Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Балалардың  мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарын ескере отырып, ұйымдастырудың әртүрлі  нысандарын қолдану (жұптасып, шағын  топтармен, бүкіл топпен).

Балалардың  ересектермен бірлескен іс-әрекет түрлерін жүргізуге күн тәртібінен арнайы уақыт (7-30 минутқа дейін) бөлінеді.

Осы бағыттар бойынша педагогикалық процесс  төмендегідей құзіреттіліктерді қамтиды:

1. Ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетін қарым-қатынас,  ойын, зерттеу-іздестіру, ересектермен  және құрдастарымен ынтымақтастық  негізінде құру (базистік оқу  жоспарына сай әртүрлі, бірін-бірі  қайталамайтын, әр сипатты іс-әрекет  түрлерін ұйымдастыру).

2. Балаларды  тәрбиелеу мен оқытуға бағытталған  іс-әрекет түрлері:

- балалардың  өз бетінше еркін іс-әрекеті:  ойын, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру,  көркемдік-тілдік әрекет, құрастыру,  дидактикалық ойындар мен жаттығулар, т.б.;

- ересектердің  балалармен бірлескен іс-әрекеті:  ойын, сурет салу, танымдық-зерттеу,  тәжірибе жасау, қатынас жасау,  музыкалық-сергіту, мерекелер мен  сауықтар, дене шынықтыру-сауықтыру,  жобалау және т.б.

Күн тәртібінде педагогтің бейресми қарым-қатынас  негізіңде әр баламен жеке байланыс жасауына да уақыт қарастырылуы керек.

Сонымен қатар, күнделікті ересектермен ойнауына да арнайы уақыт бөлінуі тиіс. Бұл  ойындар баланың қалауымен ұйымдастырылып, ересектер тарапынан қолдау көрсетілуі керек. Ұйымдастырылатын ойын және оқу іс-әрекеттері күн сайын өзінің ұйымдастырылу сипатымен, өткізілетін орнымен, түрлерімен ерекшеленіп, баланы жалықтырмайтындай, қызықты етіп жүргізілуі қажет.

Жоғары  интеллектуалдық және физиологиялық  жүктемесі ауыр ойындар мен сабақтар аптасына 1-2 сабақтан артық болмауы  керек.

Оқу іс-әрекетін баланың денсаулығы мен өзін-өзі  сезіну, көңіл күйі жағдайларын ескере отырып ұйымдастырған жөн. Егер бала өзін жайсыз, тіпті сәл шаршаңқы сезініп тұрса, оны оқу сабағына қатыстырмаған дұрыс. Мұндай кездерде тиісті шаралар қолданып, балаға жайлы  жағдай жасау керек.

Оқу іс-әрекетінің барысында, зейінін тұрақтандыратын, оны қызықтыратын, ынтасын арттыратын тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы балалардың жұмыс істеу қабілетін  арттырып отыру қажет.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен басқа да жұмыс түрлері баланы шаршап-шалдықтырмайтындай, жүйке жүйесіне күш түсірмейтіндей, жалықтырмайтындай бекітілген уақыт  мөлшерінен ауытқымай жүргізілуі тиіс.

Күн тәртібінде емдік-шынықтыру шаралары мен психологиялық  тренингтер, сергіту мен музыкалық  үзіліс сәттеріне, баланың өз қалауымен  еркін жүріп-түруына уақыт бөлінуі  керек.

Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды  зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін  төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білудің маңызы өте  зор.

Дүйсенбі  мен жұма күндері физиологиялық  және интеллектуалдық жүктемесі  бар іс-әрекет түрлері жүргізілмейді. Себебі, баланы демалыс күндердегі еркіндіктен кейін балабақша  тәртібіне бірден араластыру оның психо-физиологиялық  жағдайына ауырлық тигізуі мүмкін. Сондықтан аптаның басында баланы балабақша тәртібіне ақырын «кіргізіп», ал соңында ақырын «шығару» керек.

Егер  бала шаршаса, жұмыс істеуден бас  тартса, зейіні шашыраңқы болса тапсырманы міндеттеп орындатуға болмайды.

Сонымен қатар, зеріктіретін, шаршататын қажетсіз білімдер мен ақпараттардың көптігі  баланың жүйке жүйесіне айтарлықтай  салмақ түсіреді. Сондықтан, берілетін  білім-білік дағдыларының мөлшері  баланың жеке және жас ерекшеліктеріне  сай берілуі керек.

Бұл кезеңде  бала іс-әрекеттерді мейлінше еркін, өз қалауы бойынша жасауды, яғни, еркіндікті қалайды. Осыған орай, балаларды ұзақ уақыт, бір орында қозғалыссыз ұстауға, міндеттеп, күштеп әрекет жасауға итермелеуге  болмайды. Бұл баланың психо-физиологиялық  дамуында орны толмас олқылықтарға әкеліп соқтырады. 

 

 

 

3-4 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА  

 

БАЛАЛАРДЫҢ  ЖАС ЕРЕКШЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ  СИПАТТАМА 

 

Сюжетик-рөлдік ойындар - 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық  дамуында ерекше орын алатын жетекші  іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең  баланың тілге, оның дыбысталуы мен  мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен  ерекшеленетіндіктен, баланың тілін  дамытуға өте қолайлы.

Бұл жастағы  балалар ересектермен қарым-қатынас  жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі  сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді  бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі  қанағаттанбаған кезде, олардың  арасында эмоционалдық жатырқаушылық  пайда болады. Төрт жасқа қарай  бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.

3-4 жасар  баланың өзін-өзі бағалауы өте  жоғары деңгейде болады. Бұл - біреу оның тұлғалық қасиеттерін  дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін  қорғаудың «тұлғалық» тетігі  болып табылады.

3 жас  пен 4 жас аралығында баланың  сенсорлық процесінің - сезіну мен  қабылдау түрлері қалыптасады.  Фонематикалық есту, түсті ажырату,  көз қырағылығы, заттардың пішінін  ажырату қабілеттері жетіле түседі.

Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.

Сөз - 3-4 жастағы балалардың сенсорлық процестерін  дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен  қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптастыратын жаңа сөздермен  байытады.

3-4 жастан  бастап баланың есі еріксіз  сипатта болады. Бала материалды  өзі іс-әрекетке тікелей қатысу  арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы  баланың ойлау қабілеті сапалық  өзгешелігімен ерекшеленеді. Оған  қиял мен шындықты ажырату  қиынға соғады. Ол - өзімшіл. Оған  анимастикалық түсініктер тән.  Айнала қоршаған заттардың бәрін  өзімен салыстырады, олар да  өзі сияқты ойлауға және сезінуге  қабілетті деп ойлайды.

Нысандарды  қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады.

Мектепке  дейінгі кіші жастағы балаларда  кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым  түсініктері қалыптаса бастайды.

3-4 жасар  балалар ауа райы құбылыстары  мен оның салдары арасындағы  қарапайым байланыстарды түсіне  бастайды. Тек қана өзі ғана  емес, басқа да тіршілік иелері  де тағам мен судағы қажеттілігі  бар екенін түсінеді. 3-4 жасар  балаларда құрастыру әрекеті  әлі де ойынмен бірге ұштаса  отырып жүргізіледі. Әр түрлі  материалдарды қолдану барысында  балалар олардың қасиеттері мен  құрастырудың ерекшеліктерін танып-біледі.

Бұл кезеңде  балалар қарапайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді (бүктеу, умаждау, жырту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау).

Төрт  жасқа қарай балалар көркем шығарма  мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.

Бала  үшін бейнелеу өнері - өзі жасаған  бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі  сияқты дербестігімен, ашықтығымен  ерекшеленеді.

Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз  алдында жағу, сызу арқылы бейнеге  айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.

Бұл кезеңде  көп балалардың музыкаға ықыласы  жоғары деңгейде болғандықтан, музыка мәдениетін меңгертуге өте қолайлы.

Мектепке  дейінгі кіші жаста баланың моторлық қызметтері қарқынды дамиды. Балалардың қозғалыс белсенділігі іс-әрекет дербестігінің  жоғары деңгейлігімен сипатталады.

3 жастан  бастап нақты және саналы қызығушылығы  біліне бастайды, бұл кезеңде  бала өзіндік еркі бар жеке  адам екенін түсіне бастайды. Ми қызметі мен психикалық  қызметі қарқынды дамуын жалғастырады, мінез-құлқында өзгерістер пайда  болады. Көркем шығармаларды қабылдауы  мен музыкаға деген ықыласы  артады. Бұл баланың қызығушылығы  мен қабілеттерін анықтауға мүмкіндік  береді. Көпшілікпен ойнайтын ойындарға  қызығушылығы арта түседі.

Үш жасар  бала - қажымас қайраткер, ол желімдеуге, мүсіндеуге, сурет салуға дайын, бірақ  ұзақ әңгімелер мен түсіндірулерді қабылдай алмайды.

3-4 жасар  баланың тұлғалық дамуының базистік  мазмұны өзінің көпқырлылығымен,  әрдайым даму үстінде және  әр жас кезеңінің өзіндік мазмұнының  ерекшеленуімен сипатталады.

3-4 жастағы  балалардың тұлғалық, базистік сипаттамасына  құзыреттілік, эмоционалдылық, бастамашылдық,  дербестік жатады.

Құзыреттілік. Бала төрт жасында әлеуметтік құзыреттіліктің белгілі деңгейіне жетеді: басқа адамға қызығушылығын білдіреді, оған сенеді, ересектермен және құрдастарымен өзара қарым-қатынас жасауға тырысады. Басқа адамдармен байланыс орнату үшін қатынасудың тілдік және тілдік емес (көзқарастар, ым, ишара, мәнерлі қылықтар мен қозғалыстар) тәсілдерін қолданады. Өзінің қай жынысқа жататынын түсінеді («Мен ұлмын», «Мен қызбын»).

Біліктілік құзыреттілігі баланың қоршаған әлемді танып-білу мақсатында әртүрлі сұрақтар қойып, белсенді қызығушылық танытуынан көрінеді. Ол әртүрлі тұрмыстық заттар мен ойыншықтарды ерекшеліктеріне (түсі, пішіні, көлемі, фактурасы, құрылымы), қызметіне қарай қолданып, байқайды. Сонымен қатар ауызша сипаттай алады (үлкен, әдемі, дөңгелек, т.б.).

Ана тілін меңгеру негізгі грамматикалық санаттар мен сөйлеу тілін меңгеруімен сипатталады.

Екінші тілді меңгеру. Мектепке дейінгі кіші жастағы бала екінші тілдің неге керек екендігін түсінбейді. Сондықтан оны меңгеруді алдына саналы түрде мақсат етіп қоймайды. Ол балалардың өзге тілді адамдармен қарым-қатынас жасау барысында қалыптасады.

Екінші  тілді меңгеру процесі баланың  ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасындағы тұлғалық, танымдық, ойын іс-әрекеті қажеттіліктерін  қанағаттандыру барысында құрылады. Осы мақсаттағы қарым-қатынас баланың  тілдік ортаға тікелей қатысуымен жүргізілуі керек. Бірлескен іс-әрекет қуану, ересектермен, құрдастарымен ынтымақгтасу, олармен  қарым-қатынасына қанағаттану негізінде  қалыптасады.

Дене қызметін дамытудағы 3-4 жастағы балалардың құзыреттілігі олардың өмірлік маңызды қозғалыс түрлерін (жүру, жүгіру, өрмелеу), қарапайым гигиеналық және өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын меңгеруімен анықталады.

Эмоционалдылығы. Балада ересектермен эмоционалдық қарым-қатынас жасау қажеттілігі жоғары болады. Өзінің түрлі көңіл күйі мен сезімін (қуаныш, реніш, қорқыныш, таңқалу, рақаттану, т.б.) ашық көрсетеді.

Бастамашылық баланың тіршілік әрекетінің барлық салаларында: қарым-қатынаста (ересектерге бастамашылық қарым-қатынас: сұрақтар қою, өтініш жасау, т.б.), заттық-тәжірибелік әрекет (заттар мен материалдар: бояу, қағаз, ермексаз, конструкторлармен эксперимент жасау арқылы байқап көру), өз бетінше құрастырған сюжетті-бейнелеу ойындарында көрінеді. Осы әрекеттер арқылы баланың шығармашылық қабілеті дамиды.

Дербестік - 3-4 жастағы балалардың маңызды ерекшелігі («Мен өзім», «Қолымнан келеді»). Олар барлық іс-әрекет түрлерінде ересектерге еліктеп, оларды қайталайды (өзі тамақтанады, киінеді), мақсатты бір іс-әрекетке қызығушылықпен кіріседі (ыдыс жуады, кір жуады, дүкеннен сатып алады және т.б.).

Ересектер баланың белсенділігін қолдап, ынталандырып отырумен қатар, әр кезде қауіпсіздік  ережелерін сақтауы керек. Өйткені  бала айтылған ескертулерді ескере бермейді, сондықтан ересектер қауіпті  жағдайлардың алдын алу шараларын  ұмытпағаны жөн (зақым келтіретін, жаралайтын, сынатын немесе кесетін заттарды алып қою, шкафтардың есіктерін жабу және т.с.с.). 

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ

Балаланың мектепке дейінгі ұйымдағы

күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған 

 

Күн тәртібінің элементтері

Уақыты (сағ., мин.)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Таңертеңгілік қабылдау. Жаттығу. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Топтық қарым-қарым-қатынас: қызықты қысқа  және ұзақ мерзімді іс-әрекеттерін  бірігіп жобалау. Ойындар, ұйымдастырылған  оқу іс-әрекетіне дайындық.

7.00-9.20

«Ойнайық та, ойлайық»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (үзілістерімен бірге жалпы ұзақтығы). Ересектердің балалармен біріккен іс-әрекеті.

9.20-10.00

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен қайту. Гигиеналық және шынықтыру  шаралары.

10.00-12.20

«Ас - адамның арқауы»

Түскі ас.

12.20-13.10

«Тәтті ұйқы»

Гигиениалық және шынықтыру  шаралары. Жатқызу және түскі ұйқы.

13.10-15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ояну. Шынықтыру шаралары. Бесін ас.

15.10-16.00

«Алақай! Ойын!»

Сюжеттік - рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Серуеннен  қайту. Гигиеналық және шынықтыру шаралары. Балалардың еркін өзіндік іс-әрекеті.

16.00-17.40

«Ас дәмді болсын» Кешкі ас

17.40-18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен  қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.

18.00-19.00

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері