Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 22:46, курсовая работа

Краткое описание

Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттау тұсында отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық нормаларға сай бейімдеу өз жалғасын табуда. Ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау саясатының негізгі мақсаты оны нарықтық экономика мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің экономикасы өркениетті елдер санатынан көрінуі шынайы ақпараттар желісінің қалыптасып қосымша қаржы көздерін жұмылдырудың нақты шараларын жүзеге асыруына тікелей байланысты.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3
I.Бюджеттеу және бюдеттік бақылаудың теориялық негіздері
1.1 Бюджет туралы жалпы түсінік, жіктелімі, түрлері және функциялары...... 5
1.2Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы..........................................9
1.3. Басқару есебінің әдістемелік нормативтік реттелуі………………………12
1.4 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қысқаша сипаттама және есеп саясаты...16
II Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорын бюджетінің қалыптасуы..............................................................19
2.2Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндеттің орындалуын факторлық талдау.................................................................................................22
2.3 Кәсіпорындағы бюджеттік бақылау жүйесінің ұйымдасуы………………24
2.4 Бюджеттеу және бюджеттік бақылауды жетілдіру бағыттары…………...26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Файлы: 1 файл

бюджет.doc

— 253.00 Кб (Скачать)

12) қаржылық есептiлiктiң ұлттық  стандарттары (бұдан әрi - ұлттық  стандарттар) - қаржылық есептiлiктiң  уәкiлеттi орган бекiткен стандарттары;

13) қаржылық есептiлiктiң халықаралық  стандарттары (бұдан әрi  - халықаралық стандарттар) - Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттары комитетiнiң Қоры бекiткен қаржылық есептiлiк стандарттары;

14) уәкiлеттi орган - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк саласындағы қызметтi реттеудi жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк орган. 

Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы  ратификациялаған халықаралық шартта  осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң мақсаты мүдделi тұлғаларды дара кәсiпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметiнiң нәтижелерi және қаржылық жағдайындағы өзгерiстер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiктiң принциптерi мен негiзгi сапалық сипаттамалары

1. Есептеу мен үздiксiздiк бухгалтерлiк  есептi жүргiзудiң және қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерi болып табылады.

2.Түсiнiктiлiк, орындылық, сенiмдiлiк  және салыстырмалылық қаржылық  есептiлiктiң негiзгi сапалық сипаттамалары  болып табылады.

Бухгалтерлiк есептi ұйымдастыру

1. Басшылық немесе дара кәсiпкер:

1) есеп саясатын келiседi және (немесе) бекiтедi;

2) бухгалтерлiк есептi ұйымдастыруды  қамтамасыз етедi.

Есеп саясаты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және ұйымның жарғысымен (ережесiмен) бекiтiледi.

2. Басшылық немесе дара кәсiпкер есеп жұмысының көлемiне қарай:

1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық  бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызмет  құруды;

2) штатқа бас бухгалтер лауазымын  енгiзудi;

3) бухгалтерлiк есептi жүргiзудi және  қаржылық есептiлiктi жасауды шарт  негiзiнде бухгалтерлiк немесе аудиторлық ұйымға немесе кәсiби бухгалтерге берудi;

4) бухгалтерлiк есептi жеке жүргiзудi жүзеге асыра алады.

Жария мүдделi ұйымдарға осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларының күшi қолданылмайды.

Халықаралық бухгалтерлер федерациясының толық мүшесi болып табылатын ұйым - шетел институтының мүшесi бухгалтерлiк ұйымға теңестiрiледi. [4]

 

Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы  Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22 сәуірдегі № 220-I Заңы  (2011.25.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұғымы

1. Бір немесе бірнеше адам  құрған, жарғылық капиталы құрылтай  құжаттарымен белгіленген мөлшерде  үлестерге бөлінген серіктестік  жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін.

Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  заңды тұлға болып табылады.

3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  өзінің міндеттемелері бойынша  өзіне тиесілі барлық мүлікпен  жауап береді.

Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

4. Серіктестіктің жарғылық капиталға  салымдарын толық енгізбеген  қатысушылары оның міндеттемелері  бойынша әрбір қатысушының салым  енгізбеген бөлігінің құны шегінде  ортақ жауапты болады

   Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауы

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  серіктестік атауын, сондайақ «жауапкершілігі  шектеулі серіктестік» деген  сөздерді немесе «ЖШС» деген  аббревиатураны қамтуға тиіс  фирмалық атауы болады. Қосымша  жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше «қосымша жауапкершілігі бар серіктестік» деген сөздер немесе «ҚЖС» деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады.

Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар.

2. Шетелдің қатысуымен құрылатын  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің  фирмалық атауында оның құрылтайшыларының  қай мемлекеттікі екені қосып  көрсетілуі мүмкін.

 Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері мен мекен-жайы

 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады.

2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік  өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті

 

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары

 1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар:

1) осы Заңда және серіктестік  жарғысында көзделген тәртіппен  серіктестік істерін басқаруға қатысуға;

2) серіктестік жарғысында көзделген  тәртіппен серіктестіктің қызметі  туралы ақпарат алуға, оның бухгалтерлік  және өзге де құжаттамасымен  танысуға;

3) серіктестік қызметінен осы  Заңға, серіктестіктің құрылтай  құжаттарына және оның жалпы  жиналысының шешімдеріне сәйкес табыс алуға;

4) серіктестік таратылған жағдайда  кредит берушілермен есеп айырысқаннан  кейін қалған мүліктің бір  бөлігінің құнын немесе серіктестіктің  барлық қатысушыларының келісімі  бойынша осы мүліктің бір бөлігін  заттай алуға;

5) осы Заңда көзделген тәртіппен  өз үлесін бөліп алу арқылы  серіктестікке қатысуын тоқтатуға;

6) осы Заңда және (немесе) серіктестіктің  жарғысында көзделген олардың  құқықтарын бұзған серіктестік  органдарының шешімдеріне сот  тәртібімен дау айтуға құқылы.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың міндеттері

1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке  қатысушылар:

1) құрылтай шартының талаптарын  орындауға;

2) құрылтай құжаттарында көзделген  тәртіпте, мөлшерде және мерзімде  серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салуға;

3) серіктестік коммерциялық құпия  деп жариялаған мәліметтерді  жария етпеуге; [5]

 

1.4 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қысқаша сипаттама және есеп саясаты

 

Атырау мұнай өңдеу зауыты-Қазақстандағы ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының бірі. Зауытты жобалау КСРО мұнай өнеркәсібі Халық комиссариатының жоспарлы тапсырмасы негізінде 1943 жылы басталды. Зауыт құрылысы соғыс уақытының аса қиын жағдайында жүргізілді. Зауыттың техникалық жобасын американдық "Баджер и сыновья" фирмасы жасады. Ал оған түзетуді КСРО мұнай өнеркәсібі халық комиссариаты № 1 мемлекеттік тресінің жобалаушы ұйымы жүзеге асырды. Жергілікті жағдайға ыңғайлау жұмысгарының авторлары "Эмбанефтьпроектінің"жобалаушылары болды.

Зауыттың алғашқы жылдық өңдеу қуаты 800 мың тонна мұнай болды. Жұмысы Ембі кен орындарының мұнайына, Бакуден тасылып әкелінетін дисгиллятқа негізделді. Зауыт алғашқы күннен бастап отындық вариант бойынша дамып, авиациялық және автомобильдік бензиндер, әртүрлі моторлықжәне қазандық отындарын шығарумен айналысгы. Батыс

Қазақстан аймағының дамуына, мұнай өндіру көлемінің артуына сәйкес зауыт 1965 жылдан бастап қайта жаңғырту жолымен тасып әкелінетін қымбат дистиллятты өздері шығаратын дистиллятқа ауыстыру жөніндегі мәселені қарайбастады.

 

 

Өткен ғасырдың 60-жылдары жаңа технологиялық қондырғылар салу арқылы мұнай өңдеу көлемін арттыру бағыты ұсталды. 1969 жылдан бастап 2006 жылды қоса зауытта мұнайды бастапқы өңдеу ЭЛОУ-АВТ-3, каталитикалық риформинг ЛГ-35-11/300, баяу кокстеу, мұнай коксын қыздырып шынықтыру, техникалық азот шығару, бензинді сутекпен тазарту және изомерлеу, дизель отынын сутекпен тазарту және парафинсіздендіру, сутек тазарту және шығару, түйіршіктеу блогы бар күкірт шығару қондырғылары салынып, пайдалануға берілді.

Зауыт 65 жыл ішінде отындық мақсатта мұнай өнімдерін шығаратын осы заманғы озық кәсіпорынға айналды. Мұнай өңдейтін барлық технологиялық қондырғыларды техникалық жағынан қайта жарақтандыру жөнінде көлемді жұмыстар жүргізіліп, жылдық қуатты 5 миллион тоннаға дейін өсіруге қол жеткізілді.

1999 жылдың ортасынан бастап зауыт акциясы бақылау пакетінің (86,7%) ұстаушысы "ҚазақОйл"¥лттық мұнай компаниясы жабық акционерлік қоғамы, кейін "ҚазМұнайГаз" ¥К" акционерлік қоғамы болды. "ҚазМұнайГаз" Қайта өңдеу және маркетинг" АҚ 2005 жылдан бастап 99,17% үлесті иеленуші болып есептеледі.

Қарамай өндіруді төмендету бағдарламасы аясында баяу кокстеу қондырғысы мен АВТ-3 қондырғысының вакуум блогын кешенді қайта жаңғырту жобасын іске асыру басталды. Зауытты қайта жаңғыртудың екінші кезеңі – хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы өз бастауын алды.

Перспективалық даму жобалары

●Қосымша құны жоғары базалық мұнайхимиялық өнімдерін шығару бойынша мұнайхимиялық өндіріс құру (бензол, параксилол);

●Құрамындағы бензол және хош иісті көмірсутектері аз автокөлік бензиндерін қолдану арқылы қоршаған ортаға тиетін зиянды әсерлерді азайтып, аумақтың, толықтай алғанда Қазақстанның экологиялық ахуалын жақсарту;

●Озат өндірістер мен технологияларды енгізу;

●Мұнай өңдеу ауқымдылығын 82-86 % пайызға дейін арттыру;

●Өндірілетін өнімдердің саны мен түрін көбейту;

●Евро-4 санатына сәйкес келетін дизель отынын өндіру;

●Қазақстанның ішкі нарығында жоғары октанды бензин мен әуе отынының тапшылығын жою.

● «АМӨЗ» ЖШС Инвестициялық Жобасының атауы

●Атырау мұнай өңдеу зауытындағы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешен құрылысы

●Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды ауқымды өңдеу бойынша кешен құрылысы

●АМӨЗ-ндағы хош иісті көмірсутектер шығаратын кешеннің экологиялық маңызы

 

●Қазіргі экологиялық сападағы отын шығаруды ұйымдастыру – ароматика мөлшерін азайту;

●Табиғат ресурстарын /мұнай/ тиімді пайдалану деңгейін арттыру – хош иісті көмірсутектерді отандық мұнай химиясы үшін шикізат ретінде қолдану;

●Өндірістің экологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру – тозығы жеткен нысандарды қазіргі заманғы, қоршаған ортаға әсері мейлінше төмендетілген, жетілдірілген нысандармен алмастыру.

●Атырау мұнай өңдеу зауытындағы мұнайды ауқымды өңдеу бойынша кешен құрылысындағы экологиялық қаупісздік және қоршаған ортаға зиянды әсерлерді төмендетуге бағытталған іс-шаралар

●Қазіргі заманғы микропроцессорлық бақылағыштарды, есептегіш технологияларды пайдалану арқылы технологиялық өндірісті басқарудың автоматты жүйесін қолдану;

●Мұнай өнімдері мен реагенттерді сақтау, айдау және тиеуде саңылаусыз жүйелерді қолдану (саңылаусыз сорғылар, «азоттық жастықша», тасымалдау сыйымдылықтары, т.б.);

●Катализатор регенерациясы газдарын тазарту жүйесін қолдану;

● Жарылыс қаупі бар орындардағы жұмыс аумағы ауасындағы жаралысқа дейінгі газ концентрацмисының дабылдарын орнату;

Химиялық ластанған сарқынды суларды жинау және бұрудың жабық жүйесін ұйымдастыру.[6]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы

 

                     2.1 Кәсіпорын бюджетінің қалыптасуы

 

Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттер болжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекеттері қарастырылады. Бюджеттік процестің мазмұны елдің мемлекеттік және бюджеттік құрылымдары арқылы анықталады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс өз алды мемлекеттік билік-тің орталық және жергілікті органдарының, бюджеттік процестің қатысушыларының бюджеттер мен ¥лттық қор болжамын жасау мен қарастыру, оларды бекіту мен атқару және бақылау жоніндегі әрекеттерін тізбектелген және реттелген түрде іске асыруды көрсетеді. Егеменді мемлекеттің бюджеттік процесі әрекеттегі бюджет-тік заңнамаларға сәйкес ұйымдастырылады. Қазақстанда ол Бюд-жеттік кодексі және басқа да бюджеттік процеске қатысты заңна-малы-нормативтік актілермен реттеледі. Кәсіпорында бюджеттік процесті ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

Информация о работе Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы