Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2012 в 20:53, реферат
Социологиялық зерттеулер барысында заңды тыңдайтын азаматтардың құқықтық мінез құлығының себептері мен мақсаттарын, сондай-ақ заңгерлер «құқық бұзушы» деп танитын тұлғалардың құқықтық сана сезімінің деңгейі зерттеледі, социологтар «құқық бұзушыны» девиантты(ауытқыған) не делинквентті(қылмыстық) мінез-құлығы бар тұлға деп таниды.
Девиантты мінез құлықтың мәнің түсінудің басты шарты ретінде «норма» ұғымы енгізіледі. Әлеуметтік норма-нақты қоғамда тарихи қалыптасқан жеке адамның, әлеуметтік топтың не ұйымдардың рұқсат етілен мінез-құлық шаралары. Әлеуметтік нормалардың негізі құқықтық заңдарда, мораль мен этикетте жатыр.
Жоспар:
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізгі бөлім
1) Девиантты және делинквентті мінез-құлықтар
2) Олардың туу себептері, түрлері
3) Мінез-құлықтың ауытқуының алдын алудағы қылмыстық-құқықтық жауапкершілік
ІІІ. Қорытынды