Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 22:46, курсовая работа
Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттау тұсында отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық нормаларға сай бейімдеу өз жалғасын табуда. Ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау саясатының негізгі мақсаты оны нарықтық экономика мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің экономикасы өркениетті елдер санатынан көрінуі шынайы ақпараттар желісінің қалыптасып қосымша қаржы көздерін жұмылдырудың нақты шараларын жүзеге асыруына тікелей байланысты.
Кіріспе.................................................................................................................3
I.Бюджеттеу және бюдеттік бақылаудың теориялық негіздері
1.1 Бюджет туралы жалпы түсінік, жіктелімі, түрлері және функциялары...... 5
1.2Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы..........................................9
1.3. Басқару есебінің әдістемелік нормативтік реттелуі………………………12
1.4 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қысқаша сипаттама және есеп саясаты...16
II Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорын бюджетінің қалыптасуы..............................................................19
2.2Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндеттің орындалуын факторлық талдау.................................................................................................22
2.3 Кәсіпорындағы бюджеттік бақылау жүйесінің ұйымдасуы………………24
2.4 Бюджеттеу және бюджеттік бақылауды жетілдіру бағыттары…………...26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................
Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар косындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджегтік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:
• республикалық бюджеті;
• облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;
• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).
Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.
Елдің бюджеттік жүйесінің орталық орнын келесі қаржы жылға Қазақстан Республикасының заңымен бекітілетін республикалық бюджет алады. Жаңа Бюджеттік кодекс бойынша республикалық бюджет салықтық және басқа түсімдер арқылы қалыптасқан және мемлекеттік биліктің орталық органдарының функцияларын қаржымен қамту және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры ретінде анықталған. Кодексте осыған сәйкес анықтамалар бюджеттің басқа түрлеріне де берілген. Олар жергілікті мемлекеттік органдардың функцияларын қаржымен қамту және аймақтар мен аудандарда мемлекеттік саясатты іске асыруга арналған. Республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптасатын және республикадағы төтенше немесе әскери жағдай кезінде енгізілетін бюджетті Төтенше мемлекеттік бюджет деп атайды. Мұндай бюджет тек қана Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен енгізіледі және күшін жояды, егерде ел аумағында төтенше немесе әскери жағдай жарияланса. Қазақстан Республикасының Ұлттық қор негізін мемлекеттің қаржы активтері мен материалды емес активтердің мүлік түріндегі басқа да активтері құрайды. Бұл қордың қаражаттары мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамту, қаржылық активтер мен басқа мүлік қорландыру, экономиканы шикізаттық сектордан тәуелділігін және сыртқы қолайсыз факторлардың әсерін төмендетуге арналған.
Бюджеггік жүйе қызмет атқаруының негізі келесі қаржылық қатынастары:
● мемлекеттің кәсіпорындармен орталықтандырылған ақша қоры қалыптасу процесі жөнінде;
● мемлекеттің өндірістен тыс саласының мекемелерімен бюджет тарапынан қаржыландыру жөнінде;
●мемлекеттің халықпен бюджет кірісін қалыптасу жәні әр түрлі өтемақы төлеу мен әлеуметтік жәрдем жаса) жөнінде;
● қаржы-банк жүйесінің мекемелері арасында (Қаржы министірлігі, Ұлттық банк және т.б.);
● мемлекеттің шетелдік мемлекеттермен.
Қаржылық қатынастардың барлық бұл формалары мемлекетпен реттеледі, жетілдіріледі және белгілі принциптер мен қққықтық нормалар негізінде басқарылады.[9]
2.4 Бюджеттеу және бюджеттік бақылауды жетілдіру бағыттары
Республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн
дамытудың мәселелерiн шешудiң
кешендi тәсiлi, оны халықаралық ережелерге
сәйкес жетiлдiру ұлттық экономиканың
дамуының, әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк
органдар қызметiнiң қалыптасып жатқан
ерекшелiктерiн ескере отырып және әлемдiк
практикаға қайшы келмейтiн және оны байыта
түсетiн әдiстердi, құрал-жабдықтарды және
әдiстемелiк шешiмдердi сақтай отырып жинақталған
отандық тәжiрибемен ұштасуы тиiс.
Қазірге Қазақстанда орныққан
қаржылық және бюджеттік заңдар жоқ. Оның
үстіне басқа бақылау-тексеру органдарының
қолда бар әдістемелік жасалымдарын Есеп
комитеті мен мәслихаттардың тексеру
комиссиялары өздерiнiң мiндеттерi мен
қызметтерінің ерекшелiктерiне байланысты
толықтай қабылдай алмайды. Сондықтан
да Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың тексеру
комиссияларының және Қазақстан Республикасының
Үкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдардың
талдау және бақылау шараларын жүргiзудiң
баламалылық әдiстемелерi мен рәсiмдерiн
әзiрлеу мәселесi өте шұғыл және ол таяу
арада, оның iшiнде тиiстi заң нормалары
арқылы шешiлуi тиiс.
Осыған сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатын пайдаланушылардың барлығының қаржылық тәртiптi сақтауы, мемлекеттiк ресурстарды ысыраптайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердiң кемiстiктерiн iздеу талаптары Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссияларының жұмысындағы маңызды басым бағыттарға айналады. Заңдылық өлшемiн iске асырудың ерекше мағынасы осы соңғысында жатыр. Мұны Есеп комитетi мен мәслихаттардың тексеру комиссиялары өздерiнiң мәртебелерiне сәйкес анағұрлым тиiмдi жүзеге асыра алады. Өйткенi Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген органдар бақылау іс-шараларын тек қана қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық кесiмдердiң шеңберiнде жүзеге асыра алады. Оларды қызықтыратын жарғылық және жарғыға қарсы iс-әрекет қана, ал заңдардағы "саңлауларда" жүзеге асырылатын жарғылық еместерi бақылаудан тыс қалып қояды, бұған жол бермеу керек.
Қазiргi уақытта Есеп комитетi республикалық бюджеттiң атқарылуына, оның iшiнде оның кiрiстерi мен шығыстарының көлемi, құрылымы және тағайындалған мақсаттары бойынша уақтылы атқарылуына бақылау жасайды және республикалық бюджет қаражаты есебiнен жабылатын шығыстарды жүзеге асыру ережелерiн айқындайтын немесе республикалық бюджеттi жасақтауға және атқаруға ықпал ететiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жүргiзедi. Осыған байланысты бюджеттiң атқарылуы нәтижелерiне оның баға беруiнiң өлшемі, біріншіден, бюджетке кіріс келтіру резервтерін толық пайдалану, екіншіден, бюджет қаражаты шығыстарының орындылығы мен үнемділігі болуы тиіс.
Осы тұжырымдама қызметтің
жаңа түрін - Есеп комитетіне сараптама-
Республикалық және жергілiктi
бюджеттердiң атқарылуының бақылау жүйесiн
дамыту республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
қаражатын уақтылы және мақсатты пайдаланылуын,
сондай-ақ республикалық және коммунальдық
меншiктегi мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын
алдын ала, ағымдағы және одан кейiнгi бақылауды
одан әрi нығайтуды және жетiлдiрудi талап
етедi.
Алдағы бiрнеше және
iшiнде министрлiктер, агенттiктер
мен комитеттердiң көпшiлiгiнде iшкi бақылаудың
күштi қызметтерiн құру жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар, республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
iшкi бақылауын жүзеге асыруымен бiрге
әдiстеме базасын әзiрлеу, енгiзу және оқыту
бөлiгiнде орталық функциональдық рөлiн
орындайтын Қазақстан Республикасының
Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органдарды
заң жүзiнде бекiту қажет.
Сол кезде елде бақылаудың әдiстеме
базасын, оны оқытудың орталықтануын сақтай
отырып, ішкi бақылаудың аралас жүйесiнен
орталықтың қарамағынан шығарылған жүйесiне
өту мүмкiндiгi туады.
Бұл мемлекеттiк органдар басшыларының
жауапкершiлiгiн едәуiр арттыра түседi,
өйткенi олар Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Бухгалтерлiк есеп туралы" заң күшi
бар Жарлығына сәйкес, iшкi бақылаудың
ұйымдастырылуын және оның органдарының
қызмет атқаруын қамтамасыз етедi.
Бақылауды жүргiзудiң
негiзгi қағидаттарын қамтитын, бақылауға қойылатын
талаптарды айқындайтын, мәнi тұрғысынан
нормативтiк құжат болып табылатын республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
бақылаудың стандарттарына ерекше назар
аударылатын болады. Мемлекеттiк бақылаудың
сыртқы және iшкi болып бөлiнуiне байланысты,
бақылаудың стандарттары да әртүрлi болады.
Сондықтан, оларды әзiрлейтiн және бекiтетiн
уәкiлеттi органдарды айқындау қажет.
Республикалық бюджеттiң атқарылуын
сыртқы бақылау стандарттарын Есеп комитеті
әзірлейді және бекітеді.
Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
сыртқы бақылау стандарттарын, республикалық
және жергiлiктi бюджеттердің iшкi бақылау
стандарттарын Қазақстан Республикасының
Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган
әзiрлейдi, ал Есеп комитетi оларды бекiтедi.
Жоғарыда айтылғандар бюджеттiк
бағдарламалау әдiстерiнiң енгiзiлуiн ескере
отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң
атқарылуын бақылаудың бiрыңғай әдiстемелiк
базасын жасаудың және ақпараттық жүйесiн
жетілдiрудiң, Есеп комитетiнiң, мәслихаттардың
тексеру комиссияларының және мемлекеттiк
басқару органдарының республикалық және
жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау
саласындағы ақпараттық жүйелерiн бiрiктiрудiң
қажеттiгiн растай түседi.
Есеп комитетiнiң қолданылып
жүрген өкілеттіліктерiн, мiндеттерi мен
функцияларын, оның ішiнде сараптама-талдау
жұмыстарын жүргiзу бөлігінде одан әрi
ұлғайтуды, Есеп комитетi мен мәслихаттардың
тексеру комиссияларының, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы Үкiметi уәкiлеттiк берген
мемлекеттiк органдардың өздерiнiң өкiлеттiктерi,
құқықтары мен мiндеттерi шегiнде республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң тиiсiнше атқарылуын
бақылаудың кешендi жүйесiн қамтамасыз
етуiн көздей отырып "Республикалық
және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын
бақылау туралы" Қазақстан Республикасы
Заңының жобасын әзiрлеу дер кезiндегi
шара болып табылады. [10]
Бақылаумен қатар, басқарудың ең маңызды функциясына жоспарлау жатады. Жоспралаудың ең нақтыланған деңгейі, бюджеттік жоспарлау. Ақша түріндегі сандық жоспарды бюджет деп ұғуға болады. Бюджет жауапты орталықтардың жоспарды қалай орындағанын бағалаудың негізі болып табылады.
Жоспарлар оперативті, әкімшілік және стратегиялық деп бөлінеді. Мерзімі бойынша қысқа мерзімді жоспарлау және алдағы кезеңді жоспарлау деп бөлінеді. Нақтыланған бюджеттер әдетте қысқа кезеңдерге бөлу арқылы ең ұзақ дегенде бір жылға жасалады. Қысқа мерзімді жоспарлау бақылап басқарудың мақсаттары үшін жасалады.
Бюджет функцияларына жататындар: алға қойған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау, әр түрлі қызметтер және жекелеген бөлімшелерді үйлестіру, басшыларды жауапты орталықтарының мақсаттарына қол жеткізуін ынталандыру, ағымдағы қызметтерді бақылау.
Бас бюджет, тұтас ұйымдағы барлық бөлімшелер мен функциялардың үйлестірілген жұмыс жоспары. Ол екі негізгі жоспардан, опреативтік және қаржылық бюджет. Оперативтік, кәсіпорынның жеке функциялары немесе сегменті үшін жоспарлы операциялар қайта есептеледі. Қаржылық бюджетте қаржы қаражатының болжаулы көздері мен оларды жоспарлы кезеңде пайдаланудың бағыттары көрсетіледі.
Оған кіретіндер: капиталдық шығын бойынша жоспар, ақшалай қаражат жоспары және ақшалай қаражат қозғалысы туралы есеп берумен жоспарлы бухгалтерлік баланс.
Бюджеттің орындалуын бағалау жоспарлыдан нақты қол жеткен нәтижелерінің ауытқуын талдауға негізделеді.
Бас бюджетті жасау процесінің шығу нүктесіне сату бюджетін
әзірлеу жатады, өйткені түсім нақты нарықтағы
Ақшалай қаражат бюджеті, бұл ақшалай түсімінің төлемдердің және алдағы кезеңге төлеу жоспары.
Аталған жоспар, екі бөлімнен тұрады және мына мақсаттарды көздейді. Біріншіден, жоспарлы кезең соңында ақшалай қаражат шотындағы ақырғы сальдоны көрсетеді. Екіншіден, жоспарлы кезеңнің ішіндегі әр айдың аяғында ақшалай қаражаттың қалдықтарын болжайды, қаржылық ресурстың артық шығатын немесе кем шығатын кезеңдерін анықтайды.
Бюджет функциясы бақылау құралы ретінде жоспарлы көрсеткішті нақты көрсеткішпен салыстыру кезінде көрінеді. Кәсіпорын қызметінің көрсеткіштерін талдау және түзілу мақсаттарына қарай бюджет тұрақтыға және икемдіге бөлінеді. Тұрақты бюджет, бұл ұйымның іскер белсенділігінің нақты деңгейіне, яғни, өткізудің бір деңгейіне құрылатын жоспар.
Икемді бюджет, іскер белсенділіктің белгілі бір диапазонына жасалатын динамикалық жоспар әрі өткізу деңгейінің өзгеруіне қарай шығын өзгерісін ескереді. Оны қалыптастыру үшін, шығын өзгермеліге және тұрақтыға бөлінеді.
Икемді бюджет ұйым мен оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметтерін талдау мен бақылауға үлкен мүмкіндік тудырады. Оның арұасында нақты өнім шығарылымын ескеріп, өзгермелі шығынға түзету жасайды. Тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, өйткені өндіру мен өткізудің көлеміне байланысты болмайды.
Жоспарлыдан, нақты шығынның ауытқуын талдау технологиясы мына кезеңдерді қамтиды;
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Информация о работе Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы