Мемлекет және құқық теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 19:40, курсовая работа

Краткое описание

Жеке тұлға мен құқық қатынасында мемлекеттің араласу дәрежесі маңызды мәселе. Демократиялық құрылыс жағдайында мемлекеттің қоғам өміріне араласуы даусыз. Осы мөселенің төркіні жеке тұлғаның қол жеткен нәтиже үлесіне жармасуында жатыр, ал мұның өзі олардың қоғамдық өндіріске және оның өрлеуіне қосқан нақты үлеске сай келмеуі мүмкін. Осы жерде жеке тұлға мен құқық арасындағы қатынас күрделі мәселеге айналады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдауда “Құқық және жеке тұлға”- деген атауға тоқталу мақсатым, осы қоғамдық құбылыстардың саяси жүйеде өзекті мәселе екендігіне көз жеткізу. Құқық және жеке тұлға саяси жүйеде ерекше орын алады. Тұлғаны зерттеуде мотивация проблемасы адам психологиясы аспектiсiне кiрерi сөзсiз.

Оглавление

Кіріспе.........................................................1
І. Тұлға туралы ұғым.................................5
1.1 Жеке Тұлға.........................................7
1.2 Заңды тұлға........................................8
ІІ. Құқық ұғымы мен белгілері.................10
2.1 Құқық жүйесінің түсінігі мен жіктеулері...........12
2.2 Қазіргі замандағы негізгі құқықтық жүйелер..........16
2.3 Құқықтың пайда болуы..............................................20
2.4 Құқық және жеке тұлға...............................................22
ІІІ. Мемлекеттің түсінігі.................................................25
3.1 МЕМЛЕКЕТ БЕЛГІЛЕРІ.....................................32
3.2.Мемлекет пен құқықтың ара қатынасы............40
VІ.Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.doc

— 354.00 Кб (Скачать)
1.Заңның  тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының  заңдары қабылдағаннан кейін  заңмен немесе Парламент палаталарының  қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық  күшіне енеді де содан кейін  пайда болған қоғамдық қатынастарды  реттейді.
2.Заңның  кері күші. Заңның кері әрекеті  немесе кері күші деп заңның  заңдық күшіне енгеннен кейін  де, соған дейін де пайда болған  қоғамдық қатынастарды реттеуін  айтамыз. Жалпы қағида бойынша  заңның кері күшін қолдануға  болмайды.
3.Заңның  мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:
-актінің  әрекет ету мерзімі аяқталғанда;
-бұрынғы  әрекет еткен актінің орнына  жаңа акт қабылданғанда;
-нақты  органның актінің күшін жою  туралы шешімі шыққанда.
Нормативті  құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы  барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы  аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық  нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.Гипотезаның көмегімен анықталған,  абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.Диспозиция заңдық норманың түп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:
а) онда ретроспективтік жауапкершілік  шаралары;
б) ескертпелік әсер ету шаралары;
в) қорғау шаралары;
г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде  пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.
Осыған  байланысты құқық нормалары мынадай  түрлерге бөлінеді:
1. реттеуші;
2. қорғаушы.
Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал  етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан  реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға  берілетін құқықтар мен міндеттерді  жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды .
а)реттеу пәніне байланысты;
б)қолдану  аймағына байланысты;
в)бағыныштылығына  байланысты;
г)құқық  субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;
д)нұсқау үлгілеріне байланысты;
е)әрекет етуінің шегіне байланысты;
ж)құрылуына  байланысты.
Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік,  экологиялық және т.б. болып бөлінеді.Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы,  арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі.
Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің  көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады. Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:
әрекет  тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін  нормативті актінің бір бабына енгізуі  мүмкін. Яғни, бір заң бабында  бір құқық нормасы беріледі;
нормативті  актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;
құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі  мүмкін;
құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі  мүмкін.
Мазмұндалу  тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:
тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы  нормативті акт бабында тікелей  және нақты мазмұндалады;
Құқықтық  қатынас - қатысушылардың субъективті  құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді. Құқықтық қатынастардың белгілері:
әлеуметтік  субъектілер арасындағы екі жақты  нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;
құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары  нақты субъектіге және оның жағдайына  байланысты дербестенеді);
адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен  заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;
ерікті  қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;
қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың  төңірегінде жүргізіледі;
мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.
Құқықтық  қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:
субъект;
объект;
субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).
Қоғамдық  қатынастар құқықтық қатынастың материалдық  мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады. Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:
өкілді  жанның белгілі бір әрекетке мүмкіндігі;
міндетті  жаннан әрекеттің белгілі бір түрін талап ету мүмкіндігі;
құқығын қорғау үшін құзіретті мемлекеттік  органға қайырылу мүмкіндігі;
белгілі бір әлеуметтік құндылықты пайдалану  мүмкіндігі.
Заңды міндет дегеніміз өкілді жанның мүддесін қанағаттандыру үшін  тағайындалған заңды қажетті әрекет өлшемі.  Міндеттілік субъективті құқықты жүзеге асыру кепілі. Заңды міндеттілік құрылымына мыналар кіреді:
белгілі бір әрекеттерді жасау немесе олардан бас тарту міндеті;
өкілді  жанның талаптарына бет бұру қажеттілігі;
аталған талаптарды орындамаған жағдайда заңды жауапкершілік тарту қажеттілігі;
контрагентке  құндылықтарды пайдалану құқығына кедергі келтірмеу.
Субъективті құқық пен заңды міндеттер  арасындағы айырмашылықтар:
Құқықтық  қатынас субъектілері құқықтарға және айқындалған міндеттерге ие болатын құқықтық қатынасқа қатысушылар.
Құқықтық  қатынас субъектілері өзінің құқық, әрекет қабілеттілігін пайдаланған  құқық субъектісі. Құқық субъектісі деп  заңдық нормалар негізінде жеке құқықтық қатынастарға түсетін, жеке құқықтар мен заңды міндеттерге ие болатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды айтамыз. Құқықтық қатынас субъектілері екі топқа жіктеледі: жеке және ұжымдық. Жеке  субъектілерге мыналар жатады:
азаматтар;
екі азаматтылығы бар адамдар;
азаматтығы  жоқ адамдар;
шет ел азаматтары.
ұжымдық субъектілерге мыналар жатады:
мемлекет;
мемлекеттік ұйымдар;
мемлекеттік емес ұйымдар.
Құқықтық  қатынас субъектілері мәселесін  көтергенде құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік туралы ерекше тоқталу қажет. Құқық қабілеттілік азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Құқық қабілеттілік адамға тумысынан беріледі, өлгенде жойылады. Кейбір жағдайда анасының құрсағындағы тіршілік белгісін берген балалардың да құқыққа қабілеттілігі танылады. Мысалы, мұрагерлік құқықта.Әрекет қабілеттілік құқық субъектілерінің өз әрекетімен құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Әрекет қабілеттілік субъектінің психикалық және жастық қасиеттеріне байланысты. Қазақстан Республикасында толық әрекет қабілеттілік 18 жастан бастап танылады. Әрекет қабілеттіліктің бірнеше түрі кездеседі:
-жартылай  әрекет қабілеттілік (14 пен 18 жас  аралығында);
-шектелген  әрекет қабілеттілік (ішімдікке  немесе нашақорлыққа салынуына  байланысты өзін немесе отбасын  ауыр материалдық жағдайға әкелетін болса, жақын туыстарының өтінішімен немесе прокурордың талабымен 18 асқан азамат сот арқылы әрекет қабілеттілігі шектеледі);
-әрекет  қабілеттілігінің болмауы. Жүйке  ауруларымен ауруына байланысты  кәмелетке толған субъект өз әрекетіне жауап бере алмайтын жағдайда болса, сот органының шешімімен әрекет қабілетсіз деп танылады.
Қазіргі кезде азаматтық құқықта 16 толған жасөспірімдер еңбек шарты бойынша  еңбек ететін болса немесе ата-анасының немесе қамқоршыларының келісімімен  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болса, толық әрекет қабілетті деп сот арқылы тануға рұқсат етіледі.Құқық субъектілік – мемлекетпен танылған құқық, құқықтық қатынас субъектісі болу қабілеті (құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттіліктің бірлігі). ¦жымдық субъектілер құқықсубъектілікке ие болады.Құқықтық қатынастың объектісі деп  құқықтық қатынасқа түсуші субъектінің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін (рухани, мүліктік, әлеуметтік игіліктер) мүдделерін қанағаттандыруын айтамыз. Объектіні түсінудің екі түрлі жағы танылған:
құқықтық  қатынастың объектісі болып тек  адам әрекеті танылады;
құқықтық  қатынастың объектілері сан қырлы.
     Олардың қатарына:
материалдық құндылықтар (мүлік, зат, құндылықтар);
материалдық емес құндылықтар  (адам өмірі, денсаулығы, намысы, ар-ұяты);
рухани  шығармашылық туындылары (әдебиет, өнер, музыка, ғылым, т.б.);
құқықтық  қатынасқа қатысушылардың әрекетінің нәтижесі;
бағалы  қағаздар мен құжаттар жатқызылады.
Құқықтық  қатынастар әр түрлі негіздер бойынша топтастырылады. Құқықтық реттеу пәніне байланысты құқықтық қатынастар конституциялық құқықтық қатынастар, азаматтық құқықтық қатынастар, қылмыстық құқықтық қатынастар, экологиялық құқықтық қатынастар, әкімшілік құқықтық қатынастар, еңбектік құқықтық қатынастар және т.б. болып бөлінеді.Сипатына байланысты материалдық және процессуалдық болып бөлінеді. Функционалдық роліне байланысты реттеуші (құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады) және қорғаушы (мемлекеттік мәжбүр ету мен заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты) болып екіге бөлінеді.Заңды міндеттерінің табиғатына байланысты құқықтық қатынастар белсенді және бәсең болып жіктеледі. Қатысушыларының құрамына байланысты құқықтық қатынастар қарапайым және күрделі болып ажыратылады. Қарапайым құқықтық қатынас екі субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, сатып алу - сату шарты. Ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектінің арасында жүзеге асады. Мысалы, қылмыстық жазаны өтеу.

Информация о работе Мемлекет және құқық теориясы