Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2015 в 22:46, курсовая работа

Краткое описание

Үшінші мыңжылдықтың табалдырығын аттау тұсында отандық бухгалтерлік есеп жүйесін халықаралық нормаларға сай бейімдеу өз жалғасын табуда. Ұлттық бухгалтерлік есеп жүйесін реформалау саясатының негізгі мақсаты оны нарықтық экономика мен қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестендірілуін қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің экономикасы өркениетті елдер санатынан көрінуі шынайы ақпараттар желісінің қалыптасып қосымша қаржы көздерін жұмылдырудың нақты шараларын жүзеге асыруына тікелей байланысты.

Оглавление

Кіріспе.................................................................................................................3
I.Бюджеттеу және бюдеттік бақылаудың теориялық негіздері
1.1 Бюджет туралы жалпы түсінік, жіктелімі, түрлері және функциялары...... 5
1.2Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы..........................................9
1.3. Басқару есебінің әдістемелік нормативтік реттелуі………………………12
1.4 «Атырау мұнай өңдеу зауыты» қысқаша сипаттама және есеп саясаты...16
II Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы
2.1 Кәсіпорын бюджетінің қалыптасуы..............................................................19
2.2Кәсіпорын пайдасы бойынша бюджеттік міндеттің орындалуын факторлық талдау.................................................................................................22
2.3 Кәсіпорындағы бюджеттік бақылау жүйесінің ұйымдасуы………………24
2.4 Бюджеттеу және бюджеттік бақылауды жетілдіру бағыттары…………...26
Қорытынды............................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................

Файлы: 1 файл

бюджет.doc

— 253.00 Кб (Скачать)

Ынталандыру  - бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.      

Бақылау. Бюджет – оны қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет – ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салытырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.

Нақты деректерді бюджетпен салыстыру  қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері  мен  нақты  нәтижелерінің арасындағы ауытқудың талдау мыналарға мүмкіндік  тудырады:

  • Бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
  • Бюджетті әзірлеу процессінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
  • Бастапқы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.

 

  Бағалау. Ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі.

Басшылардың жұмысы әдетте олардың сметаны орындаудағы  жетістіктерімен бағаланады. Бірқатар кәсіпорындар өз қызметкерлеріне  негізгі  сметада белгіленген мақсатқа жетудегі қабілеттеріне қарай сыйақы тағайындалады.     

Оқыту – бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процесстің үйретуші жағын бағалай білуі керек.

Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:

  1. Жоспарлауға әзірлеу;
  2. Жоспарлау;
  3. Бақылау.

 

  Жоспарлауға әзірлеу -  жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процесстің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.    

Жоспарлау – жоспарлау процесі шектеуші факторларды іріктеуден басталады. Көптеген кәсіпорындар үшін бұл бәсеке аумағы мен клиент санын қоса ескеріп нақты қол жеткізуге болатын сату көлемі болуы мүмкін.   

Бақылау   - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында  айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын, ең алдымен қол жоспар болуы шарт. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджеттік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады. [1]

 

         1.2Бас және функциялық бюджеттердің құрылымы

 

 

    Бас бюджет тұтас ұйым бойынша барлық бөлімшелер немесе функцияларды үйлестіретін жұмыс жоспары және ол екі негізгі  бюджеттен – оперативті және қаржылық бюджеттен тұрады.    

Бюджеттік жоспарлауға жататындар: барлық жауапты  орталықтарды жоспарлау, қызметті бағалау  барысында қолданылатын көрсеткіштерді анықтау, жаңа жағдаймен байланысты жоспардағы ықтимал өзгерістерді талқыға  салу, ұсыныстарды ескеріп, жоспарға түзету енгізу.

Міндеттерге байланысты бюджет түрлерін атап көрсетуге  болады:

  • Бас жоспар және жеке
  • Икемді және тұрақты

 

    Бас бюджет кәсіпорынның барлық қаржылық шаруашылық қызметін қамтиды. Бас бюджеттің  негізгі мақсаты жеке бюджет негізінде  бөлімшелерінің сметалары мен жоспарларын  біріктіру және жинақтау.    

Бас бюджетті жасау нәтижесінде мыналар  жасалады:

  • Болжаулы баланс;
  • Табыс пен залал жоспары;
  • Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы жоспар.

Кез келген ұйымның бас бюджеті екі бөлімнен тұрады:

  1. Ұйымдардың кіріс және шығыс баптарын бейнелейтін қосалқы сметалар арқылы нақтыланған пайда және залал жоспарын қамтитын операциялық бюджет;
  2. Капитал жұмсау, ақшалай қаражаттың қозғалысы және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын қаржы бюджеті.

 

   Бас бюджеттің құрылымы, әсіресе оның операциялық бөлігі әзірлеушінің біліктілігі  мен тәжірибесіне қарай бюджетті жасау процесі кәсіпорынның қаржылық құрылымымен интеграцияланатын  ұйымдастыру деңгейінің мөлшері, бюджет мәні болып  табылатындықтан ұйымның  қызмет түрлеріне көп байланысты.   

Бас бюджет бұл кәсіпорын қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге аса  қажетті маркетингтік және өндірістік жоспарлардың қаржылық және сандық тұрғыдан анықталған көрінісі. 

Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі.      

Бюджет  – нақты жүзеге асыру мақсатындағы жоспардың сандық көрінісі. Ол тұтас  ұйым үшін де, оның бөлімшелері үшін де жасалуы мүмкін.    

Бюджет  шын мәнінде пайдалы құжат  болуы үшін бірнеше әзірлік  жұмыстары  жүргізілуі керек.     

Тактикалық  бюджет әдетте өндіру немесе сату немесе құрылымдық бөлімшелер сияқты ұйымның жекелеген функциялары ретінде болатын әрбір бюджеттік орталықтар үшін жасалады. Бюджеттік орталықтарына бөлу ұйымның құрылымымен анықталса, ол әрдайым менеджерлердің жауапкершілігіндегі салаларға сәйкес келеді.    

Алайда, ұйымды басқару, тиімді жоспарлау және бюджет деректерін бақылау бейінделуі керек. Өндіріс бюджеті үшін жылдық нәтиже не ай үшін барлық шығарылатын  бұйымдардың номенклатурасы бойынша  және қор түрлері бойынша бөлшекте нақтыланады.    

Нақтылау  - қызметтердің маусымдық ауытқу параметрлерін көрсетеді жне мысал ретінде шикізат сатып алу кестесін айтуға болатын, кәсіпорынның өндіріс функцияларымен шектесуші орындаудың онтайлы кестесін әзірлеуге мүмкіндік береді. Стратрегиялық бюджет те, барлық мезгілі аясында жыл бойынша бейінделуі ықтимал.     

Бюджетті  қалыптастырудың екінші сатысы –  капитал шығының бюджетін, ақшалай  қаражат қозғалысының бюджетін, жоспарлы кезеңнің соңындағы балансты және ақша ағыны туралы есеп беруді қамтитын кәсіпорынның қаржылық бюджетін жасайды.     

Бюджеттік кезең. Бюджеттендірудің негізгі мақсаттарының  біріне әр түрлі ұйымдық функцияларды үйлестіруді қамтамасыз ету кіреді. Бұл бюджетті жасаудың тәртібін көрінеді.    

Бюджетті  қалыптастырудың шығу нүктесі  - сату бюджеті, кәсіпорын сатылатын  тауарлардың қанша екенін біліп  отырса, оларға қанша тауар өндіру керек екенін анықтай алады.    

Бірінші қадам – сату бюджеті. Өнім түрлері  бойынша бюджеттік кезеңнің ішіндегі сату көлемін көрсетеді.

 Екінші  қадам – өндіріс бюджеті. Алдағы  бюджеттік кезенде шығарылатын  өнімдердің түрі мен санын анықтайды.

Үшінші қадам – материалдарды пайдалану бюджеті. Оны әзірлеу үшін өндіріс бюджетінде көрініс тапқан жоспарлы шығарылым туралы дерек және өнімнің әр түрін дайындау кезеңіндегі материалдарды пайдаланудың нормативтері туралы мәліметтер қажет болады. [2]

Материалдарды сатыпалуды жоспарлауда жоспарлы кезеңнің басында да, аяғында да, материал қорының деңгейін ескеру керек. 

Төртінші қадам - материалдарды сатып алу қадамы. Тұтас кәсіпорын және өнім түрлері бойынша заттай және құндық түрде алдағы бюджеттік кезеңдегі материалдардың, шикізаттың шығындары туралы ақпарат қамтиды.   

Материалдарды пайдалану бюджеті материалдарды сатып алу бюджетін жасау барысында жөнелтуші пункті рөлінде болады. Сатып алу бюджетінде өндірістік міндеттердің орындалуына қажетті шикізат пен материалдардың саны мен сатып алудың мерзімі анықталады.     

Бесінші қадам – негізгі өндіріс  персоналының еңбек шығыны бюджеті. Негізгі өндіріс персоналының қажеттілігін және жоспарлы кезеңде оның еңбекақы шығының көрсетеді.    

Алтыншы қадам  - жанама өндірістік шығындар. Өндірістік бағдарламаларды орындалуына  қажет өндірістік инфрақұрылымын қамтамасыз етуге кететін шығындар.

Жетінші қадам – бұйым өндірісінің  өзіндік құны.

Қайта санау коэффициенті, шығарылатын  өнімдердің еңбек сыйымдылығы және материалдар шығындарының нормалары  туралы ақпаратпен, бір бұйымды өндірудің  шығынын есептеуге ақпарат бере алады.    

Сегізінші қадам  - жоспарлы кезеңнің соңындағы  қойма қалдықтарының бюджеті.

Кәсіпорынның  жоспарлау қызметінің сатысында  есептік кезеңнің соңындағы заттай бағаланатын дайын өнімдердің қорлары  басшылық тарапынан анықталады.

Қорларды  ақша түрінде бағалау үшін өнім бірлігінің жоспарлы өзіндік құнын есептеу  керек.  

Тоғызыншы қадам – өткізілген өнімдердің өзіндік  құн бюджеті.

Өткізілген  өнімдердің бюджетін жасау негізінде  мынадай есептеу формуласы жатады.

Өткізілген  өнімдердің өзіндік құны =  кезең  басындағы дайын өнімдерің қоры + жоспарланған кезеңде өндірілген өнімдердің өзіндік құны – кезең  соңындағы дайын өнімдердің қоры.      

10 – қадам. Коммерциялық және  әкімшілік шығындарының бюджеті.

Коммерциялық  шығын бюджеті алдағы бюджеттік  кезеңде өнімді өткізуге байланысты шығынды көрсетеді. 

Әкімшілік шығын бюджеті алдағы бюджеттік  кезеңде тұтас кәсіпорын бойынша  инфрақұрылымды қамтамасыз етуге шығынды  көрсетеді.

Коммерциялық  шығын бюджеті алдағы кезеңде  өнім өткізумен байланысты шығынның ретімен жасалған жоспарын білдіреді. Коммерциялық шығын бюджетін әзірлеуде  және орындауды сату бөлімі жүзеге асырады.      

11 – қадам. Бюджет  - кірістер мен шығыстар туралы жоспарлы есеп беру.

Кірістер  мен шығыстар бюджеті тұтастай кәсіпорынның және алдағы бюджеттік кезеңге алынатын қаржылық нәтижеге жоспарланған оның құрылымы мен шамасын көрсетеді. [3]

 

 

        1.3. Басқару есебінің әдістемелік нормативтік реттелуі

 

Бухгалтерлік есептің методологиялық негіздері ұйымдастыру мен жүргізу тәртіп нормативті (ереже белгілейтін) құжаттар  жүйесімен реттеледі. Қазақстан Республикасында негізінен басқару есебінің реттелетін заңы жоқ. Сондықтан басқару есебі  бухгалтерлік есеппен қаржылық есеп туралы Қазақстан Республикасының 2007 ж  28 ақпанындағы (01.02.12 өзгерістер мен толықтырулармен)  N 234  Заңы бойынша реттеледі. 

Мазмұны

Осы Заң Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi.

Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

         Осы Заңның мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеу - уәкiлеттi органның  бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарының  және осы Заңда көзделген, уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша  куәлiкпен расталған, бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдардың құқықтылығын тануы;

2) бастапқы eceпкe алу құжаттары (бұдан  әрi - бастапқы құжаттар) - бухгалтерлiк  есеп жүргiзуге негiз болатын, операцияның немесе оқиғаның 

жасалу фактiсiнiң және оны жасауға берiлген құқықтың қағаз және электрондық жеткiзгiштегi құжаттық растамасы;

3) бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау  жөнiндегi аккредиттелген ұйым (бұдан  әрi - сертификаттау жөнiндегi ұйым) - кәсiби бухгалтерлерге кандидаттарды  сертификаттауды жүзеге асыратын, уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен аккредиттелген заңды тұлға;

4) бухгалтерлердiң аккредиттелген  кәсiби ұйымы (бұдан әрi - кәсiби  ұйым) - бухгалтерлер мен бухгалтерлiк  ұйымдардың бiрлестiгi болып табылатын  коммерциялық емес ұйым;

5) бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерi - бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiнде көрсету үшiн есепке алуға қабылданған бастапқы құжаттардағы ақпаратты қорытуға, жүйелеуге және жинақтауға арналған нысандар;

6) бухгалтерлiк ұйым - бухгалтерлiк  есеп саласында қызмет көрсететiн, кәсiби ұйымның мүшесi болып табылатын ұйым;

7) жария мүдделi ұйымдар - қаржы  ұйымдары, акционерлiк қоғамдар (коммерциялық  еместерiн қоспағанда), жер қойнауын  пайдаланушы ұйымдар (кең таралған  пайдалы қазбаларды өндiретiн  ұйымдардан басқа) және жарғылық  капиталында мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген мемлекеттiк кәсiпорындар;

8) кәсiби бухгалтер - кәсiби бухгалтер  сертификаты бар жеке тұлға;

9) кәсiби бухгалтер сертификаты (бұдан әрi - сертификат) - сертификаттау жөнiндегi ұйым берген, бухгалтердiң кәсiби бiлiктiлiгiн куәландыратын құжат;

10) қаржылық есептiлiк депозитарийi (бұдан әрi - депозитарий) - қаржылық  есептiлiктiң ұйымдар жыл сайын  өткiзiп отыратын, пайдаланушылар  үшiн ашық қолжетiмдi электрондық  деректер базасы;

11) қаржылық есептiлiк стандарты - бухгалтерлiк есеп жүргiзу және  қаржылық есептiлiк жасау принциптерi мен әдiстерiн белгiлейтiн құжат;

Информация о работе Бюджеттеу және бюджеттік бақылаудың ұйымдастырылуы