Иудаизм

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:52, реферат

Краткое описание

Иудаизм – еврей халқының ұлттық діні. Ол – көне монотеистік дін. Иудаизмнің жолымен жүретіндер, я болмаса осы дінді ұстанатындар өздерін «яһудилерміз» деп атайды. «Иудаизм қай жерде пайда болған?» деген сауалға тарихшылар мен дін ілімін танушылар бірауыздан: «Палестинада» деп жауап береді. Яғни, Иудаизмнің басы біздің заманымыздың ІІ мыңжылдығына дейін Палестина аумағында өмір сүрген еврейлер арасында пайда болған. Политеистік нысанда туындап, біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта иудаизм біртіндеп монотеистік дінге ауысқан.

Файлы: 1 файл

Әлемдік діндер әлемі.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Караимшылдық – б.д. VIII ғасырында Иракта пайда болған. Караимдықтар Израильде, Польшада, Литвада, Украинада қоныстанған. «Караим» сөзі «оқитын», «оқушы» деген мағынаны береді. Караимшылдықтың негізгі ерекшелігі – Талмудтың киелілігі мен әулиелігін мойындаудан бас тартуынан көрінеді.

Хасидизм – XVIII ғасырдың басында Польшада пайда болған. Хасидтер еврейлер жүрген жерлердің барлығында да бар. «Хасид» сөзі «тәлімді», «тәртіпті», «үлгілі» деген мағынаны білдіреді. Хасидтер өздеріне берілгендерден көздеріне жас алған күйлерінде шынайы түрде сыйынып, табынуларын, мінәжат етулерін талап етеді.

Реформистік иудаизм – XIX ғасырдың басында Германияда пайда болған. Бұл конфессияның өкілдері мен жақтаушылары, яғни қолдаушылары еврейлер тұратын елдердің барлығында да бар. Ондағы басты ерекшелік – салт-дәстүр мен ырымға негізделген реформа. Егер ортодоксальдық иудаизмде раввиндер (дінбасылар) Құдайға құлшылық ету мен табыну кезінде айрықша ғибадат киімін кисе, бұл Иудаизмде оның өкілдері Құдайға құлшылықты азаматтық киімде де атқара береді. Егер ортодоксальдық дінде раввиндер Құдайға сыйынуды иврит (еврей тілі) бойынша орындаса, бұл конфессияда жүрген еврей өзі қоныстанған елдің тілінде жүзеге асырады. Егер ортодоксальдық иудаизмде әйелдер ерлерден бөлек жерде құлшылық жасауға міндетті болса, бұл конфессиядағы әйелдердің ерлермен бір ғимарат ішінде ғибадат етеуге мүмкіндігі бар. Реформистік иудаизм – дін ілімінің либералды түрі, онда Талмуд ережелері мен дәстүрлеріне мән аз беріледі. Бастысы – рәсімдерді сақтау емес, қоғамдық белсенділік. Алайда, барлық реформистік иудаизмнің діни жүйесі қатаң бір құдайға сенуге негізделген.

Ал жалпы алғанда, қазіргі  заманғы Иудаизм негізгі үш ағымға бөлінеді. Олар: ортодоксальдық, реформалық және консервативтік. Мәселен, қазіргі заман Иудаизмінің үшінші тармағы – ортодоксальдық және либералды бағыттар арасында аралық орынға ие консервативтік ағым. Иудаист-консерваторлар еврей мерекелерін сақтайды және негізгі дәстүрлерді ұстанады. Сондай-ақ, олар заңды қазіргі заман мәдениетімен және философиясымен байланыстырып, жаңаша байқап түсіндіруге тырысады, олар Талмуд-ақылгөйлер Тораны өмірмен қалай байланыстыру керектігін ақылдасатын дамушы жүйе деп есептейді.

Қазақстандағы иудаизм 

Қазақстанда иудаизмді алғашқыда қаған мен хазар ақсүйектерінің шектеулі тобы қабылдады. Тарихи дерек бойынша, алғашқы еврей қоныс аударушылары Түркістанға ХІV ғасырда Ираннан келген. ХІХ ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында кейбір елді мекендерде еврей қолөнершілері өмір сүрді.

Біздің елімізге еврейлердің  жаппай келуі сталиндік репрессиямен байланысты. Еврей халқының елімізге қоныс аударуы Сталиннің жазалау шараларымен және қазақ халқының еврей халқына деген үлкен төзімділігімен байланысты. Осы уақытта Украинадан, Ресейдің еуропалық бөлігінен, Балтық жағалауы елдерінен көптеген еврей отбасылары қоныс аударды.

Елімізде бүгінде қазіргі  заман Иудаизмінің барлық үш тармағы  бар, ол Израильмен және АҚШ-пен халықаралық  байланысты нығайтумен негізделген. Қазақстанда мұсылмандар мен еврейлердің көптеген жылдар бойына қатар өмір сүруі кенфессияаралық келісімнің оң мысалы бола алады. Израильдің «Иерусалим Пост» газеті былай деп жазады: «Қазақстан соңғы үш жыл ішінде он жаңа синагога іргетасы қаланған әлемдегі жалғыз мұсылман елі болып табылады».

1998 жылы Алматыда жетінші  любовичтік ребе – Менахема  Шнеерсон атындағы еврей орталығы  ашылды. Орталықтың синагогасы Леви  Ицхак атында. Ол 1939 жылы Қазақстанға  жер аударылған. Қазіргі уақытта  синагогалар Қазақстанның бірнеше қаласында бар. Мәселен, синагогалар Алматымен қатар, Астана, Ақтөбе, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Теміртау, Шымкент қалаларында жұмыс істейді. 2001 жылы тамыз айында Павлодар қаласында жаңа еврейлер ғибадатханасы ашылды. Сондай-ақ, республиканың барлық облыстарында жеке еврейлік діни қоғамдастықтар құрылған. Барлық ірі қалаларда еврей жексенбілік мектептері бар.

Жалпы алғанда, Қазақстанда 10-ға жуық синагога, 70 мыңға жуық дін  ұстанушылар бар. Бұған қоса, Қазақстан  еврейлер конгресі жұмыс істейді. 2002 жылдан бастап Қазақстанда «Шалом» (құрылтайшысы – Қазақстанның Еврейлер конгресі) газеті жарық көреді.

Иудаизм – еврей халқының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін  үзілмей, жалғасып келе жатқан діни қалыбын танытатын дін. Онда адамдардың өмір сүру қағидаттары мен танымдары, олардың Құдай алдындағы құлшылық әрекеттерін орындау ережелері, еврей халқының философиялық ілімі тұтастай көрініс тапқан.

Иудаизм – түрлі сыннан өткен дарынды халықтың діні. Еврейлер қуғын-сүргінге ұшыраумен қатар, бірнеше рет геноцидті бастан кешкен.

Еврей халқының өміршеңдігі  және өзінің төл ерекшелігін сақтап қалуы – Иудаизмнің арқасы. Иудаизм  – кез келген еврей үшін дін  ғана емес, сонымен бірге, өмір салты, моральдық сүйеніш және рухани тірек.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».


Информация о работе Иудаизм