Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 10:13, реферат
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс, өмірдегі кездесетін проблемаларын бөтен адам араласпайынша шеше алмайтын, өзінің әлеуметтік қызметін толық орындай алмайтын отбасыларын әлеуметтік жағынан қолдауды жүзеге асыруға бағытталған.
Бүгінгі күні отбасы әлеуметтік институт ретінде, әлеуметтік мәдени өзгерістер ішінде маңызды орын алып отыр. Сондай-ақ отбасы өзінің өмір сүрі жылдарында әртүрлі мәселеге кездесіп, отбасына теріс әсер ететін және күйзеліс пен зорлық тудыратын жағдайларға тап болуы мүмкін. Осыған байланысты отбасылары өздерінің ішкі ресурстары есебінен жеңе алмайтын әртүрлі күйзеліс жағдайын жеңуге, мәселелерді шешуге көмек көрсету туралы сұрақ туындайды.
Кіріспе 2
Отбасы туралы жалпы ұғым 3
Отбасы социологиясының пәні болып не табылады? 4
Неке дегеніміз не? 4
Отбасы түрлері 6
Отбасы әлеуметтік институт ретінде 9
Отбасында қайшылықтар тууының негізгі себептері 11
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың мәні 13
Отбасының заман талабына сай мәселелері 16
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиеттер 19
Отбасы қоғамдық өмірдің басқа салаларымен, жақтарымен байланысты – бұның өзі отбасына және некелік отбасылық қарым-қатынастың жеке аспектілеріне қоғамның әсерін, сонымен қатар, отбасының қоғамға әсерін көрсетеді.
Отбасы - некеге қарағанда күрделі қатынастар жүйесін құрайды, себебі ол тек қана ерлі-зайыптыларды ғана емес, сонымен қатар, олардың балаларын және басқа да туыстарын біріктіреді. Сондықтан, отбасын жай ғана некелік топ демей, оны әлеуметтік институт, яғни байланыстар жүйесі, адамдардың өзара қимылы мен қатынастары белгілі бір құндылық пен нормаларға негізделген, ұрпақ жалғастыру қызметін орындаушы деп қарастырылуы керек.
Отбасын қоғамның бір бөлігі ретінде социологтар оның қызметін орындауға қатысты қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз – отбасы мен мүшесінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады.
Социологтардың басым бөлігі қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есеюіне көмек беру деп көрсетеді. Қазіргі қоғамдағы отбасылардың осы қызметтерді орындауға жақсы бейімделгендігінің бірнеше себептері бар. Шын мәнінде, балаларды тәрбиелеу мықты биологиялық механизмдерге, яғни туыстық байланысқа сүйеніп, дуниеге адам әкелу жұбайлар арасында қалыпты, тәртіпке келлтірілген жыныстық қатынастыр және экономикалық жағынан көмек көрсету балалар тәрбиесі үшін өте тиімді тәсіл болып отыр.
Отбасы әлеуметтік институт ретінде бірнеше кезеңдерден тұратын отбасылық саты немесе отбасылық өмірден өтеді. Зерттеушілер бұл маты фазаларды әр түрлі атайды. Дегенмен, олардың арасындағы бастылары мыналар болып табылады:
Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық-нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді. Бұл құндылықтар, өлшемдер мен заңдылықтар осы қоғамда қабылданған еркектер мен әйелдер арасындағы тарихи өзгерісте болатын қатынастар түрінің көрінісі болып табылады да олардың жыныстық өмір қатынасын реттеп заңдандырады және ерлі-зайыптылық, ата-аналық және басқа туыстық құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Отбасының негізгі, алғашқы функциясы ол репродуктивтік, яғни қоғамдық тұрғыда балаға деген қажеттілікті қанағаттандыру. Отбасы осындай негізгі функциямен қатар, басқа да маңызды әлеуметтік қызметтер атқатады:
Отбасының ең маңызды
міндеттерінің бірі –
Отбасында қайшылықтардың тууының негізі екі себебі бар: ішкі және сыртқы себептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер т.б. жатса, ішкі себептерге – махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық, ауызбірлік, т.б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін. Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. КСРО боынша, 1991 жылғы есепке қарағанда 2,7-2,8 млн. неке тіркелген, содан 930-980-ні ажырасқан. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында, 100 мың тұрғынға шаққанда, ажырасу оорта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы 32,8 мыңға жеткен. Ажырасудың негізгі себептері:
Осы аталған себептер әр аймақта әртүрлі көріністе болады. Ресейде – арақ ішу, мінездің сәйкемтігі, Эстонияда – жұбайлардың опасыздығы, Арменияда, Грузияда, Өзбекстанда – ата-анаға дұрыс қарамаушылық, т.б.
Ресейлік БАҚ мәліметтері бойынща, ажырасудың 75% әйелдің бастамасымен болады. Ресейдегі ажырасу себептері туралы жауаптардың бейнесі төмендегідей:
Себептер |
Ерлер |
Тұрмыстағы әйелдер |
Ажырасқандар |
Жұбайының үнемі көзіне шөп салуы |
87 |
80 |
71 |
Ұнатпай қалуы |
15 |
40 |
47 |
Басқаны ұнатуы |
64 |
50 |
60 |
Жыныстық қанағат алмау |
31 |
32 |
47 |
Жұбайының маскүнемдігі |
70 |
88 |
92 |
Жұбайының үй шаруашылығын жүргізуге қырының жоқтығы |
21 |
17 |
31 |
Күйеуі әйелінен ақшаны аз табады |
12 |
8 |
21 |
Осылайша, ажырасу – отбасылық некелік қарым-қатынастар шындығы. Ең бастысы, деп санайды мамандар, ажырасу кей жағдайда жалпы қалыпты құбылыс емес, төтенше апатты жағдай ретінде қабылдануы керек.
Зерттеулердің көрсетуіне қарағанда, некенің бұзылу себептері некеге тұрғанға дейінгі жағдайларға да байланысты. Олар әлеуметтік-экономикалық жағдай, қыз бен жігіттің білім ерекшеліктері, мәдени дәрежесі, жас ерекшеліктері, күйеудің, қыздың ата-аналарының теріс әсерлері, т.б.
Қорыта айтқанда, осы күнгі неке-отбасы мәселесінде үш негізгі басты проблеманы атап өтуге болады:
Дегенмен, ажырасудың жоғары деңгейі некенің қоғамдық институт ретіндегі маңызын жоймайды, отбасы дағдарысының жалпы көрсеткіші бола алмайды. Керісінше, отбасы адамзат қоғамының әлеуметтік негізі болып қала беретінін үлкенді-кішілі адамдардың бәрі мойындайды. Әңгіме тек отбасылық қатынастардың сапасына адамдардың барған сайын жоғары талаптар қоюында болып отыр.
Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.
Отбасы бір қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданылып, әр адамның осы отбасылық өмірі туралы жеке тәжірибесі бар. Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естіге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.
Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептеледі. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғарғы оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмыстары басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда.
Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның міндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төмендету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмірсүру мүмкіншіліктері, кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгедектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбастарын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеуметтік жағдайы мен мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерін теңестіруге қол жеткізуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастыруымен тығыз байланысты. Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған. Ал екінші жағынан, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.
Әлеуметтік жұмыс - әлеуметтік қиыстырылған іс-әрекет болып табылады. Онда қызмет жүйесі жұмысбастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәсіптік дәрежесімен және клиеттердің әр түрлі тобымен жүргізілетін әлеуметтік саямат сипатымен анықталады. Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларға іске асырылады.
Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқа да мәселелерді анықтау кезінде көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен құқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуметтік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.
Әлеуметтік қызметкердің отбасымен жүргізілетін жұмысындағы рөлін атап өтудің маңызы зор. Ең алдымен, бұл әлеуметтік жұмыстардың мүмкіндігіне қарай объектісі болып табылатын, отбасы тұрпаттамасын құруға бағдарланған социологиялық зерртеулер жүргізу. Мұның күрделілігі отбасында кездесетін мәселені олардың түрліше түсінуінде. Сондай-ақ, әлеуметтік қызметтердің қорғалмаған отбастарымен жүргізілетін жұмыстарының қаншалықты тиімділігін анықтайтын зерттеу жүргізу талап етіледі.
Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізітін қызметтерге қажет.
Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар ғылымының келесі принциптері оларды топтастыруға байланысты:
Отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі операциялар мен тәсілдер жиынтығын қандай да бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. ОТбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.
Сондай-ақ, мақсатқа жету үшін өз жұмыс тәсілдері мен міндеттерін игерген, отбасы саласы және отбасымен жүргізілетін жұмыс технологиясының өзіндік ерекщелігі бар маман ретінде әлеуметтік қызметкердің мамандығымен де анықталады.