Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)
Құқық қолданудың ерекше белгілері:
құзіретті мемлекеттік органдармен (сот, әкім) қолданылады;
биліктік  сипатта болады;
сатылардан  тұрады: істің фактілі және заңды  негізін табу, шешім қабылдау;
тиісті  жеке биліктік акт қабылдаумен байланысты.
Құқық қолдану актісі – құзіретті субъектінің  құқықтар мен заңды міндеттердің бар-жоқтығын және тиісті норманың негізінде олардың мөлшерін анықтау мақсатымен жасалатын мемлекеттік-өкілді жеке анықталған акт.Құқық қолдану актісі:
нормативті  акті негізінде қолданылады;
нормативті  актіде мазмұндалған құқық нормаларын нақты жағдайларға, қатынастарға қатысты нақтыландырады;
жекеленген (индивидуалды-анықталған) сипаты бар;құқық  нысаны болып табылмайды және бір  мәрте қолдануға ғана арналған;
тиісті  қоғамдық қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына негіз  болатын заңдық факт қызметін атқарады.Құқықтың мақсаты адамдардың өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандырумен анықталады. Сондықтан да мемлекеттік ерікті құқықты іске асыру субъектілерінің еркімен сәйкестендірудің мән-мағынасы өте зор. Адам әрекеті заң тұрғысынан үш түрлі болуы мүмкін: құқықтық, құқыққа қарсы, заңды бей-жай құқықтық салдары болмайды, құқық тұрғысынан бағаланбайды. Құқықтық мінез-құлық - құқық нормасында көрсетілген, мемлекетпен кепілдендірілетін және қорғалатын, қоғам мүддесі тұрғысынан қажетті және мүмкін болатын құқық субъектілерінің әрекеті.Белгілері:
1. Әлеуметтік маңыздылығының болуы, қоғамдық мақсат, мүдделерге сай келеді мазмұндық жағы/.
2.Жеке тұлғаның санасы мен еркіне бағынышты субъектілік жақ.
3. Заңмен белгіленген көлемде болады /формалды жағы/.
4. Мемлекетпен қорғалады.
5. заңдық салдар туындатады.
Құқық бұзушылық 4 құрамдас бөліктен тұрады: субъект, объект, субъективті жақ, объективті жақ.Құқық бұзушылықтың объектісі – құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекет бағытталған қоршаған ортаның құбылыстары. Объект үшке бөлінеді: текті объект, онда қоғамдық қатынастардың барынша үлкен тобы қарастырылады; түрлі объект /адам өмірі, денсаулығы, мүлкі, намысы т.б. және тікелей объект болады /ол қылмыс нақты бағытталған құбылыс.Құқық бұзушылықтың объективті жағы құқыққа қарсы және қоғамға зиянды әрекеттің анықталған актісі ретінде сипаттайтын элементтерінен құралады. Оған үш түрлі элемент кіреді:
әрекет  немесе әрекетсіздік;
зиянды  нәтиже;
Құқық бұзушылықтың субъективті жағын оны жасаудың әлеуметтік          психологиялық механизмін сипаттайтын, жеке тұлға санасының элементтері құрайды. Қасақана тікелей кінә - тұлға өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін біледі, зиянды нәтиже туындау мүмкіндігін немесе тиістілігін көре біледі, соны қажет етеді.Жанама қасақана кінә - субъект өз әрекетінің қоғамға қауіпті сипатын алдын ала біледі, зиянды нәтиже болу мүмкіндігін көре біледі,бірақ заңда көрсетілген зиянды нәтиже туындауын саналы түрде мүмкін етеді немесе оған бейжай қарайды.
Абайсыздық  өз алдына екіге бөлінеді: қылмыстық өз-өзіне сенушілік немесе менмендік және қылмыстық немқұрайдылық немесе салғырттық. Қылмыстық өз-өзіне сенушілік тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін алдын ала біледі, бірақ негізсіз өзін-өзіне сену арқылы оның алдын аламын деп ойлайды.Қылмыстық салғырттық тұлға өз әрекетінің қоғамға зиянды нәтижесін көре білмейді, бірақ тиісті және көре білуі мүмкін болады.Құқық бұзушылықтың субъектісі деликт қабілетті жеке тұлғалар мен әлеуметтік ұйымдар.Құқық бұзушылық әлеуметтік қауіптілігі /зияндылығына/ байланысты екі топқа бөлінеді: қылмыс және теріс қылық.Қылмыс қылмыстық заңда көрсетілген және қылмыстық жазалау шараларын қолдануды тудыратын қоғамға қауіпті әрекет. Ол заңда толық түрде беріледі, кеңейте талқылауға болмайды.Теріс қылық – заңда қылмыс деп танылмаған, қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігінің төменділігімен сипатталатын өзге де құқықбұзушылықтар. азаматтық мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастар аймағында жасалатын, ұйымдар мен жеке азаматтарға мүліктік зиян келтірудегі т.б. көрінетін әрекет;
әкімшілік заңмен тағайындалған қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік органдарды атқару жарлық ету әрекеті аймағындағы қатынастарға қызметтік міндетті жүзеге асырумен байланыссыз зиян келтіретін құқықбұзушылықтар;
еңбектік /еңбектік қатынастар аймағында жасалатын кәсіпорын мекеме, ұйым әрекетіндегі ішкі тәртіпке қол сұғатын құқықбұзушылықтар;
іс  жүргізушілік әділсотты жүргізудің заңда тағайындалған үрдісіне қол сұғатын құқық бұзушылықтар болып бөлінеді.
Заңды жауапкершілік жасалған құқықбұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары. Заңды жауапкершілік шаралары: жеке, мүліктік, ұйымдастырушылық сипатында болуы мүмкін. Заңды жауапкершілікке тән белгілер:
құқықтық  нормаларда мемлекетпен тағайындалады;
Заңды жауапкершіліктің фактілі негізі - құқықбұзушылық; заңды негізі - құқық  нормасы және тиісті құқық қолдану  актісі /мәжбүрлеу шаралар көлемі, нысаны/. Мақсаты - субъективті құқықтар мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамды тәртіпті қорғау.
Функциялары:
1.айыптау - мемлекеттің жазалау реакциясын сипаттау;
2.. құқықты қалпына келтіру - келтірілген зиянды, шығынды толтыру;
3.тәрбиелік жеке превенция, жалпы превенция.
Қағидалары:
1.әділеттілік
2. гумандылық адам намысына тиетін жаза қолданбау
3. заңдылық
4. негізделгендік
5. бұлтартпастығы
6. мақсаттылық, қажеттілік
Заңды жауапкершілік әртүрлі негіздер бойынша жіктелінеді. Құқық салаларына байланысты:
қылмыстық /құқыққа сәйкес қолданылады, ешкім сот үкімінсіз кінәлі деп саналмайды жауапқа тартылмайды; ең ауыр жаза/
әкімшілік /қоғамдық тәртіпті бұзу немесе атқару-жарлық етуші органдардың қызметіне  кедергі келтіруге қатысты және т.б. қолданылады
азаматтық /шарт бұзғандық үшін немесе шарттан тыс міндеттемелерді орындау барысында қолданылады. Зиянды толық өтеу - негізгі принципі.
тәртіпшілік /еңбек, оқу, қызмет ету, әскери тәртіптерді  бұзғандық үшін қолданылады; түсініктеме  талап етіледі; әкімшілік немесе тәртіпшілік алқамен салынады
материалдық /еңбектік міндеттерін атқару барысында қызметкер, жұмысшыға келтірілген кәсіпорын, мекеме, ұйым зияны үшін туындайды
Заңды жауапкершілік жүзеге асырылу нысандары:
соттық  тәртіптегі заңды жауапкершілік;
әкімшілік тәртіптегі заңды жауапкершілік;
Заңдылық пен олардың принциптерінің ара қатынасына құқық теориясында методологиялық аксиома қалыптасқан: принцип-мазмұн, «заңдылық» категориясы - олардың көрінісі болып табылады.Қағида ретіндегі заңдылық идеялар мен көзқарастар жиынтығы, олардың көмегімен құқық қатынастардың барлық қатысушылары құқықтық әрекет жасауға ішкі қажеттілікті қалыптастырады. Заңдылық қоғамды мемлекеттік басқару әдісі ретінде және режим ретінде - құқықтық қатынастың барлық субъектілерінің қолданыстағы заңдар мен заңдық нормаларды қатаң және бұлжытпай орындауы.Заңдылықтың мынандай жақтары анықталған:
ішкі  жағы - құқықтық шындылықты сипаттау үшін қолданылатын, құқықтық құбылыстар жүйесіндегі  заңдылықтың функционалдық ролін  көрсетеді /оған заңдылықты қағида, әдіс, режим, жағдай ретінде анықтау жатады/;
сыртқы  жағы - қоршаған шындықты тану және түсіндіру  үшін қолданылатын құндылықтар жүйесіндегі  заңдылықтың орны мен ролін анықтайды. Сыртқы аспектілерге: әлеуметтік-экономикалық, саяси-идеологиялық, рухани, логико-семантикалық жақ жатады.
Әлеуметтік-экономикалық жақ. Заңдылықтың объективті табиғатын, саяси-құқықтық шындықтың құбылысы ретіндегі қалыптасуы мен дамуының шарттары мен алғышарттарын қалыптастырады.
Саяси-идеологиялық жақ. Қоғамдық дамудың заңдылығы  ретінде түсіндіріледі. Ол заңдылық теориясының дүниетанымдық негізін құрайды. Заңдылық пен мақсаттылық, қажеттілікті салыстыруға болмайды. Рухани-адамгершілік тұрғысынан заңдылық жеке тұлғада құқықтық нұсқауларына қатаң бағыну қажеттілігін қалыптастырады.Әр түрлі қоғамдардағы тұлға мәртебелері.Нақты жеке тұлға – азаматтық қоғамның негізін салушы ретінде. Азаматтық және бодандық. Азамат қоғамның мемлекеттік ұйымының мүшесі ретінде.Әлеуметтік теңдік, әлеуметтік әділеттілік және адам құқықтарының өзара байланысы. Мемлекеттік қызметкер, сот, әскери қызметкер, құқыққорғау органдары қызметкерлерінің және қоғамның өзге мүшелерінің құқықтық мәртебесі. Салық төлеушінің құқықтық мәртебесі.Адам құқықтары мен бостандықтарының түсінігі, олардың жүйесі. ¤мір сүру құқығы және оның тұлға құқықтары мен бостандықтары жүйесіндегі  маңызы. Құқықтар мен жауапкершілік. Тұлға бостандықтарының шектері. Тұлғаның қоғам алдындағы заңды міндеті мен  жауапкершілігі. Мемлекет және жеке тұлға. Мемлекеттің тұлға құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуі. Адам құқығы мен ұлт, халық құқығының арақатынасы. Демократиялық мемлекеттегі азшылықтың құқықтарын қорғау.
Мемлекеттің азамат және азаматтың мемлекет алдындағы  міндеттері мен жауапкершілігі. Азаматтың  әлеуметтік қорғалғандығы.Алғашқы қауымдық қоғамның экономикасы ортақ меншікке негізделген және онда екі түрлі қағида жүзеге асырылған: 1) рецепроктылық - барлық табылған өнім ортаға жинақталған, 2) редистрибуция – ортақ табыс барлығына бірдей тең негізде бөлінген. Алғашқы қауымдық құрылыстың әлеуметтік негізі – ру, яғни туыстық байланыстардың дәнекер болуына және шаруашылықты бірлесіп жүргізуіне негізделген адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі болды. тайпа көсемін сайлаған. Бұлардың билігі әлеуметтік биліктің негізін құраған. Оның негізгі белгілері:
  а) әлеуметтік билік тек ру шеңберінде таралып, оның еркін білдіреді және қандас туыстыққа негізделеді;
ә) ол тікелей қоғамдық болып, алғашқы  қауымдық демократия, өзін-өзі басқару  бастамасында құрылады;
б) алғашқы қауымдық қоғамның барлық маңызды  мәселелерін шешу кезінде билік органдары ретінде ру жиналыстары, көсемдер және әскери басшылар танылады.
Әлеуметтік  нормалар дегеніміз адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршіліктерін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, әлеуметтік-экономикалық негізде  айқындалған, сана-сезім еркімен  қалыптастырылған адамдардың мінез-құлық ережесі. Мемлекет пайда болғанға дейінгі кезеңде өмір сүрген нормалардың белгілері:
а) алғашқы қауымдық қоғамдағы қатынастар - әдет -ғұрыптармен, яғни тарихи қалыптасқан, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған әрекет тәртібі нормаларымен реттеліп отырған;
ә) жазбаша түрде бекітілмесе  де, адамдар әрекеті мен санасында  өмір сүрген;
б) негізінен дәстүрге айналу күшімен, сондай-ақ сендіру және мәжбүрлеу (рудан  аластау) шараларымен қамтамасыз етіліп отырған;
в) барлық ру және тайпа мүшелерінің мүдделерін білдірген.
Мемлекет  ерте таптық қоғамның саяси, құрылымдық, аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет - қоғамдағы аса маңызды таптық қатынастарды және өзге де жалпы адамзаттық мәселелерді шешуді және орындауды  қамтамасыз ететін, тарихи қалыптасқан қоғамды ұйымдастыратын бірден-бір жан-жақты әмбебап саяси ұйым.
Мемлекетті  алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік өкіметтен ажырататын мынадай негізгі  белгілері:
1.  Қоғамнан ажыратылған ерекше  көпшілік (жария) биліктің болуы.  Мемлекеттік биліктің ерекше белгісі - оның жалпылық және әмбебаптық  сипатында.
2. Тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуы.
3. Тұрғындардан салықтарды жинау
  Мемлекеттің келесі негізгі ерекшелігі – егеменділігінің болуына байланысты. Мемлекет егемендігі - мемлекеттік биліктің саяси-құқықтық ерекшелігі, оның ішкі басқа биліктен және шет мемлекеттерден тәуелсіз өз мақсаттарын шешуге құқығы және еріктілігі.Мемлекеттің әлеуметтік маңызындағы дуализм: мемлекет қоғамды басқару құралы және таптық қайшылықтарды шешу құралы ретінде.Мемлекет өндіруші экономиканы қамтамасыз ететін әлеуметтік институт ретінде. Мемлекеттің шығуының негізгі теориялары: материалистік теория, табиғи-құқықтық теория, органикалық теория, күш көрсету теориясы, психологиялық теория, діни, технократиялық, патриархалды, келісімдік және өзгелер.Мемлекеттің шығу нысандары: шығыстық, афиндік, римдік, германдық және өзгелер.Мемлекет анықтамаларының әртүрлілігі. Мемлекет қоғамның саяси, құрылымдық және аумақтық ұйымы ретінде. Мемлекет мәніндегі жалпы әлеуметтік және таптық. Мемлекет саяси-құқықтық қауымдастық ретінде. Мемлекеттік егемендік. ¦лт және мемлекет. Мемлекет пен экономиканың өзара байланысы. Мемлекеттілік дамуы. Мемлекеттің даму кезеңдері. Әр түрлі халықтарда мемлекеттіліктің дамуының әртүрлілігі.Мемлекет мәні – оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін, яғни билік және оның тиесілік мәселелерін анықтайтын басты ерекшелік. Мемлекет мәнін қарастыру барысында оның екі жағына назар аудару қажет. Біріншіден, әрбір мемлекет саяси билікті ұйымдастырушы болып табылады. Бұл мемлекет мәнінің формалды жағы көрсетеді. Екіншіден, бұл ұйым кімнің мүддесіне қызмет ететіндігін анықтау қажет, бұл оның мәндік жағын білдіреді.Мемлекет теориясында аталған екі негізгі: таптық және жалпы әлеуметтік қөзқараспен қатар, мемлекет мәнін анықтаудың діни, ұлттық және нәсілдік көзқарастары да танылған. Басқаша айтқанда, мемлекет мәні көпжақты.Мемлекет мәнін анықтайтын теориялар:
элита теориясы;
технократиялық  теория;
плюралистік демократия теориясы.
Мемлекет  функциясы – қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін оның әрекетінің басты бағыттары. Мемлекет функциясы әр түрлі негіздер бойынша жіктеледі. Кеңестік ғылымда мемлекет функциясын ішкі және сыртқы қызмет деп бөле қарастырған. Ішкі қызмет елдің өз ішінде жүзеге асырылады және саяси билікті іске асырумен байланысты; сыртқы қызмет - мемлекеттің өзге елдермен қарым-қатынасын қамтиды. Бұл жерде айта кететін мәселе, мемлекет функциясын ішкі және сыртқы деп бөлудің шарттылығы. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекетпен жүзеге асырылатын мемлекет функциясын төрт топқа жіктеу танылған:
- мемлекеттің экономикалық функциясы.  Оған экономиканың дұрыс қызмет  етуін және дамуын әртүрлі  шаралардың (елдегі меншік нысандарын  қорғау, сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру және нығайту...) көмегімен қамтамасыз ету жатады.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы