Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

әлеуметтік жұмыстағы пкдргогтің кәсіби бейнесі крсетіледіфКурстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.Әрбір адам қоғамда өмір сүріп,өзгелермен экономикалық,саяси-әлеуметтік, кәсіптік-этикалық және басқа қарым-қатынастарға түседі.Табиғат заңдарын адам қаншалықты жақсы білуі керек болса,әлеуметтік қарым-қатынас механизмдерін де,немесе адамдар арасындағы қатынастар заңдылықтарын да соншалықты жақсы білуі қажет.

Оглавление

Кіріспе 3
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Әлеуметтік педагогтың мәдениетінің мәні мен маңызы 4
Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары 7
Педагогтың қасиеті мен оның түрлері 8
Қазақстан Респубикасындағы педагогтың жұмысының барысын талдау
Қазақстан Республикасындағы педагогтың заңнамалық құжаттары 11
Қазақстандағы педагог маманының ерекшеліктері 13
Педагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері 15
Қазақстандағы педагог қызметкердің жұмысын жетілдіру мәселесі
Әлеуметтікпедагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдіру мәселелері 18
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдірудегі шет ел тәжірибесі 20
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетінің жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 62.84 Кб (Скачать)

Әлеуметтік педагогиканы зерттеу жұмыстарының тиімділігімен табыстылығы – оны танып білуде қолданылған теориялық көздері, ой-пікірлері, әдістері мен тәсілдері,технологиясымен тағы басқа қолдануына байланысты.

Осыған орай Звягинский мынадай бес негізгі теориялық көздерді белгілейді:

1) Қоғамның әлеуметтік тапсырмасымен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірдің сәйкестігі;

2) Адам  туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешенді түрде қолдануына (мысалы,педагогика,психология,әлеуметтану,медицина);

3) Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;

4) Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ықпал ету әлеуметтілігі;

5) Әлеуметтік сферада жұмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуметі - әлеуметтік педагог, әлеуметтік кызметкер, әлеуметтік психолог тағы басқа жұмыс нәтижелерінің тоғысуы.

Міне, осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор. [6]

 

1.3 Педагогтың қасиеті мен оның түрлері

Әлеуметтік педагогтың қызметі жұмыс сипатына қарай жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы мекемелерде, жеке адамдармен жұмыс деп бөлуге болады,ал жұмыс объектісіне қарай мінез-құлқы нормадан ауытқыған балалар немесе жастар деп көрсетуге болады.

Әлеуметтік педагогика адамды бала кезінен тәрбиелеуге, өмірде дұрыс бағыт алуға, өзі - өзін тәрбиелеу керектігінен міндеттейді. Ол адамды қылмыс жолына түспеуге, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға, ішкіш, нашақор болудан бас тартуға тәрбиелейді. [8]

Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс нысаны өзінің толыққанды дамып жетілуіні әлеуметтік қорғау мен қолдауды қажет етуші  бала және адамдар болып табылады. Осыған байланысты, әлеуметтік педагог маманы баламен жұмыс істеу барысында оның отбасымен, тәрбиеленіп жатқан шағын ортасымен, дамуына және қалыптасуынаәсер ететін түрлі факторлармен, қоғамдық институттармен бірлесе отырып іс-әрекет құрады. Аталған бірлестік іс-әрекеті оның бекітілген жұмыс жолдарында міндетті түрде белгіленеді. [9]

Әрбір кәсіби маман бойында мынадай қасиет болуы тиіс: 
- адамгершілік; 
- сыйластық;  
- адамды барлық ерекшеліктерімен қабылдау;

- кішіні ізеттеп,үлкенді құрметтеу;

- өз мамандығына деген қызығушылық;

-  өз ісіне жауаптылық т.б қасиеттер.

Себебі, әлеуметтік педагогтың қолында әр адамның тағдыры,

сондықтан ол өз ісіне жауапты әрі тұрақты болуы тиіс. Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де, ол адамдардың әр қайсысымен жеке-жеке жұмыс атқарады.[3] 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IIҚазақстан Республикасындағы педагог жұмысының барысын талдау

 

          2.1Қазақстан Республикасындағы педагогтың  заңнамалық құжаттары

 

Елімізде, егемендікке қол жеткізгеннен кейін, 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 2000 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Президенті Жарлығымен “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері”. Кодекстің негізгі идеясы – мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болғандықтан, олардың адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылды. 2008 жылғы 29 желтоқсанда «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы негізгі заң», 2009 жылы 25 қарашада «Әлеуметтік қызметтер стандарттары»әлеуметтік қызметкерлерге нормативтік – құқықтық заңға сай құжаттар қабылданды.

 Қоғам үшін мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде, -

  • Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға;
  • Өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға, Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
  • Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республика-сының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуі тиіс.[10]

 

 

 

2.2Қазақстандағы педагог  маманының ерекшеліктері

 

Мамандық –  жоғарғы  оқу орнында меңгерген, тұлғаның білімі мен практикалық біліктілігі  арқылы өзінің арнайы дайындығы мен  жұмысының ұтымдылығын көрсету.[11]

Мамандықтың даму логикасы мынада біріншіден, қоғамға белгілі  бір қажеттіліктердің туындауынан  басталады.Ары қарай оны практикалық  біліктілік арқылы дамыту. Мамандықтың  теориялық базасы дайындалады, кейін  мамандар дайындаудың мақсаттары қойылады. Әр түрлі ғылыми жұмыстар,монографиялар,оқу  методологиялық әдебиеттері, профессиональды  ұйымдар құрылу, мұның барлығы  маманды ғылыми бағдар арқылы дайындау.

Қазіргі әлемдік практика бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы  қоғамдағы тепе –теңдікті сақтау үшін қажет.Қазіргі заманда қоғамдық ауыр дерттер қатарында, - СПИД, нашақорлық, маскүнемдік, улы затқа елту, ақша салынатын ойын, т.б. зиянды әуесқойлықтар адамдарды баудай түсіріп, бұзып, қыруда. Осы күрес майданында, - адам баласы әдепке мойын ұсынып, аман қала ма, әлде әлеуметтік апаттың құрбаны болып, құрып кете ме, - деген сұрақ шешілу үстінде.

Дәрулік қымызы, шұбаты болған, арақты аузына алмаған, насыбайшыны  – нәжіс жеуші есептеген, өкпесін  темекі түтініне ыстайтындарды, - «апиыншы»  атаған, ортаға қоспаған, - қазақ ұлты алдында, өз елінде, мемлекеттінде әлеуметтік психологиялық реабилитация орталықтарын ашып, адамдарды әдепке бейімдеу, емдік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау сияқты шаралар жүргізу міндеттері пайда болды. Аталған қоғамдық жағдайдың түп-тамырына үңілсек, мынаны ашық айтуға тура келеді.

Біріншіден, - қазіргі заман  қоғамының шектен тыс коммерциялануы, адам ой-санасына орасан зор негативтік әсер етті.

Екіншіден, - жеке бастың да, әлеуметтік топтардың да күрделі  экономикалық әділетсіздік, рухани әдепсіздіктерге  тап болуы, өрескел әдепсіздікті, - жан, тән қажеттіліктерімен ақтаушылық белең алды.

Үшіншіден, - адамның рухани және өмірлік қажеттіліктерге асқан  мұқтаждығы нәтижесінде, азғындық идеологиясы  ашықтан-ашық ақпарат құралдары  арқылы адамдардың санасына құйылуда.

Осының бәрі жинақтала  келе, ар-ұяттық адами құндылық аяққа  тапталып, аталған теріс факторлар  жеткіншектердің кейбір  топтарының, қоғамның белгілі бір бөлігінің  өмірге бейімделе алмауына – дезадаптацияға әкеліп соғуда.

    • Әлеуметтік-медициналық,заңдық,психологиялық-педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершіліктік, күш пен психикалық денсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен адамдарды анықтауға,-
    • Оларға қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге қиындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуде және әлеуметтік қорғауға,-
    • Көмек қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік – экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге,-
    • Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің үйдегі жұмысы туралы еңбек келісім-шартын жасау және отбасы тәжірибесіне көмек көрсетуге,-
    • Әлеуметтік мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге,-
    • Қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқитын тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге,-
    • Кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге,-
    • Отбасына, жетімханаларға әлеуметтік көмек көрсетуге орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және тағы басқа құруға, қатысуға міндетті.

 

2.3  Әлеуметтікпедагогты  кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері

 

Қазақстан Республикасында тәуелсіздігі жарияланғанға дейін, әлеуметтік жұмыс жеке кәсіптік жұмыс деп қаралған жоқ. Елде «Коммунизм құрылысшысының моральдық Кодексі» болды. Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде Қазақстан мемлекеті, инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында, әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Елімізде, мемлекеттік қызметшінің ар-ождан Кодексі, - негізгі бағдарлық құжат болғанмен, ол заңнамалық күшке ие емес екенін айта кету қажет. Қоғамдық өміріміздің негізгі құжаты Қазақстан Конституциясында «қоғамдық имандылыққа нұсан келтірмеу...» жөніндегі 12- баптың 5- тармағын, - «имандылық» терминін «инабаттылық».[12] Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған қандай да болмасын мемлекеттік құжат, әлеуметтік жұмыстағы қарама-қайшы болмауы шарт. Қабылданған заңдарға, жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен, заңнамалық жүйе – жеткіліксіздігімен ерекшеленіп отыр. Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға, кәсіптік-этика дәрежесінің артуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігі туындайды.

1992 - жылы қабылданған «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң;

1998 – жылы қабылданған  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң;

2003 жылы қабылданған «Міндетті  әлеуметтік қамсыздандыру туралы»  Заң және т.б.

Қазақстан Республикасындағы  Білім беру саласындағы әлеуметтік педагогтарға арналғана заңнамалық құжаттардың негізгілері,-

    • “Білімтуралы”
    • “Кемтарбалалардыәлеуметтікжәне медициналық – педагогика-лық түзету арқылы қолдау туралы”
    • “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы”,
    • “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы”,
    • “Кәмелеткетолмағандарарасындағықұқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы”

ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңдарын, арнайы педагогика, психология жәнеәлеуметтікжұмыснегіздерінбілуталапетіледі.

 

әлеуметтік-педагогикалық менталитеті (ішкі жан дүниесі, ақыл-ойы, көз қарасы) белгілі бір тұғырға тіреген,құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі, өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс-тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. [13]

Маман ретіндегі әлеуметтік педагогтың жеке ерекшеліктеріне тоқталатын болсам, оларға байқампаздық, алдын-ала сезе білуі немесе интуициясының дамығандығы, басқалардың жетістігі, қайғы қуанышына сезімтал, әр түрлі шарттар мен жағдайлардан шығудың жолдарын шұғыл және дұрыс таба алу сынды қасиеттер тән. Басқа адамдардың қал-жағдайынсұрау талаптарын түсіне алатын және өзін-өзі басқару мүмкіндігі мол, мәдениетті адам болуы тиіс.

 

 

Қорытынды

 

Әлеуметтік жұмыстың қазіргі кездегі ең күрделі мәселесі– мамандар. Оның осы бағытта жүргізілетін, басқа да, туыстай жақын істермен бірігіп кететінінен көреді. Мысалы, негізгі қаражаттық ағын жүргізілетін мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұмысы - әлеуметтік жұмыспен бірге қарастырылатындықтан, соңғысына көптеген тиіссіз өкпе-наз, сын айтылып жатады. Сол себепті, әлеуметтік педагогтарды дайындауда, оларға педагогтарға ұсынылатын тәсілдемелер оқытылады. Әлеуметтік мемлекетті орнықтыруды басты бағыт деп алға қойған Қазақстан Республикасында тұрғын халыққа түрлі жәрдемақы, зейнетақы, бонус, жеңілдік түрінде әлеуметтік көмек жасалады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты әлеуметтік қамсыздандыру, мен әлеуметтік қорғау ісіне құйылады да, олардан гөрі жекелік түрге жақын,     әлеуметтік жұмыстың қаржылануы төмен күйінде қалуда. Әлеуметтік жұмыстың заңнамалық реттелуі – оның құзырлық кепілі. Мұның өзі кәсіптік-этика бұзылуы жағдайында, істің заңды шешілуінің кепілі деген сөз. Кеңестік кезеңде жалпылай мемлекеттік қамқорлық, әлеуметтік масылдық нәтижесінде, адамдар тұрмысының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдептік ұстанымдары жойылуға жақын қалды. Қоғамда радикалдық гедонизм, қаскөйлік, зорлықшылдық, эскапизм, мещандық көзқарас белең ала түсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Холостова Е.И.Социальная работа, М., 2006
  2. Канке.В.А. Современная этика, М., «Омега-Л», 2008, с.372
  3. Халитова Ч.Р «Әлеуметтік педагогика»оқу – құралы,Алматы Білім 2007 ж
  4. ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет»заңы
  5. Конфуций. На пути к современной цивилизации. М.,Просвещение, 1992, с.14/.
  6. ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет»заңы
  7. М.Тілеужанов. Қазақ тағылымы. Орал, 1994, 4-5 б./
  8. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А., Рауан, 1994, 89-90 бб
  9. Қорқыт ата кітабы. А., Жазушы, 1986, 7-10 бб
  10. Конфуций. На пути к современной цивилизации. М.,Просвещение, 1992, с.14/.
  11.    Қазақстан Республикасының Ата Заңы. А., Юрист, 1995 ж.

Информация о работе Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі