Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Декабря 2011 в 08:51, аттестационная работа
Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979 жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 17 жыл толып отыр, қалыптасқан нарықтық экономика қоғам мен мемлекетіміздің алған бағыттарына көтермелеуші ықпал жасауға, адамдардың өмір сүрудегі іс-әрекеттерінің барлық саласына қатысты жауапкершілікті қалыптастыруға қабілетті екендігін көрсетті. Экономика еркіндігі тұлғааралық қатынастардың да өз деңгейінде жауапты және еркін дамуына ықпал ететіні сөзсіз.
Тарихы
Мақсаты
Міндеті және келешектегі қызметі
Департамент қызметі мен іске асырылатын жобалар және бағдарламалар сипаттамасы
Департамент жайлы
Тарихы
Мақсаты
Міндеті және келешектегі қызметі
Департамент қызметі мен іске асырылатын жобалар және бағдарламалар сипаттамасы
ТАРИХЫ
Департамент жайлы / Тарихы
Әлемдегі бірінші Балалар құқықтарын қорғау ұйымы 1919 жылы пайда болды, 1924 жылы Ұлттар Лигасының бала құқықтары жөніндегі Женева декларациясы, 1959 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының бала құқықтары декларациясы қабылданып, 1979 жыл халықаралық балалар жылы болып жарияланды, осыдан 10 жыл өткен соң Бала құқықтары туралы Конвенция қабылданды.
Бүгінгі күні
Қазақстан Республикасының
Балалардың ең басты мүдделерін қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасы мақсаты бала құқықтарын қорғау болып табылатын маңызды конвенцияларға қосылды: Бала құқықтары туралы Конвенция 1994 жылы, Шет елден алимент өндіріп алу туралы Конвенция 1999 жылы, Жұмысқа қабылдау үшін ең төменгі жас туралы Конвенция 2000 жылы, Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы және Балалардың қарулы қақтығыстарға қатысуына байланысты баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасы 2001 жылы, ХЕҰ-ның балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы № 182 Конвенциясы 2002 жылы бекітілді, ал 2004 жылдың қараша айында Қазақстан БҰҰ-ның адамдарды саудалауға және жезөкшелікті үшінші адамның пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясы мен оның қорытынды хаттамасына қол қойды.
Нормалары Қазақстан аумағында қолдануға келетін Балалар құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық құжаттардың ішіндегі едәуір маңыздысы Бала құқықтары туралы Конвенция болып табылады. Оның бекітілуі мемлекеттің бала құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге қоғам алдында кепілді екендігін білдіреді. Қазақстан тарапынан аталған Конвенцияның орындалуы жөніндегі алғашқы баяндама 2003 жылғы маусымда Женева қаласында өткен БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі Комитетінің 33 сессиясында тыңдалды, оның нәтижесі бойынша Комитет баяндамаға қатысты біраз ескертулер мен ұсыныстар пакетін дайындады. Сессия кезінде БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің сарапшылары бала құқықтарын қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолға алған шараларына оң баға берді. Осындай оңды жетістіктердің бірі ретінде жаңа заңнамалық базаның жетілуі мен дамуы, сондай-ақ мемлекеттік органдардың халықаралық ұйымдар және БҰҰ-ның түрлі ұйымдарымен балалық шақ мәселелері бойынша әріптестігі аталды.
Қазақстанға берілген ұсыныстардың ішінен негізгі деп айтуға тұратын мәселелердің бірі ретінде елдегі балалар жағдайын жақсартуға арналған іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын әзірлеу және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешуде ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ететін уәкілетті арнайы орган құру қажет екендігін айтуға болады. БҰҰ бала құқықтарын қорғау жөніндегі Комитетінің ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметі 2006 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетін құрды. Еліміздің бірінші Ханымы С.Назарбаеваның бастамасы және қолдауымен 1998 жылдан бері Республиканың барлық өңірлерінде осы кезеңге дейін әлеуметтік мекемелерден және тұрмысы төмен отбасыларынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсетумен айналысқан Қоғамдық балалар қорлары өз жұмысын жүргізіп келді.
Бірақ, уақыт ағымы өзгерістерді талап етеді. С.Назарбаеваның ұсыныс енгізуімен өңірлердегі балалар қорларын жауып, оның қызметін кең көлемде жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар қамқорлығына беру ұйғарылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 ж. 28 тамыздағы №744 Қаулысымен барлық облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің аймақтық бөлімшелері – Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері құрылды.
МАҚСАТЫ
Департамент жайлы / Мақсаты
Департамент қызметінің мақсаты және мәні
Департамент
қызметінің мақсаты қоғамдағы адамгершілік
басымдықтары мен рухани байлықты қалыптастыру,
сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау
мәселелерін ведомствоаралық
Департамент қызметінің мәні Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында және БҰҰ Бала құқықтары туралы Конвенциясында көзделген барлық заңды құқықтарды сақтау негізінде баланың жеке тұлға ретінде толыққанды өсіп жетілуіне жағдай жасау болып табылады.
МІНДЕТІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕКТЕГІ ҚЫЗМЕТІ
Департамент жайлы / Міндеті және келешектегі қызметі
Департаменттің негізгі міндеттері:
Департамент өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Департамент негізгі міндеттерді іске асыруда және өз қызметінде заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарға құқылы:
Департаменттің келешектегі жұмыстары жайлы
Департамент басшылары тарапынан балалар мәселесін шешу, дарынды жастарды қолдау, олардың жан-жақты дамуы мен рухани-адамгершілік әлеуетін көтеру, жас азаматтардың қоғам өмірінің түрлі салаларындағы белсенділігін арттыруға жағдай туғызуға арналған жұмыстарды ведомствоаралық үйлестіру және ынтымақтастық жағдайында жүзеге асыруда нақты қадамдар жасалуда.
Департамент Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің мүмкіндіктері шектеулі балалардың, күнкөрісі төмен және берекесіз отбасыларынан шыққан девиантты мінезді балалардың білім алуын, денсаулығын сақтауын және еңбекпен қамтылуына және оларды қорғау және әлеуметтендіруге арналған бағдарламаларын іске асыруға айрықша назар аударады.
Үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыса отырып, «Қазақстан балалары» Бағдарламасын өмірге енгіземіз.
Балалар мәселелерінің шешілуіне дер кезінде көмек көрсету, балалардың құқықтарын қорғау мәселесінің ахуалы жайлы ақпарат жинау және оны талдау, балалардың өз құқықтары жөніндегі ақпараттану деңгейін арттыру және бала құқықтары жөніндегі материалдарды тарату мақсатында жақын арада балаларды қабылдау қызметі ашылатын болады.
Департаментіміздің
ата-аналар қауымдастығымен әлеуметтік
қарым-қатынас жүйесін
Балалар үйі,
жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған мектеп-интернат
тәрбиеленушілері үшін кәсіптік мектептерден,
колледждерден орындар
Жалпы алғанда Департамент жоспарында жүзеге асуы бүкіл қоғамдық күштердің топтасуын қажет ететін көптеген жобалар мен бағдарламар бар, ал олардың Алматы қаласы жағдайында өмірге енгізілуі жөнінде білу үшін, Сіздерді біздің сайтты жиірек ашып қарауға шақырамыз.
Республикамыз
Қазақстан табысты түрде
ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТІ МЕН ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН ЖОБАЛАР ЖӘНЕ БАҒДАРЛАМАЛАР СИПАТТАМАСЫ
Департамент жайлы / Департамент қызметі мен іске асырылатын жобалар және бағдарламалар сипаттамасы
Департамент қызметі мен іске асырылатын жобалар және бағдарламалар сипаттамасы
18 жасқа толмаған Қазақстан азаматтарының өміріне қатысты мәселелерді шешу үрдісіне ықпал жасау мақсатында қоғамның барлық секторының, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнестің мол мүмкіндіктерін біріктіруді өзіміздің негізгі міндетіміз ретінде белгіледік.
Информация о работе Бай-бол жетім балаларды бейімдеуді дамыту орталығы