Cтатисикалық жоспарды ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 22:01, доклад

Краткое описание

Банк (италянша bankо — үстел) — ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Файлы: 1 файл

статистикалык жоспар.doc

— 101.50 Кб (Скачать)

Банк (италянша bankо — үстел) —  ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар (фирмалар), мекемелер және жеке адамдар  арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай  есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін  айналымға қосу, ақша мен құнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операциялар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсіммен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, Банктер аралық қызмет атқарып ақша пиасасында (рыногында) тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме мен талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.

 

 Ертедегі банктегі сақтау  орны

 

 Қазіргі банк жүйесіt

 

Банк— ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал Банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уақытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару (ұзақ мерзімді күрделі шығындарды қаржыландыру, құнды қағаздар шығару) т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады. Банк жүргізетін операциялар пассивті (ресурстарды банктегі есепшотқа енгізу) және активті (Банк ресурстарын орналастыру) болып бөлінеді. Негізгі пассивті операциялардың қатарына Банктің өзіндік капиталы (жарғылық қор, резервтік қор), депозиттер қабылдау және банкаралық ақша пиасасынан (рыногынан) қосымша ресурстар алу жатса, ал, негізгі активті операцияларға банкаралық кредит беру, инвестициялық (тікелей және портфельді) қаржы бөлу, т.б. жатады. Коммерциялық Банктер бұлармен қатар делдалдық және сенімдік (коммандиттік) операцияларды да жасайды. Атқаратын қызметі мен сипатына қарай — орталық эмиссиялық (Ұлттық банк, оның жергілікті филиалдары), коммерциялық, инвестициялық, салалық, ал меншік түріне қарай мемл., акцион., корпоративтік, аралас, мемлекетаралық Банктер болып бөлінеді.

      «Қазақстан Республикасындағы  банктер және банктік қызмет  туралы» Заңнын, 1-бабына сәйкес, «банк - осы заңға сай банктік  қызметті жүзеге асыруға құқылы  коммерциялық ұйым болып табылатын  заңды тұлға».

 

Банктік қызмет — бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді.

        Банктік жүйе  мәні, құрылымы. ҚР банктік жүйенің  қалыптасуы.

Банктік жүйе- нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі.

     Нарықтық экономикаға  көшумен байланысты Қазақстан Республикасының банктер жүйесiнде ұлттық экономиканың басқа секторларымен салыстырғанда елеулi өзгерiстер болып жатқаны баршаға мәлiм. Бүгiнгi таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсiп, зор жетiстiктерге жеткен өркениеттi елдер тәжiрибесiн үйрене отырып, банк жүйесiн халықаралық стандарттарға көшiру ел экономикасы үшiн маңызды болып табылады.

   Банк жүйесiн реформалау  қажетiлiгi қазақстанның эволюциялық  дамуының сапалы, жаңа деңгейге  жетуiнiң қажеттiгiнен туындап  отыр. Нарықтық экономикаға көшкен жылдар аралығында Қазақстан Республикасының банк жүйесi реформалаудың ұзақ та, қиын кезеңiн бастан кешiрдi. Бұл кезеңде елiмiздiң банк жүйесiнде тек сандық емес, сонымен бiрге сапалы өзгерiстер болды деп айтуға болады. қазақстан Республикасының тәуелсiздiк алуының он жылдығына арналған салтанатты жиналыста ел Президентi Н.Назарбаев банк жүйесiн реформалау нәтижесi бойынша: «Елiмiздiң банк жүйесi түбегейлi де сапалы өзгерiстерге үшырады« деп мақтанышпен атап өткен болатын.

   Қазақстанда банк жүйесiн реформалау iсi ең алдымен коммерциялық банктердi құрудан басталды. Тек Қазақстанда емес, сонымен бiрге бүкiл КСРО аумағындағы бiрiншi болып құрылған банк, Оңтүстiк қазақстан облысында орналасқан ''Союз'' кооперативтiк банкi болатын. Банк операцияларын жүргiзу құқығын беретiн лицензиясын (рұқсатын) ол 1988 жылдың 24 тамызында алды. Бiрақ, аталмыш банктiң қызметi небәрi 7 жылға ғана созылып, қызметiндегi айтулы елеулi кемшiлiктерi үшiн 1995 жылдың 24 тамызында банк операцияларын жүргiзу үшiн берiлген лицензиясы қайтарылып алынды. қазақстан аумағында 1988 жылдың 19 қыркүйегiнде құрылған екiншi коммерциялық банкке Алматы Орталық кооперативтiк банкi жатады. қазiргi кезде аталмыш банк ''ЦентрКредит''  ААҚ  болып, банк қызметi нарығында өз қызметiн тиiмдi атқаруда.

   1990 жылы  ''Қазақстан Республикасының  банктер және банк қызметi туралы'' Заңы қабылданды. Бұл Заңда Мемлекеттiк  болып табылатын ұлттық банктiң  негiзгi мiндеттерiмен қатар, экономикадағы  ақша-несиелiк реттеу құралдары,  оның атқаратын қызметтерiнiң түрлерi, коммерциялық банктердiң қызметiне бақылау жасау принциптерi мен әдiстерi анықталған болатын.

   Қазақстанда банк жүйесiнiң  қалыптасқан алғашқы кезеңдерiнде  сауатты, кәсiпкерлiк деңгейi  жоғары, бiлiктi мамандардың болмауы, банк  саласының қызметiн реттейтiн заңнамалардың толық жетiлмеуi банк қызметiн жүзеге асыруда көптеген қателiктер жiберiп, банктердiң жабылып қалуына тiкелей себебiн тигiздi.

   Реформаның құқықтық қамтамасыз  етiлуi және банк жүйесiнiң қалыпты  қызмет етуiн қамтамасыз ету  мақсатында 1997 жылдың наурыз айында ''Заң күшi бар Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы''; 1998 жылдың 28 сәуiрiнде ''қазақстан Республикасында векселü айналысы туралы''; 1997 жылдың 11 шiлдесiнде ''Банк қызметiнiң мәселелерi бойынша қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы'' бiрқатар заңдары қабылданды.

   1995 ж. Қазақстанның банк  жүйесiн реформалаудың бағдарламасын  жүзеге асыру, осы жүйедегi  орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға себеп болды. Оның мақсаты мен мiндетi тұтастай алғанда 1990 жылы жасалған бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банкi ретiнде атқарған қызметi барысында жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша-несие саясатының құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.

   Қазақстан Республикасының  банк жүйесiнiң тұрақтылығы, көбiне  екiншi деңгейлi банктердiң тұрақтылығымен  байланысты болып келедi. Жоғарыда  атап өткен себептерге қоса, төлемсiздiк дағдарысы мен банктерге деген сенiмсiздiк көптеген банктердiң қызметiне тосқауыл болып, банктердiң сенiмдiлiгiн қауiп алдына қойды, ал оған төтеп бере алмаған банктер банкроттықа үшырады. Ел экономикасында бiрлескен және шет ел банктерiнiң, олардың филиалдарының пайда болуы бәсекелестiктi одан әрi күшейтiп жiбердi. Нәтижесiнде, банктердiң несие ресурстарының айналымдылығы төмендеп, мерзiмi ұзартылған несиелердiң көлемi өстi. Жалпы дағдарыс жағдайында коммерциялық банктер тәуекелдiң жоғары деңгейiмен бетпе-бет кездесiп, оған төтеп бере алмаған банктер жабылып қалып жатты.

Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және олар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметтінің  бардық деңгейіндегі басқару мен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдесіне қатысушылардың экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың капиталдардың халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтің үрдісінде босаған басқада бос ақша қаражаттарын тарта отырып қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырысу жүргізеді және экономика үшін көптеген қызмет көрсетеді, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына тікелей ықпал етеді.

 Қаржылық делдалдар осылай  қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үйлестіру мханизімін  қамтамасыз ету арқылы маңызда  халықшаруашылығы қызметін атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты  қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді  жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды.

Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Несие беруші қарыз  алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметінің қозғалысы  орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық  деп аталады.

 

Әр түрлі көздерден ақша капиталын  жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының « тобын » құрайды  және де оларды жұмыс істеп тұратын  капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы  несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады.

Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық несиелік қызмет көрсетуін ұйымдастыру және несиелік жүйенің қызмет етуі шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды роль атқарады.

Нарықтық экономикада банктер  монополистерге айналады және балық  қаржылық капитал арқылы нарықты  басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасынын аясына ғана кіреді. Несиелік жүйе «ертегідей күшке» ие бола отырып « нақты өндіріске ең қауіпті түрде араласуы » мүмкін

Банктер өз қызметтерін орындау  кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министерствовалар, компания, фирмалар) және аумақтарды ( жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланысты жұмыс істейді.

 

 

Әлеуметтік  саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатенный; связанный с жизнью людей)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын тараулары: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты — кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, ағлаққа, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді.[1] Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.

Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы  жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.

Әлеуметтік-саяси  шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен  және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз  етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.

Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің  бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің  ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді  болады.

 Еліміз  әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді.

Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды. Әлеуметтік саясат ұғымы, міндеттері

 Әлеуметтік мәселелерді реттеу  ең алдымен әлеуметтік саясатты  қажет етеді. Әлеуметтік саясат  – бұл барлық азаматтардың  жан-жақты дамуы, тұрмыс жағдайы,  әл-ауқатын жоғары деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.

Информация о работе Cтатисикалық жоспарды ұйымдастыру