Әлеуметтанудың объектісі мен пәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 06:47, реферат

Краткое описание

Кез келген ғылымды зерделеу алдымен оның объектісін, пәнін, басқа ғылымдар жүйесіндегі және қоғам өміріндегі орны мен рөлін айқындаудан басталады. Әлеуметтану ғылымының осынау белгілерін ол жайындағы түсініктің қазіргі кездегі пікірталасына және әлеуметтанушы мектепке тәуелділігіне назар аудара отырып қарастырамыз.

Файлы: 1 файл

ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫ.doc

— 124.00 Кб (Скачать)

Бұдан әрі арнайы әлеуметтану теорияларын немесе орта деңгей теорияларын бөліп қараған жөн. Олар жалпы алғанда байланыстардың екі негізгі түрін: тұтас қоғамдық жүйе мен қоғамдық өмірдің осы саласы арасындағы, сондай-ақ қоғамдық өмірге тән ішкі өзара байланыстарды ашып көрсетеді. Демек, олардың жалпы әлеуметтану теориясымен салыстырғандағы қолданылу аясы неғұрлым тар, олардың пәндік саласы салыстырмалы дербес құрамдас бөліктермен және тұтас қоғамдық процестермен шектелген. Д.Марковичтің анықтамасы бойынша, арнайы әлеуметтік теориялар - жеке қоғамдық құбылыстарды өзінің зерделеу пәні ретінде алып қарайтын және олардың құрылымын, дамуының ерекшелік заңдарын және басқа қоғамдық құбылыстармен байланыстарының ерекшеліктерін зерттейтін теориялар [13]. Жалпы әлеуметтану теориясынан өзгеше олар барлық қоғамдық құбылыстардың өзара әрекеті емес, бірақ қандай да бір қоғамдық құбылыстың (әлеуметтанудың пәні болатын) және барлық өзге қоғамдық құбылыстардың ерекше байланыстарын зерделейді.

Барлық арнайы әлеуметтану теорияларын (орта деңгей теорияларын) шартты түрде үш топқа бөлуге болады [14]:

1) әлеуметтік институттар теориялары күрделі әлеуметтік өзара байланыстар мен қарым-қатынастарды зерттейді (отбасы әлеуметтануы, білім беру әлеуметтануы, ғылым әлеуметтануы, дін әлеуметтануы, өнер әлеуметтануы, әскери әлеуметтану, саясат әлеуметтануы, еңбек әлеуметтануы және т.б.);

2) әлеуметтік қауымдастықтар теориялары қоғамның шағын топтан бастап әлеуметтік тапқа дейінгі құрылымдық бірліктерін зерттейді (кіші топтар әлеуметтануы, ұйымдар әлеуметтануы, топтар, жіктер, таптар әлеуметтануы, аумақтық принциптер бойынша қауымдастықтар әлеуметтануы және т.б.);

3) мамандандырылған әлеуметтік процестер теориялары әлеуметтік өзгерістер мен процестерді зерттейді (қоғамның бүлінуінің әлеуметтік процестері - қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік әлеуметтануы, жанжалдар әлеуметтануы, жинақылық және көші-қон әлеуметтануы, кенттену әлеуметтануы, коммуникациялық процестер әлеуметтануы, қоғамдық қозғалыстар әлеуметтануы және т.б.).

Әлеуметтанудың  басқа ғылымдармен - экономикамен, саясаттанумен, этнографиямен және т.б. байланыс теориялары салалық деп аталады. Бұл теориялар қоғам өмірінің әр түрлі салаларындағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың көрініс табу нысандары мен әрекет ету механизмдерін зерделейді. Олардың объектісі болып табылатындар: экономика, саясат, құқық және т.с.с. қоғамның жеке “бөліктері”. Олар әлеуметтанудың басқа ғылымдармен байланысын жалғастырады. Олардың айырмашылығының негізін зерттеу объектісі атқарады, ол әлеуметтанушылық оқу пәнінің атауында көрсетіледі: “экономикалық әлеуметтану”, “саяси әлеуметтану”, “құқық әлеуметтануы”. Бұл теориялар ерекшеленген әлеуметтанушылық категорияларды: әлеуметтік топ, әлеуметтік институт, әлеуметтік ұйым және т.б. пайдалана отырып, қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларын олардың әлеуметтік қарым-қатынастары тұрғысынан зерделейді. Аталған оқу пәндеріндегі “әлеуметтану” термині қоғам өмірінің әлеуметтану пәнімен және әдісімен шарттастырылған тиісті салаларына ерекше көзқарастарды көрсетеді.

Арнайы әлеуметтану теориялары салалық теорияларға қарағанда  неғұрлым жоғары абстракция деңгейімен сипатталады және бір объектінің өзін қандай да бір әлеуметтік қауымдастықты  белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарауға, зерделенетін объектінің қандай да бір қызықтыратын “кесіндісін” бөліп қарауға мүмкіндік береді.

Арнайы әлеуметтану  теориялары жалпы және салалық теориялардың байланысын жалғастыра отырып, әлеуметтану  білімінің тұжырымдамалық негізі болады. Біріншіден, оларда әлеуметтанудың санаттық-ұғымдық аппаратының өзіндік бір негізін құрайтын әлеуметтану категориялары жасалады. Екіншіден, осының салдары ретінде арнайы теорияларда әлеуметтану пәні қалыптасады. Үшіншіден, оларда әлеуметтану білімінің басқа білімнің ешқайсысына қосылмайтын айрықша түрі ретіндегі ерекшеліктері көрініс табады. Осыған байланысты арнайы әлеуметтану теориялары әлеуметтану білімінің барлық салаларын оның объектісіне, функциясы мен деңгейіне қарамай біртұтас етіп біріктіреді, ал жалпы, арнайы және салалық теориялардың бір-бірімен қарым-қатынастары кері байланыс түрінде болады.

Білімнің біртұтас және тармақталған жүйесі ретіндегі әлеуметтану ғылымының  бұдан былайғы прогресі жалпы  әлеуметтану теориясының дамуымен де, салыстырмалы дербес теориялық  ішкі жүйелерді құрумен де байланысты. Жалпы әлеуметтану теориясы білім жүйесі ғана емес, жаңа білім алудың үлгі әдісін сипаттау да болып табылады. Теориялық тұжырымдаудың неғұрлым жоғары деңгейлері - одан төмендеу жоғары деңгейдегі теорияларды - салалық және арнайы теорияларды құру үшін әдістемелік негіз болады. Бұлар эмпирикалық әлеуметтану зерттеулерінің мәліметтерінен нәр алады.

Жоғарыда көрсетілгендей, әлеуметтану ғылымы өзі зерделейтін  пәнді ғана емес, өз пәнін тануда және алынған білімді тексеруде  пайдаланатын әдістерді де қамтиды.

Әдіс - ғылымның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда ғылымды әдіс пен теорияның диалектикалық бірлігін білдіреді деп айтуға болады. Әдісті білім жүйесі ретінде ғылымнан бөліп алуға болмайды, өйткені әдістің өзі шындыққа қалай келу керектігі туралы білім болып табылады.

Әлеуметтану әдісінің өзгешелігі ең алдымен осы ғылым  пәнінің ерекшелігімен айқындалады. Ғылым ретінде әлеуметтану пәні туралы әр түрлі және қарама-қайшы  түсініктер болатындығы сияқты оның әдісін түсінуде де алшақтықтар бар. Әлеуметтану әдісін түсінудегі алшақтық, Марковичтің пікірінше, бірқатар факторларға байланысты. Әлеуметтану әдісі туралы түсінікке ең алдымен ғалымға тән қоғамды түсіну ықпал етеді. Әлеуметтанудың дамуы барысында қоғамның мәні жөнінде бір-біріне қарама-қайшы бірнеше көзқарас қалыптасқан және олардың әрқайсысы әлеуметтану әдісін түсінуге ықпал еткен.

Екінші фактор ғылымның әлеуметтік рөлі туралы ұғым болып табылады. Бір көзқарасқа сәйкес ғылым не болғанын, осы шақта не болып жатқанын зерделейді, ал болашақ туралы ештеңе айта алмайды. Екінші бір көзқарасқа сәйкес ғылым тарихтың барысына және қоғамның жай-күйіне түбегейлі ықпал етуге, ахуалды өзгертуге қабілетсіз, бірақ қоғамның құрылымы мен ұйымындағы жекелеген кемшіліктерді жоюға мүмкіндік туғыза алады. Үшінші бір көзқарасқа сәйкес ғылым қоғамда түрлендіру рөлін атқарады. Атап айтқанда: қоғамды зерделейтін ғылым оны сын көзімен талдайды және қоғамдық қатынастарды түрлендірудің қаруы болады.

Әлеуметтану әдісі  туралы ұғымның сипатына ықпал ететін үшінші фактор зерттеу техникасының деңгейі және жекелеген, неғұрлым ықпалды әлеуметтанушы-ғалымдардың зерттеушілік қасиеттері мен бейімділіктері болып табылады.

Әлеуметтану әдісінің өзіндік ерекшеліктерін түсіну үшін бірқатар жалпылама ережелерді бөліп  қараған жөн [15]:

1. Әлеуметтану  әдісін әлеуметтік философияның  әлеуметтануға және басқа да  қоғамдық ғылымдарға қатысты  әдістемелік рөлін мойындамайынша  дұрыс түсіну мүмкін емес. Бірақ  әлеуметтік-философиялық әдіс әр  түрлі көрініс табады, қандай  да бір қоғамдық ғылымның объектісі мен пәні өздерінің ерекшеліктеріне қарай жаңғырып отырады. Және бұл орайда әлеуметтану - ең алдымен тұтас әлеуметтік жүйе ретінде қоғамды жан-жақты зерделеудің әлеуметтік-философиялық әдісінің ерекше көрінісі, нақтылануы.

2. Әлеуметтануда  қоғамды тұтас әлеуметтік жүйе ретінде және оны субъектілік-қызметтік жағы тұрғысынан зерделеу осы ғылымның құрылымдық-функционалдық талдау әдісін кеңінен пайдалануға болатынын алдын ала анықтайды, соған сәйкес қоғам өмірінің әрбір саласы мен оның әрбір субъектісі тиісті ішкі жүйелер деп қарастырылады және оның жүйе ретіндегі қоғамдағы орны мен рөлі, олардың іс-қимылы мен өзара әрекеттестігі айқындалады. Әлеуметтану әдісі қоғамды оның құрылымы, қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан зерделеуді талап етеді.

3. Нақты айтқанда, әңгіме әдіс туралы емес, әлеуметтанудың әдістері туралы болуға тиіс. “Әлеуметтану әдісі” ұғымы жинақтаушы, тұжырымдаушы мағынасында қолданылады. Әлеуметтану әдісінің құрылымына қоғамды макродеңгейдегі, яғни тұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі және орта деңгейлердегі, яғни олардың жеке элементтері, ішкі жүйелері деңгейіндегі және микродеңгейдегі, яғни тұлғааралық өзара әрекет деңгейіндегі әлеуметтік зерттеудің әдістемелік принциптері кіреді.

4. Әлеуметтану  әдісінің маңызды сипаттамаларының  бірі – әлеуметтанудың әлеуметтік шынайылықты зерттеуде эмпирикалық зерттеуге сүйенетіндігінде. Мұндай зерттеу шеңберінде әр түрлі әдістер пайдаланылады: бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, эксперимент және т.б. Қалай болған күнде де эмпирикалық жолмен тексерілетін әлеуметтік фактілерді зерделеуге және олардың өлшемдеріне тікелей немесе жанама түрде сүйенетін әлеуметтану зерттеуі ғана нағыз және толыққанды болып танылады.

5. Әлеуметтану  білімі мынадай құрамдас бөліктерді  қамтиды: фактілер, болжамдар және  теориялар. Әлеуметтану әдістері сонымен қатар ережелер мен амалдар ретінде қарастырылады, олардың көмегімен фактілер, болжамдар және теориялар өзара ұштасады.

Әлеуметтану әдісі  проблемасының маңызы ең алдымен  дәл осы әдістің талаптарын қатаң  сақтау негізінде алынған әлеуметтану білімінің нағыз ғылыми білім болып танылуында.

Әлеуметтанудың  функциялары

 

Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының  сан қырлылығын көрсетеді. Мұнда  қоғамның сол ғылымның нақты танымдық немесе түрлендіруші әрекеттеріне деген сұранысы қамтылады. Әлеуметтанудың қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Әлеуметтану әлеуметтік шынайылықты зерделей отырып, біріншіден, әлеуметтік шынайылық туралы білімді қалыптастырумен, әлеуметтік дамудың процестерін сипаттаумен, түсіндірумен және ұғынумен, әлеуметтанудың тұжырымдамалық аппаратын,  әлеуметтану зерттеуінің әдістемесі мен әдістерін жасаумен байланысты ғылыми проблемаларды шешеді. Екіншіден, әлеуметтік шынайылықты түрлендірумен, әлеуметтік процестерге жоспарлы түрде, мақсат көздей отырып, ықпал етудің жолдары мен құралдарын талдаумен байланысты проблемаларды зерделейді. Осы екі қырын ескере отырып, неғұрлым маңызды міндет ретінде танымдық (дескриптивтік және диагностикалық міндеттер) және тәжірибелік (болжамдық, әлеуметтік жобалау мен құрастыру және басқару) міндеттерін бөліп қарауға болады.

Танымдық  функция, ең алдымен, әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру үрдістерімен байланысты.

Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру әлеуметтануға  қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен үрдістері, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен тетіктері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді. Ғылыми әлеуметтану білімі теориялық әлеуметтанудың ішкі жетілуінің негізінде де, танымның объектісі - әлеуметтік шынайылықтың қарқынды дамуының нәтижесінде де байиды. Әлеуметтанудың танымдық функциясы барлық деңгейде жүзеге асырылады. Адамзат қоғамының әлеуметтік дамуының заңдылықтары мен келешегін ашып көрсететін арнайы әлеуметтану теорияларының маңызы ерекше. Әлеуметтану теориялары қазіргі заманғы күрделі проблемаларға ғылыми жауаптар береді, дүниені әлеуметтік түрлендірудің шынайы жолдары мен әдістерін көрсетеді.

Әлеуметтік теориялармен тығыз байланыста дамитын эмпирикалық  әлеуметтік зерттеулер де әлеуметтік дамудың заңдылықтарын ғылыми танып-білуге белсене ат салысады. Олар қоғам өмірінің жекелеген салаларының жаңа фактілері мен өзгеру үрдістерін айқындау жолымен әлеуметтік шынайылық туралы жаңа эмпирикалық мәліметтердің өсуін қамтамасыз етеді, ол тұтас әлеуметтік дамуды түсінуге және түсіндіруге қажетті алғышарт болады. Бұл рөлді қоғамдық өмірдің нақты құбылыстары мен процестері туралы орасан ақпараттарды тұжырымдайтын зерттеулер атқарады. Жаңа ілімдердің өсуі де ірі ауқымдағы өзгерістер мен заңдылықтарды зерделеумен байланысты емес тар өрісті эмпирикалық зерттеулер барысындағы объективті әлеуметтік ақпарат есебінен жүзеге асады. Әдетте бұл ақпарат объективті және субъективті көрсеткіштермен баяндалады. Алғашқысы статистика мәліметтерін толықтырады және нақтылайды, ал екіншісі әр түрлі әлеуметтік топтардың емеуріндері, қызметінің себептері, мақсаттары туралы ақпаратты білдіреді. Мұндай зерттеулердің танымдық маңызы қоғамдық өмірдегі адам факторының рөлін ашып көрсететіндігінде, бұқаралық әлеуметтік процестердің субъективті жақтарына назар аударуында. Бұл осы салада дамудың объективті үрдістерінің бірдей болмайтындығының және олардың әр түрлі әлеуметтік топтардың санасындағы субъективті бейнеленуінің нәтижесін білдіретін әлеуметтік проблеманың бар екендігін белгілеуге мүмкіндік береді.

Сөйтіп, әлеуметтік процесс субъект туралы іргелі білімдерге сүйене отырып әлеуметтік құбылыстың нақты ахуалының табиғаты, оның түрленуі және сол құбылыстың дамуының шынайы нәтижелері туралы білім жинақтайды. Яғни, бұл жағдайда танымдық функция дескриптивтік (сипаттаушылық) және диагностикалық рөлдерін қоса атқарады.

Тәжірибелік функция әлеуметтанудың әр түрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға ат салысуымен айқындалады.

Әлеуметтанудың  тәжірибелік функциясы оның танымдық функциясымен тығыз байланысты. Әлеуметтанулық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді. Әлеуметтанудың тәжірибелік функциялары ең алдымен қоғамның болашақ дамуына қатысты ғылыми негізделген болжамдар ұсынатындығынан көрініс табады. Әлеуметтану шынайылықтың сапасы мен мәні, сондай-ақ осы шынайылықтың қызмет атқаруы мен даму заңдарын білу негізінде қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болжам жасай алады. Әлеуметтік құбылыстар туралы сөз болғанда болжам жасаудың маңызы зор, өйткені ол белгілі бір өзгерістердің қажеттігін ғана емес, сол өзгерістерді жүзеге асырудың мүмкіндіктерін де көрсетіп береді. Әлеуметтану бұл жағдайда бір жағынан зерделенетін қоғам дамуының жалпы негіздерін, оның жалпы келешегін білуге, екінші жағынан жеке әлеуметтік субъектінің нақты мүмкіндіктерін білуге сүйенеді.

Информация о работе Әлеуметтанудың объектісі мен пәні