Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Сезім мүшелері. Олардың жұмысы. Сезім мүшелерінің  жұмысы мен оларға күтім жасау.

Түрлі дене бөлігі мен оның қызметін сезіне білу. Не сезінеді? Қандай ықылас пайда болады? Әр уақытта біз әр түрлі жағдайда боламыз: мейірімді, ашулы, көңілді, мұңлы. Көңілді, мейірімді болған кезде, біз  өзімізді жақсы сезінеміз.

Тамақтану. Ашығудың белгісі. Ашығу сезімін, шөлді  қалай жеңуге болады? Тәттіні көп  жеуге болмайды, денсаулыққа зиянды.

Тамақтану мәдениеті мен ережесі. Азық-түлік  сапасын түсіне, иісіне, пішініне қарай  ажырата білу. Дәрумендер - табиғи қорғаушылар. Су. Суды пайдалану қауіпсіздігі.

Тамақтану түрлері. Жемістер, жидектер, тәттілер, жаңғақтар, шекілдеуік, ет, балық. Олардың  пайдасы мен зияны. Азық-түліктерді қолдануға дайындау ережелері: жуып-тазалау, қайнату.

Жеке  тазалықты сақтау. Қолды жуу. Тісті  тазалау. Ауыз қуысын шаю. Осы шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

Киімдерін күтіп, тазалап ұстай білу. Жеке заттарын ұқыпты ұстаудың қажеттіліктері мен  ережелерін түсіну. Жеке гигиеналық заттарды білу және дұрыс қолдану (сүлгі, бет  орамал, тарақ).

Қоғамдық орындарда тазалық  сақтау. Бөлмеде өзін-өзі ұстау тәртібін сақтау. Бөлменің ішін ұқыпты ұстау (қабырғаларды шимайламау, жарық беретін аспаптарды, баспалдақ сүйеніштерін бүлдірмеу). Үлкендерден бүлінген заттарды жөндеуге көмек сұрау.

Дала  және бөлме өсімдіктерін күтіп қараудың қажеттіліктері мен ережелері. Өсімдіктердің  пайдасы.

Қоғамдық  орындарда өзін мәдениетті ұстай  білу және қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жалпыға ортақ құрал-саймандарды  ұқыпты және дұрыс қолдана білу (жеделсатылар, телефон-автоматтар).

Аурудың алдын алу. Күн тәртібі туралы білімдерін кеңейту, оны жүйелі орындаудың денсаулықты нығайтудағы маңызын түсіндіру.

Сымбат. Әдемі сымбат денсаулықты сақгайды. Дү-рыс қалыпты сақгай білу ережелерін меңгерту

Күн, ауа  және су - біздің нағыз досымыз. Табиғи факторлар көмегімен шынығудың  маңызы мен ережесі. Үйқы және оның адам өміріндегі маңызы. Пайдалы және зиянды әдеттер. Темекі мен арақтың зияны.

Өзіңе және басқаға көмектес. Науқастанып, ауырған кезде дереу үлкендерге хабарлау. Науқас адамға мүмкіндігінше көмектесу.

Дененің ауырғанын жеңілдететін тәсілдер. Дененің  ауырғанын жеңілдете білу: ауыртып  алған жерін сипау (уқалау), салқын затты басу (су орамал), зейінін басқа  жаққа аудару, жұбату, қорқынышын сейілту.

Азын-аулақ  жарақаттанғанда алғашқы көмек  көрсету ережесі. Дене шынықтыру  жаттығулары арқылы әлсіреу кезінде 1-2 тыныштандыратын кешенді меңгеру. Оларды қай кезде қолданатынын білу.

Басқаларды  ренжітпеу. Дауларды шеше білу. Қол  көтеру - жанжалды шешудің тиімді тәсілі емес екендігін есте сақтаған жөн. Бірлесіп жұмыс істеу - қарсыласудан жақсы. Дөрекілер  мен бұзақылардан алыс жүру қажет.

Өзінен  кішілерге, әлсіздерге қамқорлық көрсету. Басқа біреудің көмектесуін күтпей-ақ, көмек керек сәтте басқаларға көмектесу.

Табиғат. Жемістер. Жидектер. Олардың пайдасы мен зияны.

Үй жануарлары. Жанауарларды күтіп-баққанда қауіпсіздік  шараларын білу (мысық, ит, атжалман, құстар және т.б.).

Жабайы  аңдар. Жәндіктер. Жәндіктердің келтіретін зиянын білу (шыбын, маса, тарақандар, басқа  да құрт-құмырсқалар). Олардан қалай  сақтанатынын білу Көшеде және бөтен  үйде жануарлармен қарым-қатынас жасағанда  қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Ауа райы. Ауа райы өзгерген жағдайда өзін қалай  ұстау керектігін білу (қар жауғанда, жаңбыр жауғанда, күн ысығанда, суығанда).

Қурап қалған ағаштар мен бұталардың қауіпі. Оларға өрмелеп шығуға, айналасында ойнауға болмайды. Дәрілік шөптер. Улы өсімдіктер.

Әлеуметтік өмір. Көшеде жүру ережелерін сақтау. Жол белгілерімен таныстыру: «Балалар», «Жаяу кісі өтетін өткел». Қиын жағдайда өзін-өзі ұстау тәртібі. Егер адасып қалсаң немесе бейтаныс жерге тап болсаң, полиция қызметкерлерінен, кассирден, сатушыдан және басқа да қызметкерлерден көмек сұра. Полиция көлігін ажырата біл. Үйдің есігі қағылған сәтте, есікті ашпастан бұрын кішкене тесігіне қара. Егер есіктің кішкене тесігі сыртынан жабық болса, тіпті ашпа. Пәтерден танымайтын адамға шықпа. Есікті тек құлыппен жауып қана қоймай, ысырмамен, шынжырмен жап. Бейтаныс адамның көлігіне отырма. Егер, көшеде немесе есік алдында бейтаныс адам сені алып кетпекші болса, «Мен сені танымаймын» деп дауыстап, қашып шығудың амалын жаса. Жедел сатыға (лифт) танымайтын адаммен бірге кірме.

Жаяу  адам өтетін жол. Жаяу кісілер тек  белгі қойылған жерден ғана өтеді. Екі  жақты қозғалыста алдымен сол  жаққа, жолдың ортасына жеткенде - оң жаққа  қарау. Көше және жол белгілері. Өз ауданындағы  көліктермен танысу. Жүріп бара жатқан кез-келген көлік адамға қауіп төндіруі мүмкін.

Үйдегі  қауіпсіздік ережесі. Үйде балалар  немен ойнамау керек? Бәлеге ұшырамас үшін қандай заттарды ұстамау керек? Біздің үйде не қауіпті? Электр аспабын, газды, суды қалай дұрыс қолдану  керек? Үйде қандай қауіп төнуі мүмкін? Шұғыл қызмет телефондары.

Балабақша ауласы. Сенің үйіңнің ауласынан  айырмашылығы қаңдай? Әр түрлі құрал-саймандарды  қолдана білу ережелерімен таныстыру. Ауладағы қауіпті жерлер: өсіп кеткен бұталар, қурап кеткен ағаштар, көлік  жүретін жолдар, қоқыс тастайтын  жәшік. Ұқыпты және абай болу керек. Аулада өзін-өзі ұстау ережесі: ластамау, шуламау, терезеге және балкон жанына жақын ойнамау, шыны сындырмау. Жақын  жердегі айналаны, балабақша орналасқан шағын ауданды, өзі тұратын үйді бағдарлай білу. Ненің қай жерде  орналасқанын білу. Үйге және балабақшаға  баратын мейлінше қауіпсіз жолды білу. Нақты жол бағытын білу. 

 

 

 

«ҚАТЫНАС» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: ана тілінің базалық құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа да тілдерде мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағылармен тілдесу арқылы қарым-қатынас жасауға қабілетті мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Мектепке  дейінгі ересек жаста «Қатынас»  білім беру саласының базалық  мазмұны төмендегідей ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетінің түрлері арқылы жүзеге асады:

- тіл  дамыту;

- көркем  әдебиет;

- сауат  ашу және жазу негіздері;

- мемлекеттік,  орыс және басқа тілдерді үйрету.  

 

 

 

Тіл дамыту 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас ерекшелігіне байланысты ана тілінің ережелері мен базалық нормаларын игеруі, оларды нақты жағдайларда қолдана білу іскерлігін қалыптастыру, негізгі коммуникативті қабілеттерді меңгерту.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың активті және пассивті сөздік қорын қалыптастыру (тілді түсіну және сөйлеу);

- дыбыстарды  дыбысталу, тілдік естілу артикуляциясын  сақтап айту мен сөздерге дыбыстық  талдау жасау біліктілігін дамыту;

- сөйлеу  барысында тілдің грамматикасын  сазтауға үйрету;

- әңгімелеу  (монологтік ) және сөйлеу (диалогтік)  тілін қалыптастыру;

- дыбыстың  айтылуын дұрыс есту қабілетін  дамыту мен дыбысты айту барысында  дұрыс тыныс алу тәртібін сақтау;

- тілдің  мәнерлілігін арттыратын ырғақтық  құралдарын қолдану іскерлігін  арттыру;

- көркем  әдебиетпен таныстыру;

- балаларды  сауат ашуға және жазуға дайындау.  

 

Мазмұны:

Тілдің дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу. Тілдің дыбысталу мәдениетінің барлық қырын жетілдіру. Дыбыстардың айқын артикуляциясын меңгерту. Дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. Тілдік естуін дамыту (тілдегі дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білу іскерлігі, дыбыстың сөздегі орнын анықтау, сөздегі дауысты дыбыстарды ажырату, сөздегі буын саны мен сөйлемдегі сөздер санын анықтау). Берілген дыбысқа сай сөздерді айтылуына қарай салыстыру іскерлігін жаттықтыру. Сөзге дыбыстық талдау жасау дағдыларына үйрету.

Сөздік жұмыс. Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың сөздік қорын қоршаған орта туралы білімдерін қалыптастыру барысында дамыту. Тілін зат есім, етістік, сын есім, сан есім, есімдіктер, үстеулер, демеуліктер, салалас және бағыныңқылы шылаулармен толықтыру.

Жалпы ұғым. Жалпылауыш сөздерді қолдана білуге үйрету (киімдер, аяқ киімдер, бас киімдер, ыдыс-аяқ, жиһаз, электр құралдары, спорт жабдықтары, музыкалық аспаптар, көкөністер, жемістер, жидектер, гүлдер, ағаштар, саңырауқұлақтар, құстар, балықтар, жануарлар, жәндіктер және т.б.). Түрлі заттарды атай білу, синоним, антоним сөздерін таба білу, белгілі бір заттың белгілерін білу іскерлігі. Қажетті сөздерді дұрыс түсіну және қолдануын қалыптастыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Сөзге қызығушылығы мен зейінін арттыру.

Тілдің грамматикалық құрылысын  қалыптастыру. Тілдің грамматикалық дұрыстығын қалыптастыру. Жай, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана білуге жаттықтыру. Дауыс ырғағына қарай сөйлем түрлерін ажырата білу іскерлігін дамыту (хабарлы, сұраулы, лепті), оларды тілінде қолдану.

Бала  тілін морфологиялық қырынан  қалыптастыру. Етістіктерді дұрыс қолдана  білу, сөздерді септіктер мен шақтарда үйлестіріп, кеңістікке қатынасын білдіретін сөздерді дұрыс қолдана білу іскерліктерін  бекіту. Балаларды зат есім, сын  есім, етістіктердің күрделі түрлерін жасауға жаттықтыру.

Түбірлес  сөздерді (бақша, бақшашы, бақшада), етістіктерден (бардым, барамын, барғым келеді) жасауға  және қолдануға жаттықтыру.

Сөздердегі  дұрыс емес дауыс ырғағы мен дауыссыздардың кезектесуіндегі қателерді байқауға үйрету.

Жаңа  сөз түрлерінің пайда болуына, қызығушылығы мен сыни қатынасына, дұрыс сөйлеуге талпынысын арттыру, қателерін жөндеу іскерлігі мен грамматикалық  нормаларын білу қажеттілігіне тәрбиелеу.

Әңгімелеуге үйрету (монологтік тіл). Негізгі ойды дұрыс жеткізе білу, монологтік мәтіндерді байланыстырып айту, мәтін мазмұнын дұрыс, рет-ретімен айту, белгілі бір түсінікті сипаттап, хабарлы сөйлем түрінде жеткізе білу шеберлігін қалыптастыру.

Сөйлеу  мәдениетіне үйрету. Таныс емес ортада, көпшілік алдында сөйлей білуге, өнер көрсетуге үйрету (мерекелерде, өзге топ балаларының және ата-аналардың  алдында).

Сөйлеу тілінің қалыптасуы (диалогтік). Өзіне қаратылып айтылған сөздерді тыңдап түсінуге, әңгімені қолдауға, сұрақтарға жауап беруге және сұрауға, әңгімелесу кезінде өзін мәдениетті, әдепті, байсалды ұстау іскерліктерін дамыту. Өзге балалардың әңгімесінің маңыздылығына әсер етіп, бір-бірінен жаңалықты білуге ықыласын арттыру.

Шығармашылықпен әңгімелеу. Тәрбиешінің ұсынған «Күз», «Менің досым» тақырыптары бойынша әңгіменің жалғасы мен аяғын ойлап табу іскерліктерін үйрету.

Тәрбиешінің ұсынған тақырыптарын («Қыс қызығы», «Менің сүйікті күшігім», «Қыс келбеті», «Менің атам», «Жарқын жаз» және т.б.) бір-бірімен байланысқан сюжет  бойынша суреттеу мен әңгімелер  ойлап табуға, сөйлемдеріне бейнелеу сөздерін, эпитеттер, салыстырулар қолдануға  үйрету.

Өмірден («Менің анам», «Наурыз - көктем мерекесі», бақылау бойынша («Көңілді тамшылар»), сурет бойынша (Ә. Қастеевтің «Дала») әңгімелер құрастыру іскерліктеріне үйрету. 

 

 

 

Көркем  әдебиет 

 

Мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың әдебиетке өнердің бір саласы ретінде қызығушылығын қалыптастырып, сауатты оқырман тәрбиелеу.

Міндеттері:

- балаларды  көркем әдебиеттің халық ауыз әдебиеті жанрымен және шығармаларымен таныстыру;

- баланың  шығарма мазмұнын меңгеріп, оларды  дұрыс түсінуін қамтамасыз ету;

- көркем  сөздерді дамытудың негізгі тәсілдерін  үйрету;

- қазақ  өнерінің бастауына баулу. 

 

Мазмұны:

Балаға  жеткілікті деңгейде мәтінді талдау, шығарманың ерекшелігі туралы түсінік беру арқылы әдебиет теориясының кейбір қарапайым ұғымдарын жеткізе отырып, әдебиетке қызығушылығын ояту.

Көркем  шығармаларды қалай қабылдайтынын, оларға қалай әсер ететіндігін байқап, шығарма туралы балалардың пікірін  ескеріп, қажет болғанда түзетулер  енгізіп, баланың адамгершілік әлеуетін қалыптастыру.

Шығармалардың жанрларын анықтай білуге (өлең, әңгіме, ертегі), тілдің көрнекті бейнелілігінің үлгілерін (айқындау, теңеу және т.б.) байқауға үйрету.

Бағдарламада  берілген шығармалардан үзінділер  жаттау (өлеңдер, шағын ауыз әдебиетінің  жанрлары), тақырыпқа сай шығарманы  таңдай білуге (түсінік айту) үйрету.

Қазіргі көркем шығармаларды енгізу есебінен балалар оқуының шеңберін кеңейту.

Ұлттық  әдеби шығармалармен, жазушылардың, ұлттық тілді жақтаушылардың немесе нақты аймақтың жазушыларының шығармаларымен таныстыру.

Бірігіп тыңдау дағдыларын, сұрақтарға ұйымдасқан түрде жауап беруге және оқығаны  туралы сұрауға, талқылауға, суреттерді мұқият қарап, таныс мәтіндермен  сәйкестендіруге тәрбиелеу.

Көркем  тілдік және театрландырылған ойын әрекеттері арқылы балалардың дербестігін қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Әдеби сюжеттер бойынша драмалық-ойындарын сахналаудағы рөлдерді орындау тәсілдеріне үйрету.

Көркем  әдебиеттің күнделікті өмірге қажеттілігін сезіндіріп, көркем шығармаларды іріктеуге, кітаптар әлемінде өзіне қажет көркем шығарманы таңдай білуге дағдыландыру.

Кітапқа ұқыптылықпен және құнттап қарауға  дағдыландыру. Кітапты құрметтеуге  үйретіп, оның адам өміріндегі рөлін  түсіндіру. 

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері