Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 14:58, курсовая работа

Краткое описание

әлеуметтік жұмыстағы пкдргогтің кәсіби бейнесі крсетіледіфКурстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.Әрбір адам қоғамда өмір сүріп,өзгелермен экономикалық,саяси-әлеуметтік, кәсіптік-этикалық және басқа қарым-қатынастарға түседі.Табиғат заңдарын адам қаншалықты жақсы білуі керек болса,әлеуметтік қарым-қатынас механизмдерін де,немесе адамдар арасындағы қатынастар заңдылықтарын да соншалықты жақсы білуі қажет.

Оглавление

Кіріспе 3
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Әлеуметтік педагогтың мәдениетінің мәні мен маңызы 4
Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары 7
Педагогтың қасиеті мен оның түрлері 8
Қазақстан Респубикасындағы педагогтың жұмысының барысын талдау
Қазақстан Республикасындағы педагогтың заңнамалық құжаттары 11
Қазақстандағы педагог маманының ерекшеліктері 13
Педагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері 15
Қазақстандағы педагог қызметкердің жұмысын жетілдіру мәселесі
Әлеуметтікпедагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдіру мәселелері 18
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдірудегі шет ел тәжірибесі 20
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетінің жетілдіру жолдары 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 26

Файлы: 1 файл

курстық жұмыс.docx

— 62.84 Кб (Скачать)

 

 

 

 

«Жалпы  және әлеуметтік педагогика» пәнінен

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2012

 

 

 

                                      Мазмұны

 

 

 

 

 

Кіріспе

3

I

 ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

 

1.1

 Әлеуметтік педагогтың  мәдениетінің мәні мен маңызы

4

1.2

Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары

7

1.3

Педагогтың қасиеті мен оның түрлері

8

II

Қазақстан Респубикасындағы педагогтың жұмысының барысын талдау

 

2.1

Қазақстан Республикасындағы педагогтың  заңнамалық құжаттары

11

2.2

Қазақстандағы педагог  маманының  ерекшеліктері

13

2.3

Педагогты  кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері

15

III

Қазақстандағы педагог қызметкердің жұмысын жетілдіру мәселесі

 

3.1

Әлеуметтікпедагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдіру мәселелері

18

3.2

Әлеуметтік педагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдірудегі шет ел тәжірибесі

20

3.3

Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетінің жетілдіру  жолдары

21

 

Қорытынды

24

 

Пайдаланылған әдебиеттер

26


 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.Әрбір адам қоғамда өмір сүріп,өзгелермен экономикалық,саяси-әлеуметтік, кәсіптік-этикалық және басқа қарым-қатынастарға түседі.Табиғат заңдарын адам қаншалықты жақсы білуі керек болса,әлеуметтік қарым-қатынас механизмдерін де,немесе адамдар арасындағы қатынастар заңдылықтарын да соншалықты жақсы білуі қажет.

Әлеуметтік жұмыста кәсіптік қызметкердің әдепті,сыпайы,білімді, мәдениетті,білікті болуы кәсіптік талап  болса,қызметкердің болмыстық деңгейі мен жан-дүниесінің тазалығына, әлемдік өркениет құндылықтарына тікелей байланысты.Адамдар қауымдастығы өмірдің жақсы деңгейіне ұмтылғандаоларға-мыңдаған ғасырлар бойы жинақталған адами құндылықтарға,өз заманының жаңа құндылықтарына, әдеп, мораль, кәсіптік-этика ұстанымдарына берік болуы керек болады.

Курстық жұмыстың мақсаты-әлеуметтік жұмыс туралы теориялық және маңызды практикалық іс-тәжірибе негізінде,қазіргі заман талаптарына сай кәсіптік-педагогикалық ерекшеліктеріне талдаукөзделді.

Осындай мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:

-    Әлеуметтік педагогикалық мәдениетінің мәні мен маңызын ашу;

-  Қазақстанда әлеуметтік педагогиканың заңнамалық құжаттарына сипаттама беру;

-  Әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктерін негіздеу;

-  Әлеуметтік педагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістерін салыстыру;

-  Әлеуметтік педагогтың кәсіптік-мәдениетін жетілдіру мәселелерін ұсыну;

-  Қазіргі әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үлгілерін беру.

Курстық жұмыстың зерттеу нысанасы–Еліміздегі әлеуметтік педагогтардың өз жұмысындағы педагогикалық  ұстанымдары.

Жұмыстың құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден,негізгі және қорытынды бөлімнен,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі,зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалады. Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде айтылған ойлардан тұжырымдар мен ұсыныстар берілді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I ӘЛЕУМЕТТІКПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

 

1.1Әлеуметтік педагогтың мәдениетінің мәні мен маңызы

 

 

Әлеуметтікпедагог баланы,жастар мен қарттарды,ересек адамдарды әлеуметтіндірудің заңдылықтарын зерттейді. Бірақ,көбінесе қарастыратын нысанының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгешелігіне байланысты келеді.Мысалы, қарттармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс,жастар арасындағы жұмыс,мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс деген секілді көптеген салалармен тарауға бөленеді.Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік түсі–адамның әлеуметтік жағдайы.Сондықтан біз бұл жерде ең басты объект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз,біз әлеуметтік педагогика баланың білім– тәрбие алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді.Басқаша айтқанда адамдардың білім алуына,әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына,білім, мәдениет,тағы басқа қоғамдық институттардың тигізетін әсерін зерттейтін ілім деуге болады.

Әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, тәжірибелік практикалық іс-шаралары бар.Қандайда ғылыми теория болмасын,ол тәжірибеге сүйеніп дамиды,яғни жұмыс тәжірибесінен оның теориялық анықтамалары қалыптасады.Олар әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлерге тиесілі.Олардың жүргізетін іс-шаралары адамдарға белгілі бір топқа тигізетін әсерін анықтауға кедергілерді жоюға және күйзелістен шығуға көмектесуге бағытталған

Мәдениет танушылық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік педагогты адамдардың әлеуметтік–педагогикалық тәжірибесінің адамгершілік пен рухани мәдениетінің,шығармашылық пен қарым-қатынастың нәтижесі ретінде түсіндіре отырып,ұрпақтан-ұрпаққа мәдениет тасымалдаушы деп қабылдаған өте маңызды. [1]

Кез келген саладағы әлеуметтік педагогтың кәсіби құзіреттілігіне жоғары  талаптар қойылады.Ол тек педагогикалық тұрғыдан әрекет етіп қана қоймай,сонымен қатар түрлі жағдайларға байланысты әлеуметтік әрекеттердің басқа да түрлерін меңгеруі керек. Педагогикалық құзіреттілікпен қатар саяси,әкімшілік,медициналық және эканомикалықта құзіреттіліктерді де игеруі тиіс.Себебі оның іс-әрекеті осы салалармен тығыз байланысты.

Мәселе бойынша арнайы әдебиетті таңдаудың нәтижесі көрсеткендей,әлеуметтік қызметкердің кәсіби әрекеттері келесі мақсаттарды көздейді:

    • жеке мәселелермен олардың себептерін анықтау;
    • мәселелі жағдайларды алдын алу;
    • қызметкерлерге білім беріп тәрбиелеу;
    • жеке және әлеуметтік қиыншылықтарымен күрес жүргізу; қоғамдық оңтайлы жағдайларды құру және осындай жағдайларды құруға қатысу;
    • жағдайы нашар отбасыларына,олардың балаларына оқу-тәрбие алу үшін материалдық көмекті ұйымдастыру;
    • білімге деген қабілеттерді зерттеу;
    • қоғамдық өмірге қатысуға және әлеуметтік құқықтарды дұрыс қабылдауға дайындау;
    • басқалармен араласуға,бағыт бағдар алуға, жауапкершілікке, --өзін-өзі сыйлауға және сабырлыққа дайындау;

- педагогикалық білімнің ізгілену кезінде болашақ маманның жеке тұлғасына оның адамгершілігін, мәдениеттілігін және кәсіби білімділігін қатар қалыптастыра отырып, оларды бір тұтас дамыту;

- әлеуметтің дамуы мен жұмыс істеуінің жаңа тенденцияларын есепке алу;

- педагогикалық білімнің, педагогикалық оқу орындарының тіршілігіндегі барлық істің демократиялануы;

- педагогикалық білімді оның тәжірибесімен өзара байланысты тұғырландыру;

- қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес және болашаққа болжам жасай отыра, әлеуметтік педагогтарды дайындау жұмысының түрлерін, оның әдістемесін, мазмұның жаңартып, толықтырып отыру.

         Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік-педагогикалық менталитеті ( ішкі жан дүниесі, ақыл-ойы, көз қарасы ) белгілі бір тұғырға табтіреген,құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі, өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс-тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. Менталитет дегеніміз – адамның әлеуметтік – мәдени тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырып, белгілі бір ұйымға, топқа, қауымға, жас ерекшеліктеріне, жынысына не болмаса ортақ мүдделеріне қарай бірігуі.

         Кәсіби менталитет дегеніміз – білімі, түсінігі, қызметі, кәсібі бойынша өзінің жеке мінездемесі бар және соған сай куелетін белгілері бар адамдардың, кәсіп иелерінің топтасып бірігуі. [2]

        

        Айтылғандардан басқа мынадай кәсіби біліктілікті дамытуы тиіс: адамдармен қарым-қатынас орната білу;жылдам және қоян-қолтық араласып кету немесе үйірсектік;бауырмашылық пен адамгершілікті, мәдениетті, мейірімді, адамдар үшін жанашыр бола алатын кең пейілді; болашаққа сенімді; адамдармен жұмыс істеуге, істес болуға бейімді, өз ойын білдіре алатын; белсенді де жігерлі, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдей алатын;тосын және тұтқиыл жағдайлардан ұтымды жол таба білетін; ұстамды және жүйке жүйелерінің қозуы мен тежелуі үрдістерін басқара алатындай маман болуы керек.[3]

        Шетелдік әлеуметтік кызметкер, әлеуметтанушы, әлеуметтік психолог және педагог ғылымдардың зерттеулеріне назар аударсақ, әлеуметтік қызметкердің және әлеуметтік педагогтың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы келесідей пікірлері айтылған. Мысалы, Англияда зерделік – дамудың ең жоғарғы деңгейі, өзін-өзі реттей алатын және жеке тәртібі, талаптылығы, жігерлігі, қиын сәттерде адамдарға жәрдем бере алатын, сезімтал және ақыл парасатының жоғарлығында деп белгіленген.

        Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті көп қырлы және сан алуан. Әлеуметтік қызметкер қайда, қалай, қандай контингентпен жұмыс істесе де, ол адамдармен жұмыс істейді, соның ішінде балалармен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшелігі бар. Эмоционалды сфераға – эмоциясының мығымдығы, оң ниетінің басым болуы, күдіктілігі мен күмәндылығының орны дәрежеде болуы, психологиялық сілкіністер мен қақтығысы ахуалдарды шұғыл да ұтымды шеше білуі керек. 

 

1.2 Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары.

 

Алдымен әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, ұстаным дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға табан тірейтін, басшылыққа алынатын негіз.

Әлеуметтік педагогтың үш негізгі ұстамы бар:

  1. жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
  2. қоршаған ортаның мәдениетін; басқада ерекшеліктерін есте ұстау;
  3. ізеттілік қарым-қатынас орнату арқылы ықпал ету.

Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда әлеуметтік қызметкер адамның табиғи ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді.

Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін мынандай ережелерді қолдану тиіс:

  • баланың жас ерекшелігін ескеру;
  • баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
  • баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру;
  • өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.

Кез келген білім саласының ғылымилығы – оның зерттелуі, теориялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формулалары, заңдылықтары мен анықтамаларының нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау -  ғылымдардың және басқа да зерттеуші – қызметкерлердің танып білу іс-әрекетінен тұрады.

Оның екі түрі бар: тәжірибелік және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол – мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің және басқада зерттеушілердің тәжірибе жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, асперанттар, мұғалімдер, жалпы педагогтар тағы басқа жүзеге алады.[4]

Ғылыми зерттеулердің бұл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланысты. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибе жұмысында білім ғылымның жетістіктері қолдалынылып, зерттеуді одан әрі нәтіжелі ұйымдастыруға негіз бола алады.

Ғылими негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын анықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мұқтаж адамдардың, жетім- жесір, қарт, қараусыз қалғандар мен үй-күйсіз қалғандарға назар аударылып, олардың адамша өмір сүруіне жағдай жасаудың, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.[5]

Информация о работе Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі