Бай-бол жетім балаларды бейімдеуді дамыту орталығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:51, аттестационная работа

Краткое описание

Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979 жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 17 жыл толып отыр, қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетіміздің алған бағыттарына көтермелеуші ықпал жасауға, адамдардың өмір сүрудегі іс-әрекеттерінің барлық саласына қатысты жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті екендігін көрсетті. Экономика еркіндігі тұлғааралық қатынастардың да өз деңгейінде жауапты және еркін дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Оглавление

Тарихы
Мақсаты
Міндеті және келешектегі қызметі
Департамент қызметі мен іске асырылатын жобалар және бағдарламалар сипаттамасы

Файлы: 1 файл

Департамент жайлы.doc

— 203.00 Кб (Скачать)

Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру және қорғау мақсатында олардың өтініштерін беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

1-бап. Осы  Заңда пайдаланылатын негізгі  ұғымдар 
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 
1. арыз - адамның өз құқықтары мен бостандықтарын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда жәрдем көрсету туралы өтінішхаты не заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылуы, өтініштерді қарайтын субъектілердің, лауазымды тұлғалардың жұмысындағы кемшіліктер туралы хабарлама не олардың қызметін сынау;  
2. иесі бүркемеленген өтініш - ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің почталық мекен-жайы жоқ өтініш;  
3. қайта жасалған өтініш - бір тұлғадан бір мәселе бойынша кемінде екі рет келіп түскен: 
o осының алдындағы өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасалған;  
o егер бұрын жіберілген өтініш келіп түскен уақыттан бастап белгіленген қарау мерзімі өтіп кетсе, алайда арыз беруші жауап алмаған болса, оның уақтылы қаралмағаны туралы хабарланған;  
o осының алдындағы өтінішті қарау және ол бойынша шешім қабылдау кезінде жіберілген басқа да кемшіліктер көрсетілген өтініш; 
4. өтініш - өтінішті қарайтын субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілген жеке немесе ұжымдық жазбаша, ауызша не электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанындағы ұсыныс, арыз, шағым, сауал немесе үн қосу;  
5. өтініштерді қарайтын субъектілер (бұдан әрі - субъектілер) - мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттің қатысуы жүз процентті құрайтын не мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) ұсынатын, өздерінің құзыреттеріне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шешімдерді қарауға және қабылдауға құқылы заңды тұлғалар;  
6. өтінішті есепке алу - өтінішті қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді тіркеу және оларды мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрсету;  
7. өтінішті қабылдау - субъектінің, лауазымды тұлғаның жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау жөніндегі іс-әрекеті;  
8. өтінішті қарау - субъектінің, лауазымды тұлғаның тіркелген өтініш бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретінің шегінде шешім қабылдауы;  
9. өтінішті тіркеу - ақпараттық есепке алу құжатында өтініштің мазмұны бойынша қысқаша деректерді тіркеу және келіп түскен әрбір өтінішке тіркеу нөмірін беру;  
10. сауал - адамның жеке немесе қоғамдық сипаттағы қызығушылық туғызатын мәселелер бойынша ақпарат беру туралы өтініші;  
11. ұсыныс - адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы;  
12. үн қосу - адамның мемлекет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатқа, сондай-ақ қоғамдық сипаттағы оқиғалар мен құбылыстарға өз көзқарасын білдіруі;  
13. шағым - адамның өзінің бұзылған құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қалпына келтіру, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттерін немесе әрекетсіздігін жою, сондай-ақ субъектілердің заңсыз шешімдерінің күшін жою туралы талабы. 
2-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасыныңзаңнамасы 
1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.  
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы 
1. Осы Заңның күші өтініштер берген жеке және заңды тұлғаларға, өтініштерді қарайтын субъектілер мен лауазымды тұлғаларға қолданылады.  
2. Осы Заңның күші қарау тәртібі Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне қолданылмайды.  
3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тапсырыс және (немесе) мемлекеттік сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсынатын заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ұсыну мәселелері бойынша өтініштерді қарайды. 
4-бап. Осы Заңның принциптерi 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға байланысты құқықтық қатынастарды реттеудің негізгі принциптері: 
1. заңдылық;  
2. өтініштерге қойылатын талаптардың бірыңғайлылығы;  
3. жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының кепілдіктері;  
4. өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу;  
5. жеке және заңды тұлғалардың теңдігі;  
6. субъектілер мен лауазымды тұлғалар қызметінің өтініштерді қарау кезіндегі ашықтығы болып табылады. 
5-бап. Қарауға жатпайтын өтініштер 
1. Мыналар қарауға жатпайды: 
1. мұндай өтініште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстар туралы не мемлекеттік немесе қоғамдық қауіпсіздікке төнетін қауіп туралы мәліметтер бар және мемлекеттік органдардың құзыреттеріне сәйкес оларға дереу жіберілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, иесі бүркемеленген өтініш;  
2. мәселенің мәні баяндалмаған өтініш. 
2. Егер өтінішті қараусыз қалдыруға негіз болған жағдайлар кейіннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтінішті қайта қарауға міндетті. 
6-бап. Жазбаша өтінішке қойылатын талаптар 
1. Өтініш құзыретіне өтініште қойылған мәселелерді шешу кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жіберілуге тиіс.  
2. Жеке тұлғаның өтінішінде оның тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекен-жайы, заңды тұлғаның өтінішінде - оның атауы, почталық мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке арыз иесі қол қоюы не ол электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылуға тиіс. 
Шағым жасалған кезде іс-әрекетіне шағым жасалып отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегі және аты-жөні, өтініш жасау себептері мен талаптары көрсетіледі.  
3. Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі. 
7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, тіркеу және есепке алу 
1. Осы Заңда белгіленген тәртіппен берілген өтініштер міндетті түрде қабылдануға, тіркелуге, есепке алынуға және қаралуға тиіс. 
Өтінішті қабылдаудан бас тартуға тыйым салынады.  
2. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.  
3. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмысты ұйымдастырудың, қабылдаудың, тіркеудің және есепке алудың жай-күйі үшін субъектілердің басшылары мен лауазымды тұлғалар дербес жауаптылықта болады.  
4. Өтініш жеке немесе заңды тұлғаның өкілі арқылы енгізілуі мүмкін. Өкілдікті ресімдеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.  
5. Жеке және заңды тұлғалардың жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер арқылы келіп түскен және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарына сәйкес түскен өтініштері осы Заңда белгіленген тәртіппен қаралуға тиіс.  
6. Өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарлана отырып, тиісті субъектілерге жіберіледі. 
8-бап. Өтінішті қарау мерзімдерi 
1. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.  
2. Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады. 
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.  
3. Өтінішті қарау мерзімін субъектінің басшысы немесе оның орынбасары ұзартады.  
4. Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, бұл туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.  
5. Қазақстан Республикасының заңдарында өтініштерді қараудың өзге де мерзімдері белгіленуі мүмкін. 
9-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау 
1. Субъектілер мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде: 
1. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін объективті, жан-жақты әрі уақтылы, қажет болған жағдайда олардың қатысуымен қарауды қамтамасыз етеді;  
2. жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіруге бағытталған шараларды қабылдайды;  
3. арыз берушілерді олардың өтініштерін қарау нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы хабарлайды;  
4. арыз берушілерге олардың өтініштері өздерінің құзыретіне сәйкес басқа субъектілерге немесе лауазымды тұлғаларға қарауға жіберілгені туралы хабардар етеді. 
2. Мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтитындарды қоспағанда, өтініштерді қарау үшін маңызы бар актілер, құжаттар мен басқа да материалдар өтініштерді тікелей қарайтын субъектілерге немесе лауазымды тұлғаларға күнтізбелік он бес күн ішінде беріледі. 
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіру, заңды әлденеше рет немесе өрескел бұзушылықтар туралы өтініштер субъект басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті жерге барып тексерілуі мүмкін.  
3. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша мынадай шешімдердің бірі қабылданады: 
1. өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;  
2. осындай шешім қабылдауды негіздей отырып, өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы;  
3. өтініштің мәні бойынша түсінік беру туралы;  
4. өтінішті қарауды тоқтату туралы. 
4. Бір тұлғаның мүддесі үшін бір мәселе бойынша бірнеше өтініш келіп түскен кезде бірінші өтініш негізгі өтініш ретінде тіркеледі, ал кейінгілері негізгі өтінішке қоса тіркеледі және бірінші өтініш келіп түскен күннен бастап есептелетін белгіленген мерзім шегінде оларды шешудің нәтижелері туралы арыз берушілерге хабарлана отырып, бір өтініш ретінде қаралады. 
10-бап. Өтініштерге берілетін жауаптар 
1. Өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.  
2. Қандай да бір ұсынымдар, талаптар, өтінішхаттар, өтініш айтулар болмаған кезде өтініштер назарға алынады және оларды субъектінің басшысы немесе оның орынбасары іске жабады. 
11-бап. Өтініштерді қарауды тоқтату 
1. Егер қайта жасалған өтініштерде жаңа дәлелдер немесе жаңадан анықталған мән-жайлар келтірілмесе, ал осының алдындағы өтініштің материалдарында тексерудің егжей-тегжейлі материалдары бар болса және арыз берушілерге белгіленген тәртіппен жауаптар берілсе, өтініштерді қарау тоқтатылады.  
2. Өтініштерді қарауды тоқтату туралы шешімді субъектінің басшысы немесе оның орынбасары қабылдауға құқылы. 
12-бап. Өтініштерді қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімдерге шағым жасау 
Лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ субъектінің шешімдеріне бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектіге, жеке немесе заңды тұлғаға тиісті субъектінің немесе заңды тұлғаның іс-әрекет жасағаны не шешім қабылдағаны туралы белгілі болған кезден бастап, үш айдан кешіктірілмей шағым беріледі. Шағым беру мерзімінің өтіп кетуі субъекті немесе заңды тұлға үшін шағымды қараудан бас тартуға негіз болып табылмайды. Шағым беру мерзімінің өтіп кету себептері шағымды мәні бойынша қарау кезінде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негіздердің бірі болып шығуы мүмкін. 
Жоғары тұрған лауазымды тұлға немесе субъект болмаған не арыз беруші қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда арыз тікелей сотқа беріледі.

13-бап. Жеке  тұлғаларды және заңды тұлғалардың  өкілдерін жеке қабылдау 
1. Мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары және олардың орынбасарлары айына кемінде бір рет тиісті мемлекеттік органның басшысы бекітетін қабылдау кестесіне сәйкес азаматтарды және заңды тұлғалардың өкілдерін, оның ішінде осы органдардың қызметкерлерін жеке қабылдауды жүргізуге міндетті.  
2. Қабылдау белгіленген әрі жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізілген күн мен сағатта жұмыс орны бойынша өткізілуге тиіс.  
3. Егер өтінішті лауазымды тұлға қабылдау кезінде шеше алмаса, ол жазбаша нысанда баяндалады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі. 
14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау кезіндегі құқықтары 
Өтініш берген жеке не заңды тұлғаның: 
1. өз өтінішін растау үшін қосымша құжаттар мен материалдар беруге не оларды талап ету туралы сұрауға;  
2. өтінішті қарайтын адамға дәлелдерін түсіндіруге;  
3. өзінің өтінішін қарауға байланысты материалдармен танысуға, егер бұл басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын бұзбайтын болса, өтінішті қарауға қатысуға;  
4. қабылданған шешім туралы жазбаша немесе ауызша нысанда дәлелді жауап алуға;  
5. егер залал өтініштерді қараудың белгіленген тәртібін бұзудың салдарынан болса, оны өтеуді талап етуге;  
6. лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) не өтініш бойынша қабылданған шешімге шағым жасауға;  
7. өтінішті қарауды тоқтату туралы өтінішхат беруге құқығы бар. 
15-бап. Субъектілердің және лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерi 
1. Субъектілердің, лауазымды тұлғалардың: 
1. өтініштерді белгіленген тәртіппен қарау үшін қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;  
2. көрінеу жалған мәліметтерден тұратын өтініштерді тексеруге байланысты тартқан шығындарды өндіріп алу туралы сотқа жүгінуге құқығы бар. 
2. Субъектілер мен лауазымды тұлғалар: 
1. осы Заңда белгіленген тәртіппен әрі мерзімде жеке және заңды тұлғалардан өтініштер қабылдауға және оларды қарауға;  
2. заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;  
3. қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;  
4. жеке және заңды тұлғаларға қабылданған шешімдер туралы жазбаша нысанда не электрондық құжат нысанында хабарлауға;  
5. жеке тұлғаларды, соның ішінде заңды тұлғалардың мүддесін танытушы тұлғаларды, олардың отбасы мүшелерін субъектілерге және лауазымды тұлғаларға олардың қызметін сынап не құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында өтініш беруіне байланысты қудалаудың жолын кесуге;  
6. шағымдарды іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жібермеуге;  
7. оларға қатысты мәселені объективті шешуге мүдделілік білдірмейді деп пайымдауға негіз болған адамдарға тексеру жүргізуді жүктеу жағдайларын болғызбауға;  
8. өтініш берген немесе оның мүддесі үшін өтініш берілген адамға жеке және заңды тұлғалардың зиян келтіретін өтінішіне жол бермеуге;  
9. жеке тұлғалардың, соның ішінде заңды тұлғаның мүддесін танытушы тұлғалардың келісімінсіз олардың жеке өмірі туралы мәліметтерді немесе мемлекеттік не заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етпеуге; жеке тұлғаның жеке басы туралы өтінішке қатысы жоқ деректердің анықталуына жол бермеуге;  
10. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, олардағы сын ескертпелерді талдауға және қорытуға, жұмысты жетілдіру әрі жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын туғызатын себептерді жою мақсатында қоғамдық пікірді зерделеуге;  
11. жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмыстың жай-күйін жүйелі түрде тексеруге;  
12. құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мерзім мен көлемде келіп түскен, қаралған өтініштердің саны мен оларды қараудың нәтижелері туралы мемлекеттік құқықтық статистикалық ақпаратты беруге міндетті. 
16-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша iс жүргізу 
Жеке тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша іс жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ic жүргізудің басқа түрлерінен бөлек жүргізіледі.

17-бап. Жеке  және заңды тұлғалардың өтініштерін  қарау тәртібі туралы Қазақстан  Республикасының заңнамасын бұзғаны  үшін жауаптылық 
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

18-бап. Осы  Заңды қолданысқа енгізу тәртібі 
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.  
2. Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2340 заң күші бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 9-10, 71-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстанның  Бірінші Ханымы С. Назарбаеваның қайырымдылық төлемдері

«Қазақстан  балалары» бағдарламасы аясында  барлық санаттағы балалардың құқықтары  мен мүдделерін қорғауға, Бала құқықтары  туралы конвенцияның ережелерін, Қазақстан  Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  бала құқықтары туралы» Заңын орындауға бағытталған іс-шаралардың атаулылығы қамтамасыз етіледі.  
Соның ішінде балалар үйлерінің түлектеріне көрсетілетін  атаулы көмекке ерекше назар аударылады. Атап айтсақ, «Бөбек» жеке қоры мен Департамент арасындағы шартқа сәйкес бекітілген тізімдегі 294 студент пен оқушы - Алматы қаласының жоғары оқу орындарында, кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарында оқитын балалар үйінің  тәрбиеленушілеріне 2008-2009 оқу жылына қайырымдылық көмек төлемдері төленді.   
Қазақстанның Бірінші Ханымының қайырымдылық көмегін алушы болып танылған Алматы қаласының білім беру мекемелерінің 1-ші курсында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің түлектерімен кездесу жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы мұндай кездесу 12 қараша күні № 46 гимназияда болып өтті.  
     Алғашқы құттықтау сөзін Департамент директоры  С.Т.Қуатжанова алды. 
                  Қайырымдылық көмегін алушылар да С.А.Назарбаеваға әлеуметтік мекемелердің түлектеріне көрсетіп отырған көмегі үшін өздерінің үлкен алғыстарын білдірді.   
Кездесуге қатысушыларға арнап № 46 гимназия оқушылары классикалық және джаз музыкасының концертін ұйымдастырды. 
 

Жаңалықтар

• «Ыстық желі» қызметі 
2009 жылы Департаменттің сенім телефонына келіп түскен өтініштердің саны 2008 жылмен салыстырғанда 11,5%-ға артты, оның ішінде тұрғын үй мәселелеріне, ата-анасының ажырасқаннан кейінгі баласымен араласу мәселелері, кәмелетке толмаған балалары бар  жағдайы нашар  отбасылар туралы сұрақтар да бар.  
          Сенім телефонына келіп түскен қоңыраулардың талдауы:  
Хабарласқандардың 60% - кәмелетке толмаған балалары бар ата-аналар, 12%  – апалар/аталар, 7,2% - оқушылар, студенттер, 2% - педагогтар, 18,8% - өзге де азаматтар. 
Қоңыраулардың көпшілігі жалпы орта білім беру мектептеріне қатысты - 20%  (кәмелетке толмағандардың құқықтарын мұғалімдердің, мектеп әкімшілігінің бұзуы, ақша жинау мәселелері және т.б.). 
6% - мектеп-интернатқа, балалар үйлеріне орналастыру. 
2% - бала бақшалар (кәмелетке толмағандардың құқықтарын бұзу, тәрбиешілердің тарапынан күш көрсету). 
8% - қамқоршылық, қорғаншылық, патронат, бала асырау (ресімдеу және т.б.). 
12% - әлеуметтік қамсыздандыру сұрақтары, соның ішінде жәрдемақы, алименттер. 
4% - жеке басқа қол сұқпаушылық, дене және психологиялық күш қолданудан қорғау. 
2,7% - психологиялық көмек.  
8,2% - тұрғын үй мәселелері. 
4% - ата-анасымен бірге тұру және олармен араласу құқығы. 
0,3% - кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы.  
1% - денсаулық сақтау және қорғау. 
3% - кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру.  
7% - кәмелетке толмаған балалары бар жағдайы нашар отбасылар.  
0,6% - өзіне өзі қол жұмсау. 
4,6% - құжаттарды ресімдеу, қалпына келтіру. 
3,6% - материалдық көмек көрсету туралы өтініштер. 
11% - Алматы қаласы аумақтық оңтүстік орталық болғандықтан Алматы облысынан да әр түрлі сұрақтар келіп түседі. 
 2% - басқа да сұрақтар. 
       
• Азаматтардан келіп түсетін өтініштер 
Департамент сайтына келіп түсетін сұрақтарды талдау қоғамның көптеген сұрақтарын, шешімін таппаған отбасы мәселелерін, білім беру мекемелері мен денсаулық сақтау мекемелерінде балалардың құқықтарын бұзу фактілерің орын алатындығын көрсетеді.   
Сонымен қатар бөлім қызметкерлері азаматтар мен кәмелетке толмағандарды қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдауды жүзеге асырады. 2009 жыл ішінде 35 өтініш қабылданды, олар бойынша құқықтық, психологиялық кеңестер берілді. 
Балалардың бұзылған құқықтары туралы мәлімет ата-аналардан, туыстардан, қорғаншылары мен қамқоршыларынан, көршілерден, сондай-ақ баланың тағдырына алаңдайтын өзге де азаматтардан келіп түседі.  
Өкінішке орай балаларға дене және психологиялық қысым тек отбасында ғана емес, сонымен қатар мектеп қабырғаларында да орын алады, оқушыларға қатысты педагогикалық этика сақталмайды.  
2008 жылдың 1 қаңтары мен 21 желтоқсан аралығында 50 өтініш келіп түссе, 2009 жылдың 25 желтоқсанына келіп түскен өтініштер саны 101 құрайды, олардың  66 бойынша қаланың мүдделі қызметтерімен бірлескен шығу ұйымдастырылды.  
Барлығы: 2009 жылдың соңына 54 жазбаша өтініш қабылданды, олардың 35 мекен-жай бойынша тексерілді.  
2008 жылмен салыстырғанда келіп түсетін өтініштердің саны екі есеге өсті. Оның себебі – Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің қызметі туралы халықтың ақпараттана бастағандығы және 2008 жылдың қарашасынан бастап Балалар мен жастарға арналған № 150 ұлттық сенім телефонының іске қосылуы.  

• Өткізілетін іс-шаралар 
• 2009 жылдың 13  ақпанында бөлім қызметкерлері Қазақстан Республикасы Бірінші Президентің Қорында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заң жобасын талдау бойынша өткізілген дөңгелек үстелге қатысты. Осы Жоба бойынша ҮЕҰ берген ұсыныстарына талдау жүргізілді.  
• Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесі бөлімнің міндеттерінің бірі болып табылады. Осы бағытта мемлекеттік органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, сондай-ақ «Алматы қаласының қамқоршылары мен қорғаншыларының ассоциациясы» қоғамдық қорымен әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қамқоршылардың күшін жұмылдыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.   
• Бүгінгі күні Алматы қаласында 2 093 мүмкіндігі шектеулі бала тұрады. Мүгедектердің, соның ішінде мүгедек балалардың мәселесін шешу үшін «Аман саулық» қоғамдық қорымен осы санаттағы азаматтар үшін медико-әлеуметтік қызметтер тізімін құру туралы мәселе көтерілді.  Осыған сәйкес 2009 жылдың 3, 12 қарашасында Алматы қаласы бойынша медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Департаментінің конференц-залында «Қазақстандағы қарт жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін медико-әлеуметтік қызметтер тізімі: бүгіні мен ертеңі» жобасын алдын ала талдау бойынша жұмыс тобының отырысы болып өтті. Бұл жұмыс тобының құрамына бөлім қызметкерлері де кірді. Олар осы жоба бойынша өз ұсыныстарын берді.  
• өткен жылдың 8 желтоқсанында Қазақстан Рнспубликасы Бірінші Президенті Қорының конференц-залында бөлім қызметкерлері «Қазақстандағы қарт жастағы азаматтар мен мүгедектер үшін медико-әлеуметтік қызметтер тізімі: бүгіні мен ертеңі» тақырыбындағы Қоғамдық тыңдауларға қатысты. Мұнда «халықтық» тізім және әлеуметтік қызметтердің қол жетімділігі талдауға салынды.  Осы тыңдауда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Р..Шер сөз сөйледі.  
                  
Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша ҚР Парламентіне, ҚР Үкіметіне, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, ҚР Білім және ғылым министрлігіне, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынымдар берілетін болады.   
• Балалық шақ мәселелерін шешудегі мемлекеттің жүргізіп жатқан саясаты туралы, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі туралы халықты құлақтандыру мақсатында 2009 жылдың 11 мен 13 наурыз аралығында №173, 147, 148   жалпы білім беру мектептерінде ата-аналар үшін Алматы қаласының 7 ауданынының  білім беру бөлімдерінің меңгерушілерінің, жалпы білім беру мектептері директорларының және педагогикалық ұжымның қатысуымен дәрістер жүргізілді.   
Бөлім қызметкерлері Алматы қаласы Білім басқармасымен бірлесе отырып Алмалы, Бостандық және Медеу аудандарының ата-аналары үшін дәрістер өткізді.  
•  2009-2011 жылдарға арналған азаматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу, олардың құқықтық деңгейін көтеру және құқық түсіндіру бойынша жұмыс бағдарламасын  жүзеге асыру аясында 2009 жылдың 7 мамырында № 146 орта мектепте бөлім қызметкерлері келесідей тақырыптар бойынша дәрістер оқыды:   
1. «Отбасы құқығын зерделеудегі педагогикалық әдістер мен әдістемелік мәселелер. Бала құқықтары туралы конвенцияның, ҚР Конституциясы баптарының және «Неке және отбасы туралы» ҚР Заңының жекелеген ережелерін талдау»; 
2. «2004 жылдың 9 шілдесіндегі «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңының тәжірибелік аспектілері. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша  жұмыс барысында қылмыстық заңды түсіндірудің кейбір аспектілері.  
• Ішкі істер органдарымен байланыс 
Жасөспірімдер арасында оперативтік жағдайды тұрақтандыру және «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңын орындау мақсатында  бөлім қызметкерлері  Бостандық және Түрксіб аудандарының ІІБ Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің учаскелік инспекторларымен бірлесе отырып рейдтерге қатысады.  
Оқудан жалтарып жүрген балаларды, жағдайы нашар отбасыларындағы қадағалаусыз және панасыз жүрген оқушыларды анықтау мақсатында базарлар, вокзалдар, мәдениет және демалыс парктері, ойын-сауық орындары тексеріледі.  
Айталық, түнгі рейд барысында түнгі клубтарда ойын автоматтарын ойнап жүрген, кафе, бильярд клубтарында болған кәмелетке толмағандар анықталды. Мекемелердің әкімшілігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кәмелетке толмағандардың өздері жеке басын анықтау үшін аудандардың ІІБ КТІжБ жеткізілді. Мұнда балалардың ата-аналары шақыртылып, олар тиісінше әкімшілік жауаптылық туралы ескертілді.  
• Қаланың әлеуметтік мекемелері тәрбиеленушілерінің тұрғын үймен қамтамасыз етілуі  
          Қаланың әлеуметтік мекемелері: № 1, 2 балалар үйлерінде; «Жанұя» арнайы мамандандырылған кешенінде;    SOS Алматы балалар ауылында; жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 8 мектеп-интернатында; «Жастар үйі» ӘМТБжҚОда жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, бекіту және сақтау бойынша жағдай зерделенді. 

2009 жылдың  IY тоқсанына ақпараттық карта (әлеуметтк мекемелердің тәрбиеленушілерінің жалпы саны - 1020 (100%) 

Талдау көрсеткендей, 2009 жылы балалар үйлері, интернаттық мекемелердің бір де бір тәрбиеленушісіне пәтер бөлінбеген. Осы мекемелердің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдай қанағаттанарлықсыз.  
• Сотта өкілдік ету 
Бөлім қызметкерлері балалардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік өкілетті органның өкілі ретінде 13 сот отырысына қатысты. Оның ішінде 11 іс (85%) азаматтық, 2 – қылмыстық сот өндірісінде қаралды  (15%). 
Егер объектілері бойынша жіктейтін болсақ: 3 – баламен араласу тәртібін анықтау бойынша, 5 – тұрғын үй мәселелері,  1 – мүліктік сұрақ, 2 – балаға қатысты күш қолдану, 1 – балалар үйінің тәрбиеленушісін девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру мекемесінен мерзімінен бұрын босату, 1 – әкелікті тану. 
• Бұқаралық ақпарат құралдары  
Кәмелетке толмағандарды бала еңбегінің ең нашар түрлеріне тартудың мәселелері туралы халықты ақпараттандыруын көтеру мақсатында, балалар мен жасөспірімдердің құқықтарын сақтау мәселелері бойынша бөлім қызметкерлерімен БАҚ 11 сұхбат берілді.

Информация о работе Бай-бол жетім балаларды бейімдеуді дамыту орталығы