Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2013 в 15:45, курсовая работа
Бүгінгі таңда жастар арасындағы өзекті тақырыптардың бірі - лидерлік. Біздің жастар арасынан шыққан көшбасшылар - мыңдаған адамдардың жүрегінде намыс алауын лапылдатқан ұл-қыздарымыз қаншама, бесіктен белі жаңа шыққан, үйлерінде өнегелі тәрбие алған, өзгелерге еліктеу нысаны болған жастарымыз әр-уақытта да жеріміз, еліміз, жұртым деп алға талпынып, есімдері тарихта мәңгі сақталған. Қазір де белсенділік танытатын жастарымыз мектепте, жоғары оқу орындарында, жұмыста, қоғамда, саясатта өздерін көрсетеді. Сонда лидер болу тек белгілі бір адамдардың қолынан келеді ме, немесе лидерлік генмен берілетін қасиет пе деген сұрақ туады.
Кіріспе……………………………………………………………..........3
І бөлім Лидерлік қасиеттің жалпы сипаттамасы.................................5
Әлеуметтік психологиядағы лидер, лидерлік туралы негізгі түсініктер...5
Лидерліктің пайда болуы туралы негізгі теориялар.....................................7
Лидердің атқаратын функциялары.............................................................8
Лидерлік пен басшылық стильдері.................................................................9
Лидердің өзін-өзі бағалауы мен «Мен» концепциясы.................................10
Лидерліктің гендерлік ерекшеліктері.........................................................11
ІІ бөлім. Жастар ортасындағы лидерлік..................................................12
2.1 Жастар ортасындағы лидерлердің психологиялық сипаттамасы. ………12
2.2 Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы…….14
2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы……17
2.4 Топтың лидерді қабылдауы................................................................. 18
2.5 Лидерлерді анықтау тәсілдері………………………………………………18
2.6 Лидерліктің пирамида пішінді даму үлгісі………………………………19
2.7 Лидерлікті дамыту………………………………………………………21
Қорытынды…………………………………………………................24
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………25
Қосымшалар........................................................................................26
Жастар ресми емес ұйымының лидері – ақылды, ұйымдастырушылық және қоластыдағыларға психологиялық билік жүргізу қасиетіне ие. Қорытындылай келгенде жастардың бейресми лидері белгілі қасиеттерге ие, және оларды өз функцияларын атқаруда қолданады. Осындай индивидуалды қасиеттер лидерлердің сайлануына негізгі шарт болып табылады.
Лидерлерді сайлау себептері мен лидерлік биліктің көздері.
Жастар топтарында топтың дамуы мен жұмыс істеуіне байланысты лидерлерді сайлау шұғыл түрде өтеді. Сайлауға екі фактор әсер етеді – объективті және субъективтік.
Объективтік фактор – бейресми ұжымның ішінде өзін ең пайдалы мүше ретінде танытқан адамның салануы.
Субъективті - лидер болып сайланатын адам лидерге керекті қасиеттерге ие адам: ақылды, белсенді, қайратты, өзгелерді өз еркіне бағындара алатын адамдар.
Лидер топтың дамуы мен жұмысына байланысты да сайлануы мүмкін. Психологиялық даму деңгейі төмен топтардың, мысалы компания,лидерді таңдау процессі енді басталып, аяқталып үлгеруінше топ тарап кетеді. Және лидер анықталғанша лидер функцияларын топтың басқа мүшелері атқаруы мүмкін.
Психологиялық даму деңгейі жоғары топтарда лидерлік классикалық жолмен жүзеге асырылады. Топтағы лидерлік қасиеттері бар адамдар жағдайға байланысты лидер функцияларын атқарудан бастап, тұрақты басшыға айналу процессінен өтеді. Лидердің арқасында топ ішіндегі қарым-қатынастар тұрақтандырылады, топ құрамы бекиді, топ бірігеді. Нәтижесінде психолгиялық жоғары деңгейде дамыған қауымдастық - бейресми жастар тобы пайда болады.
Жастар тобының лидері топ мүшелеріне психологиялық билікке ие. Шың лидер билікке ұмтылмайды, топ мүшелері оған өздері бас тігеді. Бейресми топтың құрылуы мен дамуының өзі лидер билігіне негізделген. Психологияда «билік» деген ерекше анықтама бар, ол әрбір индивидтың қоршаған ортасына әсерінің эффективтілігі - билік деп атайды. Лидер билігінің қайнар көздері – билікті қолданушы субъекті басқарылушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын, сол қанағаттандырушылықты ұзаққа созатын немесе қанағаттандырмау құралдар жиынтығы.
Бейресми жастар топтарының лидерлері биліктің мынадай қайнар көздерін қолданады:
а) санкциялар мен жазалау түрлеріне. Мысалы: моральдік (жалпыға салу, мінез-құлқының қателігі туралы ескерту), материалдық (штраф, пеня), физикалық (ұрып-соғу).
б) жазалау қаупінен бойұсыну арқылы сақтану
Лидер орнатып, қолдайтын тәртіп лидер билік көзінің күшіне байланысты.
Қорытындылай келе бейресми жастар арасындағы топ лидерінің билігі – топ ішіндегі қалыптасқан қарым-қатынастар, топтың құрылымы, даму деңгейіне байланысты билік көздері ауысып отыруы мүмкін.[7],[9]
2.2 Жастар арасындағы лидер мен ересек лидердің айырмашылығы
Бизнес пен профессионалдық
ортада лидер болу мен жетісті
болу дегеніміз көп жағдайда нақты
нәтижелерге жетумен
Ал жастар арасындағы лидер қандай қасиеттерге ие болуы керек, және лидерлікті қалыптастыру процесінде қандай мақсаттар көзделеді? Көбінесе, басқа адамдарға қажетті және құнды қасиеттерге ие адамдар лидер болып таңдалады. Жасөспірімдерде қандай қажеттіліктер бар? Өзін-өзі таныту қажеттілігі, белгілі бір ортада қабылдануы мен көпшілік арасынан бөлініп шығу қажеттіліктері. Жастар арасындағы лидер үшін өзінің сөздері мен әрекеттерінде сенімді, қызықты болуы шарт.
Жастар арасындағы лидерлік процесске негізделген. Жасөспірімнің негізгі құндылықтарының бірі - уақытты қызықты өткізу. Қарым-қатынас, кей кезде ешқандай мақсат көздемейтін, карым-қатынас процессі мақсат ретінде танылады. Сол коммуникациялар кезінде жас жігіттер мен бойжеткендер құрдастарынан өз маңыздылығын растап, өз статусын анықтайды. Олар үшін қолдау өте маңызды, себебі, көптігінде өзіндік құндылықтар жүйесі қалыптаспаған. Олардың құндалықтар жүйесі жиі бұқаралық ақпарат құралдарының, интернеттің, құрдастары мен ұқсағысы келген адамдармен араласу әсерімен қалыптастырылған. Сонымен қатар, ата-анасының қоластынан кеткеннен кейін олар ата-анасы мен басқа ұрпақтар насихаттаған құндылықтар жүйесін жоққа шығаруға тырысады.
Лидердің негізгі
Жастар арасындағы лидердің тағы да бір қасиеті – қалыптыдан тыс, оригиналды, ортодоксалды болу, стандартты ойларды нұсқадағыдай емес жеткізу. Өз ойларын басқа бір, қызықты, шоғал әрекеттер арқасында жеткізу. Және өзгелерді осы ойларды жүзеге асыруға ынталандыру. Осында жастар арасындағы лидердің басты қасиеттерінің бірі – батыл болу, көрініс табады. Осы қасиеттерге ие лидерлерге сенеді, оларға ұмтылып, артынан ереді. Расталған тәуекел мен батылдық – жалпы лидерліктің сипаттамасы. Алайда, басқа жағынан шамадан тыс батылдық пен еркіндік жасөспірімге асоциалды әрекеттерге итермелеуі мүмкін, мысалы нашақорлық мен маскүнемдік және т.б. сондықтан да, лидерлік қасиеттері анық көрініс тапқан жастарға моральдік ұстанымдар мен дағдыларды үйрету керек. Осы әрекеттер жастар арасындағы лидерден ересек адамды қалыптастыруға көмектеседі.
Жасөспірімдер мен жастар
арасындағы әр түрлі әлеуметтік топтарға
«қосылу» статусы маңызды. Сондықтан
да жас адамдарға бірігіп уақыт
өткізу, іске қосылу мен қоршаған адамдардың
қолдауы маңызды болап
Кейбір топтар белгілі бағытқа ие. Мысалы, күрес бойынша спорт секциясындағы лидер – ең мықтысы, ал жүгірудегі ең жылдам. Себебі – жасөспірімдер үнемі күш салыстырады. Алайда, сол топтың ішіндегі жағдай контекст өзгерген жағдай түбегейлі өзгеруі мүмкін. Басқа бір қатысушы лидер болып тағайындалады. Өкінішке орай, кейбір жасөспірім топтарының бағыты асоциалды. Егер де жасөспірімнің ең мықты, ең жақсы болуына мүмкіндігі болмаса, жағдай өзінен өзі тығырыққа тіреледі.
Мысалы, жасөспірімге өзін ересек болып сезіну өте маңызды. Темекі шегу қоршағандарға өзін ересек етіп көрсетуге мүмкіндік береді. Ол өзінің маңыздылығының дәлелдемесі ретінде осы жол арқылы өзін көрсетем деушілерді жинайды.
Назар аудару мен жағдайлар ортасында болу – жастар арасындағы өзекті мәселе. Ол сыртқы көріністер арқылы жол табады. Мысалы: киім, шаш үлгісі, өзін топта ұстау және сөйлеу сипаттары. Жастар үшін киім сататын дүкендер өте көп. Ол белгілі статусты ұстануға және мода үлгілерінде өзін анықтауға көмектеседі. Көптеген жағдайларда жастар арасындағы лидер өз сыртқы түрімен өзгелерге қарағанда ерекшеленеді. Ол өзін әдемі көрсеткісі келетін қыздар үшін аса маңызды.
Жас жігіт пен бойжеткен лидерлердің сыртқы айырмашылықтарын көрсетуге болады. Жігіттер дене бітімінің мықтылығымен ерекшеленеді, себебі олар өздерінің позициясын әрдайым дәлелдеу керек. Сенімді, кей жағдайда дөрекі мінез-құлық, дауыстың қатты шығуы ерлерге тән. Бойжеткендер арасындағы лидерлік өзіне назар аударуды қажет етеді, ол сәнді киім, шаш үлгісі және коммуникативтік дағдылар арқылы жүзеге асырылады. Физикалық тартымдылық та мыңызды рөлге ие.
Ұжымға байланысты лидерлік сыртқы аспектілерде емес, ішкі қасиеттер мен ерекшеліктерде көрініс табуы мүмкін.Мысалы, студенттер тобында карьера мен білім сияқты құндылықтар болса, лидер сыртқы келбетіне қарай емес, белгілі білімдер мен дағдыларға байланысты.
Лидерлердің тағы да бір негізгі қасиеті – жастар ортасы мен ересек ортасына ортақ қасиет – харизма - ерекше қасиет, өзгелердің адамды ерекше қасиеттерге ие екендігіне сенімділігі, өзгелерге эффективті әрекет ету қабілеті. «Харизма» түсінігі ежелгі грек мәдениетіне байланысты, өзіне назар тарту деген мағына береді. А хариттер – ежелгі грек әдемілік, грация мен бұрымдылық құдайлары. Әлем діндерінің тарихында белгілі харизматтарға Будда, Моисей мен Христос жатады. Харизматтарға әлемдік діндердің ішіндегі бағыттарды қалыптастырушы – Лютер мен Кальвин жатады. Басқа жағынан, бұлар ілемге әйгілі мемлекеттік және әскери қайраткерлер – Шыңғысхан, Наполеон. 20 ғасыр қайраткерлері: Муссолини, Гитлер, Ленин мен Троцкий, Ганди және Мартин Лютер Кинг. Харизма адам айналысатын ісі мен оның моральдық-этикалық мағынасына байланысты емес. Харизматикалық лидер әулие де болуы мүмкін, қылмыскер де болуы мүмкін. «Ол харизмаға ие» деген сөз, адам өзгелерге қатты әсер етеді, олар оның жарқындығына бет бұрып, артынан еруге даяр болады.[3]
Бір көзбен қарағанда өз артынан адамдарды ерту деген оңай іс емес, лидер болып тумайды, лидерлер адамдарды өз еркімен ерітпейді. Лидерлік – итарқы жұмыс, көп уақыт пен күш салуды қажет етеді.
Лидерліктің жетістіктерге жету, табыстылығы – айсбергтің тек көзге көрінетін бөлігі. Лидердің күнделікті жұмысы бәріне көріне бермейді, алайда оны назардан тыс қалдыруға болмайды.
Жиі лидерлер әдістемелік жобалар мен рекомендацияларға емес интуиция мен жеке тәжіриебесіне жүгінеді. Қалай да болса, лидерліктің теориялық аспектілерін білу, топтарды басқару жүйесіндегі соңғы зерттеулерді білу, әлеуметтік және педагогикалық психологиядағы базалық білімдерді игеру қажеттелігі бірнеше себептерге байланысты.
Біріншіден, уақыт бір орында тұрмайды, және қоғам бұрынғыдан екпінді дамуда. Идеалдының жоспары нақтының жоспарынан әрдайым артта қалып отырады, және жыл сайын уақытқа сай келу қиындауда.
Екінші себебі лидерліктің әлеуметтік табиғатында жатыр. Бұл дегеніміз адамдармен жұмыс демек, бір немесе басқа әрекетттерді дұрыс талқылау, мінез-құлықтың нақты мотивтерін табу, адамдарды бір-біріне тартатын немесе алыстататын әлеуметтік күштердің векторларын түсіндіру үшін психологиялық және педагогикалық білімнің негіздерін білу қажет.
Сыртқы әрекеттесудің эффективтілігі араласудың 4 принципінін және коммуникация ұйымдастырылуының іске асырылуына байланысты:
2.3 Бейресми жастар топ лидерінің топ мүшелерімен қарым-қатынасы
Бейресми жастар тобының жұмыс атқаруы барысында топтың психологиялық жіне функционалдық құрылымы пайда болады. Топтың психологиялық даму деңгейі жоғарлаған сайын оның ішкі психологиялық құралымы анығырақ көрінеді. Бейресми жастар тобының даму заңдылығының бірі – іскерлік қатынастар мен эмоционалдық қатынастардың топ ішінде біртіндеп араласуы. Топқа психологиялық талдау жасалғанда топ мүшелері арасында ақпарат алмасу тәсілдерін толық зерттеу қажет. Ақпарат алмасудың келесідей түрлері бар: