Бағалы қағаздар нарығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2012 в 19:54, реферат

Краткое описание

Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.
Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады.

Файлы: 1 файл

акша каражаты курс - копия.docx

— 64.99 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

      Экономикалық ғылымдардың барлығы бір - бірімен байланысты болса да олардың ішінде бухгалтерлік есеп өз алдына бөлек ғылыми сала. Өйткені, бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын зерттеуде бірден - бір негіз болып табылады.

     Қоғамдық дамудың нәтижесінде бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына қойылатын талаптардың өсіп, міндеттердің артып отырғандығы бухгалтерлік есептің тарихынан белгілі.

     Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2008 жылдың 1 қаңтарынан акционерлік қоғамдар және де 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқа ұйымдар өздерінің есептерін халықаралық қаржылық есеп стандартына жүргізілсін деген бұйрығына сәйкес курстық жұмыста «Меншікті капиталдың құрамының есебі» халықаралық қаржылық есеп стандарты да талданады.          Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы», «Акционерлік қоғам туралы», «Шаруашылық серіктестік туралы» Заңдары және Қазақстан Республикасының Азаматтық және Әкімшілік Кодекстері бойынша шарушылық субъектісінің әр түрлерінің меншікті капиталдарын қалыптастыру тәртіптері қарастырылды.

    Тақырыптың өзектілігі – Қазіргі нарықтық экономикаға көшу кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер жылдан - жылға ауқымдырақ болып келеді. Соған сәйкес қазіргі кезде мемлекет, шаруашылық субъектісі мен жеке тұлғалар арасындағы экономикалық қарым - қатынастар жаңа сипат алып отыр. Бұл сипаттың негізі – пайда табу.

     Қурстық жұмыстың мақсаты – Еліміздегі халық шаруашылығының қай саласындағы субъектілер болмасын олар өндірістік, қызмет көрсету, қаржылық іс - әрекетпен айналысу үшін өзін - өзі қаржыландыру принципіне негізделуі тиіс. Ал бұл шаруашылық субъектілердің өздерінің жаңа құрған кәсіпорындарына өмір сүру үшін салым, жарна, пай салу арқылы тыныс берулері болып табылады. Ал бұл жағдай бухгалтерлік есептің «Капитал мен резервтер» атты бөлімінде талданады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында субъект күрделі экономикалық әрі сенімді ақпараттық басқару жүйесін қалыптастыруды қалайды. Акционерлік капиталының қалыптасуын ұйымдастырудағы қағидалары қазақстандық бухгалтерлік есеп және халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастыруды қажет етеді. Сонымен қатар, меншікті капитал кәсіпорынның қаржылық нәтижесін көрсеткендіктен ол жылдық қаржылық есеп беруде, яғни бухгалтерлік баланста және меншікті капиталдың өзгерісі туралы есеп беруде толық талданады. Бұдан пайдаланушылар сенімді ақпарат ала алады.

 

 

 

 

                                            

1.Тарау.  КАПИТАЛ ТҮСІНІГІ

    1. Акционерлік капиталдың мәні  және қызметі

 

Қазақстан Республикасының  заңына сәйкес  кәсіпорындар  өздерінің  құрылуы  барысында, яғни шаруашылық  қызметпен  айналысу үшін белгілі бір мөлшерде  мүліктерге ие болуы тиіс. Олар мүліктердің  ақшалай  өлшемге  айналдырылғандағы  жиынтығы  акционерлік капиталы  болып  саналады.

Акционерлік қоғам  алғашқы  құрылған кезде  оның  капиталы  Қазақстан Республикасының  заңында  қаралған мөлшерден кем  болмауы  тиіс  және  де сол  ұйымның құрылтайшыларының,  акционерлердің  ақшалай,  заттай және  басқадай  түрде  қоғамға қосқан  үлестерінен  құралады. Бұл сома,  яғни  кәсіпорынның капиталы осы  ұйымның  қызметі  барысында  тапқан  таза  табысы және  басқа да   көздерден,  тегін түскен  мүліктер  мен  ақшалай  қаржылар  есебінен  өсіп отырады. [9;209б]

Латын тілінен  аударғанда "капитал" сөзі "басты" деген мағынаны білдіреді, және ол экономикалық теориядағы осынау күрделі құбылысқа  бөлінген орынға сай келеді. Бұл  терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы  өндірісіндегі заттық факторларды  белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.

Қоғамдық  өңдірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:

Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс  құралдары жатады. Барша капитал  бастапқы және әр жылғы аванс болып  бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп  – әр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.

"Капитал"  ұғымы жеке тұлғаның қолындағы  қорды тұтыну әрекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін  олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары  керек: пайдалы сату немесе  бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ  табыс әкелетін өндіріс құралдарын  сатып алу үшін тауарлар өндіру, өндеу және сатып алу мақсатында  жұмсау. Капиталдың басты қасиеті  – өз иесіне табыс әкелу.

Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде  қаралады. К.Маркс бірнеше анықтама келтіреді:

1) капитал  – жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын керсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады;

2) капитал  дегеніміз –  тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс;

3) капитал  – еткен еңбекті қарағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді өлі еңбек.

Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өңдірістік циклдың уақытына немесе "тосу кезеңіне" байланысты. Сөйтіп капитал мелшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.

Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал – тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлығының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейінде капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер  өндіру үшін  пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады. Капитал – баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға айналдыратын жағдай – оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып табылады. [11;23б]

"Капитал   –  ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын "сатып алу күшінің қоры", – деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивты дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни, онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.

Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен  жасалынған өңдіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттермен  қатар өндіріс процесі үшін қажетті  фактор болып саналады.

Кәсіпорынның   мүлкінің  құрамы. Ұйымның барлық  мүлкі (қызмет  атқарушы  капиталы)   айналыстан  тыс  және  айналыстағы  активтер  болып екіге  бөлінеді.  Мүліктерді  қызмет  атқару  мерзіміне  қарай  «негізгі (айналымнан  тыс)  активтер»  және  «айналымдағы  активтер»  деп  екіге  бөліненді. [15;58б]

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілері қайсылырының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық  құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары  және алашақтары болуы қажет. Осы  жоғарыда аталғандардың ақшалай  жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъекктісі алғашқы  құрылған кезде оның капиталы Қазақстан  Республикасы заңында қаралған мөлшерден  кем болмауы тиіс және де ол сол  субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің  ақшалай, заттай және басқадай түрде  қоғамға қосқан үлестерінен құралады.Кейінгі  уақыттарда субъектінің капиталы өзінің қызметі барысында тапқан таза және сондай-ақ басқа да көздерден, тегін  түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

Жалпы кәсіпорынның  есебін  жүргізу  барысында жұмыс  істеп  тұрған,  қызмет  атқарушы  яғни  қолданыстағы  капиталы  және  оның  құрамы  мен  құрылымы  бухгалтерлік  баланыстың  активінде  көрсетілсе,  ол  капиталдың  қаржыландыру  көздері  баланстың пассивінде  көрсетіледі.

Негізгі  (айналымнан тыс) активтер негізгі құралдардан,  материалдық емес активтерден,  қаржылық (ұзақ мерзімді)    инвестициялардан,  аяқталмаған  құрылыстан құрылады.  Жалпы  айналымнан  тыс   активтер  шаруашылық  субъектінің  материалдық – техникалық  базасын  жасауға   және  дамытуға   арналады.

Ал  айналымдағы  активтер   кәсіпорынның  қызмет  атқаруы   барысында  пайда  табуға  негізделеді.  Соған  сәйкес  олардың   қатарына  ақша  қаражаттары, қысқа  мерзімдік  қаржылық  салымдар,  тауарлы-материалдық  қорлар,  дебиторлық  борыштар  және  басқа  да   активтер  жатады.

 

 

    1. Акционерлік капиталдың жіктелуі

 

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын  салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк  құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен  қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.  Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн. [4;58б]

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды  нысанда салынатын салымдары  немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша  мүлiктiк құқығы ақшалай  нысанда  бағаланады. Осындай салымдардың  құнының сомасы жиырма мың айлық  есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз  эксперт қуаттауы керек.             Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта  тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк  құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы  мүмкiн. Осындай бағалау кезеңiнен  бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен  артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп  жауап бередi.  Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.  [5;112б]

Мүлiктiк  құқы жоқ және басқа да материалдық  емес игiлiктердi жеке салым ретiнде  жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай - ақ қатысушылар серіктестікке бір - бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында  ерекшеліктер бар.Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын  анықтайды, алайда заң актісімен  белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден  кем болмауы керек, яғни жиырма бес  еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың  50 пайыз құрауы мүмкін.

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшерін  жүз айлық есептік  көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға  құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық  түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің  қатысушыларының жалпы жиналысының  шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік  көрсеткішке тең  сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт  куәландыруы керек. [6;98б]

Жауапкершілігі  шектеулі серіктестіктің  қатысушылары  серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын  салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы  жиналыстың  шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық  салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір  жылдан аспауы керек.

Жарғылық  капитал мен оның меншіктік капиталдағы  қатынасы  тіркелгенде немесе қайта  тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Информация о работе Бағалы қағаздар нарығы