теріс кылықтың) құрамы

Әкімшілік құқық  бұзушылык белгілерін оның заңдық құрамынан айырудың практикалық маңызы бар. Әкімшілік кұқык бұзушылықтың барлык белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапка тарту зансыз болып табылады.

Әкімшілік қүқык бұзушылыктың құрамы — нормативтік-құкықтык актілермен бекітілген белгілердін (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылык пайда болады.

Әкімшілік құқық бұзушылык  құрамынын белгілері (элементтері) больш: объект, объективтік жағы, субъект, субъек-тивтік жағы табылады.

Құқык нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылык шараларымен қорғалатын қоғамдык катынастар объект больш табылады. Іс жүзінде объект ретінде нактылы нормалар, тапсырмалар, занды талаптар, тыйым салулар болады.

Бұл нактылы объектілер көрінісінің  нысандары әртүрлі болатын мүмкіндігін бідціреді. Мысалы, ұсак бұзакылык коғамдык тәртіпке кол сұғу деген сөз, бірак ол занда айтылған “ұсак бұзакылық” түсінігінің тұжырымдамасында берілген үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін.

Объективтік жагы әкімшілік  құқықпен тыйым салынған әрекетке немесе әрекетсіздікке саяды. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе әрекетсіздік көптеген құқык салаларымен (азаматтық, еңбек, қаражат және басқа...) реттелінген нактылы қоғамдық қатынастарға кол сүғуы мүмкін.

Кұқык теориясында, сондай-ақ әкімшілік теріс кылыктын тектік, түрлік және тікелей объектісін айыру бар. Құкык қолдану тәжірибесі түрғысынан алғанда тікелей объект ерекше маңызды болып көрінеді, олай болатын себебі, әкімшілік санкция заңмен бекітілген коғамдык катынастарға шынайы зиян келтіргені үшін колданылуы керек.

    Әкімшілік теріс  қылыктың объективтік жағы - бүл  оны сырткы көрінісінің актісі  ретінде сипаттайтьн әкімшілік  құқык нормаларьмен каралған  белгілердің жиынтығы. Бүл белгілердін  ішіндегі ең маныздысы әрекеттің  өзін сипаттайтын (ұсак бұзакълық, қасакана бағынбау, ұрлық т.с.с.) белгі болып табылады, онын түрлері әрекет не әрекетсіздік болуы мүмкін.

Информация о работе Әкімшілік жауапкершілік