Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:13, реферат
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы сұрақ туындайды.
Кіріспе 2
Отбасы туралы жалпы ұғым 3
Отбасы социологиясының пәні болып не табылады? 4
Неке дегеніміз не? 4
Отбасы түрлері 6
Отбасы әлеуметтік институт ретінде 9
Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері 11
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың мәні 13
Отбасының заман талабына сай мәселелері 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 19
Отбасының ішкі қатынастары өз күн көрісі мен толық жарамды азамат тәрбиелеу үшін үлкен жауапкершілікті өз бетінше реттейді.
Жаңа жағдайға қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік инститтут ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторларджан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселелермен ұшырасады.
Қазақстанда бала туу үдерісінің күрт төмендеуі жай өндіруді қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейден төмен әрі тез құлдырайды. Балалы болуға қалыптастыруға отбасы өмірінің жағдайы көп әсер етеді, сонымен бірге отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы отбасының өзінің субъективтілігі ретінде бағаланады.
Қазақстан әйелдері үшін басқа елге де тән туу ерекшелігі байқалады: білім деңгейінің өсуімен туудың төмендеуі .
Туудың негізгі өзгерістері балалардың идеалды және ықыласты саны сияқты сипаттарының жай өзгеруінен көрінеді. Барлық әйелдер үшін балалардың идеалды саны 2,8; күйеуге шыққан әйелдер үшін – 3,0 болып табылады. Біздің елімізде, әсіресе оңтүстік аймақтарда әйелдерге бөгет жасайтын кедергілер еркек пен әйел арасындағы теңсіздік болып табылады. Отбасын жоспарлау мәселесі үнемі әйелге байланысты болмайды.
Бала туумен тәрбиелеу күнделікті мәселелерді шкшуге байланысты дәстүрлі қызметтермен қатар отбасы қазіргі өмірдегі тез өзгеретін, қиын жағдайларда адамға күн көріп кетуге көмектесетін сенімді психологиялық “баспана” болып танылған.
Қазіргі уақытта өмір сүру деңгейінің мәселелері қазіргі заманғы отбасының күйзеліс беталысын айқындап отыр, оған мыналар тән:
Қазақстанда соңғы үш жылда отбасы шамасы қықаруда, бұл мына факторлармен байланысты:
Қазақстанда үкіметтік емес және халқаралық ұйымдардың қолдауымен әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді, аса мұқтаж отбасыларына материалдық қолдау көрсететін, әлеуметтік психологиялық қолдау жасайтын әлеуметтік қызметтер мен агенттіктер ойдағыдай даму үстінде. Осы деректер әлеуметтік жұмыс беделін көтерудің, әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекетінің қажеттілігінің айғағы.
Өскелең ұрпақты қоғамның әр түрлі жағдайларына бағыттап, тәрбиелеу – қазіргі уақытта басты мақсаттардың бірі. Тәрбие көп факторлы процесс дейтін болсақ, оны жүзеге асыруда әр түрлі әлеуметтендіру институттары өз үлестерін қосатыны белгілі. Солардың бірі және бастысы да отбасы. “Отбасы – жеке тұлғаны әлеуметтендірудегі маңызды институт. Алғашқы әлеуметтік әсер етідің тәжірибесін де адам осы отбасынан алады.”, - дейді ресейлік ғалым А.А.Реан. Ал қазақстандық ғалым О.Нұсқабаевтың зерттеу еңбегінде бала отбасында еңбекшілдікке, әдептілікке, кішпейілділікке, жинақылыққа, өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған мінез-құлық пен тәртіп мәдениетіне үйретілетіні айтыла келіп, отбасы жас ұрпақты жеке тұлға ретінде қалыптастырудың қайнар бастауында тұрғанын баса көрсетеді. Бұдан біз балаларды қоғамға бейімдеудің басты күші отбасы екенін толық аңғаруымызға болады, яғни отбасын әлеуметтендірудегі негізгісі деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Ал әлеуметтенуге “Социологиялық-энциклопедиялық сөздікте” төмендегіше анықтама берілген. Әлеуметтену – жеке адамның өзі сүріп отырған қоғамға бейімделу іс-әрекеті, қимылы.
Бала тәрбиесінде халықтық тәрбиенің рөлін бұрыннан насихаттап жүрген көрнекті ақын Мұзафар Әлімбаев бұл тұрғысында былай дейді: “Ұядай ғана үйде өскен ұлан бүкіл әлемге жол тартады. Жол бастауы – отбасы. Ұзақ өмір кітабының әліппесі – отбасы тәрбиесі”. Бұл ойды таратып айтатын болсақ, баланың болашағын ата-ана ерте бастан ойлап, оның сол ұяда мәңгілік бала күйінде қала бермейтіні, ертең-ақ ер жетіп азаматтық өмірі басталатынын үнемі естен шығармауы керек. Баланың болашақта азамат ертінде сол өзі өмір сүріп отырған қоғамға беделді мүше болып араласып кетуіне дұрыс бағыт-бағдар көрсететін ең алдымен ата-анасы. Әлеуметтік институттар (отбасы, мектеп, орта, т.б.) дер кезінде дұрыс бағдар бере алғанда ғана бала жастайынан бұл өмірден өзіне керекті, қоғамға өзінің не бере алатынын нақты ажырата алады деуге болады. Қысқасы, әлеуметтендіру бағытында отбасы рөлінің орны ерекше екендігін аңғаруға болады.