Қазақстан Қарулы Күштері

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Мая 2013 в 13:43, реферат

Краткое описание

Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің бірі болып табылады. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету - Отанымызды қорғаудағы қасиетті борышыңды өтеу деген сөз.

Файлы: 1 файл

Қазақстан Қарулы Күштері.doc

— 372.50 Кб (Скачать)

Ирактағы бітімгершілік  миссияны жүзеге асыру барысында  Қазбат бөлімшесі 4 млн-ға жуық жарылғыш заттарды жойды, әскери дәрігерлер Ирактың 500 бейбіт тұрғынына көмек көрсетті, сондай-ақ Ирактың қауіпсіздік күштерінің мамандарын дайындау мен жауынгерлерін әскери іске баулуды жүзеге асырды. Саяси шаралар мен алдын алу (превентивті, сақтандыру) дипломатияға басымдылық беріліп отырған қазіргі кезеңде де Қарулы күштердің кейбір түрлері, оның ішінде бітімгершілік күштерге деген қажеттілік сақталып отыр.

Американдық әріптестердің  көмегімен жарақтанған Қазбат дайындық, тәжірибе жағынан алғанда аймақтағы  ғана емес сондай-ақ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі бірден бір ерекше құрылым. Ол толықтай НАТО стандарттарына сай жабдықталған және дайындалған, БҰҰ-ның «көгілдір каскалар» құрамына енеді. Қазіргі уақытта оның базасында бітімгершілік бригадасы құрылған.

Қазбат бейбіт халықтың және Коалиция жауынгерлерінің өмірін сақтау мақсатында Иракта бекзаттық  миссияны орындаушы аймақтан шыққан жалғыз құрылым. Тек ирактықтар ғана емес, сонымен бірге Коалиция әскерилерін де үйретіп жатқан қазақстандық саперлардың дайындық деңгейінің жоғары екені байқалады. Қазбат офицерлері 200-ден астам маман дайындап шығарды.

Қазақстанда БҰҰ мен НАТО бағдарламалары аясында бітімгершілік операцияларды орындауға арналған Аэромобиль әскери бригадасы құрылған. Бұл қазақ жеріндегі американдық немесе ағылшын бітімгершілері емес, керісінше, жергілікті бітімгершілік күштерінің батальоны. Олар «хаммер» машинасымен жүреді, аяқтарында шөл далада жүруге ыңғайлы аяқ киім, ал киім-кешегі басқа елдердің бітімгершілерінен қалыс қалмайды. Қазақ, орыс, неміс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген.

2006 жылы Қазбригаданың  ротасы НАТО өкілдері қатысқан  емтихан тапсырды. Олар рота жауынгерлерінің лингвистикалық дайындығы мен бітімгершілік операцияларда әрекет ету деңгейін тексерді.  Ирактағы бітімгершілік операцияларына қатысып үлгерген және стандарттарға сәйкес дайындықтан өткен «Қазбаттықтар» енді Қазақстанның жинақы әскери күштерін әскери іске үйретіп жатыр. Міндетті бағдарлама – бірігіп өткізілетін әскери жаттығулар, жаттығулар барысында қажетті дағдылар мен тәжірибе жинақталады.

Мұндай жауынгерлер  Қазақстан жерінде әлі де тым  аз. Алайда олардың жұмысын көрген бітімгершілік күштерінің генералдары контингентті бригадаға дейін өсіруді өтінді. Бүгінгі күні «Қазбат» «Қазбригке» айналды.

 

Қосымша №11

Даналық сөздер

 

Бауыржан Момышұлының  нақыл сөздерінен:

 

v Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң, жауды күйрете алмайсың.

v Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті.

v Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады.

v Ел үшін аянба – ерлігіңе сын, жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын

v Отан үшін отқа түс күймейсің.

 

Алтын анам, Отаным, сенен  аяр жаным жоқ, сенен үркер күшім жоқ,-деп ер қайратыңа мін дағы, өрге бас

                                                                                                    М.Әуезов

 

Ата жұрты бұқара

Өз қолыңда болмаса,

Қанша жақсы болса  да,

Қайратты туған ер ғаріп

                                              Асан Қайғы

 

Тауды биік демеңдер,

Талаптансаң шығарсың.

Жауды мықты демеңдер,

Ерлік қылсаң жығарсың.

                                            Н.Байғанин

 

Тыныш кезде бұзаудай момын бол, ұрыс кезінде аш қасқырдай шап!

                                                                            Рашид-әд-дин

 

Алып – жауда көрінер,

Байсалды –дауда көрінер

                               М.Қашқари

 

Ердің аты айқаста  шығады.

                                 Ю.Баласағұни

 

Ердің ұлы – соғыста

                           (Көне ұйғыр жазуы ескерткіші)

 

Батырлардың мықтысы  қарушы болады,

Жігіттердің сұлуы бауыршы  болады

                                           Құтып.

 

Қару-жарақ сайланса –  ат табылар, қаруын ұмытса - қапасқа түсер

М.Қашқари

 

Жауды төмен санасаң  – басқа шығар:

Жай қалдырсаң елемей аз жауыңды –

Жаулар елді, шағып  бір күн тауыңды.

                                                       М.Қашқари

 

Бытырай қашса жау  оңбас

                                         Ю.Баласағұни

 

 

Шоқпары бар жауға  темір қалқан сайла

                                           Ю.Баласағұни.

 

Бүгін атар оғың болса, ертең  жауың оқ ата алмайтындай қыл.

С.Сарайи.

 

Жау көргенде алып ер арыстан  болар.

                                         Ю.Баласағұни.

 

Қару-жарақ табылса, қарманып мінер табылар.

                                                        А.Йүгінеки.

 

Сауыт күші –қылышпен  қылшылдатып ұрғанда,

Аттың күші – жігітті  алып шығып тұрғанда.

                                                       Қорқыт.

 

Жаумен жағаласа түсу оңай, ажырасу қиын.

                                                  Рашид-әд-дин.

 

Осал көріп көп дұшпанның  дүрмегін,

Бос үмітпен қапы қалып  жүрмегін.

                                                Ю.Баласағұни.

 

Жау ақылын тыңдауға болады, алуға болмайды.

                                                            С.Сарайи.

 

Қашқан жауды көп  қума.

                                  Ю.Баласағұни.

 

Отан үшін күрес – 

Ерге тиген үлес

                        Мақал

 

Отаншылдық – ең ізгі сезім.

                                                   Л.Н.Толстой

 

Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған

                                                                                                      Ж.Ж.Руссо

 

Өз Отанын жан тәнімен  сүю – адамшылықтың асқар шыңы.

                                                                                                     В.Г.Белинский

 

Адам жүрексіз өмір сүре алмайтыны сияқты, отансыз да өмір сүре алмайды.

                                                                                                    К.Г.Паустовский

 

 

 

Әдебиеттер:

 

Аңызға айналған жеңімпаздар.- Алматы: Мектеп, 1984.- 144б.- (Әскери-патриоттық тәрбие кітапханасы)

 

Ахметжан Қ. Қазақтың дәстүрлі қару-жарағының этнографиясы.- Алматы: Алматыкітап, 2006.- 216б.- (Менің Қазақстаным)

 

Аяшев Ж. Сыдық Ысмайылов: Совет  Одағының Батыры, 81-атты әскер полкінің взвод командирі жайлы очерк.- Алматы: Жазушы, 1972.- 24б.

 

Бекенов Қ. Тағдырымның жазғаны.- Қарағанды, 2002.- 237б.

 

Ерлік: Әскери әңгімелер жинағы.- Алматы: Жазушы,1968.- 159б.

 

Кассиль Л.Жаяу әскер:Әңгімелер.- Алматы:Жалын,1976.- 23б.

 

Қазақстан Республикасының Конституциясы.- Конституция Республики Казахстан.- Алматы: Жеті жарғы, 2003.- 96б.

 

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері // Қазақстан Республикасы:Энциклопедиялық анықтамалық.- Алматы,2001.- Б.241-252

 

Қасымбаев Ж. Кенесары хан: Саясатшы және қолбасшы.- Алматы: Қазақстан, 1993.- 110б.

 

Нұршайықов Ә. Боздақтар.- Алматы:Санат, 2005.- 272б.

 

Рокоссовский К.К. Солдат парызы: Әскери мемуарлар.- Алматы: Жалын, 1983.- 360б.

 

Тарихтағы тұлғалы есімдер: Библиографиялық  құрал / Құраст.Мейрманова А.А., Әділбекова Ж.М., Атантаева А.А.- Алматы,

І-шығарылымы: Хандар.- 2002.- Б.72б.

ІІ-шығарылымы: Билер.- 2002.- Б.72б.

ІІІ-шығарылымы: Батырлар.- 2004.- Б.125б.

 

*     *     *

 

Сүлеймен Ғ. Ішкі әскерлердің өз туы бар // Егемен Қазақстан.- 1997.- 25 қазан(N210).- Б.3

 

Алтынбаев М. Кәсіби армия - мемлекет қауіпсіздігінің кепілі // Егемен Қазақстан.- 2006.- 25 қазан(№260-263).- Б.4

 

Алтынбаев М. Қазақстандық жауынгерлер  қаһарман майдангерлердің өнегесімен өз борышын өтеуге әзір // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр.- Б.2

 

Алтынбаев М. Қазақстанның кәсіби армиясы - жаңа мыңжылдықтың армиясы // Егемен Қазақстан.- 2006.- 6 мамыр(№101-102).- Б.1, 5

 

Аманжолов К. Қазақстанның қарулы күштері  және оның түрлері // Қазақ тарихы.- 1999.- N3.- Б.14-19

 

Әбділда Б. Әскер - ел қорғаны // Алматы ақшамы.- 1997.- 17 қазан

 

Әлиханұлы Ж. №1 Халық Қаһарманы: Армия  генералы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгіме // Егемен Қазақстан.- 2006.- 16 желт.(№311-314).- Б.9

 

Жеңіс жолының жалғастығы: (7 мамыр - Қазақстан Қарулы Күштерінің туған  күні. 1992 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығымен құрылған тәуелсіз еліміздің төл  әскері 13 жаста. Қаз. Рес. Қорғаныс министрі, армия генералы Мұхтар Алтынбаевпен сұхбат; Әңг.: Ж.Самрат) // Егемен Қазақстан.- 2005.- 7 мамыр(№97) – Б.99

 

Жұмабекұлы С.»Террористерді» тыпыр  еткізбеді. Қазақстан қарулы күштерінде // Егемен Қазақстан.- 2000.- 29 сәуір.- Б.4

 

Қазақ генералдары...ҚазақстанРеспубликасы Қарулы Күштеріндегі қазақ генералдары: (Осы жылдың тамыз айындағы дерек бойынша) // Ана тілі.- 1997.- 18 қырк.(N38).- Б.6

 

Қожа А. Иә, генерал Зайсанов Моңғолия әуе қарулы күштерінің қолбасшысы болған // Егемен Қазақстан.- 2003.- 24 қырк.- Б.6

 

Қазақстан Республикасының Заңы.

Қазақстан Республикасының қорғанысы  және Қарулы Күштері туралы// Егемен Қазақстан.- 2005.- №12 қаңтар(№6).- Б.4

 

Мәди А. Қазір он үміткердің біреуі ғана әскерге шақырылады // Алматы ақшамы.- 2006.- 5 желт.(№140).- Б.8

 

Мұхаммед- Қари Қ. Шәкірттерін ел қорғауға шыңдаған.: [Қазақстан Республикасы қарулы күштері Әскери академясының президенті генерал-майор Абай Бәлекбайұлы  Тасболатовпен сұхбат] // Жұлдыз.- 1997.- N10.- Б.151-153

 

Назарбаев Н. Әскеріміздің мәртебесі арта берсін!: [Қазақстан Қарулы күштеріне - 5 жыл] // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 мамыр.- Б.1

 

Нұрмағамбетов С. Бір тәулік сөйлесіп, қазақ жігіттерін оқытуға Мәскеуді зорға көндірдім: / Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, тұңғыш Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовпен әңгімелескен Б.Мерекенова // Алматы ақшамы.- 2006.- 6 мамыр(№51-52).- Б.8-9

 

Сандар сауал тастайды: [Қазақстан  бойынша:Халыққа білім беру; Экономика; Мәдениет; Денсаулық; Демография; Қаз.қарулы күштері; Сәулет; «Бөбек» қоры балаларға // Парасат.- 1997.- N1.- Б.4-5

 

Смайыл Е. Қорғаныс министрі: Халық  қаһарманы армия генералы Мұхтар Алтынбаев туралы бірер сөз // Егемен Қазақстан.- 2006.- 11 мамыр(№103).- Б.3

 

Смайылов Ә. Әлем елдері және әскери ынтымақтастық // Егемен Қазақстан.- 2006.- 6 желт.(№300).- Б.3

 

ТАСС. Қытаймен әскери ынтымақтастықтың жаңа тарауы ашылады // Егемен Қазақстан.- 1997.- 7 қазан.- Б.1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны:

 

Кіріспе ............................................................................................3

Қазақстан армиясы ........................................................................4

Қазақстан Армиясының қарулары ..................................................14

Ұлан туралы білесің  бе? .................................................................17

Тұңғыш қазақ генералы .................................................................20

Қосымша №1. Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығы

Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерін құру туралы ............22

Қосымша №2. Қазақстан  Республикасының Заңы: Қазақстан

Республикасының қорғаныс және Қарулы Күштері туралы .............24

Қосымша №3. Қазақстан  Республикасының Заңы:

Әскери міндеттілік  және әскери қызмет туралы ...............................35

Қосымша №4. Әбілқайыр  хан ......................................................53

Қосымша №5. Бөгенбай батыр ......................................................56

Қосымша №6. Аңырақай шайқасы .............................................59

Қосымша №7. Қазақстандықтар  Ұлы Отан соғысында ....................62

Информация о работе Қазақстан Қарулы Күштері