Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)
- мемлекеттің әлеуметтік функциясы.  Мемлекет тұрғындарының құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, азаматтардың  әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру  шараларын іске асыру, тұрғындардың қажетті өмір сүру деңгейін қолдау, еңбек жағдайын, оның ақысын, тіршілік деңгейін қамтамасыз ету мәселелерін шешеді.
- идеологиялық қызмет. Мемлекеттің  аталған функциясыне елдегі басым  идеологияны қолдау, білім беруді  ұйымдастыру, ғылымға, мәдениетке қолдау көрсету тәріздес жұмыстар жатады. Мемлекет функциясын жүзеге асыру нысандары құқықтық және ұйымдастырушылық болып екіге бөлінеді. Құқықтық нысандарға құқық шығармашылық (нормативті актілерді дайындау және қабылдау), құқық қолдану (нормативті актілерді іске асыру) және құқық қорғау (адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу және кінәлі жанды заңды жауапкершілікке тарту) әрекеттері жатады. ¦йымдастырушылық нысандар арасынан экономикалық (несиелеу, мемлекеттік тапсырыстар, бағаны реттеу және т.б.), саяси (әртүрлі саяси ағымдарды ортақ келісімге келтіру, халықаралық келісімдер және т.б.), идеологиялық (халыққа үндеу, күнделікті тәрбиелеу жұмыстары, үгіт-насихат және т.б.) және тікелей ұйымдастырушылық (жоспарлау, бағдарлау, тексеру және т.б.) әрекеттерді бөліп көрсетуге болады. Ал әдіс-тәсілдерінің қатарынан сендіру немесе мәжбүрлеу, көтермелеу немесе жазалауды көруге болады.Мемлекет типологиясы – сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтарының жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі.
  Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына  екі түрлі көзқарас орын алған:  өркениеттік және формациялық.Өркениеттік көзқарас бойынша жіктеудің негізгі өлшемі ретінде руханилық белгілер - мәдени, діни, ұлттық, психологиялық ерекшеліктер алынады. Қазіргі таңда өркениеттің әртүрлі түсінігі бар екенін ескерсе, осы тұрғыдан мемлекеттерді де сан түрге бөлуге болатынын көреміз. Мысалы, өркениеттік сипатына байланысты шығыстық, батыстық және аралас мемлекеттер болуы мүмкін. Тарихи кезеңдерге байланысты көне, ортағасырлық және қазіргі мемлекеттер деп бөлуге болады. Тарихи және мәдени даму сипатына байланысты шаруалық, өндірістік және ғылыми-техникалық болып бөлінеді. Экономикалық даму деңгейіне байланысты жоғары дамыған, орташа дамыған және дамушы мемлекеттер болып таралады. Формациялық көзқараста негізгі өлшем ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер (қоғамдық-экономикалық формация) қолданылады. Аталған көзқарастың өкілдерінің ойынша, қоғамдық дамудың шешуші факторы базис болып табылады, ол қондырмалық құбылыстардың: мемлекет пен құқықтың да типін анықтайды. Мемлекеттің тарихи тектері дегеніміз белгілі бір экономикалық формацияға сәйкес пайда болған, олардың таптық мәнін көрсететін мемлекеттің негізгі қасиеттерінің жиынтығы. Экономикалық базис типіне сай мемлекеттер: құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік (соңғы кездері бұларға азиаттық өндіріс тәсіліне негізделген мемлекеттер мен прафеодализм қосыла қарастырылуда) болып бөлінеді.Қазіргі кезеңде мемлекет типологиясына қатысты мәселе қарастырылғанда, көпшілік формациялық көзқарасқа жүгінетіндігіне қарамастан, оның да кем соғатын тұстары бар екенін ескеру қажет. Оған алдымен, шығыстық мемлекеттерді типтеу мәселесі жатады. Мемлекет типологиясындағы келелі мәселелердің бірі ретінде «өтпелі» мемлекет түсінігінің де толық бағасын алмағанын атап кетуге болады. Бұндай мемлекеттер жалпы ұлттық мүддені: тәуелсіздік алу, ұлттық экономиканы, мәдениетті көтеру мақсатын көздейтін блоктардың жиынтығы ретінде қалыптасады да, өз мүддесін қанағаттандырғаннан кейін саяси аренадан кетеді.Мемлекет нысаны түсінігі мемлекеттану сипаттарының ішіндегі негізгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі уақытта мемлекет нысаны ретінде мемлекеттік билік пен оның құрылымдарының ұйымдастырылуы түсіндіріледі. Мемлекет нысаны мемлекет мазмұнымен тығыз байланыста сипатталады. Егер мемлекет мазмұны мемлекеттік билікті кімнің жүзеге асырып жатқанына жауап берсе, ал мемлекет нысаны мемлекетте билік қалай ұйымдастырылып, қандай органдармен жүзеге асырылады, олардың құрылу тәртібі және өкілеттік мерзімдері жайында, сондай-ақ жалпы мемлекеттік биліктің жүзеге асырылу тәсілдері туралы сұрақтарды қарастырады. Мемлекет нысаны – басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режимнен құралатын мемлекеттің ерекшелігі.
Мемлекет  нысаны мемлекеттік биліктің құрылымы мәндік жағынан әртүрлі сипаттармен  анықталады:
– мемлекеттік билік пен басқару  органдарының құрылу және ұйымдастырылу  тәртібі.
–  мемлекеттің аумақтық құрылымының  тәртібі, орталық, аймақтық және жергілікті биліктің өзара қатынасының белгілі тәртібі.
– мемлекеттік билікті жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
Сонымен, мемлекет нысаны үш негізгі элементтен құралады:
- басқару нысаны
- мемлекттік құрылым нысаны
- саяси режим.
Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік  билікті ұйымдастыру, оның жоғарғы  және орталық органдардың ерекшеліктері, олардың құрылымы, құзіреті, ұйымдастырылу  тәртібі, өкілеттілігінің деңгейі, халықпен өзара қатынасы және олардың  оны қалыптастыруға қатысу дәрежесі. Жоғарғы мемлекеттік билікті жүзеге асыру бір адаммен немесе сайланбалы алқалы органмен жүзеге асырылатындығына байланысты мемлекетті басқару монархия және республика деп ажыратылады.
Монархия  – жоғарғы мемлекеттік биліктің  бір әулетке  мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілуін білдіретін басқару нысанының бір түрі.
Оның  мынандай белгілері бар:
- жоғарғы билік мұрагерлік жолмен  беріледі;
- шексіз мерзімде жүзеге асырылады;
- сайлаушылар еркінен тыс жүзеге  асырылады.
Монархия  екіге бөлінеді: абсолютті монархия (Сауд Аравиясы, Бруней) және конституциялық монархия.  Конституциялық монархия екіге бөлінеді:  дуалистік монархия және парламенттік монархия.
Республика  – басқару органдары белгілі  бір мерзімге сайланатын, шешім алқалы түрде қабылданатын басқару нысанының бір түрі.  Онда биліктің жалғыз қайнар көзі халық болып табылады.
Жалпы белгілері:
- бір немесе алқалы түрдегі  мемлекет басшысының болуы;
- мемлекет басшысы және  басқа  да жоғарғы мемлекеттік билік  органдарының белгілі мерзімге  сайланатындығы;
- мемлекет басшысының заңмен қарастырылған  жағдайлардағы заңдық жауапкершілігі;
- жоғарғы мемлекеттік билік шешімдерінің барлық басқа мемлекеттік органдарға міндеттілігі;
- мемлекет азаматтары мүдделерінің  басым түрде қорғалуы, тұлға мен  мемлекеттің өзара жауаптылығы. Республиканың екі негізгі түрі бар: парламенттік республика және президенттік республика. Мемлекеттік құрылым нысаны – тұтастай мемлекет пен оның бөлшектерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы. Мемлекет пен құқық теориясы мемлекеттің аумақтық құрылымының бірнеше түрін көрсетеді :
- біртұтас мемлекет
- федерация
- конфедерация
Мемлекет  механизмі (аппараты).Мемлекет механизмі – мемлекет әрекетінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын, қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Мемлекет механизмі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Дегенмен де, мемлекеттік аппарат – басқару әрекетін тікелей жүзеге асыратын, арнайы биліктік өкілеттіліктерге ие органдар жүйесі, ал «мемлекет механизмі» түсінігіне мемлекеттік аппаратпен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекеттік аппараттың соларға сүйене отырып, өз әрекетін жүзеге асыратын «материалдық қосымшалары» (қарулы күштер, милиция, түзеу мекемелері және т.б.) жататындығын ескеру керек. Мемлекет аппаратын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органның маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизмін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады.
  Мемлекет механизмінің маңызды  белгілеріне мыналар жатады:
-ол  өзара байланысты мемлекеттік  органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғни жүйесін көрсетеді. Мемлекет механизміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса президент, атқару органдары (үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар), сот органдары, прокурорлық және өзге де қадағалау органдары, милиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың біртұтас жүйесін құрайды;
-оның  біртұтастығы ортақ мақсаттар  мен міндеттер арқылы қамтамасыз  етіледі. Мақсат пен міндеттер жоғарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды;
-мемлекет  механизмінің негізгі элементі  ретінде биліктік өкілеттіліктерге  ие мемлекеттік органдар танылады;
-мемлекеттік  билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші,құралы болып табылады.Мемлекет механизмінің құрылымы деп оның ішкі құрылысын, оның аралық элементтерінің орналасу тәртібін, олардың өзара бағыныштылығын, қатынасын және байланысын айтамыз. Мемлекет механизмінің құрылымы мынандай элементтерден тұрады:
1) Мемлекеттік органдар, олар өздерінің  тікелей биліктік функцияларын  атқару барысында тығыз өзара  байланыста және бағыныштылықта  болады. Мемлекеттік органдардың  ерекшелігі сонда, олар мемлекеттік-биліктік өкілеттіліктерге, яғни мемлекет күшімен, жалпыға міндетті басқармашылық шешімдер қабылдаумен байланысты құралдарға, ресурстарға және мүмкіншіліктерге ие болады. Оларға парламент, президент, үкімет, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар жатады;2) мемлекеттік мекемелер – мемлекет механизмінің биліктік өкілеттіліктері болмайтын (олардың әкімшілігін есепке алмағанда), әлеуметтік, мәдени, тәрбиелеу-білім беру, ғылыми аймақтардағы мемлекет қызметін атқару бойынша практикалық әрекетті тікелей жүзеге асыратын бөлігі.
3) мемлекеттік кәсіпорындар – бұлар да әкімшілігін есепке алмағанда биліктік өкілеттіліктері болмайтын, шаруашылық-экономикалық әрекетті жүзеге асыратын, өнім шығаратын немесе өндірісті қамтамасыз ететін, пайда табу үшін көптеген қызмет көрсететін мемлекет механизмінің құрамдас бөліктері. Оларға қазыналық зауыт, фабрикалар және т.б. жатады;
5) мемлекеттік қызметкерлер – басқарумен  арнаулы түрде айналысатын мамандар;
6) ұйымдастырушылық және қаржылық  құралдар, мемлекет аппаратының әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті мәжбүрлеу күштері.
Мемлекет  органы – мемлекет қызметін жүзеге асыруға көмектесетін, мемлекет механизмінің құрылымдық бөлігі болып табылатын, биліктік өкілеттіліктерін жүзеге асыруы мемлекеттік мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін мекемелер мен жеке лауазымды тұлғалар.Мемлекет органының өзіне тән ерекше белгілері болады:
-мемлекетік  органдар мемлекет механизмінің  дербес элементі, біртұтас мемлекеттік  ағзаның өзіндік арнаулы орнымен  сипатталатын ажырағысыз бөлігі;
-мемлекет  атынан және оның өкілеттілігімен  әрекет етеді;
-мемлекеттік  органдар нормативті-құқықтық актілер  (конституция, заңдар және заңға  бағынышты актілер) негізінде  құрылған және әрекет етеді;
-әрбір  мемлекеттік орган тек өзіне  тән міндеттер мен функцияларды атқарады және  сол үшін тиісті нысандар мен әдістерді қолданады (биліктік өкілеттіліктерді иемденген, соның ішінде қажетті жағдайда мемлекеттік мәжбүр ету шараларын қолдану да қарастырылған);
-мақсат  ортақтығымен сипатталатын мемлекеттік қызметкерлер мен тиісті құрылымдардан (бөлім, басқарма, аппарат, кеңсе және өзгелерден) тұрады;
-мемлекеттік  органдар белгілі бір құқықтық  мәртебеге ие болады, онда берілген  мемлекеттік органның жағдайы  және оның нақты әлеуметтік  мазмұны көрініс табады;
-мемлекеттік  органдардың өзіне тиісті құзіреті  болады. Құзірет - ұйымның заңмен  бекітілген құқықтары мен міндеттерінің  жиынтығы. Ол нақты органға немесе  лауазымды тұлғаға мемлекеттік,  яки қоғамға маңызды міндеттер  мен тиісті қызметтерді тиісті  дәрежесінде жүзеге асыру мақсатында беріледі;
-мемлекеттік  органдар өз құзіретін үш тәсілмен: а/нормативті актілер (жалпы сипаттағы  нұсқаулар) қабылдау жолымен;  ә/құқық қолдану актілерін (жеке  сипаттағы нұсқаулар) қабылдау  жолымен; б/нақты-ұйымдастырушылық  әрекеттер жолымен жүзеге асырады;
-мүліктік  құқықтарды жүзеге асыру барысында  заңды тұлға ретінде көрінеді, яғни өз жауапкершілігі бойынша  оған сеніп тапсырылған мүлікпен  жауап береді, сондай-ақ өз атынан  мүліктік және жеке мүліктік  емес құқықтарды иемдене және жүзеге асыра алады, міндеттерді атқарады, сотта талапкер және жауапкер бола алады;
-мемлекеттік  органдар белгілі бір аумақта  әрекет етеді.Мемлекеттік органдар  көп түрлі. Олар әр түрлі  негіздер бойынша жіктеледі. Құрылу  тәртібіне байланысты мемлекеттік  органдар тікелей халықпен сайланатын органдар (ҚР Парламенті, ҚР Президенті, маслихаттар) және өзге мемлекеттік органдармен қалыптастырылатын органдар (ҚР ‡кіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі) болып бөлінеді. Мемлекет әрекетін жүзеге асыру нысандарына байланысты заң шығарушы, атқарушы-жарлық етуші, сот және бақылау - қадағалау органдары ретінде айырылады. Заң шығару органдары мысалы, Қазақстан Республикасының Парламенті, заңдарда қоғам еркін және мүддесін көрсетуге лайықталған арнаулы органдар; атқарушы – жарлық етуші органдар (ҚР ‡кіметі, министрліктер, ведомстволар, мемлекеттік комитеттер, әкімияттар) қабылданған заңдар мен заңға бағынышты актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған; сот органдары (конституциялық, жалпы құзіреттегі, әскери, өзге де арнаулы соттар) әділсотты іске асыруға, жеке және заңды тұлғалардың мүліктік дауларын қарастыруға, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған; бақылау - қадағалау органдары (прокуратура, өндірістік бақылау органдары,   радиациялық қауіпсіздікті бақылау органдары) мемлекеттік басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың және азаматтардың заңдарды дәлме-дәл және біркелкі орындауын қадағалайды.Мемлекеттік органдар билікті бөлу қағидасына сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына жіктеледі. Мемлекеттік органдар орналасу иерархиясына сүйене отырып, республикалық (мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары) және жергілікті болып екіге бөлінеді.Бағыныштылық сипатына байланысты «вертикалды» бағыныштылықтағы органдар (прокуратура, сот т.б.) және екі жақты «вертикалды – горизонталды» бағыныштылықтағы органдар (милиция, мемлекеттік банктер т.б.) болып бөлінеді. өкілеттілік мерзіміне байланысты тұрақты, яғни әрекет ету мерзімі шектелместен құрылатын органдар (оларға прокуратура, милиция, сот т.б. органдар жатады) және уақытша, белгілі бір міндетті шешу үшін құрылатын органдар түрінде беріледі. Әрекет етуінің құқықтық нысандарына сүйене отырып, мемлекеттік органдарды құқықшығармашылық (парламент, үкімет, мәслихат және т.б.), құқыққолданушы (сот, әділет басқармалары,әкімшіліктер және т.б.) және құқыққорғаушы (салық полициясы, кеден органдары және т.б.) органдар деп бөлуге болады.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы