Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2013 в 19:36, дипломная работа

Краткое описание

Жеңіл автомобильмен қамтылу деңгейі бірқатар факторлармен анықталады, соның ішінде, халықтың тұрмыстық жағдайының деңгейі, елдің немесе ауданның климаттық ерекшелігі, қоғамдық көлік түрінің дамуы, қалалардағы көшелік-жолдық желінің жоспарлық ерекшелігі, гараж және тұрақтармен қамтылуы.

Оглавление

Кіріспе 7
1. Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы 8
1.1 Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жалпы сипаттамасы 8
1.2 Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциясы 16
1.2.1 ТКС жіктелуі мен қызметі 16
1.2.2 Дилерлік станциялар 19
2. Техникалық қызмет көрсету станциясының (ТҚКС) техникалық есептеу бөлімінің әдістемесі. 22
2.1 Бастапқы деректерді негіздеу 22
2.2 Қалалық ТҚКС жұмыстың жылдық көлемінің есебі 24
2.3 ТҚКС жол жұмыстарының жылдық көлемінің есебі 26
2.4 Жұмыстың жылдық көлемін түрлерге және орындау жерлеріне бөлу 27
2.5 Өндірістік және қосымша жұмысшылар санының есебі 29
2.6 Орындар санының есебі 32
2.7 Күту және сақтау авто-орындарының санының есебі 35
2.8 Ғимараттың құрамы мен ауданын анықтау 37
2.9 Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 39
2.10 Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 40
2.11 Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 41
2.12 Эксплуатациялық ресурстарға қажеттілікті анықтау 42
3. ТКС құрылымы 44
3.1 Негізгі аймақтар мен бөлімшелердің сипаты 45
3.2 Жұмыстың ұйымдастырылуы мен технологиясы 48
4. Конструкторлық бөлім 53
4.1 Арбалардың құрылымына шолу 53
4.2 Ось есебі 57
4.3 Пісіріп жалғау 59
4.3.1 Электрмен пісіру 59
4.4 Технологиялық карта 61
5. Машиналарды жөндеу және техникамен қамтамасыз ету кезіндегі еңбекті қорғау 64
5.1 Бөлшектеу және жинау жұмыстары 66
5.2 Өрт қауіпсіздігі 67
6. Жобаның техника-экономикалық көрсеткіштері 68
6.1 Көпқабатты автотұрақтың құрылысына кететін шығынды анықтау 68
6.2 Техникалық әсер етуді жүргізуге кететін шығындарды есептеу 69
6.3 Конструкторлық әзірлеменің экономикалық тиімділігін негізделуі 71
6.3.1 Стендте әзірлеу шығындарын есептеу 71
Қолданылған әдебиеттер 74
Қосымша

Файлы: 1 файл

дипломдык жоба.docx

— 796.97 Кб (Скачать)

Бұндай бақылауды енгізудің  бірінші кезеңінде автомобиль иелері кем дегенде екі жағымсыз проблемаға тап болды. Олардың біріншісі  — өндірістік қуаттың жетіспеушілігі, өйткені көлік иелері 15-30 минуттік техникалық байқау шарасына үш тәуліктей  уақыт өткізуге мәжбүр болды. Қазіргі  жағдайда бұл мәселе өз шешімін тапты. Мәскеуде 2000 жылдың өзінде Hoffman фирмасының 30 дай Sun құрал-саймандық бақылаудың автоматталған желісі компьютермен жұмыс жасады. Ал екінші проблема шетелдің баға жетпесэлектроникасы біздің онжылдық «Лада» және «Москвич» автомобильдеріне бұндай сынақтан өту мүмкіншілігін  бермеген.

Сонымен қатар, техникалық байқаудан 2-3 рет өткеннің өзінде табысты болуы екіталай, себебі қазіргі таңда аспаптық бақылауда ақаулы түйіндер мен жүйелердің жұмысының сапасы, технологиясы және жабдығы сәйкес келіп жұмыс жасаушылары әлі де аз. Жоғарыда қабылданған қаулыдан техникалық байқау пунктерінің өздеріне анықталған ақауларды реттеу мен жою жұмыстарын жүргізу тиым салынған. Отандық жабдықпен қызмет атқарушы кешенді ТКС техникалық байқау кезінде табысқа кепілдік беретіндей құрал-саймандық тексеріс алдындағы және сапалы реттеу жүргізе алмайды. Бұл міндетті өзіне алатындай қабілетті мамандандырылған диагностикалық орталықтар және ТКС қажет.

Тегіс қамти алатын аспаптық бақылауды енгізу үшін миллиардтаған  қаражат қажет. Бұл ауыртпалықты жарым-жартылай  мемлекеттен алу  үшін 31.07.1998 бастап №880 Үкімет қаулысы  конкурстық негізде мемлекеттік  техникалық байқауға заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің автомобильдерін  тартуға рұқсат етеді.

Сондай-ақ, аспаптық бақылау  орындарын автосервис кәсіпорындарына  жатқызуға болады, себебі олар белгіленген  бағамен қызмет көрсетеді. Бұл қызмет міндетті болып табылады. Аспаптық бақылауға ГОСТ Р 51709-2001 параметрімен қаралатын , қозғалыс пен экология қауіпсіздігіне әсер етуші автомобильдің конструкциялық элементтері, тетіктер мен жүйелері ұшырайды.

Демек, жақын арада жеңіл  автомобильдердің тетіктері мен  жүйелерін диагностикалау мен реттеуде келесідей кәсіпорындар құрылымы қалыптасуы мүмкін:

  • аспаптық бақылау орны (АБО) мен автомобильдің техникалық жағдайы;
  • мамандандырылған бақылаушы-диагностикалық реттеуші ТКС, ұқсас АБО;
  • электрондық жіберіспен қоректендіру жүйесін диагностикалау мен реттеу орындары,
  • басқарылған дөңгелектерді құру бұрыштарын диагностикалайтын және реттейтін орындар;
  • подвескаларды диагностикалау мен жөндеу станциялары;
  • автомобильдің ауыр-экономикалық және экологиялық (СО,СН) көрсеткіштерін диагностикалау мен реттеу станциялары.

 

Шина мен доңғалақтарды  жөндейтін  орындар

Шиналар автомобиль құрылысындағы  қымбатқа түсетін элементтердің  бірі болып табылады. Автомобиль қызмет атқарған уақытта оларға кететін  шығынның мөлшері автомобильдің  өз құнының 20%-не дейін жетеді. Сонымен  қатар шиналарды жөндеу мен қалыпқа  келтіру әдістерінің жетіспеушілігінен, олардың ресурстары 10-20% толықтай қолданылмайды. Сондықтан да шина мен дөңгелекті өз уақытында жөндеу көлік иелерімен  қоса оларға қызмет көрсететін автосервис кәсіпорындарына да ыңғайлы.

Шиналар мен дөңгелектерді  жөндеу орындары мамандандырылған автосервис кәсіпорындарының ішіндегі 90-шы жылдардың  басында пайда болған алғашқылары  болып табылады. Олардың саны мен  қуаты сұранысты толықтай қанағаттандырарлық деңгейге тез көтерілді. Бастапқы уақытта  олар АЗС мен ақылы тұрақтардың  жанынан пайда болды, ал кейіннен —жеке кәсіпорындар ретінде.

 

Жөндеу-зарядтау станциялары

Аккумуляторларға техникалық қызмет көрсету операциялары айтарлықтай  ерекше болғандықтан, оларды орындау  барысында агрессивті заттектермен (Н₂SO₄)  жұмыс жасалынатындықтан, оларға жоғары техникалық қауыпсіздік талаптары қойылады, сондықтан да жеңіл автомобиль қожайындарының көпшілігі өздігінен бұл жұмысты атқара алмайды. Бұның барлығы оларды автосервис кәсіпорындарының көмегіне жүйенуге итермелейді. Аккумуляторларды зарядтау мен ТК ақылы тұрақтар мен кешенді ТКС қосымша қызмет ретінде орындауы мүмкін, жоғары сапалы аккумуляторларды жөндеу мен ТК жұмыстарының барлық түрін жөндеу-зарядтау станциялары типтес маманданған автосервис кәсіпорындары жүргізеді.

Ал жөндеуге келсек, қазіргі  таңда аккумуляторға қатысты  қызмет көрсетумен айналысатын автосервис кәсіпорындарының көпшілігінде ол жүргізілмейді. Бұл қазіргі таңда аккумуляторлардың  құрылысы мен кәсіпкерлер мен  клиенттарға оларды жөндеудің пайдасыздығымен  түсіндіріледі. Әйткенмен бұндай аккумуляторларды техникалық жөндеу мүмкін, және егерде автосервис нарығындағы конъюнктура  оларды жөндеу пайдасына шешілсе, онда бұл қызмет түрі сұранысқа ие болуы  мүмкін.

 

Қорапты бояу мен  жөндеу жұмыстарымен айналысатын кәсіпорындар 

Жеңіл автомобильдер қорабын  бояу мен жөндеу автосервис қызметі  нарығында тұрақты сұранысқа  ие. Олар ең қымбат қызмет түрлерінің бірі болғандықтан, әлдеқайда табысты, сондықтан  да шанақты және бояйтын станциялар айтарлықтай тез өтеледі.

Шанақты ТКС жұмыстың толықтай кезеңі төрт бөлімшеден құралады: шанақты, бояу бөлімшесі, коррозияға қарсы өңдеу  және жапсырма. Бұндай бөлімшелер кешенді  ТКС да болады. Соңғы уақытта бұл  бағыттарда кәсіпорындар көптеп пайда  болуда.

 

Автомобильді  отынмен, майлау материалдарымен және арнайы сұйықтықпен қамтамасыз ететін кәсіпорындар

Автомобильді отынмен, майлау материалдарымен салқындату сұйықтықтарымен  және басқада арнайы сұйықпен және автоэксплуатациялық материалдармен қамтамасыз етуде автозаправка станциялары  қызмет атқарады. АЗС отын түрлеріне  байланысты отындар мен газтәріздес отын түрлерін беруде: бензиндік, дизельдік, құрамдасқан (бензин+дизельдік отын), газ толтырғыш (АГНС) және газ толтырғыш компрессорлық станциялар (АГНКС) (сығылған табиғи газ).

Газ толтырғыш компрессорлық  станциялары газомоторлық отынды өндірудегі, сақтаудағы және бөлудегі технологиялық  процесске сәйкес келесідей құрылымнан тұрады:

  • аккумуляторлар —газды сақтау ыдыстары;
  • газ желілеріне жалғаушы газөткізгіш;
  • газды дайындайтын сыртқы жабдықтар ( сепараторлар мен фильтрлар);
  • өндірістік-техникалық корпус.

Негізгі технологиялық құрылғылар: компрессорлық бөлімдер, ауа компрессорлар, суды немесе антифризді салқындату бөлімшесі, сорғы, трансформаторлық станция,желдеткіш  камерасы, реттеуші арматура бөлімшесі, тұрмыстық бөлмелер мен операторлық  өндірістік-технологиялық корпуста орналасады.

АЗС, АГНС және АГНКС оларға қойылатын техникалық,санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы және экологиялық  талаптардың жоғарылығынан, оларды жобалау  айтарлықтай күрделі  объекті болып табылады.

 

Жол кешеніндегі  автосервис кәсіпорындары 

Автосервистің басты бөлімінің  бірі жүргізушілерге, жолаушыларға және автомобильдерге жол үстінде  қызмет көрсету болып табылады. Бұндай қызмет көрсететін кәсіпорындар желісінің  қажеттілігі жолаушылар мен жүргізушілердің  ұзақ жолда демалуы мен тамақтануының  қажеттілігінен, заправка мен бұзылған автомобильдерді жөндеуден туындайды.

Қызмет көрсетудің қарапайым  жүйесі жолдағы демалыс орындарынан  құралады. Әдетте олар көлеңкелі жерлерде орналасып, туалетпен, жаңбыр мен күннен қорғайтын орындармен жабдықталады, олардың кейбіреулерінде автомобильді байқау мен жөндеу үшін эстакадалар  орналасқан. Қозғалыс қарқындылығы жоғары автомобиль магистральдарында жолдың әрбір жағында 5-10 км сайын ауданы 3-5 автомобильге келетіндей демалу орындары (шетелдік тәжірибеден) қарастырылады. Ал ірілеу тұрақтар 25-30 км сайын жабдықталады.

Жүргізушілермен олардың  автомобильдеріне дамыған жолдағы  қызмет көрсету жүйесі жолдық ТКС, АЗС, мотельдер мен кемпингтардан  тұрады.

Мотель—автомобильшілерге  арналған арнайы қонақ үй. Кәдімгі  қонақ үйден оның айырмашылығы құрамында  автомобильдер үшін гараж-тұрақтар біріктірілген. Сақтаумен қоса автомобильдерге  қызмет көрсетудің басқада азын-аулақ  қызметтерін көрсетеді, мысалы көлік  жуу.

 

 Өзіне-өзі қызмет  көрсету кісіпорындары

25%-ке дейін, ал технологиялық  тұрғыдан оңай жұмыстарға одан  да көп көлік иелері өз автомобильдеріне  өздігінен қызмет көрсетуді қалайтындығы  белгілі, алайда шындығында олардың  барлығы бұл мүмкіндікті жүзеге асыра алмайды.Негізінен бұның себебі—бір автомобильді ТК мен жөндеуге сатып алудың тиімсіздігінен, қажетті құрал-жабдықтың жоқ-тығы, не болмаса, бұл жұмыстарды орындауда әрбір автомобиль иесі қамта-масыз ете алмайтын жоғары экологиялық,санитарлық-техникалық және бас-қа да талаптар ТКС, гараж-тұрақтар,мотель,кемпинг және басқа да автосер-вис кәсіпорындары бұндай клиенттерден айырылып қалмау мақсатында өз-өзіне қызмет көрсету орындары мен бөлімшелерін ұйымдастырады.

Өзіне-өзі қызмет көрсету  принципі болып, клиентке белгілі бір  бағаға автомобилін өз күшімен ТК және жөндеуге жұмыс орны мен құрал-жабдық    беріледі. Бұл жағдайда жұмыс құны станция қызметкерлері орындағаннан    көрі әлдеқайда арзанға түседі (ТК—70-80%, ал жөндеу—екі-үш есе). Шетелде   өзіне-өзі қызмет көрсету түрі көптен бері қолданыста, ал біздің елімізде ол сол сияқты даму үстінде, және алдағы уақытта өзіне-өзі қызмет көрсететін    арнайы ТКС пайда болуын күтуге болады. Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, бұн-дай  станциялардың екі түрі қалыптасқан: шағын көлемдегі ТК мен диагностикалық әдісті пайдаланатын үлкен көлемдегі  ТК мен жөндеу стан-    лары. Ережеге сәйкес станциялардың бірінші  түрінде көлік жуу,автомобильді  майлау,отын, май және арнайы сұйықтықтар  құю,қосалқы бөлшектер мен ав-тоқажеттіліктерді  сату секілді жұмыстар орындалады. Қызметтер мен заттар-дың төлемі толықтай немесе жартылай автоматтандырылған болуы мүмкін.  Қосалқы бөлшектерді  сату, отын құю, көлік жуу тәулік бойы қызмет атқарады, ал ТК орындары тәулігіне 12 сағат жұмыс жасайды. Станцияның екінші түрінде әлдеқайда күрделі  қызметтер кешені орындалады.

Жұмысты ұйымдастыру мен  клиентті және оның көмекшілерін қадағалауды  белгіленген тәртіппен кеңесші-техник  орындайды. Бұл қызметке физикалық  жұмыстарды жасау қиын, бірақ автомобиль иелеріне жұмыс жасау барысында  қажетті кеңес бере алатын тәжірибесі мол зейнетақы жасындағы автосервистің  қарт жұмысшысы сәйкес келеді.

Жұмыстың алдында клиент техникалық қауыпсіздік нұсқаулығымен  танысады, техникке төленген талон  мен автомобильдің техникалық күәлігін тапсырады (құрал-жабдықты тапсырғаннан кейін жұмыс аяғында қайтарылады). Кейін көлік иесі техниктің бақылауымен  өз автомобилін жұмыс орнына қояды  да құрал-жабдық алады.

Кеңесші-техник жұмыс барысын  қадағалайды және қажетті жағдайда техникалық кеңес береді.

ТКС өзіне-өзі қызмет көрсететін орындар мен бөлімшелерді құру кәсіпкерлердің қызмет көлемін үлкейтеді, соған  орай табысты да, ал көлік иелерінің  жеке уақытын үнемдейді және шығынды  азайтады.

 

Пайдаланылғаннан  кейін автомобиль құрылымындағы  элементтерді пайдаға асыратын кәсіпорындар

Жыл сайын дүние жүзінде 27 млн-ға дейін автомобильдер өз қызметін   аяқтап, утилизацияға түседі. Автомобиль күрделі техникалық бұйым болып табылады, оның бөлшектері мен элементтері ондаған түрлі материалдардан жасалынады, пластика мен резеңке-техникалық бұйымдардан бастап, түрлі-түсті және де қымбат металдарға дейін. Сондықтан да оны пайдаланғаннан кейін утилизация жасау тиімді.

Соған орай өз қызметін аяқтаған автомобиль құрылымындағы бөлшектер  мен элементтарды пайдаға асыруға  дайындау және жинау үшін кәсіпорындар жүйесі қажет. Соның ішінде автомобильді тұтастан бөлшектеуге қабылдайтын  кешенді кәсіпорындар қажет.

Автомобильді утилизацияға дайындау мен бөлшектеу барысындағы  қызмет түрлерінің үлгісі:

  • бөлшектеу орнына жеткізу;
  • оның бағасын анықтау мен көлік иесіне құнын төлеу;
  • агрегаттар мен жүйелерден майлар мен арнайы сұйықтықтарды құйып алу,
  • автомобильді бөлшектеу,бөлшектерді материал түрлеріне байланысты сорттау;
  • пайдаға жарамды бөлшектерді анықтау;
  • көлемді бөлшектерді пресстеу;
  • материалдардың әр түрлерін сәйкесінше қажетті кәсіпорындарға тапсыру (сату);
  • орынды бағаға ұсталған бөлшектерді сату.

 

 

    1. Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциялары

 

 

      1. ТКС қызметі мен жіктелуі

 

Автомобильге техникалық қызмет көрсету станциялары (ТКС) автомобиль сервисіндегі кәсіпорындардың басты  үлгісі болып табылады. Қазіргі заманғы  ТКС келесідей қызмет түрлерін көрсетеді: автомобильді сату мен жаңа және ұсталған автомобильдерге сату алдындағы  қызмет көрсету; қосалқы бөлшектерді, пайдаланылған материалдарды сату; кепілдік және одан кейінгі пайдаланылған  уақыттағы ТК мен АЖ; агрегаттарды күрделі жөндеу және автомобильді қалыпқа  келтіру, соның ішінде (автомобиль шанағының) ЖКО кезінде пайда болған автомобиль шанағының зақымданған жерін  түзету.

Информация о работе Автомобиль көлігі кәсіпорындарының жағдайы мен жетілдіру жолдарының құрылымы