Жеке адам дамуындағы Еріктік сфера

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:24, реферат

Краткое описание

Ерік қимылының адамның даму процесінде біртіндеп жетіліп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін төменгі құрылымнан көруге болады. Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Тілек – келешекте істейтін ісіміздің ойға бекуі. Тілектерге еріктік амалға тән талғамалылық сипат тән. Ал талғау ниетке ой әрекетінің араласуын қажет етеді. Ой тезіне салу арқылы адам өзіне қажетсіз тілектерді тежейді де, қажеттіліктерін орындау үшін тиісті жоспар сызып, амал, әдіс қарастырады.

Файлы: 1 файл

еріктік сфера.doc

— 83.50 Кб (Скачать)

3.      Ықпалды – ынталандырушы күштердің оқтығынан, өз батылсыздығынан іштей күйініп, адам қалай болса солай ойланбастан іске барады, осы кезде оны істің аяғы қызықтырмайды.

4.      Ішкі толғаныстардың байыпқа келуі – алғашқы түрткілер құндылығының өзгеріске келуіне байланысты. Шешім адамгершілік көзқарас, намыс араласуымен қабылданады.

5.      Кейде өз қалауын қонымды ақылға сыйғыза алмай, адам белгілі әрекет түрін таңдайды, яғни ерік күшімен өз көңілінде бұрын еленбей келген бір түрткіге қуат береді және ол әрекет көзіне айналады.

Шешім қабылдау біршама күрделі процесс, оның жүрісі де ішкі толғаныстың үндемелі қозғалысын тудырады. Ал шешімге келуден адам жеңілденіп, қанағаттану сезіміне бөленеді. Бірақ шешімге келу жұмыстың орындалуын қамтамасыз ете алмайды. Кейде ниеттелген әрекет те іске аспайды, еріктік әрекеттің мәнділігі деп – түрткілердің тайталасы мен шешімнің қабылдануына емес, жұмыстың белгілі нәтижеге келуінен. Шешімнің орындалуы мерзімге байланысты. Егер шешімнің орындалуы ұзақ мерзімге дейін қалдырылса, ол ниет қана. Мұндай ниет ерікті әрекет жасауға жеткіліксіз. Бұл әрекетте мақсатқа жетудің жоспарлау сатысын айтамыз. Жоспарлау – күрделі ой әрекетімен ұштасқан, қабылданған шешімнің тиімді әдістері мен құрал-жабдығының іздестіру кезеңі.

Ерік күші – бұл адамның жігерін жинақтап, мақсатқа жетуге керек болған қосымша қуат түрткілердің көзін шатын мақсатты белгілеу мен істің орындалуына дейінгі ерік процесінің барша бөліктеріне ықпалды фактор. Орындай барысында адам өзінің ішкі кедергілерін ғана емес, сыртқы қиыншлықтарды ерік күшімен жеңе алады. Ерік күшінің қарқындылығы төменгі жағдайларға тәуелді:

1.      жеке адам көзқарасы;

2.      моральдік тұрақтылық;

3.      қоғамдық мәнді мақсаттар;

4.      іс әрекетке деген көрсетпен талап;

5.      жеке адамның өз басын жұмысқа бұрып, басқара алуы.

Адам орындалатын істің маңызын оның моральдік талаптарға қайшы еместігін де түсінуі мүмкін, алайда бұл оған іс барысындағы кедергілерге қарсы тұруға демеу бола алмайды. Түсінуден көптеген басқа ниет тілектерді баса отырып, қажетті ұмтылысты пайда ету үшін адам «осылай болуы тиісті» дегендей үлкен жан қалауы – борыш сезіміне бөленуі тиіс. Борыш сезімі – моральдік талаптардың адамның ішкі жан дүниелік қасиетіне айналып, «мендік» пен қоғамдық мүдделер тоғысында талданатын тиімді әрекеттің жол көрсеткіші. Көп жағдайда адам ерік күшімен  өзінің мінезіндегі белсенділікті жойып, тоқтамға келтіруіне тура келеді. Бірақ мұнымен адам ырықсыз  белсенділікті түбегейлі шектей аламайды, тек түрін өзгертіп, сыртқы көріністерін басуы мүмкін.

Ерік  әрекеттерін іске асыру барысында бағалау кезеңі басталады. Баға түрлі әлеуметтік саяси, моральдік, эстетикалық бағыттардан беріледі, ал кей жағдайда  аталған талғамдардың басы бірігіп, бір бағаға арқау болуы ықтимал. Баға тек жеке адам өлшеміне ғана емес, іске қатысты бар көпшіліктің пікіріне де сүйенеді.

Әрбір адамның ерік әрекеті өзіндік ерекшелікке ие, себебі ол жеке ұтлғаның тұрақты қасиеттерінің көрінісі. Еріктің саналы ұйымдастырылуы мен ретке келуі адамға өзінің сезімдерін, қылығын, танымдық процестерін басқаруға мүмкіндік береді. Ерік аймағынығ жеке-дара ерекшеліктер адам еркінің тұтастай сипатын немесе ерік процесіндегі жеке бөліктердің мазмұнын құрауы мүмкін. Ерік сипаттарының жалпы бірігуін танытанын құбылыс – ерік күші. Ерік күші еріктік әрекеттің барша кезеңдерінде қажет, әсіресе оның айқын көрінісі кедергілерді жеңу мен қажетті нәтижеге жетуде көрінеді. Еріктік әрекеттік жалпыланған сипаты мүдделі мақсатта көрінеді. Мүдделі мақсат – жеке тұлғаның өз іс-әрекетін белгілі нітижеге бағыттай алуын. Осы қасиеттке орай адамның басқа да ерік сапаларының мазмұны мен даму деңгейін анықтаймыз. Мүдделі мақсат өмірлік принциптер мен мұраттарды көздеген стратегиялық бөлектенген әрекеттерді орындуға бағытталған нақты қызметтік оперативтік болып бөлінеді. Мүдделі мақсаты бар адам алдына анық белгіленеді. Мұндай адамдар не қалайтынына күмәнданбайды. Ерік әрекетінің бастапқы іске қосылу кезеңі ынталылық, дербестік, еркіндік сапаларымен байланысты.

Ынталылық – мол идеяларға, бйпты жоспар мен ұшқыр қиялдарға негізделеді. Көп адамдар үшін ең қиыны өз енжарлығын жеңу, қалыптасқан іс-әрекет тісілін өзгерту. Мұндайлар өз бетінше ешқандай іске кірісе алмай, нұсқауларды күтумен болады. Осыдан ынталылық дербестікпен ікелей байланысты.

Дербестік – ерікті әрекет барысында адамның түрлі себептер жетегіне түспей, басқалардың кеңестері мен ұсыныстарына баға берумен, өз наным-сенімдері негізінде іс әрекетке келу қасиеті. Дербестікке ие адам басқаның көмегінсіз мәселе тңдай алады, соған орай мақсат белгілейді, өзгенің түрткісі мен сыбырына алаңдамайды. әдетте мұндай тұлғалар өз көзқарасын белсенді қорғап, мақсат пен әдістерін саналы бағалаумен іске қосады. Ынталылық пен дербестік адамның ерік сапасы ретінде сенгіштік, бостық, нежарлық сияқты қасиеттерге қарсы, басқаның ой-пікірін түгелдей жоққа шығарудан аулақ қасиет.

Іс-әрекетке ниеттелу кезеңінде еріктің ұстамдылық процесі іске қосылады. Ұстамдылық әрекеті – сезім, ой-пікір, қалыптан тыс көңіл күйді тоқтамға келтіріп біраз тежейді. Ұстмды адам орындалатын әрекет түріне қарап, оған қажетті өз белсенділігінің деңгейін барластырады. Сонымен ол көздеген мақсатына асығып, ырықсыз әрекеттерге ұшырамай, байыппен жетеді. Іс-әрекеттің сан-алуан түрткілерінің ішінен қажетті болғанын таңдау мен шешім қабылдау кезеңінде еріктің батылдық қасиеті бой көрсетеді. Батылдық - әрқандай іске байланысты еріктің жылдам, орынды әрі берік шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру қасиеті. Іс-әрекеттің орындалу кезенінде шалттық пен табандылық үлкен маңызға ие. Шалт адамдар өздерінің барша күшін көздеген мақсатқа тез шоғырландырады. Табандылық – адамның ұдайы, шалт әрекеттерін бір төмендетпей көрінген қиыншылықтарға төзе білуі.

Адамзаттың өзінін тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануда психология ғылым ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психкалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық фактордарды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ, әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология неіздері» еңбегінде (1940) былай деп жазды: Психология зерттейтін құбылыстардың арнай шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады. Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі – жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы – тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да соқыр оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткерменген адағма бұл сезімнің барлық ерекшелігін, күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды.

              Психология ғылымында басқа психикалық процестер сияқты ерік пен эмоцияның алатын орны маңызды.   Ерік — адамның өз мінез-кұлкын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе,— мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды.

Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің, жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл — адамнын бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай-ақ сыртқы жағдайлардық өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алға қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларынын өзгеруі мен тұр-сипатын білдіреді.

              Сезім барлық психикалық үрдістермен тығыз байланысты, көптеген жағдайларда сол үрдістер сезімді туғызады да ал сезім оларға өз тарапынан ықпал жасайды. Сезім көзінің бірі - түйсік болады, ал түйсіктің өзі біздің әсерлеріміздің ықпалымен жиі өзгеріп тұрады. Көңіл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Жыртқыш аңдар туралы әңгімелерден шошынған бала, жай уақытта ешнәрседен үрейленбей жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға ұқсатуы мүмкін. Эмоция адамның есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске алудың өзі бізде қандай да болсын бір сезім туғызады.

Адам - қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.

Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нэтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Жұмыс жемісіне селқос, немқұрайлы қараған жерде - оның сапасы да төмен болмақ. Сезімнің шығармашылық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын, суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс үрдістеріндегі көтеріңкі көңілі -шабытты сезімімен тығыз байланысты. Сезім адамның барлық таным үрдісінде үлкен рөл атқарады.

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.

 

 



Информация о работе Жеке адам дамуындағы Еріктік сфера